План урока по казахскому языку на тему Дина Нурпеисова

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚОСТАНАЙ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ КОЛЛЕДЖІ











Қазақ тілі және әдебиеті пәнінен

«Дина Нүрпейісова»


тақырыбында


ашық сабақ







Оқытушы: Махамбетова Р. Ж.













Қостанай, 2015-2016 оқу жылы



Өткізілетін күні:18.01. 2016 ж

Өткізілетін уақыты: 09 сағат 20 минут

Өткізілетін жері: №312 кабинеті

Қатысушылар:СКД-26 тобының студенттері.

Сабақтың тақырыбы: ДИНА НҮРПЕЙІСОВА

Сабақтың мақсаты:

Ұлы күйшінің өмірі және шығармашылығымен танысу, ойларын еркін жеткізуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

• Динаның өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат алады, жаңа сөздермен танысады;

• Өз пікірлерін еркін, жүйелі жеткізе алады, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытады;

• Бірлесіп жұмыс істеу арқылы ұйымдастырушылыққа, жауапкершілікке, бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға және тұлғалық қабілеттерін дамытуға талпынады.

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ құрал-жабдығы: компьютер, слайдтар, қиықшалар, күйшінің портреті


Сабақтың барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Біздің сабағымыз Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына арналған.

ІІ. Қызығушылығын ояту

Слайд-1

Сөзжұмбақ шешу арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.


1



К









2


Ү








3



Й










4

Ш









5


І









1. «Көкшетау» поэмасының авторы? (Сәкен)


2. «Қазақ солдаты» романының авторы? (Мүсірепов)

3. «Шұғаныңбелгісі» романының авторы? (Майлин)

4. «Оқушы» сөзініңсинонимі




5. «Оян, қазақ!» лирикасының авторы? (Міржақып)




Слайд-2

  • Күй атасы деп Құрманғазыны айтамыз. Құрманғазының сүйікті шәкірті кім? Бүгін сабағымыз кім туралы болмақ? Күй анасы деп кімді айтамыз?

Сабағымыздың мақсаты: ұлы күйші Динаның өмірі және шығармашылық жолдарымен танысамыз.

СПлан урока по казахскому языку на тему Дина Нурпеисовалайд-3

Слайд-4

Бейнефильм

ІІІ. «Ой қозғау»

  • Динаның сүйікті немересіне арнап жазған «Әсемқоңыр» күйін тыңдайық.

Сұрақтар қойып, оқушыларды сөйлету.

Слайд-5

• Күй деген не? (музыкалық шығарма)

• Күйді шығарушы кім? (адам, күйші)

• Кімнің күйі деп ойлайсыңдар? (Динаның)

• Қандай қазақ күйшілерін білесіңдер?(Құрманғазы, Дина, Ұзақ, Тәттімбет, Дәулеткерей)

• Күйдің мәтіні бар ма? (Жоқ)

• Күйдің әннен айырмашылығы қандай? (әнде мәтін бар, ал күйде мәтін жоқ)

Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, күйшілер қуаныш пен қайғыны күй арқылы сөзсіз жеткізе білген.

ІV. Жаңа сабақ. Атақты күйші Дина Нұрпейісова.

«Көрнекілік»

Бейнефильм

A) Компьютер арқылы бейне материалды көрсету арқылы мәтінмен таныстыру.

Ә) Мәтінмен жұмыс (мұғалім мәтін үзігін карточка арқылы топтарға бөліп таратады).

Слайд-6

Б) Сөздікжұмысы.

Күйші - исполнитель кюя

Қарапайым - простой

Әйгілі - знаменитый

Баулу - воспитание

Жеткіз - донеси

Жеңімпаз- победитель

Слайд-7

В) Мәтінімен жұмыс.

Күй анасы- Дина .

Дина Нұрпейісова Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты, Бекетайқұмы деген жерде қарапайым отбасында 1861 жылы дүниеге келген. Ол тоғыз жасынан Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Баламайсан сияқты күйшілердің күйлерін орындап «Домбырашы қыз» атанған. Әйгілі Құрманғазы Динаны өзі іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан, он тоғыз жасына дейін қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болып, оның күйін шабыттана тартып, барлық жұртты таң қалдырады.

1888 жылы Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады.

1937 жылы 75 жасында Дина Алматыға тұңғыш келіп, осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 жылы 83-жасында Орта Азия Республикаларының қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады.

Дина Нұрпейісова 1955 жылы 94 жасында көз жұмды. Динаның шығармашылығы жайлы С.Бақбергенов 1963 жылы «Қайран шешем» атты романын жазды.

Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Бұлбұл», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Қосалқа», «Тойбастар», «Шынар» т.б.

Слайд-8

- мәтінді тізбектеп оқиды;

- топпен мәтінді аударады;

- топпен мәтін бойынша сұрақтар қойып, сол сұрақтарына жауап береді.

Слайд-9

Ой толғау.

  1. Аспап. (домбыра, қобыз, т.б.)

  2. Домбыра. (қазақтың музыкалық аспабы, шанақ, перне, шек, тиек, құлақ)

  3. Күй. (музыка, мәтіні жоқ)

  4. Күйшілер (Құрманғазы, Дина, Ұзақ, Тәттімбет, Дәулеткерей, т.б.)

Слайд-10

«Бұлбұл» күйінің шығу тарихы.

Динаның Балым деген құрбысы Төре руына тұрмысқа шығып, бір отырыста домбырада ойнайды. Ол кезде үйдің келіні домбырада ойнуға болмайды екен, сондықтан Балымның зайыбы оны қамшының астына алып, қатты ұрады. Содан керемет сұлу, дарынды домбырашы Балым соқыр болып қалады.

Міне, «Бұлбұл» күйін Дина өзінің Балым деген құрбысының қайғысына арнап шығарған екен.

Бейнефильм

Компьютер арқылы бейне материалды көрсету арқылы «Бұлбұл» күйін таңдау.

VIІІ. Бекіту.

Тест жұмыс арқылы сабақты бекіту.







Слайд-11

ТЕСТ


1. Домбырада ойнайтын адам:

А) әнші

Ә) жыршы

Б) домбырашы

2.Құрманғазының шәкірт қызы:

А) Роза

Ә) Дина

Б) Зина

3. Күй атасы деп халық кімді атайды?

А) Дәулекерейді

Ә) Тәттімбетті

Б) Құрманғазыны

4. Дина Нүрпейісова неше жасында тұрмысқа шықты?

А) он тоғыз

Ә) он сегіз

Б) он алты

5. Дина Нүрпейісова Алматыға тұңғыш қай жылы келді?

А) 1837

Ә) 1947

Б) 1937

6. «Қайран шешем» романының қай жылы шықты, авторы кім?

А) 1861 жылы, Қ. Сағырбаев

Ә) 1963 жылы, С. Бақбергенов

Б) 1965 жылы, М. Әуезов

7. Дина Нүрпейісованың өмірінде 1880 жылы қандай оқиға болды?

А) Осы жылы Дина тұрмысқа шығады.

Ә) Осы жылы Дина сахнаға шығады.

Б) Осы жылы Дина күйші атанады.

8. Құрманғазы Динаға қандай сөзбен өз домбырасын ұсынды?

А) «Менің күйлерімді басқа халыққы жеткіз»

Ә) «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз»

Б) «Менің күйлерімді кейінгі елдерге жеткіз»

9. Дина Нүрпейісова «Әсемқоңыр» күйін кімге арнаған?

А) сүйікті ұстазына

Ә) сүйікті құрбысына

Б) сүйікті немересіне


Слайд-12

Ойын: «Кім жылдам?»

Шарты: Тақтада жазылып тұрған жылдарға үстел үстінен дұрыс жауаптарды тауып, жанына тез орналастыру.

  1. Дина Нұрпейісованың өмір сүрген жылдары?

1861-1953 (1861-1955)

  1. Қай жылы Құрманғазы Динаға өсиет етіп домбырасын ұсынды?

1878 (1888)

  1. Дина неше жасында тұрмысқа шықты?

16 (19)

  1. Алматыға тұңғыш қай жылы келді?

1833ж (1937ж)

  1. Қайжылы Орта Азия өнерпаздарының сайысына қатынасты?

1948ж (1944ж)

  1. Дина жайлы С.Бақбергенов қай жылы роман жазды?

1960ж (1963ж)


VIІІ. Бағалау: бағалау әр оқушының білімі мен белсенділігіне байланысты қойылады.

ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЛЕРІ


(оқушының аты-жөні, тобы)

Тапсырмалар

«5»

«4»

«3»

«2»

Сөзжұмбақ





Ой қозғау





Мәтінді оқу





Мәтінді аудару





Сұрақтар қою





Ой толғау





Тест





Ойын «Кім жылдам?»





Барлығы:





Жалпы баға:



Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу, сұрақтарға жауап беру, сөздікті жаттау.


Слайд-13



© 2010-2022