Конспект урока на тему: Мұхтар Әуезов. «Көксерек» повесі

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

№249 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бозғұланова Гүлайым Әсетқызы


Г. Бозғұланованың Мұхтар Әуезов. «Көксерек» повесі тақырыбында

7«Б» сыныбында өткізген сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов. «Көксерек» повесі

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі туралы толық мағлұмат беру және әңімені талдау

Ә) дамытушылық:

Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту;Ғылыми жұмысқа бейімдеу,

Б) тәрбиелік:

Оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру;Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Сатылай кешенді талдау технологиясы

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдістері:

түсіндіру, эңгімелеу, «Блумның сұрақ қою» әдісі, «Дыбыстар сөйлейді» әдісі, сатылай кешенді талдау

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

7-сыныпқа арналған оқулық. Әдебиет. Авт: К.Ісләмжанұлы, С.Тілешова, Б.Әрінова, Р. Баттал Алматы «Атамұра» 2011

Интерактивті тақта, мультимедиа, компьютер

Сабақтың пәнаралық байланысы:

тарих

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының

назарын сабаққа

аудару;

-оқу

құралдарының

дайындығын

тексеру

-амандасу;

-кезекшілік

міндеттерін

атқару;

-сабаққа

дайындалу;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

М.Жұмабаев. «Толқын» өлеңін жаттау

ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

Тақтаға жаңа тақырыпты жазып, сабақтың мақатымен түсіндіремін.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру

1963 жылдың 7 қарашасы күні (төлқұжат бойынша 9 қыркүйек) Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының жанындағы Көкқайнар деген ауылда дүниеге келген. Қамбар Уәлиев былай дейді: « Маған алғаш Мұхтар Әуезовтің «Көксерегін» әкем оқып берген болатын. Әсіресе, «Бөлтірік көзін ауылға келген соң екі күннен кейін ашты. Кішкене Құрмаш оған Көксерек деп ат қойды. Ертелі-кеш айналасынан шықпайды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Түн баласына Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында, не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады...» деп суреттелген жерлері менің есімде фильмнің әрбір эпизодтарында жаңғырып тұрды. Кейде сценарий бойынша жыламақ болып, шын жылаған кездерім болды. Ата-анамды, ауылымды бір жыл бойы көргем жоқ. Олардың сағынышы… Кейде күні бойғы артыс-тартыстан қалжырап, әбден діңкелеймін де, қас қарая тіпті үстімдегі «Құрмаштың» киімдерін шешуге мұршам келмей, ұйқыға кетем. Кейде ұйқымыздан оятып алып, түсіретін. Сенесіз бе, кей күндері шырт ұйқымнан оянып кетіп, жан-жағыма қарап: «Мен осы шынымен Құрмашпын-ау деймін?» деп қалатынмын. Кейін кино біткен соң, онша көргім келмеді. Бәрі еске түседі ғой. Сенсеңіз, осы фильмді мен 1996 жылы Мұхтар Әуезовтің 90 жылдығында алғаш рет көрдім.»

Көксеректегі" жазушының сүйіп жазған сөзі - көк. Көк күшіктер өмірдегі құштарлықтың тұспалына айналды. Көк сөзі қазақта тәңір, аспан, табиғат, шөп, от, кие, қасиет деген ұғымдардың да синонимі екені белгілі. Фильмге хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған. Көксерек болып екі қасқыр ойнаған, екеуін де фильмге түсіру үшін Мәскеу қаласынан арнайы әкелген.

«Қойға қасқыр шабу» көрінісіне түскен қылшық жүнді, теген құйрықты қойлар мал шаруашылығы институтының тәжірибе отарынан алынған.

Фильм Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл жағалауында түсірілген.

Фильм сценарийін Андрей Михалков-Кончаловский мен Эдуард Тропинин жазды. Ал қазақ тіліне Әбіш Кекілбаев аударған болатын.

Әр шығарманың шығу тарихы болады.М.Әуезовтың жұбайы Валентина Әуезова «Көксерек» әңгімесін былай еске түсіреді «Бірде мен қабырға күнтізбесін /1929 жылдың/ сатып алдым.Сол күнтізбе Мұхтардың жазу үстелінің тұсында ілулі тұратын еді.Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар болатын - қасқыр, түн,қар жамылған меңіреу дала, сонау алыста көз ұшында қар басқан кішкентай ауылдың отары көрінеді.Ең алдыңғы қатарда түнде жортқан қасқыр тұр.Міне, сол сурет Мұхтар Әуезовтің сонау жас бала кезінде кәнігі аңшылардан естіген әңгімелерін еске түсірген болу керек, енді міне, күн сайын көз алдынан сол суреттегі көрініс кетпеген Мұхтар өзінің «Көксерек» әңгімесін жазған болатын».

Құрмаштың ағасы болып ойнайтын Аханқұл рөлін сомдаған қырғыз актері Сүйменқұл Чоқморов

1939 жылы Бішкекте туылған. Қырғыз халқының актеры. 1992 жылы 26 қыркүйекте 52 жасында қайтыс болды. Сүйменқұл Чоқморов Бакуде өткен кинофестивалде «Ең үздік актер» номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылды, ал Қамбар Уәлиев ынталандыру сыйлығын иеленді. 1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивалдің бірінші жүлдесіне ие болып, Швейцарияның Локорно қаласында өткен кинофестивалінде құрмет грамотасымен марапатталды.

Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

Кітаппен жұмыс
Композициялық жоспар
1. Оқиғаның басталуы - Қараадыр табиғаты. Қасқырлар мекені.
2. Оқиғаның байланысы -Адамдар шабуылы. Көксеректі асырауы
3. Оқиғаның дамуы -Көксеректің ауыл тірлігін жатсынуы.
4. Оқиғаның шиеленісуі-Көксеректің өз қандастарына қосылуы
5.Оқиғаның шарықтау шегі - Көксеректің жойқын күшке айналуы
6.Оқиғаның шешімі -Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы

V.Жаңа білімді бекіту

Дөңгелек үстел «Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша берілген сұрақтар бойынша білетіндерін топ болып қорытып жазады. топтан бір оқушы қорғайды.
1. Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
2. Адамдардың бөлтірікке жасаған іс - әрекеттеріне қалай қарайсыздар?
3. Әңгіменің идеясы не?
4. Көксерек Құрмашпен неге тез тіл табысты?
5. Көксеректі жауыздыққа баулыған не?
6. Құрмаштың өліміне кінәлі кім?

VІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау

«Көксерек» повесін оқып, жоспар құру

VІІ.Бағалау



© 2010-2022