Сабақтың тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Қоянды ауылы

Қоянды орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Кенжетай Бердігүл

Сабақтың тақырыбы:

Аралас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары

Мақсаты:

1.Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын меңгерту. Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлеммен шатастырып алмау жолдарын қарастыру;

2. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру;

3. Жаттығу жұмыстары арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі, типі: жаңа білім беру, дәстүрлі

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау

Пәнаралық байланыс: әдебиет;

Көрнекілік: интерактивтік тақта

Пайдаланған әдебиеттер: З.Басыбекова, З.Ерназарова «Дидактикалық материалдар», Алматы, «Мектеп», 2004 жыл.

Сабақтың барысы

І. Қызығушылықты ояту.

Амандасу, сыныпты сабаққа дайындау


Сабақтың тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары

Оқушылар өздері толтырады



ІІ. Мағынаны тану.

Амантай Серғазыларға ақылдасып еді, Жамантайдың науқасының түрі жаман болғандықтан, олар ырық бере қоймады (Оқушылармен бірге сөйлем мүшесіне талдап, құрмаластың түрін анықтаймыз)

  1. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем болады.

  2. Олардың екеуінің баяндауышы тиянақты, біреуінің баяндауышы тиянақсыз болап келеді.

  3. Баяндауышы тиянақсыз сөйлем бірде аралас құрмаластың бас жағына орналасса, бірде тиянақты жай сөйлемдердің арасына орналасады.

Мысалдары:

  1. Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.

Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

  1. Қорған кезінде топырақ араластыра тастан қаланған екен де, бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араласа шығып, өзінше ол да бір сән беріп тұр.

Сызбасы: басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

Аралас құрмалас кейде төрт жай сөйлемнің құрмаласуы арқылы да жасалады. Мұндайда екі жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып келеді. Тиянақсыз сөйлемдер бірде аралас құрмаластың бас жағына бірыңғай орналасса, бірде тиянақты сөйлемдердің арасына орналасады немесе тиянақсыз сөйлем мен тиянықты сөйлемі кезектесе орналасады.

  1. Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді - ат етбетінен түсті.

Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

  1. Дастарқандай қағаздағы шимайда не сиқыр жатқанын Шәрипа мен Нұрбай біле алған жоқ, бірақ дән шығындалу тыйылған соң, екеуі де инженерге ден қойып, оның аузынан шыққан сөз атаулыны бас шұлғи мақұлдады.

Сызбасы: басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы

  1. Кеген ауданына келгенінше, мен де аңшы емес едім, мұнда келген осң, еріксіз үйрендім.

Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

152-бет, 151-жаттығу жазбаша

Дидактикалық материал, 113-бет, 1-тапсырма жазбаша

ІІІ. Ойтолғау.

151-жаттығуға байланысты «Адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл» тақырыбына ойтолғау жазу

Үйге тапсырма: Дидактикалық материал, 114-бет, 3-тапсырма (интерактивті тақта арқылы беріледі)

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау, бағалау




© 2010-2022