Сынып сағаты. Классика би өнерінің негізі

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Классика - би өнерінің негізі



Құрметті Ұстаздар, ата - аналар және оқушылар, бүгін Сіздер классикалық бидің әліппесімен танысып, алғашқы қимылдарын үйренген 2 сынып оқушыларының қатысуымен «Классика - би өнерінің негізі» тақырыбындағы сынып сағатын тамашалайсыздар.

Әр өнерадамзаттың қайғы - қасіретін, ойын, сезімін неше түрлі - бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән құралдарымен, амал - тәсілдерімен жеткізуге тырысады. Және әр өнер шартты болып келеді. Соның ішінде музыкалық театр - опера, әсіресе балет - ең шарттысы. Өйткені, операда кейіпкерлер жәй сөздердің орнына ән айтқандарымен ерекше. Сол себепті олардың әндерінің арқауы сөз болады. Хореографияда болса - бәрі де басқаша. Ол - сөзсіз өнер. Оның негізі - би. Хореография - ой мен мазмұнды музыкалық - хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі - халық билерінде. Хореографиялық мектептердегі ең басты сабақ - классикалық би. Латын тілінен аударғанда классикалық - үлгілі деген сөзді білдіреді. Классикалық дегенге біз ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттің бағалы асыл мұрасын, әдебиет пен өнердің, атақты танымал шығармаларын жатқызамыз. Классикалық деп біз ең керемет, бірінші дәрежелі балет спектакльдерін де айтамыз. Ал оларды жасаушы балетмейстерлерді хореография классиктерінің қатарына енгіземіз.

Итальян тілінен аударғанда балет деген сөз (balletto) «билеймин» деген мағынаны білдіреді. Хореографияның негізгі элементтері халықтың музыкалық - би шығармашылығымен тікелей байланыста туған.

Мольердің комедия - балеттеріндегі билерді балетмейстер ПЬер Бошан (1636- 1705) қойды. Пьер Бошан классикалық балеттің дамуына өте көп еңбек сіңірді. Ол аяқтың бес қалпын енгізді, сахналық би жүйесін жетілдірді. 21 жыл бойы ол қазіргі Париждегі опера және балет театрында, сол кездері, француз Карольдік музыка академиясында балетмейстер болды.

Классикалық би терминологиясы ХҮІІ ғасырда Францияда, корольдік би академиясында құрылды. Классикалық бидің стилі Францияның, Данияның, Италияның, орыстың би мектептері мен солардың мұғалімдері арқылы қаланған.

Біздің өнер мектебінде хореография бірлестігінде ырғақ, классикалық, халықтық - сахналық және қазіргі заманғы билерінен сабақ өтіледі.

Классика - би өнерінің негізі деп айтуымыздың себебі классикалық биде адам бойына және сымбатты дене қалыптастыруға аса үлкен маңыз беріледі.

Сіздерге осы классикалық бидегі аяқ, қол қалыптары, қимылдары жөнінде 2 - сынып оқушыларымен көрініс дайындаған болатынбыз. Алғаш сахнаға аяқтың бес қалпын көрсететін балаларымызды қарсы алайық, фортепианода сүймелдейтін Еңсегенова Камила.

Келесі көрініс Қолдың үш қалпы және деми плие.

Деми плие дегеніміз - жартылай отырып тұру дегенді білдіреді.

Ендігі кезекте Батман тандю, рондо - жан - партер қимылдарын көрсету үшін бишілерімізді шақырайық. Батман тандю - аяқтың ұшын жинап еден арқылы ашып - жабу, ал рондо - жан - партер аяқ ұшымен еденде шеңбер сызу деген мағына береді.

Енді ортаға барлық оқушылар шығып, Арабеска, Пордебра қалыптарын көрсетеді. Арабеска дегеніміз - қалыпты дене деген, оның 2 түріне тоқталамыз. Пордебра дегеніміз - дененің еңкеюі, иілуі, пордебраның екі түрімен таныс болыңыздар.

Мектебіміздің балалары тек бимен ғана емес қосымша әр түрлі өнерлерді де біледі. Ортаға Есенова Перизатты шақырамыз. Перизат фортепиано аспабында қосымша оқиды, оның орындауында Орыстың халық әні «Пойду ля, выйду ля»

Жетекшісі Наурызбаева Айгерім.

Би өнерімен қоса домбыра сыныбында қосымша оқиды.

Орыстың халық әні «Тау етегі бүлдірген»

орындайтын Орынбасарқызы Ақмөр

«Жаңбыр» биі орындайтындар 2 сынып оқушылары

«Бала тілегі» орындайтындар Нұржан Бағдат,

Қабдушева Ұлмекен

«Қуыршақ» биі орындайтындар 2 сынып оқушылары

«Ертегілер» әні орындайтындар 1,2 сынып оқушылары

Осымен бүгінгі сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. Құрметті ата - аналар уақыт бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет!

© 2010-2022