Коучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыру

Раздел Другое
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыру» тақырыбы бойынша

І деңгей мұғалімі Санатбаева Ұлболсынның қысқа мерзімді коучинг - сессия жоспары (45 минут)

Мерзімі

9.02.2016 жыл

Коучинг тақырыбы

Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыру

Жалпы мақсаты:

Сын тұрғысынан ойлау модулін қолдану тиімділігін, сыни ойлау арқылы тілдік дағдыларын дамыту жолдарын білу. Суретпен жұмыс жүргізе отырып, сөздік қорын байыту, сыни ойлауын дамыту. Сауатты сөйлей білуге дағдыландыру, сөйлеу мәдениетіне төселдіру.

3. Қоршаған ортаны, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту үшін сын тұрғысынан ойлау стратегияларын, сыни ойлау әдістерін өз сабақтарында қолдануды үйренеді

Түйінді идеялар

Жаңа қоғамға сыни тұрғыдан ойлана білетін азаматтар қажет

Дерек көздері:

  1. Шеберлік сабақтар (ІІІ деңгей). Астана 2014. 15-22-б

  2. Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдерінің шеберлік сабақтарының жинағы. 17-бет

  3. Әлімов А.Қ. «Интербелсенді оқу әдістерін сабақта қолдану»

Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 4, А-3 парақтары,стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам, стикерлер

Оқыту әдістері:

АКТ

Сыни тұрғыдан ойлануға бағыттау

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс

Тапсырмалар:

Мюнстерберг,Ассосация,Фрейер моделі,Ментальді карта әдістері, топтық тапсырма және қорғау, рефлексия

Коучинг кезеңдері

Коучтің іс-әрекеті

Коучийлердің іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

(5 минут)

Қима суреттер арқылы топқа бөлу

Коучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыруКоучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыруКоучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыру

Әр қатысушы сурет қиындыларын алып, тұтас сурет құрастырады.Топтағы ережені еске түсіреді.

Сергіту сәті

Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

(3 минут)

Обман глаза

Интерактивті тақтада көзге арналған жаттығулар көрсетіледі.

Мұғалімдер қызығушылықпен орындайды

«Қызығушылықты ояту» кезеңі

7 минут

«Мюнстерберг » әдісі.

Мюнстерберг әдістемесі

Лпопнапанотпанраневкаубитсмнрпменеепкапапекутаудыңыусадапикьүтивломенмацвкемытекмахзшщуквыарпабасындаанахщшздегелекбьоуритацфэмарлдегененцздсхрвьудачауртвкуьобаоенрпоагдошнбірремарусаңғовпжфгатачатпиаоқұсвьвфасадпрпваапрыпвцуцкгғіңғңшодожяваываыабарқңқұоплаоплоплапвапвапчвчапиатсар


Үш топқа бетше беріледі.Бетшедегі әріптер қатарынан өлең жолдарын табу керек.


1-топ -бірінші ,екінші жолын

2-топ-үшінші жолын

3-топ-төртінші жолын және авторын табады.



«Мағынаны тану» кезеңі

Ақпарлама

20 минут

Отпан таудың басында,

Дегелек деген бір құс бар.

Аспанда жүріп ысқырса,

Мың орда жылан басылар.

Қашаған

Постер қорғау.

Өлең шумағындағы Дегелек,Отпан тау,Жылан сөздеріне постер қорғау.





Әр топ постерлерін жіпке іледі,қыстырғыштар арқылы бір-бірін бағалайды.

Өлеңді дауыстап оқиды.



1-топ-«Ассосация» әдісі бойынша

2-топ-«Фрейер» моделі бойынша

Коучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыру

3-топ-«Ментальді карта»әдісі бойынша постер қорғайды.

Коучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыру

«Жасыл» өте жақсы

«Қызыл» жақсы

«Сары» жақсарту керек

Рефлексия

5минут

Притча про аиста

Дегелек құсы туралы видеоролик тамашалайды.

Көреді,ой түйеді,түсінгендерін ортаға салады.

Кері байланыс

Мақсаты:

тыңдау-

шылардың

алынған

ақпаратты

игеру

дәрежесін

анықтау.

Топтық жұмысымызды

қорытындылай келе бүгінгі

жетістіктеріміз бен іс-

әрекеттермізді талдайық.

Ол үшін сіздерге екі

шабадан ұсынылады. Оның

біреуі «ашық» екіншісі

«жабық». Сіздер ашық

шабаданға өздеріңіз үшін

алған және келешекте

қолданатын ақпараттарды

саласыздар, екіншісіне

өздеріңіз үшін алған

бірақ қолданбайтын

ақпараттарыңызды

саласыздар.

Тыңдаушылардың ой пікірі, өзіндік талдауы,

өзара пікір алмасады

Коучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыру

Коучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыру

Коучингтен кейінгі рефлексия:

Жоспарланған іс жүзеге асты ма?

Табыс критерийлеріне қол жеткізілді ме?

Нені өзгертуім керек еді?



«Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыру» тақырыбы бойынша коучингтің рефлексивті есебі

Жоспарланған іс жүзеге асты ма?

Бүгінгі коучингке 18 мұғалім қатысты.Қатысушыларды ең алдымен қима суреттер арқылы 3 топқа бөліп алдым.Бірінші топ-Отпан тау,екінші топ-Дегелек,үшінші топ-Жылан бейнесін құрастырып,топтарға бөлінді.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Обман глаза» деп аталатын тренинг жаттығу көрсеттім.Мұндай жаттығу жасау арқылы мұғалімдер көздерінің кей кезде алдайтынына көз жеткізді.Осыдан кейін қызығушылықты ояту үшін «Мюнстерберг» әдісі бойынша бетшелердегі қатар тізілген әріптер қатарынан сөздер табу тапсырылды,мұнда қатысушылар қызығушылықпен ат салыса,өлең жолдарын тапты. «Мағынаны тану» кезеңінде мұғалімдер үш топтан құрастырылған өлең шумағын дауыстап оқыды.Бұл жерде топқа қалай бөліндік ,бөлінудің себебін өлең жолдарын тапқанда бір-бірімен байланысын сезіне отырып,мұғалімдер осы тұста сыни ойланды .Коучингтің ең шарықтау кезеңі ,ең қызық кезеңі-постер қорғау болды. Дегелек,Отпан тау,Жылан сөздеріне бірінші топ -«Ассосация»әдісі, екінші топ -«Фрейер» моделі, үшінші топ -«Ментальді карта» әдісі бойынша постер қорғады.Әрине, әдеттегідей постер қорғау ұзақ уақытты алды.Тақтаға таймер қойылды, мұғалімдер жылдамдата ,қызығушылықпен ,интернеттен мәлімет іздеп,жұмыстарын ынтымақтастықта,барлығы жұмылып постерін дайындап шығарды. Әр топтан бір көшбасшы шығып,постерлерін жіпке іліп,үш топ та өте жақсы қорғап шықты.Жіпке ілінген постерлерді ,қыстырғыштың түстері арқылы бағалады. « Жасыл»-өте жақсы, «Қызыл» жақсы,әлде де толықтыру керек, «Сары»- жақсарту керек деп бағалану керектігі айтылды.Рефлексия кезеңінде «Дегелек» құсы туралы сыни ойлануға видеоролик көрсетілді. Мұғалімдер көрді,ой түйді,дегелектің оң қасиеттерін білді,не түсінгендерін ортаға салды.Тыңдаушылардың алынған ақпараттарды игеру дәрежесін анықтау мақсатында «Ашық және жабық шабадан» деп аталатын кері байланыс алдым.Топтық жұмыстарды қорытындылап,бүгінгі қол жеткізен жетістіктерімізді талдадық.Ашық шабаданға өздері үшін алған,ұнаған,келешекте пайдаланатын ақпараттарды салды,ал,екінші жабық шабаданға мұғалімдерге ұнамаған ,келешекте қолданбайтын ақпараттарды салу ұсынылды,бірақ жабық шабаданға еш нәрсе салынбады.Қатысушылар коучингтің жоғары деңгейде өткендігін кері байланыста өте жақсы жазып өтті.Табыс критерийлеріне қол жеткізілді деп ойлаймын,себебі,жоспардағы барлық кезең орындалды,мұғалімдер көп мағлұмат алып,дәптерлеріне түртіп алып отырды.Келешекте өз сабақтарында қолданамыз деген пікірлер айтылды.

Коучингтен үзінді

Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу «Обман глаза»

Қима суреттер арқылы топқа бөліну сәті

«Ментальді карта» әдісі бойынша топтық жұмыс

«Мюнстерберг» әдісі бойынша өлең жолдарын табу үстіндеКоучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыруКоучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыру

«Ассосация» әдісі бойынша топтық жұмыс

«Фрейер» әдісі бойынша топтық жұмысКоучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыруКоучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыруКоучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыруКоучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыру



Постер қорғау сәттерінен үзінді

Коучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыруКоучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыруКоучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыруКоучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыру

Дегелек құсы туралы видеоролик тамашалау сәті

«»Кір жайғыш жіп пен қыстырғыш» бағалау сәті

«Ашық және жабық шабадан» коучингке кері байланыс ұсыну сәті



Коучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыруКоучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыру

Коучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыруКоучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыруКоучинг Тіл сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыру



© 2010-2022