Конспект урока по казахскому языку Использование 7 модулей на уроке

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нурмухамбетова Каламкас Орынбаевна Мүғалім портфолиосы В 2 есеп

№2 топ 3-деңгей

Қостанай қаласы 14.11.2014жыл

В2 есеп

Бір сабақ бойынша толық рефлексия

Оқушылардың білім алғандағының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау жөніндегі бір рефлексиялық есеп.

Қазақстан Республиеасының 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған білім беру ісін дамыту тұжырымдамасында отандық білім беруді жетілдіру мен оның әлемдік білім беру аясына ықпалдасуын басты бағыттары белгіленген. Соған байланысты алған білімі мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып,өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылады.Осыған сәйкес Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіп,онда білім беру сапасын қамтамасыз ету,соның ішінде басқаруды жетілдіру негізгі міндеттердің бірі саналды.Бұл өзекті мәселенің өз дәрежесінде шешімін табуына Елбасы,бүкіл қоғам,үкімет көңіл бөліп отыр.(Білім технологиялары №4,2011ж.) Мектептің жүрегі де, тірегі де - мұғалім» - демекші, мектептің білімін жоғарғы деңгейде көрсететін ол біздер. Бұрын дәстүрлі сабақ берген кезінде оқушылар тек қана кітап көлеміндегі дайын ақпаратты ғана пайдаланып, алынған білім оқушылардың жинақталған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайтын, сондықтан алған білімдері мән-мағынасы терең меңгерілмей жаттанды түрде болатын, алған білімдерін өмірде пайдалана алмайды,сабақтар өткізгенімде көбіне өзім сөйлеп, берген сұрақтарыма қысқа ғана жауап алып отыратынмын. Замануи сабақтың өзгешілігі бала өзі ізденіп дәлелдейді.Ол бұрын тек тыңдаушы болса,енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы болып табылады. Білімдегі жаңа тәсілдер арқылы оқушының пәнді қалай түсініп,осы алған білімдерін сыныптан тыс жерде кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуге үйретеді. Яғни оқушылар өз бетімен еркін ойлай алатын,қандай күрделі мәселелерді болсын шеше алатын тіпті өткен оқиғаларды талдап,екі пікір туған жағдайда біреуін тандауға, саналы шешім жасауға үйрену қажеттігі,қазіргі заманның талабы. Сабақты қызықты әрі ұғымды өткізу үшін, бағдарламаның жеті модулі арқылы түрлі стратегиялар мен қосымша жұмыстар жүргіздім. Сабақты өткізуде 4сыныпты алдым. 4 «Б» сыныбында 15оқушы бар, сыныптың ахуалы, білім сапасы жақсы. сабақтың қысқа мерзімдік жоспарындағы «Сүт тағамдары» тақырыбы жоспарға сай келіп отыр. Оның негізгі мақсаты: оқушылардың сүт тағамдары туралы түсініктерін кеңейту, балалардың ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамытып, сөздік қорлары мен тілдерін байыту, балаларды татулыққа,ұйымшылдыққа, қазақтың ұлттық тағамдарын қадірлеуге тәрбиелеу. Жаңа тақырыпты оқушылар өз беттерімен түсіне білуге дағдыландыру қажет. Бірлесе жұмыс жасап, өздерінің жұмыстарын бағалай білуге қаруландыру керек. Бірлескен жұмысқа негізделген тәсілде: топтық, ұжымдық жұмыспен орындау қарастырылды. Жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында, оқушылар бір - біріне жақсы тілектер айтты.

Бенджамин Блум тaксономиясы бойынша, білім мен білік дaғдыларын қалыптaстыру үшін жоспар құрылды. Сабaқты өткізуде бағдарламaның оқыту мен оқудa ақпарaттық - кoммуникациялық технoлогия, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту модульдерін ықпалдастырдым. Оқушылар түрлі тәсілдегі жұмыстарды орындау кезінде қызығушылықтары білініп, сабаққа жақсы ат салысты.Үй тапсырмасын тест арқылы алдым,тестің жауабын қөршісімен ауыстырып тексерттім. Балалар бір-бірін бағалады. Оқушылар стикердің түсіне қарай топқа бөлінді,топтың ережесін белгіледік.Топ ережесі бойынша, балалар бір-бірін тындауға, сыйлауға, әділ бағалауға, тату жұмыс істеуге,бір-бірін сынамауға, сөздерін бөлмеуге, көмектесуге келісті.Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында, сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шешті. Тапсырмада қазақтың ұлттық тағамдарын атау,народ,праздник, жарен.мясо,блюдо сөздерін қазақ тіліне аударып тақырыптың атын шығарды. Сабақ жоспарына сай жаңа сөздермен жұмыс жүргізілді. Бірнеше рет оқып қайталағаннан кейін, жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырды. Көбінесе балалар сын есімдермен құрастырды.Мысалы:тәтті ірімшік, дәмді айран,қатты құрт,сары май дегендей. Негізі, сабақтың ұйымдастыру кезеңі қалай басталса, оқушы назарлары сол сабақтан шыққаннан кейін де жақсы әсерде қалатыны айдан анық

Бірінші тапсырма бойынша оқулықпен жұмыс жасалынды. Мәтін «Сүт тағамдарына» байланысты болды. Бұл жерде оқушылар мәтінді оқып, орыс тіліне аударды. Әр топ екі-екі сөйлемнен оқып, жаңа сөздерге сүйене отырып сөйлемдерді аударды.Оқып болғаннан кейін әр топ бір-бір сұрақтан құрастырды.

Екінші тапсырма

1топқа. Сөйлемдерді аяқтау.

2топқа.Сурет бойынша сөйлем құрастыру.Оқушыларға табиғаттың күзгі көрінісі берілді. Кем дегенде бес сөйлем құрастыру керек болды. Балалар бұл тапсырманы жақсы орындады. Қорғауға екі бала шығып ,бестен де артық сөйлем құрастырды.

3топқа. Бір сөзді септеу берілді.

Үшінші тапсырма бойынша

1топқа.Көптік жалғау жалғау

2 топқа.Бір сөзді жіктеу.

3топқа.Бір сөзді тәуелдеу берілді

Осы тапсырмалардан кейін Сергіту сәтін өткіздім. Интерактивті тақта болмағандықтан ,ноутбукпен «Қара жорға» биін өткіздім. Балалар билеп, бір серпіп қалды. Тек бір Денис деген бала ұялып тұрды.Сергіту сәтінен кейін үш топқа да тапсырма берілді. 1топқа «Ет тағамдарына» кластер құру.2топқа «Ет тағамдары», «Сүт тағамдарына» Венн диаграмма жасау. 3топқа «Сүт тағамдарына» кластер жасау.

Ең бірінші постер құруға мұғалімнің көмегі қажет болды, өйткені мұғалім бағыт - бағдар беруші дей келе, Выготскийдің жақын арадағы даму аймағының маңызы көп. Жақын арадағы даму аймағы - оқушылардың өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен бірігіп шешілетін түсінік және адам өз бетімен игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдыларды қамтиды./мұғалімге арналған нұсқаулық 28 бет/ Оқушыларға түсініксіз болған тапсырмаларды орындауда көмек көрсетіп жіберу мұғалімнің құзырлығында тұрады. Талдау жұмысында дайындаған постерді көшбасшы шығып, постер бойынша сөз сөйлейді. Балалар өздерінше тырысып, бояп, жазып жатты. Ал қорғауға келгенде оқушылар тақтаға шыққысы келмей,бір-біріне сілтеп жатты. Сол кезде менің Кристина деген бір оқушым, постерді қорғауға өзі шықты. Бұл жерде оқушының дарындылық немесе көшбасшылық қабілетін анықтауға болады.Әр топтан бір немесе екі баладан шығып өзінше қорғап жатты. Венн диаграмманы қорғаған кезде балалар «Ет тағамдарымен» «Сүт тағамдарының» ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтып жатты.

Жинақтау кезеңінде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолданып, «ыстық орындық» стратегиясын пайдаландым. Бұл стратегияда оқушылар сабақ барысында алған білімдерін сұраққа-жауап беру қажет екенін түсіндірілді. Кейбір оқушыларым сұраққа жауап бере білді. Ал, Наташа болса аздап қойылған кейбір сұраққа жауап беруден қиналыңқырады. Бұл кезде білмей жатқан оқушыға сынып балалары көмектесіп, оған нұсқау көрсете білді. Сұрақ қоя білу де тапқырлыққа жататынын ескерсем кейбір оқушылар сұрақ қоюда да жан салмай ат салысып отырды. Мысалға алсам, Сережа атты оқушым жуан сұрақтарды қоюда мүдірмеді. Оның негізі қойған сұрақтары: тақырыпқа сай,күрделі болып жатты.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау кезеңінде топтар стикерлерге тілек жазып постерді жақсы қорғаған топтың тұсына жапсырды.Стикерді жинау арқылы топтың бағасын шығардық. Осы жерде бағалау жайлы Александердің айтқан сөзін кірістіргім келеді. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес, мұғалімдер жазбаша намесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданылатын кез келген нысанның артында обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай - ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін -өзі бағалау, қажеттілік және күш - жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады делінген. /мұғалімге арналған нұсұаулық 56 бет/ көбіне оқушыларды бағалауда дәстүрлі кезеңінде мұғалім өзі бағалайтын еді, міне, қазір бағалауды оқушы игілігіне қалдырдық. Бұл тәсіл негізінен өте пайдалы тәсіл деп айтуға болады, мәселен, оқушы сабаққа қатысқан өз деңгейлерін біліп, тиісті баға қоюға тырысады.Бағалаудың бұл түрі «бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» дегендей, қай топтың стикерінің саны көп болады, сол тапқа жоғары баға қойылады. Оқушыларға бұл бағалау қатты ұнады. Өйткені, бір баланың оқу үлгірімі орташа болған бала сол күні өте жақсы бағамен бағаланып, күнделіктеріне алған бағаларын қойғызып, олардың көңіл - күйлері көтеріледі. Ал керісінше, өте жақсы бағамен оқитын балаға бұл әдіс ұнамай қалды деуге болады, өйткені сол төртке бағаланған топтың өте жақсы оқитын баласы сабақ соңында ренжіңкіреп, наразылығын айтты. «Біздің топта да бес алатын едік егерде мына балалар да сабаққа көбірек қатысып отырса» - деді, топқа бөлініп жатқанда бір оқушым, «апай, мен басқа топқа орналасайыншы, мына топқа ылғи оқи қоймайтын, сабақты көп қалдыратын оқушылар басым болып кетті» - деп қашқан болатын. Сынып болғаннан кейін сыныпта оқушының қабылдауы, ортаға бейімі және айналамен қарым - қатынасы әр түрлі болатыны анық. Сондықтан да осындай сабақты ұйымдастыру сол балаларды сабаққа ат салыстырып, қаруландыру барысын көздейді. Үйге тапсырма бергенде, жалпы бәріне «Сүт тағамдары» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру. Ал дарынды балаларға қосымша 3-4 мақал жазып келуге бердім.Қорыта келгенде айтарым зерттеу барысында байқағаным сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіреді,оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік беріп , идеяларын дәлелдеуіне, түсінулеріне көмектеседі.Егер де сыныбымда Интерактивті тақта болғанда мұғалімге де жеңіл, оқушыларға да қызықты болар еді деп ойлаймын.Ақпараттық-коммуникациялык технологиялардың(АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді.Осыған байланысты білім беруде қолданылатые әдіс-тәсілдер,әдістемелер,технологиялар жаңартылып отырады.Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады.Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің негізгі мақсаты оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына ерекше көңіл бөлу. Осы кезде нұсқаулықтағы жадының қызмет түрінде визуалды бейнелерді қабылдау мен жадыда сақтауда жауап беретін мидың артқы бөлімінің желке тұсына тоқтала кетсем, бұл жерде оқушылар жай ғана қарапайым тақтаның қаламын ұстап онымен жазудың өзі олар үшін жақсы жұмыс болды деп ойлаймын. Өйткені, естігенше көзбен көр, көзбен көргенді іспен көр дегендей, өз көзімен көріп оны іске асыру оқушының жадысында ұзақ сақталатыны мәлім.

Міне,осы жағдайда ақпараттық қатынас технологиялардың рөлі зор, сабақтың тиімділігін,оқушылардың белсенділігін жоғарылататын технологиялардың бірі болып табылады. Қазақ тілі сабағында АКТ мүмкіндіктерін қолдану арқылы, модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін,білім сапасын,қазақ тіліне деген қызығушылығын жоғарылатуға көмектеседі. Топпен,жұппен,немесе жеке жұмыс жасағанда балаға қолдау көрсетіп,әр бала өз ойларын айтуға құқылы екенін ұмытпаған жөн.Бір айтып кетерім топпен жұмыс жасағанда Женя деген тұйық оқушымның ашылғаны байқалды.Ол ұялмай,өз ойын еркін жеткізуге тырысты.Оқушылардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қадағалап,үнемі ауызбіршілік, татушылық, сыйластық керек екенін ескертіп айтып отырамын. Оқушылардан оқуды талап еткен кезде мұғалім өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс, сондықтан мұғалім оқу ортасын құруы керек, сонда оқушы ақпаратты енжар қабылдамайды, оқу үдерісіне белсене қатысатын болады. Әр сабақтың үдерісіне белсенді қатысу арқылы оқушылар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір - біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Олар тәуекелге барудан қорықпайды, ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасайды, жетекші сұрақтар қояды, өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай отырып, проблемаларды шешу жолдарын баяндайды. «Жаңаны білгісі келу» олар үшін маңызды қадам. Осындай жұмыстар жүргізілуі кезінде белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған. Осы бағдарламаны менгеріп жатқанымда да баланың жас ерекшелігін,сыни тұрғыдан ойлауын және ең негізгі мақсат балаға білім алуға үйрету ,бала өз бетімен білім ала отырып ойға келеді.Яғни менің бүгінгі үйренгенім маған ертең не береді? Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Сабақта, әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімдерін арттыруға мүмкіндік туғызып отырды. Осындай жаңа форматтағы сабақты ұйымдастыруда, оқушылар көп нәрселерді білді. Топқа бөлінуде бір - бірімен жақын қарым - қатынаста болады, мәтіннің желісін өздері түсінеді және өзара пікірлесті. Сыныптың дәл осындай ахуалы қалаптасуында Мерсер - білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Ал пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады және бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. /мұғалімге арналған нұсқаулық 40 бет/ Сонымен қоса, постер құрудағы пікір алмасуы мен бағалау жұмысында да әңгімелесудің түрлері қолданылып отырды.Мақсатымыз қандай болды?Ойымызды жетілдіру,бір-бірімізге сыйластықпен қарау.Сонымен қорыта келгенде айтарым,осы бағдарлама маған балаларды тануға мүмкіндік берді,жаңа әдіс-тәсілдердің амалдарын сонын ішінде бала қалай ой тарқатады, өз ойын еркін айту,шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашады. Әр бала табиғаттың ғажайып құбылысы,әр бала ханзада мен ханша! -дегендей. Осы жеті модульдің идеясын келешекте өзімнің іс- тәжірибемде пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытып, пікірін анық, ашық айтатын жеке тұлғаны қалыптастырамын.

Конспект урока по казахскому языку Использование 7 модулей на уроке

Конспект урока по казахскому языку Использование 7 модулей на урокеКонспект урока по казахскому языку Использование 7 модулей на урокеКонспект урока по казахскому языку Использование 7 модулей на урокеКонспект урока по казахскому языку Использование 7 модулей на урокеКонспект урока по казахскому языку Использование 7 модулей на уроке

© 2010-2022