Статья Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында АКТ пайдалану

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№ 4 жалпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ














Мақала


Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында АКТ пайдалану










Орындаған:

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

Сатжанова Гульмира Сериковна













Қарағанда қаласы - 2016 ж





1. Педагогтің аты - жөні: Сатжанова Гульмира Сериковна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 27.03.1967 ж.т.

ұялы т: 8 708 959 74 47, электронды адресі: Gumi67 @ mail.ru,

елді - мекен: Қарағанды қаласы

2. Білім беру ұйымы: Қарағанды қаласы, «№ 4 жалпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ, жұмыс о.т: 53-68-08 (7212) 2- Пятилетка көшесі, 27 а, электронды адресі: sch-int-4 @kargoo.kz

3. Жұмыстың аталуы: Мақала «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында АКТ пайдалану».

4. Тапсырған күні: 19.01.2016 ж.





























Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында АКТ пайдалану


Қазіргі кезде қазақ тілі мен әдебиеті сабағында АКТ- ны қолдану өте маңызды, өйткені ол оқушылардың білім деңгейін, пәнге деген қызығушылығын арттырады. АКТ - заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеуге көмек береді. Оқушылардың білім сапасын көтереді, шығармашылық ізденістерін оятады деуге болады.
Әрбір ұстаздың міндетті - Отанын, тілін шексіз сүйетін оқушы тәрбиелеп, дайындау және оқушыларға сапалы білім беру. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде АКТ құралдары: интерактивті тақта; мультимедия; интернет кеңістігі, электронды оқулықты қолдану болып табылады. Ал оқушылар интербелсенді тақтаға назар аудара отырып, өткізіліп отырған сабақтарын ұтымды түсінуге мүмкіндік алады. АКТ - топтағы оқушылардың оқыту үшін құнды құрал. Бұл жаңа материалды өте қызықты түсіндіруге көмектеседі. Жаңа технология жәрдемімен үлкен жетістіктерге жетуге болады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыруда төмендегідей педагогикалық міндеттерді шешуге болады: білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу, білім алуға мотивацияның жоғарылауы, өз бетінше жұмыс істеу, өзін-өзі бақылау, жеке тұлғаны жетілдіру. Оқушыларға қазақ тілін үйренуге деген ынтасын арттыру, олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, дистанционды олимпиадалар және т. б. Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын қазақ тілі сабағында пайдалану барынша тиімді болмақ: электрондық пошта (e-mail), телеконференция, видеоконференция; ақпараттық каталогтар. Атап айтқанда, оқушылардың қатесін көрсете отырып, өз пікірін білдіріп отыратын мұғалімнің тікелей қатыспауы, оқушылар өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік ие болады.

Қазақ тілі сабағында АКТ қолдану тұлғаның шығармашылық қабілетін жоғарылатады, зейінін белсендіреді, оқушының әрекеті мен жұмыс түрлерін түрлендіруге көмектеседі. Презентацияда кесте, сызбаларды орналастыру арқылы уақытты үнемдеуге, құжатты эстетикалық тұрғыдан әшекелеуге болады. Сөзжұмбақтарды, суреттерді, әр түрлі тапсырмаларды пайдалану пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, сабақты тартымды өткізуге септігін тигізеді.

Қазақ тілі сабағында тілінің фонетикасын оқытуда АКТ пайдасы зор. Ол қазақ тіліндегі мәтінді тыңдауға, жеке буындардың дұрыс дыбысталуын үйренуге, бақылауға, ауызша сөйлеу әрекетін тексеруге мүмкіндік береді. Ал грамматиканы оқытуда түстерді дұрыс таңдай алу, оларды орнымен пайдалана білу, кестелер мен сызбаларды, дыбыстық жазбаларды қолдану арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру болады. Сабақта тақтамен жұмыс жасауға арналған уақыт үнемделеді, өйткені тақтаға жазудың қажеті болмайды. АКТ көмегі арқылы оқушылардың қазақ тілінің грамматикасын қаншалықты терең үйренгенін анықтауға болады. Белсенді тақтаның көмегімен бақылау тест сұрақтарын алып, оның жауабын дер кезінде тексеріп және бағалауға мүмкіндік береді.

Қазақ әдебиеті сабағында АКТ пайдалану әр түрлі суреттерді, фотоларды, ақпараттық материалдарды қолдануға мүмкіндік береді. Керекті материалдарды оқушылардың өздері ғаламтордан іздеп табады, презентация жасап, сабаққа дайындалады, сол арқылы оқушылардың өзіне сенімділігі артады, ептілікке дағдыланады, әшекелеу мен таңдауға үйренеді, тұлғаның шығармашылық қабілеті белсендіріледі.

Қорыта айтқанда, АКТ технологияларды сабақта қолдану -оқытудың үлкен жетістігі болып табылады. АКТ технологияларды қолдану нәтижесі:

  1. Білім берудің тиімділігін жоғарылатады

  2. Оқушылардың білім сапасын арттырады

  3. Оқушылармен жеке қарым - қатынас жасауға мүмкіндік береді

  4. Балаларды топтық, жеке, жұптық жұмыс жасауға дағдыландырады.

Білім беруде инновациялық технологияларды ендіру оқушыларға әртүрлі әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, атап айтқанда: тренингтер, дөңгелек үстелдер, баспасөз-конференциялары және т. б. оқушылардың сабақтағы жауапкершілігін, белсенділігін, өзін-өзі бағалауын қамтамасыз етеді.






Пайдаланған әдебиеттер:


  1. К.Жантелова.Қазақ тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен үйрету.// Қазақстан мектебі. 2013ж.


  1. Ә.М.Нұрмағамбетова. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу үрдісінде пайдалану. 2010 ж.


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.


© 2010-2022