Сабақ жоспары И. Байзақов Құралай сұлу 7 сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтарын кеңейтіп «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясын ашу, кейіпкерлер бейнесін талдау.
Дамытушылық: Өз пікірін қорғай білуге, ойын еркін әрі әдеби жеткізуге баулу, шығармашылық ізденістерін дамыту
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүйетін адал да жанашыр адам болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, салыстыру, баяндау, талдау жасау, өз пікірін қорғау.
Сабақтың көрнекілігі: Иса Байзақов өмірі жайлы видео, слайд - презентация.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, сыныпты түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ.Жаңа сабақ

Иса Байзақов 1900 жылы 3- қазанда Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген. Исаның әкесі Байзақ та, анасы Ғазиза да әнші, сауықшыл, өнерге жақын адамдар болған.9 жасында шешесі қайтыс болып, әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді.Ол кішкентайынан «Домбырашы бала», «Әнші Иса » атанады.1924 жылы алғашқы өлеңдері жарияланған. 1926 жылы Қызылордада тұңғыш ұлттық театр ашылғанда Ә.Қашаубаев,Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, С.Қожамқұлов,Е.Өмірзақов,т.б. әртістермен бірге жаңа театрдың негізін қалаушылардың бірі болды. Алғаш М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегі»мен «Бәйбіше-тоқалында» басты рөлдерде ойнаған.«Біржан-Сарада» Біржан рөлінде ойнап, ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен жұртты ерекше сүйсіндірген.Атақты «Гәкку» әні әншінің орындауымен ешбір өңдеусіз «Қыз Жібек «операсына енді. Радиода, филормонияда, Жазушылар Одағында қызмет етті.Иса әйгілі «Құралай сұлу» дастанын шығарған.Ұлы Отан соғысы жылдарында Оңтүстік Қазақстан облыстарында ел аралап,үгітшілік қызмет атқарған. Әкесі - Байзақ, әжесі - Жанбала, анасы - Ғазиза.

Иса Байзақов -Домбырашы. Әнші. Ақын . Актер. Күйші .Сазгер

Басқа туындыларына шашырамай-ақ, тек осы «Құралай сұлу» поэмасын сүзіп шыққанның өзінде-ақ өлі сөзге жан бітіре сөйлету мен тілдің өзін тірі тіршілікпен астастыра, ұластыра жырлаудың асқан үлгілерін көреміз.

Ел жайлап отырған Шу өзенінің екі жақ алабы мен көл маңының көркін айна-қатесіз көз алдыңызға келтіріп, сөзбен сурет салады.

Өзеннің екі жағы қамысты көл,

Жайылып екі тарап болады сел.

Шаңқанда шағалалы құстар ұшып,

Шуылдап сұқсыр қонған суға түсіп.

Қызғыш-қызық, шәуілдек жағын безеп,

Аққу, қаз сұңқылдайды үнін қосып.

Ғажап емес пе, тіпті ешқандай талдама, түсініктемесіз-ақ әрі қарай оқи бергің келеді.

Шығарманың композициялық құрылысы

Шығарма композициясы

Дәлелдеме

1

Оқиғаның басталуы

Эпилог. Монтай бидің бір перзентке зар болуы.

2

Оқиғаның байланысы

Армансыз адам туралы ойлану , оны көруге

деген құштарлығы, іздеп баруы.

3

Оқиғаның дамуы

Армансыз Келден байға жолығуы.

4

Оқиғаның шиеленісуі

Келден байдың да арманы болуы. ішкі күйініші.

Оның әңгімесі.

5

Оқиғаның шарықтау шегі

Құралай сұлу трагедиясы

6

Оқиғаның шешілуі

Монтай би мен Келден байдың түсінісуі.

Армансыз адамның өмірде болмайтынын

Монтай бидің түсінуі.

Негізгі кейіпкерлері:

Монтай би.

Келден бай.

Құралай сұлу.

Құралай сұлудың анасы.

Қалмақтардың ханы Сейқын.

Сейқынның үлкен ұлы Дауыл батыр.


ІҮ. Салыстыру
- Біз алдыңғы сабақта Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесін өткенбіз, осы екі шығарманы салыстырып ұқсастық пен айырмашылықтарына талдау жасайық
І топ орындайды
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»
Кейіпкерлері
Ана
15 жасында күңдікке сатылған ана. Әке - шешесінен айрылған қайратты, сөзге шешен, ақылды. Өзінің ақылымен, өжеттілігімен қырық батырға төтеп беріп, қызын аман алып қалған.
Батыр
Жалпақ батыр
Батыр, ер жүрек, ақылды, мейрімді, қара күш иесі, тәуелді. Ананың айтқан сөзін тыңдап ақылмен шеше білген.
Жанр түрі: Әңгіме
Әйтілес қарттың ескі күндердің әңгімесін шертіп, аңызға айналған адамдардың басынан өткен оқиғаны әңгімелеуі.
Идеясы
Жеке тұлғаның бас бостандығы толық қорғалмаған. Халықты байлар басқарған, шешімді билер беріп сөзге тоқтам салған. Және ананың балаға деген махаббаты айқын көрініс тапқан.
И. Байзақов «Құралай сұлу»
Кейіпкерлері
Ана
Құралайдың анасы 15 жасында Қалмақ ханы Сейқынға әйел болған. Қалмақтар қазақ еліне шабуыл жасап сұлу әрі көрікті қазақ қызын алып қашып, хандарына тарту еткен.
Батыр
Келден батыр
Батыр, ақылды, қара күш иесі, қайсар, өжет, айтқанынан қайтпайды. Артынан қуып келген жүз шақты қалмаққа бір өзі тойтарыс берген.
Жанр түрі: Поэма
Қазақ пен қалмақ елі арасындағы тартысты күндерді Келден батыр еске алып өзін тұтқындықтан босатып аман алып қалған ғашығы Құралай сұлу туралы жырлайды.
Идеясы
«Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттелген, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтерілген. Ананың балаға деген махаббаты және екі жас арасындағы сүйіспеншілік сезім жырланады.
Ү. Бес жолды өлең әдісі
І топ: Ана
1. Зат есім Ана
2. Сын есім Мейрімді, қамқор
3. Етістік Мәпелейді, тәрбиелейді, аялайды
4. Сөйлем Ана өміріме сән берген.
5. Синоним Ана - шеше
ІІ топ: Батыр
1. Батыр
2. Ержүрек, батыл
3. Қорғайды, күзетеді, шабуылдайды
4. Батыр ел үшін туады
5. Батыр - қаһарман

ҮІ. Білімді бекіту
І топ: Иса Байзақовты біз кім деп танимыз?
• Ақын
• Жазушы
• Актер
• Әнші, жыршы
• 40 - тан астам әнге сөз жазған
• Суырып салма ақындығымен
ІІ топ: Қандай эпикалық шығармаларын білеміз?
«Құралай сұлу» 1925ж
«Қойшының ертегісі» 1926ж
«Алтай аясында» 1939ж
«Ұлы құрылыс» 1933ж
«Қырмызы Жанай» 1940ж аяқталмаған ерекшеленді
«Кавказ» 1941ж
«Ақбөпе» 1945ж
ҮІІ. Қорытындылау
Иса Байзақов поэма жанрын дамытуға зор үлес қосқан. Оның дәлелі жаңа өздерің атап өткен эпикалық шығармалары. Көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан. «Құралай сұлу», «Алтай аясында» поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысын шынайы суреттеп, ел бірлігі, патриотизм идеясын көтерген.
ҮІІІ. Білімді бағалау
Сабақ барысында оқушылардың сабаққа араласуына, жауап беруіне қарай таңбалар таратылып отырған. Соған байланысты оқушыларды бағалап өту
ІХ. Үйге тапсырма
«Қасиет дарыған, құт мекен - қазақ жері» тақырыбында эссе жазу.



© 2010-2022