Тағлымы мол шығарманың оқушыға берері көп

Бұл шығармада ерлікке толы жерлесіміз Халық қаһарманы,партизан жазушы Қасым Қайсенов жайында сөз қозғалады.Жазушы  шығармаларының барлығы елді,жерді сүюге,оны қорғай білуге ұйретеді.Адам бойындағы ааааадамершілік қасиеттері жайында сөз қозғалады.Қасым Қайсеновтың  "Жау тылында","Партизан соқпақтары", "Переяслав  партизандары" шығармалары бар.Оның жазған повестері отанды,туған жерді сүюге ,оны қастерлеуге тәрбиелейді."Жау тылындағы бала" повесін мектепте оқыта отырып,оқушыларды адамгершілікке бау...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тағлымы мол шығарма

«Ерлік білекте емес, жүректе» деген халқымызда ұлағатты сөз бар. Ұлтымыздын мақтанышы Халық ҚаҺарманы партизан жазушы Қасым Қайсеновтын ерлігі шынында да жүрегінде. Ерлік оған тұған жердің қасиетімен, ананың сүтімен, әкенің қанымен берілген.

Жазушы шығармаларын мектепте оқытудың тәрбиелік маңызы зор. Патриоттық рух мәселесін қозғасақ, ең алдымен оқушыларға патриоттық рух береді. Жазушы шығармаларының қайсысы болмасын елді, жерді сүюге, оны қорғай білуге үйретеді.

Әсіресе «Жау тылындағы бала» повесінің оқушыларға берер тәлім-тәрбиелік маңызы ерекше. Повесте Украина жеріндегі ата-анасынан айрылған қазақ баласының тағдыры суреттеледі. Серіктің әкесі соғыстың алғашқы күнінен майданға аттанады, анасы бомбаның астына түсіп мерт болады. Серіктің анасының қалай мерт болғанын көзімен көрген көршісі Анна Ивановна Серікті өз баласындай қарауына алады. Осы сәттен бастап аналық мейіріммен қамқорлығына алып, оған ана да, пана да болып өз баласы Борямен бірге жаудың талай қыспағынан алып шығады. Бірнеше рет жаудың тырнағына ілінеді. Бірде жау қолына түсіп қалғанда неміс - фашистері Серікке қарап «азиат» деп, «мынау сенің балаң емес, неге өтірік айтасың» деп Анна Ивановнаны беттен салып қалғанда, Серік «мама» деп Анна Ивановнаға ұмтылады. Міне, осы көріністің бәрі шығарманың мазмұнын арттырып, оқушыларды өзіне тарта түсері сөзсіз. Анна Ивановна, Серік пен Боря жау ішінде жүріп талай ерлік істейді. Партизандармен қызу қатынаста болып оларға қажет мәліметтерді жеткізген сәттерде Анна Ивановна Серіктің тағдырына іштей аландап оған үнемі сақ болуын жау көзіне көп түсіпеуін ескертіп отырады. Ақыры ауыл жаудан азат етіліп Серік әкесімен қауышады. Балалардың содан кейінгі тағдыры белгісіз. Жазушы соғыстан соң қанша іздесем де олар жайлы мәлімет ала алмадым деп жазады.

Адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі адамгершілік десек,жат ел,жат жерде жүрген қазақ баласын өз баласындай қамқорлыққа алғанАнна Ивановнаның адамгершілігі ерлікпен пара-пар деуге болады.

Жерлес батырымыз,ең алғашқы Халық қаһарманы атағын алған партизан жазушы Қасым Қайсеновтың ерлік істері ел аузында аңыз болып айтылады.Соғыс кезінде партизан отрядын басқарып Украина ормандарының соқпақтарын өз даласындай көкейіне түйе білді.Партизан Вася деген атпен талай рет ажал аузынан қалып,өзін өжет ,қиын қыстау күнде тапқырлықпен шешім қабылдай білетін командир ретінде танытқан өздерінің тағы бір сәтсіздікке душар болатындарын сезіп қалтырай қорыққан партизан «Вася» қасым Қайсенов талай жорықты сәтті өткізіп, бірнеше жауапты тапсырмаларды мүлтіксіз орындап шықты.Міне,осы оқиғаларды суреттейтін оның «Жау тылында», «Партизан соқпақтары» , «Переяслав партизандары» атты шығармалары оқырмандардың көңілінен шығып, құнығып оқитыны шығармаларына айналды.Қорыта айтқанда,жерлесіміз, әрі мақтанышымыз көзі тіірісінде аты аңызға айналған батыр қасым Қайсенов шығармаларының оқушыға берері мол.

Ұлтымыздың мақтанышы,мерейі

Ұрпақтарын қасиетімен жебейді

Батыр тұлға есімі мен ерлігі

Ешқашанда ұмытылмайды,өлмейді.

© 2010-2022