Урок по казахскому языку на тему Балалар әлемі (10 класс)

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№8 ОРТА МЕКТЕБІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «СРЕДНЯЯ ШКОЛА №8»


«Балалар әлемі» электронды журналы

(қазақ тілі онкүндігінде өткізілген ашық сабақтың жоспары)


10 сынып



Урок по казахскому языку на тему Балалар әлемі (10 класс)

Кантарбаева Г.Р.,

қазақ тілі мұғалімі


Көкшетау қаласы

05.02.2015


10 сынып 05.02.2015

Сабақтың тақырыбы: «Балалар әлемі» электронды журналымен танысамыз. Ресми сайты balalaralemi.kz

Сабақтың мақсаты: ғаламтор желісіндегі сайттағы журналы арқылы, оның мекенжайын, мазмұнымен, қызықты ақпаратпен танысу; журналдан нені білуге болатындығын баяндау, пікір алмасу, айдарларымен танысу, қолдану, кесте толтыру.

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық кабинеттің мүмкіндігін пайдалану, оқулық.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қазақ тілі онкүндігі өтуі туралы. Тіл туралы мақал-мәтелдерді естеріне салу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Диалог арқылы білімдерін тексеру.

«Ақпарат» сөздің синонимдерін келтіру (жаңалық, мағлұмат, мәлімет). Жаңалықтармен не арқылы білуге, танысуға болады?

БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары (буынға бөліп, түрлерін атап шығу). Газет, журнал, радио, теледидар, интернет-ғаламтор.

Сұрақтарға жауап бергізу.

1. Балалар мен жасөспірімдерге арналған қандай журнал-газеттерді білесіңдер?

2. дербес компьютердің пайда болуы қай ғасырдан бастау алады? (ХІХғ.)

3. Бірінші Windows қай жылы пайда болды? (1985 ж.)

4. Билл Гейтс кім екен?

5. Ал ғаламторды кім ойлап тапқан? (Тимоти Бернес-Ли)

6. Жалпы ғаламтордың пайдасы мен зияны неде?

ІІІ. Жаңа сабақ.

(әр оқушы жеке ноутбук арқылы жұмыс жасайды)

«Балалар әлемі» электронды журналының ресми сайтын ашайық balalaralemi.kz. Журналды ашқанда нені байқауға болады? Безендірілуі қандай екен? - қызықты, көркем, тартымды, ашық түсті.

Соңғы енгізілген мақалалар.

Негізгі бет. Мазмұны. Галерея. Байланыс.

(әр бетін ашып өздеріңе қызық мәлімет тауып алыңдар).

Бұл журналдан мақал-мәтел, жұмбақтар мен оның шешуімен танысады, жаңылтпаш, әзілді де оқып шығуға болады.

Ең қызығы: сайтқа өз мақаланы енгізуге болады, керек қызықты ақпаратты принтер арқылы шығаруға мүмкіндік бар.

Мазмұнымен танысу: Ертегілер. Ойын паркі. Оқиғалар. Энциклопедия. Қызықты мәліметтер. Денсаулық. Тарихтан тағылым. Жануарлар әлемі. Мақалалар. Мултьфильмдер. Өлеңдер. Қолөнер.

Тапсырма орындау: Биылғы жылы Ұлы Жеңіске - 70 жыл. Осы атаулы күніне орай атақты батырларды еске алып мақсатымен, «Тарихтан тағылым» айдарынан Бауыржан Момышұлы туралы ақпаратпен танысайық.

Мәтінмен жұмыс жасау: түсініп оқу, сұрақ қою арқылы мазмұнын айта білу. Бұл мәліметті принтер арқылы шығарып, мәтінмен жұмыс жасау.

ІV. Қорытынды.

«Балалар әлемі» журанал балалар мен жасөспірімдерге арналған ақпаратты танымдық республикалық журнал. Журнал индексі 74722. 64-беттік журнал, айыны 1 рет шығады. 2013 жылғы ақпан айында алғаш нөмірі жарық көрді. Биыл екі жыл!

Бұл журнал кімдерге арналған?

Мазмұны жан-жақты ма? Қызықтырды ма? Немен қызықты?

Тестік жұмыстарды орындауға бола ма?

V. Үйге тапсырма: Журнал туралы әңгімелеу.

«Дружные ребята» газет туралы қосымша мәлімет іздеу.

VI. Бағалау.

VIІ. Рефлексия.

Мен үшін жаңалық...

Білдім...

Білгім келеді...

© 2010-2022