Тізбектелген төрт сабақ бойынша рефлексивті есеп

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БайтохинаАсемгульТурмаганбетовна Тренер портфолиосы В4есебі

№1 топ 3-деңгей

Ақтөбе қаласы 07.06.2015ж.

Төрт тізбектелген сабақты талдайтын есеп.

Сабақтарымды бағалау мақсатында бірнеше сұрақтарға жауап беруге тырысайн.

  1. Жоспарланған тапсырмалар белгіленген уақыт көлемінде қызықты өткізілді деп айта аламын. Осы сабақты жоспарлау барысында жұмыс түрлерінің барлығын кірістіруге тырыстым. Яғни жоспарлауда топтық, жұптық, жеке жұмыстардың барлығы көрініс тапты. (В1 есеп). Менің бұл сабақтарды өткізудегі де басты мақсатым мұғалімдердің болашақта сабақтарында сыни ойлау тәсілдерін тиімді қолданып, түрлендіре білуін, түрлі жауаптардың ерекшелігін тәжірибе барысында түсінуін қамтамасыз ету болатын. Сабақтың идеясын түсіну үшін мен көшбасшылық таныта отырып әр бір сессия төңірегінде түрлі тапсырмаларды жоспарладым. Сол тапсырмаларды түсініп орындаулары үшін кеңес түсіндірме жұмыстарын бердім. Менің топта көшбасшы болып тапсырмаларды реттеп беріп отырып оның толық орындалуын қадағалап отыруым тиімді болды деп айта аламын. Өйткені әр бір істі жүргізу жетелеу үшін нұсқаушы керектігі сөзсіз. Бұл жоспарды құрғанда мен ең басты көмекші құрал ретінде Майк Гершонның «Талқылау тәсілдерінің жинағы» Made by Mike Gershon - [email protected] порталдағы материалына сонымен қатар Асхат Әлімов «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана-2014ж. еңбегіне сонымен қатар поталдағы осы сабаққа қатысты материалдарға жүгінуге тура келді. Қосымша таратпа материалдар менің сабақты жоспарлауыма және мүғалімдердің топта жұмыс жасауларына көп көмегін тигізді.

Кейін тәжірибеден өтіп келгеннен кейін мен мұғалімдердің осы сыни ойланатын тапсырмаларды өз сабақтарында көптен қолданғанын көре алдым. Мысалға айтатын болсам «Радиоға қоңырау шалу», «Т-кестесі», «Алты қалпақ», «Алты жетілдірілген сұрақ», «Визуалды айғақтармен жұмыс жасау арқылы классификация жасау», «Әткеншек», «ПАБ», «Шеңбердегі сұрақ», «Пазл» т.б. әдістерін кеңінен қолданғаны сонымен қатар қалыптастырушы бағалауды да өздерінің тәжірибелеріне де кеңінен пайдаланғаны көрінді. Ол үшін алдын ала өздері криитерилерді дайындап сонымен қатар ынталандыру бағытында түрлі формативті бағалауды жоспарлаған. Мыс: BLOB ағашымен өзін-өзі бағалау, критерии өлшемдерін беру арқылы топ мүшелерін бағалау, «екі жұлдыз бір тілек», «білім ағашы», «бағдаршам», «Сен мықтысың өйткені.....» т.б. әдістер арқылы жұптық, жеке,топтық бағалау түрлерін кеңінен қолдануға тырысқандарын көрдім.

  1. Барлық тапсырмаларды орындаудың алдында міндетті түрде топтың сабаққа деген қызығушылығын ояту маңызды сол үшін соған байланысты сабақтың ең басында «Есім әріптерінен басталатын сөйлем...» Тренингті өткізген болатынмын. Яғни әр бір тыңдаушы өз есімдерінің бастапқы әріптерінен сөйлем құрайды. (В2) Бұл тренингті орындау барысында мұғалімдердің барлығы белсенді қатысып әр түрлі деңгейде сыни ойлана отырып тапсырманы қызығушылықпен орындап шыққандарын аңғардым. Осы тренингті тыңдаушылар қызығушылықпен орындағанын көрдім өйткені олар бұрын соңды бұндай тренингтер өткізілмегенін кері байланысты жазғанда атап өткен. Бұл тапсырманың өзі болашақта мұғалімдердің тәжірибелерінде басқа да сөздерге немесе тақырыпқа қатысты оқушылардың сыни ойлауларына септігін тигізетін тапсырмаларды ұйыдастыруына негіз болды деп ойлаймын. Одан кейінгі тапсырмада мұғалімдерге жұмбақтарды шешу арқылы топқа бөлу тапсырылған болатын. Бұл тапсырманы жоспарлауымның себебі жұмбақты шешудің өзі сыни ойланудың бір түрі болып есептеледі. Сондықтан мұғалімдер өздерінің тәжірибелеріне барғанда міндетті түрде түрлі жұмбақтар, ребустар, аннаграмаларды пайдалану арқылы да оқушылардың сыни ойлауға бағытталған тапсырмаларын жоспарлауға бағыт бағдар алуға көмегі болар деген ойда болдым. Жұмбақтың әр бір сөйлемі бөлек бөлек қиындылармен берілген болатын сол қиындыларды құрастырып арасынан шешімін тауып топқа орналасты. Бұл тапсырманы да мұғалімдер өте қызығушылықпен орындады. Келесі берілген тапсырма міндетті түрде жұмбақты шешу топқа бөліну тапсырмасына ұштасып жатты өйткені Шерлоктың қылмыскерді табу бойынша берілген материалда (В1 1 қосымша) қылмыскерді не үшін шерлок тез табуын мұғалімдер шешуін табу керек болатын. Бұл тапсырмада мұғалімдердің түрлі тапсырмаларды өздерінің бағытына қарай түрлендіріп жасап оқушылардың сыни ойлатуына мүмкіндік береді деп ойлаймын. «Топта талқылайық» әдісі бойынша жүргізілген Картиналарды ретімен орналастыру тапсырмасы одан кейнгі тапсырманы орындауға бастама болды деп айта аламын. Өйткені картиналарды ретімен орналастыру топтық жұмысын жасай отырып не үшін солай орналастырғандарын айтып берулері қажет болатын. Бұл олардың жай ғана жауап бере салмай сол жасаған жүмыстарының нәтижесін дәлелдеуге негіз болды деп ойлаймын себебі бұл тапсырманы орындауда әр бір топтың жұмысы әр түрлі болды. Бір топ бұл картиналарды бояуларынын қанықтығына байланысты орналастырса екінші топ әр бір суретті керемет шедевр ретінде әдемілігіне байланысты орналастырған. Үшінші топ бұл картиналарды суретшінің ойындағы бұлыңғыр құбылыстан ретімен туындаған ерекше туынды деп орналастырған. Төртінші топтың пікірінше бұл картиналардың әр біреунде ерекше оқиға жатқанын тарихи кезеңдеріне байланысты салынған туынды деп орналастырған. Бұл тапсырманы беру арқылы әр бір мұғалімнің ойлау деңгейі мен шығармашылығы сыни ойлаулары да әр түрлі екендігін көруге болатындығын аңғардым шын мәнінде бұл суреттерді мен бергенде дүние жүзіндегі әйгілі картиналардың қымбат бағасына қарай орналастырарма екен деген ойда болдым. Бірақ әр бір топ өзінің идеясымен ерекшелігімен көзге түсті. Бұл тапсырманы орындап мұғалімдер әр бір көріністің өзінен түрлі ойлар келетінін ұғып оқушыларға да осындай тасырмаларды орындата отырып олардың түпкі ойларындағы фантазиялық ойлау ерекшеліктерін ашуға көмектесуге болатындықтарына ой салды деп ойлаймын. «Топтастарыңмен пікір бөліс әдісі бойынша» Визуалды айғақтар арқылы (В1 есеп №5-тапсырма) (В2 есеп №5 сурет.) көлік түрлерін сараптау ретімен орналастыру тапсырмасында классификациялар жасау тапсырылды. Осы әдіс тиімді болды деп айта аламын өйткені бұл тапсырманы беруімнің мақсаты олар тіжірибелерінде осындай түрлі визуалды айғақтарды пайдалана отырып түрлі сыни ойлауға негізделген тапсырмаларды ұйымдастырады деген ойда болдым. Себебі бұндай тапсырмалар біріншіден оқушылардың көріп есте сақтау қабілетін дамытса екінші жағынан суреттерге қарай отырып түрлі сыни әңгімелер құрастырумен мен классификациялар жүргізуге үйрететіні анық. Бұл тапсырманы орындауда да топтар өте белсенді жұмыс жасады. Әр бір топтың орналастырған суреттерінің классификациясы әр түрлі болды. Бірінші және екінші топ тарихи жағдайы мен құрлық теңіз ауа көліктері деп бөлсе. Үшінші және төртінші топтың жауаптары өзгеше болды бұл топтар көліктерді техникалық жағына байланысты ауыр және жеңіл машиналар, ауылшаруашылық, қоғамдық, жеке көліктер, антиквариаттар, екі аяқты, төрт аяқты көліктер деп бөліп қарастырған. Бұл тапсырма арқылы бір көліктің өзінен біршама сараптамалық классификация жасауға болатындықтарын оқушылар үшін берілетін тапсырмалардың ішінде өте жақсы тапсырмалар екенін тек қана көлік емес түрлі тақырыпта суреттерді алып осындай әдіс арқылы оқушылардың классификация жасауға болатындығын сессия соңындағы алынған кері байланыста атап өткендіктерін айтқым келеді.

  2. Өз қиялымнан туындаған ерекшелік және бейнебаян көру арқылы екі дөңгелекті суретпен жалғастырып салу тапсырмалары жүргізілді (В1 есеп № 4-тапсырма.) (В2 есептегі №3 сурет) және (В2 есебіндегі №4сурет.). Бұл тапсырма негізінен сыни ойлана отырып шығармашылықты дамытуға көп көмегін тигізетіндігін тапсырмалардың бірі болып есептеледі. Өйткені кез келген бейнеден әр бір түлға бізге белгісіз туынды жасап шығаруы мүмкін. Бұл да сыни ойлаудың жоғары шегі деп ойлап осы тапсырманы ұйымдастырған болатынмын. Бұл тапсырмада алдыңғы тапсырма секілді оқушы қиялын дамытуға болатын тапсырмалардың бірі екенін мұғалімдер кері байаныс беру кезінде атап өтіп өздері болашақта осындай тапсымалардыміндетті түрде түрлендіріп өткізетіндіктерін жазып кеткен.

«Көршіңе әңгімелеп бер әдісі» бойынша «Ауызша алынған ақпарат туралы сыни ойлауда (В1 есеп № 6-тапсырма) (В2 есеп №6, №6.1 сурет) жеке және жұпта жұмыс жасап кез келген көлік суретін таңдай отырып ақпарат туралы сыни ойлана отырып жұптасымен бір біріне жоғары және төменгі дәрежелі сұрақтар дайындады. Ол үшін оларға таблицада берілген сұрақтардың үлгілері көмек болатындай мысал келтірілді. Яғни мұғалімдер түрлі деңгейдегі сұрақтарды қою кезінде әр түрлі сипатта сұрақ қоя отырып оған тиісті жауап ала алатындықтарына көздері жетті. Бұл тапсырма мұғалімдердің өз тәжірибелерінде жоғары және төменгі дәрежелі сұрақтардың аналикалық, проблемалық, ерекшеленетін және қадағалау түрлерінің болатынын түсініп соларды құруды үйренсе екен деген оймен жоспарлаған болатынмын. Бұл тапсырма орындай отырып түрлі дәрежелі сұрақтарды құруды үйренуге бағыт алды деп ойлаймын.

  1. Әр бір сессия барысында қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырды бұл тапсырмалар міндетті түрде сабақ сапасын жақсарту үшін қолданылады. Мұғалімдердің әрекетін сабақтың кезеңдерінде бағалау тиімді болды. Ол үшін әртүрлі қабілетті мұғалімдер барын ескеріп, бағалау формасы да түрленіп жоспарланды. Мысалға бірінші сессияда әр бір топ мүшесіне (В1 есебі) №2 және №3 тапсырманы орындау барысында топтастарының сабаққа қалай қатысып отқандықтарын қадағалау үшін «Бірге ойлаймыз, сөйлейміз бағалау парағы алдын ала берілген болатын сол тапсырмаларды орындай отырып әр бір топ мүшесі өз топтастарын берілген өлшемдерге байланысты бағалап отырды. Қалыптастырушы бағалау есептеу парағы берілді. (топ мүшелері әр біреуі топтастарын бақылап отырады әр бір топ мүшесіне баға беріп отырады). Бұл өлшемдері бар критериилер таратпа материалынан сабақтағы тапсырманың мазмұнына сай таңдалып алынды (В3 есеп №1 сурет). Бұл өлшемдері бар таблицаны бере отырып оларға болашақта тақырыпқа сай критерии өлшемдерін алып оларға бағалау өлшемдерін қойып пайдалануға нұсқау болар деген оймен жоспарланды. Бұл қалыптастырушы бағалауда топтың барлық мүшесі белсенділік танытып топтастарын тапсырманы орындаулары барысында бағалап отырды. Соның үшінде А деңгейіндегі тыңдаушы ерекше бағалаған ол парақты берген уақытта алдыңғы тапсырмаларды орындап отырғанда баға қоймаймыз тек қатысқан әріптестерін белгілеп отырамыз деген едім көп тыңдаушылар тек +,-, деген белгілермен белгілеп отырған ал А деңгейіндегі тыңдаушы болса өзі ойынан шкала жасап әрбіреуіне балдық А,В,С жүйесі арқылы бағалап соңынан қорытындысын шығарды. Ең жақсы қатысқандар жоғары балл жинағандары көрініп тұрды. Осы тапсырманы орындаған уақыттағы ерекшелігі және алдыңғы тапсырмаларда орындау барысындағы ұтымды жауаптарына А деңгейіндегі тыңдаушыны тағы да ынталандыру мақсатында формативті бағаладым. 3-ші сессия соңындағы қалыптастырушы бағалауда өзіндік бағалау сәтсіз болыды деп айта кеткім келеді. Осы турада көптеген мұғалімдердің бағалау парақтарын қарап отырып көп уақытта мұғалімдердің ортада өздерінің ойын жеткізу қиындық туғызатындықтары байқалды. Яғни белгілі бір тапсырманы орындау кезінде тапсырманың негізгі идеясын түсіндіме жоқ па? Топтың ішінде өзіне берілген міндетті яғни атқара алдыма жоқ па? Топта жеткізуші баяндаушы орындаушылар болып бөлінді ме? Берілген тапсырма бойынша ақпарат білеме? жоқпа? Білген ақпаратын жеткізе алдыма? Проблеманы шеше алдыма? Өзіндік пікір қостыма жоқпа? деген сұрақтар төңірегінде жауап бере отырып берілген тапсырманы орындау кезіндегі өзіндік бағалауын жүргізген болатын. Бірақ осы тұста өзіндік бағалау парағына өзгертулер керектігін түсіндім. Мысалы белгіленген міндетті атқарудың орнына басқа өлшем алуға болар ма еді дегендей сонымен қатар проблеманы шешу деген өлшемнің орнына проблеманы шешуге өз үлесімді қалай қостым деп соңғы өзіндік ұсыным деген өлшемді біріктіріп жіберуге болар ма еді дегендей ойға келдім. Болашақ сабақтарымда міндетті түрде критерии өлшемдерін коп болмай негізгі тапсырманың мазмұнына сай үшеуден аспауын негізге алып міндетті түрде мұғалімдердің өздері таңдауын негізге алып отырамын.

  2. Барлық тапсырмалардың орындалуы сабақ жоспарына қойылған мақсат пен күтілетін нәтижеге бағытталып ұйымдастырылғаны айқын. Сабақ аяқталысымен міндетті түрде кері байланыс арқылы бүгінгі сабақтың тиімді немесе тиімсіз өткендігін көре аламыз. Әркім өзіндік ерекшеліктерін ескермейінше өзіне баға беріп, өзгелерді бағамдай алуы мен сыни ойлауға қалыптасуы мүмкін емес болғандықтан өзінің түсіну дәрежесі мен дамуын «Алты қалпақ» арқылы нені білгендерін, не үйренгендігіне жазбаша кері байланыс алу және сонымен қатар жардағы модульді түсіну ағашын піскен алма түсімен өзін өзі бағалау арқылы нені білгісі келетіндігін түсінуге жазбаша кері байланыс жүргізумен ұштастырдым. Кері байланыстан мұғалімдердің барлығы тапсырмаларды орындау барысында сыни ойлана отырып әріптестерінің көмегімен бір шешім шығарып өз ойларын ортаға салғандарын және болашақта міндетті түрде өз тәжірибелерінде сыни ойланатын тапсырмаларды жоспарлауға тырысатындықтарын, өздерінің тарапынан да түрлі тапсырмаларды ойдан шығара беруге болатындықтарын жазып кеткен. (В3 есеп №3сурет.) (В3 есебі №4сурет. ) Сонымен қатар қабырға журналына піскен алмаларды орналастыру барысында жасыл алмамен белгілеген тыңдаушылармен тағыда жеке ерекшеліктері мен сұрақтарына байланысты жұмыс жасадым. Олардың сұрақтары сыни тұрғыда ойлатуға болатын тағы да қосымша көптеген әдіс-тәсілдерді көрсетсеңіз? Дегендей болды. Оларға жеке біршама кеңес бердім. Сонымен қатар қосымша материалдарға сілтемелер көрсеттім.

Жалпы сабақ бойынша қорытындылайтын болсам;

Дайн білімді дайын күйінде бере салып оқытатын мұғалімдер сыни ойлай алатын, жан-жаұты жетілген, түрлі көзқарапен санаса алатын, көшбасшы бола алатын ұрпақ тәрбиелегісі келсе ең алдымен ол өзі осы қасиеттердің барлығын меңгеруі қажет деп ойлаймын. Себебі өзінің өткізетін сабақтарының мазмұнды да сапалы болуы, ұйымдастырылған әр бір тапсырмалар жүйесі сыни ойлауға бағытталып жоспарлануы үшін мұғалімнің өзің де сыни ойлау қабілеттерінің жоғары болуы керек деп есептеймін. Мұғалімдердің жеке ерекшеліктері мен қабілеттерінің ашылуына сәйкес жоспарланған әдістер мен тәсілдердің түрлендіріп жоспарланып отыруы мен үшін тиімді болды деп есептеймін. Мұғалімдердің әр бір тапсырманы орындау кезіндегі әрекетін формативті бағалау тиімді болды.Сол үшін әртүрлі қабілеттерімен ерекшелеген мүғалімдерді формативті ынталандыру маұсатында да бағалаулар жоспарланып жүргізілді.

Сонымен қатар:

  • Тыңдаушылар қатарластары арасында бірлесіп жұмыс істеу мен талқылау үшін визуалды және ауызша дерек көздерді пайдаланып сурет арқылы ойланып, саралау сарптау жұмыстарын жүргізе отырып біріккен түрде жұмыс жасап өздерінің сыни ойларын ортаға салуды үйренді;

• түрлі пәндерді оқытуда балалардың жауаптарын тыңдауға және ойлануға мүмкіндік беру керектігін өздері бірігіп жұмыс жасау арқылы білді;

• жас ерекшелігін ескеріп, балалардың уақыт пен кеңістік туралы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту бойынша одан әрі қабылданатын іс-әрекеттерді жоспарлау қажеттігін түсінді;

• сыныпта оқытуды жақсартуға қажетті сыни тұрғыдан ойлануға бағыт беретін диалогтің маңызды екенін түсінді;

• оқу жоспарындағы әлеуметтік ғылымның мақсаты мен құндылықтары туралы сыни тұрғыдан ойлауға бағыт алды;

Сабағымның рефлексиясы: Барлық тізбектелген сабаққа жоспарланған тапсырмалар орындалып аяқталды. №8 тапсырманы орындау барысында әр бір мұғалімнің өзіндік іс-тәжірибесін негізге ала отырып берілген тапсырманы одан әрі өрбітіп әдіс тәсілдерді жетілдіру тұстарымен бөлісіп жақсы сабақ барысынан көріністер корсетті. Бұл көріністі тамашалап отырған басқа топтың тыңдаушылар өз тәжірибесінде болашақта көп нәрсені пайдалануға болатындықтары туралы кері байланыс беру кезінде атап өтті. №3 тапсырма бойынша орындалған тапсырма өте сәтті өтті деп айтуыма болады. Өйткені әрбір топ өз сараптамасын ұсынды. Әр бір топ өздерінің сараптамалары бойынша түрлі реттілікпен картиналарды орналастырып әрбір топтың өзіндік соны орналастыруға себептері анықталды. Сонымен қатар алты қалпақ әдісі арқылы өткізілген тапсырма қызықты өтті. Соның ішінде қара қалпақ түскен топ өздеріне жүктелген міндетті жақсы орындап қажет еместігін дәлелдеп шешім шығаратын көк қалпақтың негізгі ой түйін шығаруына себепші болды. Сәтсіз болған тұсы уақыттың жетіспеушілігі байқалып жатты. Оны формативті бағалауға берілген уақыттың аз болып қалып жатқандығынан көрдім. Өйткені мұғалімдер біраз ойланып ой пікірлерін жазуда біршама уақытты алып отырды. Сондықтан болашақ сабақтарымды жоспарлағанда міндетті түрде берілетін тапсырманың көп болмауын нақты бір сессияда бір тапсырма беріп соны формативті бағалауға көп көңіл бөлу керектігін түсіндім. Mұғалімдердің барлығының еңбек өтілі болса да сыни ойлауға бағытталған тапсырмаларды жоспарлауға ден қоймағандықтары мен түрліше сабақтарын түрліше сыни ойланатын тапсырмалармен өткізуге дағдыланбағаны қиындық тудырды. Дегенмен, сабақтағы тапсырмалар легі сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс жүргізу арқылы ол қиындықтарды жеңуге мүмкіндік берді. Бұл сабақтар мұғалімдердің болашақ тәжірибесінде сыни ойлаға бағытталған тәсілдерін түрлендіріп жоспарлауға негіз болды. Сондықтан мұғалімдер үшін өте тиімді болды деп ойлаймын.

Алдағы уақытта: Сабақты өткізген сайын адам жетіле түседі. Сондықтан келесі сабақтарымды жоспарлағанда формативті бағалау түрлерін басқаша өзгертер ме едім деп өзіме ой түйдім. Критерий бойынша бағалауға тапсырмалар мен оны бағалау бойынша өзгерістер енгізбекпін Алдын ала ресурстар беріп өздері критерилерін құрып өздері бағалау парақтарын шығарып дайындаса жақсы болар ма еді дегендей ой түйдім. Сонымен қатар әлі де болса сабақ жоспарына түрлі сыни ойлануға негізделген тапсырмаларды, әдістерді, тәсілдерді жан - жақты пайдаланып мұғалімнің тәжірибелі көшбасшы түлға ретінде өз ісіне толық рефлексия жасай алатын мұғалім болуға бағыт беруші болуға талпынып, сабақ жоспарымды түрлендіруге тырысамын деп алдыма мақсат қойып отырмын.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. А.А. Бизяева «Психология думающего учителя: педагогическая рефлексия» Псков-2004ж,


  1. «Оқыту мен оқудың белсенді әдістері» Дадли оқыту әдістері бойынша Астан қаласында - 2013 ж. жылы басылып шығарылған басылым.

  2. Асхат Әлімов «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана-2014ж.,

  3. «Рефлексивті есептерді жазу және таныстырылым сөздерін дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар» Астана -2013ж ЦПМ.


7


© 2010-2022