Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: № орта мектеп Мерзiм: ________________№ 3 сабақ

Тақырып: Арайлап атсын әр таңым

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық, жанашырлық

Мұғалiм: ________________Сынып «1а» Оқушылар саны _______

Сабақтың мақсаты:

«Бақыт», «махаббат» адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.

Сабақтың міндеті:

Әр түрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарым-қатынас жасауды үйрету;

сыныптастарымен, үлкендермен,жақын адамдармен жағымды қарым-қатынастарын дамыту;

өзін және айналасындағы адамдарды сыйлай және қуанта білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

Үнтаспа

I. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

1) Тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2)Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін - еркін дұрыс отыруын қадағалау




ІІ. Дәйек сөз.

«Әрбір таңғы қуаныш өмірге шаттық сыйлайды»

«Әр таңғықуаныш өмірге шаттық сыйлайды» дегендей? Әрбір атқан таңға, жаңа күнге қуанғандарың өзіңе? Айналаңа шаттық сыйлағандарың. Сол себепті таңертең қандай көңіл күйде болсаңдар да? Айналадағы адамдарға жақсы сөз айтып, жылы шырай таныта алсаңдар - өздеріңе қуаныш сыйлағандарың.

ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат).

«Таңертеңгі көңіл күй» мәнін түсіндіру.

Үнтаспадағы қандай дыбыстар сендерге таныс?

Сендерді кімдер оятады немесе ненің дыбысынаноянасыңдар?

Қандай көңіл күймен оянасыңдар?

Таңертеңгі қуануыңа не себеп болды?

Таңертеңгі жабырқауыңа не себеп болды?

Тапсырма

Адамдардың әр түрлі көңіл күйде болатынын түсіндіру мақсатында оқушыларға оқулылықта берілген тапсырма ұсынылады:

Суреттерге қараңдар. Балалардың қандай көңіл күйде екенін айтып беріңдер.

Тапсырманы орындау барысында балалардың таңертеңгі көңіл күй туралы пікірлері беки түседі.

Сюжетті суреттер ілінеді. Суреттер бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

1 - сурет. Ұл баланы таңғы ұйқыдан оятып жатқан ананың суреті.

Анасы баласын қандай сөздер айтып оятты дееп ойлайсыңдар?

Жауап: «Қайырлы таң, ұлым!», «Құлыным, тұра ғой!», «Жаным, жақсы ұйықтап тұрдың ба?», «Күнің жақсы өтсін, ботам!», «Күнім, күліп тұрдың ғой!»

2 - сурет. Ұл мен қыздың отбасындағысуреті.

Арман мен Жанарғаата - анасы қандай тілек айтты?

Арман мен Жанар ата - анасына қандай тілек айтты?

Жауап: Арман, Жанар: «Қайырлы таң!», «Қуанышты күн болсын!», «Сабақта бес алыңдар». Әже, әке, ана: «Қайырлы таң!», «Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін».

3 - сурет

Мектепке келген Арманның сыныптасымен күлімдеп сәлемдесіп тұрған суреті.

Арман сыныптасымен сәлемдесіп тұрып қандай жақсы сөздер айтып тұр деп ой





IV. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Адамдардың әр-түрлі көңілде болатынын түсіндіру мақсатында оқушыларға оқулықта берілген тапсырма ұсынылады: Суреттерге қараңдар. Балалардың қандай көңіл-күйде екенін айтып беріңдер.

Ойын.

Балаларды жақсы көңіл-күйде жүруге дағдыландыруды ойын арқылы ұйымдастыру.

«Көңіл-күйімді тап»атты бұл ойынды әр -түрлі көңіл-күйді білдіретін сөздер жазылған кеспе қағаздарды үстел үстіне жазуды көрінбейтіндей етіп жайып қояды.Балалар кезегімен шығып кеспе қағаздардың біреуін таңдайды. Кеспе қағазда жазылған сөзді мұғалім баланың құлағына сыбырлап айтады.Бала сол көңіл-күйді тек қимылмен ғана көрсетеді.Балалар оның қандай көңіл-күйді көрсеткенін табуы тиіс.

Дәптермен жұмыс

Берілген суреттегі адамдардың көңіл күйі туралы іңгіме құрастырыңдар.




V. Топпен ән айту.

Біз осылай өсеміз

Таң атады арайлап,

Күн күлімдеп туады.

Жадырайды бар аймақ,

Жарқырайды шуағы.

Дала гүлін жинаған,

Жазып ерлік дастанды.

Аталарым сыйлаған

Бізге ашық аспанды.

Жарқын заман бөбегін

Аялайды нұрлы таң.

Алтын бесік өз елім,

Туған өлкем Ұлы Отан.

VI. Үй тапсырмасы.

«Таңғы қуаныш» сурет салып келу

VII. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)



© 2010-2022