Тақырыбы: Туған тілім - тірлігімнің айғағы. Сыныптан тыс сабақ

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Туған тілім - тірлігімнің айғағы»

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларды ана тілін сүюге баулу, қадірлеп қастерлей білуге, сөз қадірін түсінуге, шешен сөйлей білуге үйрету;

ә) Адамдық ізгі қасиеттерге тәрбиелей отырып, оқушы бойына, ұлтжандылық,қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін дарыту;

б) Тіл мәдениетін, сөйлеу шеберлігін, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап әдістері.

Сабақтың формасы: топпен, сынып ұжымымен жұмыс.

Қолданылатын көрнекілік: интерактивті тақта, буклет, ұлағатты сөздер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Тіл туралы өлеңдер оқу

ІІІ Ұлы адамдар ұлағаты

ІV Мақал-мәтел сайысы

V Ойын

VI «Ақ тілек» қорытындылау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Мұғалімнің сөзі: Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі. Ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін сақтап қалу үшін ұмтылады. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілімізді дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз - өз ана тілімізде таза сөйлеу және оны біліп, туған анамыздай сүю. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жаза алмайсың, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Ана тілін жетік білу үшін біз ауыз әдебиетімізді, ондағы ертегі, ауыз әңгіме шешендік сөздер, өлең-жыр, мақал-мәтел, жұмбақ т.б. түрлерін жақсы оқып, меңгеруіміз керек.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Тіл туралы заң VI тарау, 27-баптан тұрады.

1989 жылы Тіл туралы заң қабылданды.

1993 жыл Тіл комитетінің құрылуы.

1997 жылы 11 шілдеде Тіл туралы заң қабылданды.

Тілдің ертеңі үшін алаңдайтын, тілдің мәртебесін көтеретін де - біздер. Қазақстанның болашағы - жастар, осы заңды басшылыққа ала отырып, бай да, құнарлы тілімізді көркейту үшін қызмет етуі керек. Ана тілі - ата-бабамыздың бүгінгі ұрпаққа қалдырған аманаты.

ІІ Тіл туралы өлеңдер оқу

1-оқушы: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

2-оқушы: Ана тілім, өзгелерден бөлексің,

Бала жүрек саған арнап жыр төксін.

Қай асылға теңесең де жарасар

Ана тілім, баға жетпес өнерсің.

3-оқушы: Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсеңіз де ең дұрысы -

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Ән: «Анамның тілі - аяулы үнім»

ІІ Ұлы адамдар ұлағаты

Тіл дегеніміз - қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бірсігүнгі де тағдыры.

Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес.

Жылататын да, жұбататын да - сөз.

Б. Момышұлы

Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

Ш. Айтматов

Ана тілі - халық болып жаралғаннан бері адам жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.

Ж. Аймауытов

Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың.

К.Г.Паустовский

ІV Мақал-мәтел сайысы.

1. Тіл өнері, сөз туралы мақал-мәтел айтып жарысу.

2. Мақал-мәтелдің екінші сыңарын табу.

1) Батырды намыс өлтіреді, ... .

2) Қыз - елдің көркі, ... .

3) Ақыл жастан шығады, ... .

4) Батамен ер көгереді, ... .

5) Білекті бірді жығар, ... .

6) Бақа - көлінде патша,

Балық - ... ,

Жігіт - ... .

V Ойын «Кім жүйрік?»

VI Қорытындылау «Ақ тілек»

Тірек сөздер беріледі. Сол сөздерді пайдалана отырып, бір-біріне жақсы лебіздерін арнайды.

  1. Достық

  2. Білімді

  3. Келешек

  4. Мақсат

  5. Абырой

Оқушылар, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен

Жетелейді армандарға бұл мектеп.



© 2010-2022