Қазақ әдебиеті пәнін сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Класс: 8 қазақ класы

Тақырыбы: Т. Әбдіков «Қонақтар»

Мақсаты: 1. «Қонақтар» әңгімесіне әдеби талдау жасау, тақырыбын, идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, оқушылардың білімдерін қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып жүйеге келтіру.

2.Қазақ халқының бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу, үлкенді, ата-ананы сыйлауға, ата-ана алдындағы перзенттік борышты ақтауға тәрбиелеу.

3.Өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына, өз ойын ашық айтуға, көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал ету.

Түрі: білімді жинақтау, бекіту.

Әдісі:сұрақ-жауап, пікірсайыс, топтастыру, тірек сызбалары, іздендіру, топтық жұмыс, проблемалық ситуация туғызу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Көрнекілігі: жазушы портреті, слайдта сызба кестелер, нақыл сөз, мақал-мәтелдер.

Барысы: I. Ұйымдастыру

II.Үй жұмысын тексеру

Балалар, өткен сабақта біз сендермен белгілі жазушы, драмматург Төлен Әбдіковтің өмірімен, «Қонақтар»әңгімесімен таныстық.Үйге осы шығарманы оқып, мазмұндап келуді тапсырған болатынмын.

Олай болса, оқушылар бүгінгі сабағымыз «Көркем сөздің шебері»Т. Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнына әдеби талдау жасау.

Т.Әбдік кім?

Топтастыру стратегиясы бойынша кім екендігіне тоқталайық.

жазушы драматург

аудармашы Төлен Әбдіков хатшы

редактор сектор меңгерушісі

еуропалық алтын медаль мемлекеттік сыйлық иегеріиегері

СЛАЙДТАН КІТАПТАРЫН КӨРСЕТУ

Қазақ жазушысы «Түркі әлемінің үздік жазушысы»

«Қонақтар»әңгімесін барлығымыз үйден толық оқып дайындалып келдік.

Ендеше, мына сәйкестендіру кестесін орындаймыз

Оқушылар біз бүгінгі сабақта 3топ болып жұмыс жасаймыз

I топ «Арман» тобы

II топ «Сағыныш» тобы

III топ «Үміт»тобы

Топтардың аттарын тарата жүріп түсінектеме беру

Оқушылар, шығарманың басты кейіпкерлері кімдер?

Слайдтан кейіпкерлеріне тоқталу

«Біз танитын кейіпкер»

«Топтастыру» стратегиясы

I топ - Ерғабыл ата

II топ - Сапабек

III топ - Тома

«Ұтымды сұрақ, дәлелді жауап»

«Ортада қаламсап» ( ойшақыру)

«Кубизм» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап беру

№1.Баласын күткен қарттардың өзара тәжікелесуінен (сөз алысуынан ) нені ұқтыңдар? Кемпірдің баласының қолына барып тұрғысы келуінің себебі неде деп ойлайсыңдар?

№ 2.Ерекең баласының қолына баруға неге қарсы?

№3.Сапабек ауыл адамдарының алдында өзін қалай ұстады?

№4. Келіні Томаның қылығы (отырысы, шай құюы, киім киісі ) туралы не айтар едіңдер? Қайда өскендігін аңғардыңдар?

№5. Қарттың ендігі үміті кімде еді? Ол үміті қалай үзілді?

№6. Жастардың ата-ана алдындағы парызы не деп білесіңдер? Сапабек осы парызды қалай түсінді?

Мәтінмен жұмыс

I топ Кейіпкердің портретін табу

II топ Теңеуді табу

III Тұрақты тіркес, мақал-мәтелдерді табу

«Пікірсайыс»

Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс-әрекеті, ата-анасына деген көзқарасы дұрыс па, әлде бұрыс па?

«РАФТ әдісі» бойынша кейіпкерге хат жазу

Сапабекке хат жазу

Сұраққа жауап беру

I топ Қонақтың қандай түрлері бар?

II топ Сапабек қандай қонақ?

III топ Әңгіме не себептен «Қонақтар» деп аталған?

«Ой түю»

Кесте толтыру

Үйге тапсырма беру

Бағалау

© 2010-2022