О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі Тортай бейнесі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі Тортай бейнесі.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтін мазмұнын меңгерте отырып, кейіпкер бейнесіне жан - жақты талдау жасату.
Сабақтың міндеттері:
1. Мазмұнына байланысты оқушыларға кейіпкер бейнесіне жан - жақты талдау жасату, түйін шығарту.
2. Оқушыларға кішігірім іс - әрекеттерін жоспарлатып, өз бетінше жұмыс жасату.
3. Әңгіме мазмұнына түйін жасай отырып өзіндік көзқарас қалыптастыру.
Қажетті материалдар: плакаттар, скотч, маркерлар, интербелсенді тақта, презентация, А3 плакаты.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Қ. Бітібаеваның технологиясы бойынша интервью - тест, микромінездеме, сауалнама - интервью, СТО элементтері, жоба қорғау, Блум таксономиясы.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (2мин)
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Қызығушылықты ояту.
Кеспе қағаздардағы суреттер бойынша оқушыларды 3 - топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
Шолу сұрақтары. (2мин)
Мұғалім сөзі: Үйге О. Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, әңгіме мазмұнымен танысып келу берілді. (сұрақтар қою)
Әр оқушыға интервью - тест қағаздары таратылады.
1 - топқа: О. Бөкейдің өмірі
2 - топқа: Жазушының қызмет жолы.
3 - топқа: Автордың шығармашылығы.
Интервью - тест
(О. Бөкейдің өмірі бойынша).
Сұрақтар
1. Оралхан Бөкей кім?
2. Қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
3. Отбасы жайлы не білесің?
4. Автор жайлы айтқан ақын - жазушылардың құнды пікірін жазыңыз.

Интервью - тест
(О. Бөкейдің қызмет жолы бойынша).
Сұрақтар
1. Ең алғашқы еңбек жолы қай жерде, қандай қызметтен басталды?
2. Автор қандай жоғарғы оқу орнын бітірген?
3. О. Бөкей қандай газет - журналдарда қызмет атқарды?

Интервью - тест
(О. Бөкейдің шығармашылығы бойынша).
Сұрақтар
1. Автордың ең алғашқы шығармасы қалай аталады?
2. Жазушының есімін танытқан қай повесть?
3. О. Бөкейге қай шығармасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді?
4. Автордың бірнеше шығармаларын атап жазыңыз.

III. Мағынаны ажырату.
Мұғалім сөзі: Балалар, слайдқа назар аударайық! Суреттерде не бейнеленген? Бұл суреттердің біздің басты кейіпкерге қандай қатысы бар?
Әдебиет теориясымен де сабағымызды байланыстырып отырсақ. Әңгіменің сюжеті қалай? Композициялық құрылымына талдау жасаңыздар. (ауызша жауап).
Суреттер біздің басты кейіпкеріміз Тортайға тікелей қатысты. Демек, біз бүгінгі сабақта Тортай бейнесін талдаймыз. Ол үшін Тортайға микромінездеме беріп өтсек.

Тортайға микромінездеме
Мәтіннен алынған дәйексөз-------- Ықтимал жауап
1. Қой аузынан шөп алмас. (Жуас, момын, ұялшақ, жасқаншақ).
2. Құлағының сәл мүкісі бар. (Саңырау, құлағы естімейді).
3. Кетерінде сүйікті кітабын сыйлап тұрып:«Мен үшін де оқы. Бәлкім, мен міне алмаған ақ боз атқа сен мінерсің»,- деді. (Достыққа адал, мейірімді).
4. Аузымызды ашып тыңдайтын абызымыз. (Білімді, оқып - тоқығаны мол).
5. «Тоқ бала, аш баламен ойнамайды» (Жетімдікті, тауқыметті көп көрген).
6. - Кел жаныма, мен сені тым жақсы көремін. Бастықтың баласымын деп мұрныңды көкке көтермейсің, қарапайымсың. (Қамқор, ақылшы).
7. «Әкем де, шешем де - сол кітап». (Кітапқа ерекше құмар).

IV. Ой-толғаныс.
Кітапқа, достыққа, жетімдіктің зардабына байланысты қандай қанатты сөздер айтасыздар?
1 - топқа: Достық - ұлы қасиет.
2 - топқа: Жетім көрсең жебей жүр.
3 - топқа: Кітап - таусылмас байлық.
Жоғарыда келтірілген тақырыптар бойынша плакатқа жоба жұмысын жазып, қорғау.

V. Қорытынды.
Өзіңді - өзің таны, біліміңді сарала. (Блум жүйесін басшылыққа алу).
Сауалнама - интервьюді әр оқушыға таратып, толтырту.

© 2010-2022