Ашық сабақ «Көк тұшпара даярлау»

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ «Көк тұшпара даярлау»Сабақтың тақырыбы: «Көк тұшпара даярлау» .

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың «Тамақтану» бөлімі бойынша алатын білімдерін тәжірибеде пысықтау. Наурыз тағамы болған көк тұшпараны бүгуге, дайындауға үйрету.

Коррекциялық: Логикалық ой-өрісін , зейінін, ұсақ қол маторикасын дамыту, сөздік қорын молайту, тәлән жетілдіру.

Тәрбиелік: еңбекті сүйюге, еңбекқор болуға, ұқыптылыққа, тазалыққа, қонақжай болуға үйрету.

Сабақтың түрі: тәжірибелік жұмыс.

Сабақ өту әдісі: сұрақ-жауап және тәжірибелік жұмыстарды орындау арқылы.

Көрнекілігі:

І. Ыдыс - аяқ: шолпы, кострюль, леген, тақта, пышақ.

ІІ: Азық - түлін өнімдері: тұрама ет, көктер, пияз, айран, тұз.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық

  • Қане , балалар орнымыздан тұрайық.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпен біз.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау мақсатында сұрақ жауап өткізу.

  • Отырыңыздар

  • Қазір қай мезгіл?

  • Балалар, көктемде болатын қандай мерекелерді білесіңдер?

  • Наурыз күндері қандай тағамдар дайындалады?

  • Сонымен, сүмелек, наурыз көже, көк тұшпара, жалбыз самса. Бұлардың бәрі Наурыз тағамдары.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Ал, бүгін тәжірибелік жұмысымызда көк тұшпара тағамын әзірлейміз.

  • Көктерден әзірленген тағамдар денсаулыққа өте пайдалы. Олардың құрамында түрлі дәрумендер бар және адам ағзасын қуаттайды.

Көк тұшпараны әзірлеу үшін мынадай қоспалар қажет:

  1. Қамыр үшін

Ұн - 500 гр

Жұмыртқа - 2 дана

Тұз - 1 шәй қасық

  1. Тұрама үшін

Қой еті - 250 гр

Көктер (жалбыз, көк пияз) дәміне ұарай тұз және қара бұрыш.

  1. Безендіру үшін

Көктер

Қаймақ

Бұрыш

IV. Әзірлеу

-Балалар, жұмысты бастамас бұрын гигиена ережелерін сақтауымыз керек.

1. Алжапқыш және орамал тағып аламыз

2. Қолдарымызды сабаынмен жуамыз

3. Техника қауіпсіздігін сақтаймыз

V. Жұмысты бастамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып аламыз.

1. Қамыр иленіп, дайын болған соң кішкене зуалаларға бөлінеді. Зуалалар жайылады. Сосын 4Х4 өлшемде кесіледі.

2. алдын ала дайындалған тұраманы бір шәй қасықтан салып, қамырдан тұшпараны қалай дайындау керектігін көрсетіп, тұшпара бүгіледі. Тұшпараның әдемі бүгілуіне көңіл болу.

3. Дайын тұшпараларды қайнап қайнап тұрған суға салып, пісіріп аламыз және шолпының көмегімен сүзіп алып, тәрелкелерге саламыз.

4. Тұшпараларды алдын ала дайындалған тұздықтармен, айран, қаймақ және айрандармен дастарханға ұсынамыз.

5. «Астарыңыз дәмді болсын» тағамнан дәм татыңыздар.

VI. Сабақты қорытындылау

  • Сіздер бүгін тұшпараны қалай дайындап, пісіру керектігін үйреніп алдыңдар.

  • Ас әзірлеуде қандай тазалық ережелерімен, техникалық қауыпсіздігін сақтау керек?

  • Тұшпара қамыры мен тұрамасы үшін қандай қоспалар керек?

  • Тұшпараны қандай бүгу керек?

  • Ал, міне, сендер үйлеріңде аналарыңа тұшпараны бүгуге көмектесе аласыңдар.

VII. Оқушылардың білімін бағалау.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.

VIII. Үйге тапсырма.

Үйге барған кездеріңде тұшпара дайындаңыздар.









ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Сайрам көмекші мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәнінен

8 - «А» сынып үшін арналған бір

сағаттық ашық сабақ жоспары


Тақырыбы:











Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау

пәні мұғалімі: Юсупова Сайяра Махаматовна





© 2010-2022