Мен көп тіл білгім келеді 6-сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сынып: 6-сынып

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Құстарға көмектесеміз

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Мәтіндер негізінде құстар жайлы ақпараттық танымын кеңейту. Лексикалық тақырып аясында көптік жалғауларын меңгерту.

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды құстарға қамқор болуға, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Б) Дамытушылық: Жаңа тақырып аясында берілген сөйлемдер мен мәтіндер бойынша жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі; жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, талдау

Сабақтың көрнекілігі: құстардың суреттері

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу;

Ә) Кезекшімен жұмыс;

Б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (тексеру)

Оқулықтың 88 бетіндегі 3-тапсырманы тексеру;

ІІІ. Жаңа білімді хабарлау

1 - тапсырма. Мәтінді оқы, түсінігінді айт.

Әлібек сабақтан үйге қайтып бара жатты. Кеше қалың қар жауған. Күн суық. Кенет ол жолда отырған кішкентай торғайды көрді. Қасына жақындады. Торғай қашуға тырысты, бірақ ұша алмады. Әлібек торғайды ұстап алды. Қолына алып қараса, торғайдың сол қанаты сынған екен. Торғай тоңды ма әлде қорықты ма, қатты дірілдеп отыр. Әлібек торғайды аяды. Оны жылы қолғабына орап үйіне алып келді.

КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ

Зат есім сөздерге жалғанып, көптік мағынаны білдіретін қосымшаның түрі көптік жалғаулар деп аталады (құс - құстар). Қазақ тілінде көптік мағынаны білдіретін жалғаулар сөздің соңғы дыбысы мен буын түріне қарай алты түрлі нұсқада қолданылады.

Ескерту! Көптік жалғаулары сын есімге жалғанса, заттық мағынаны білдіреді: Әлібек, үлкендерге орын бер! (Үлкендер - үлкен кісілер дегенді білдіреді). Сан есімдерге жалғанса, уақыттың шамасын көрсетеді: Мен сағат бестерде келемін (бестерде - беске жақын уақытта).

Көптік жалғаулары

Сөздің соңғы дыбысы

-лар, -лер

-дар, -дер

-тар, -тер

Дауысты дыбыстан болса

бала+лар, үйірме+лер

---

---

Үнді дауыссыз дыбыстан болса

аққу+лар торғай+лар

сан+дар, ән+дер

---

Қатаң дауыссыз дыбыстан болса

---

---

құс+тар тоқылдақ+тар

В, г, д, б дыбыстары болса

---

---

клуб+тар Фастфуд+тер

2 - тапсырма. Мәтіндегі көп нүктенің орнына жақша ішіндегі сөздердің қажеттісін қойып көшіріп жаз. Көптік жалғауын тап.

Тоқылдақтар қыста да осында (қалады, тұрады, жүреді). Олар - өте жылдам, еңбекқор (аң, өсімдік, құс). Ағаштардың қабықтарының арасынан жәндіктерді теріп (ішеді, жейді, береді). Қар үстіне түскен қалдықтарды (бүркіттер, торғайлар, пингвиндер) теріп жейді. Тоқылдақ осылай өзге құстарға да жем тауып (алады, береді, көмектеседі).

IV. Сабақты бекіту


Құстар


V. Сабақты қорытындылау

1. Қыста құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді?

2. Өз жерімізде қыстайтын құстар бар ма?

3. Олар туралы не білесің?

V. Үйге тапсырма.

Оқулықтың 93 бетіндегі 3-тапсырманы толықтырып орындап көшіріп жазамыз

VI. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау



© 2010-2022