- Преподавателю
- Другое
- Коучинг. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісінде қолдану жолдары
Коучинг. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісінде қолдану жолдары
Раздел | Другое |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Зеинешева М.А. |
Дата | 19.11.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Мерзімі
| 26 қараша 2015 жыл | Коучинг | ||
Сабақтың тақырыбы | Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісінде қолдану жолдары | |||
Сілтеме | Мұғалімге арналған нұсқаулық, А.Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері», ғаламтор. | |||
Жалпы мақсаты | Сабақ үрдісіндегі жаңа әдіс- тәсілдердің оқытудағы маңызын ажырату.Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, белсенді оқыту стратегиялары бойынша тәжірибе алмасу. | |||
Оқу нәтижесі | Кейбір оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісінде қолдануды үйренеді; Өздерінің де іс-тәжірибелерін ортаға салады, талқылайды; Оқытудың белсенді тәсілдерінің тиімдісін, қажеттісін таңдап,саралап өз сабақтарында қолданады. | |||
Түйінді идеялар: | Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері-оқушылардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне тартуға көмектеседі. | |||
Жұмыс мазмұны | Коучтың іс- әрекеті | Мұғалімдердің іс- әрекеті | Ресурстар | |
Топқа бөлу | Есіктен кірген мұғалімдерге қош келдіңіздер айтылып, гүлдер ұсынылды. 1.Раушан гүл 2.Лалагүл 3. Түймедақ гүлі 4.Қызғалдақ | Ұсынылған гүлдер бойынша 4 топқа бөлініп отырады. | Гүлдер бейнеленген төсбелгі, гүлдер топтамасы | |
Жұмыс барысы | Жұмыс «Пирамида» әдісі арқылы жүретінін түсіндіру.
| |||
Жеке жұмыс (оқушы рөлінде)
| «Арман ағашы» мәтінін беру, тапсырмалардың орындалу жолдарын түсіндіру.
| Мәтінді түсініп оқып, мәтіннен кейінгі функционалдық сауаттылыққа байланысты берілген тапсырмаларды орындайды.
| Мәтін мен тапсырмалар жазылған парақшалар | |
Жұптық жұмыс (оқушы рөлінде)
| Тапсырманы жұпта талқылауға, мәтін бойынша жұптық қорытынды түйін жазуға уақыт беру
| Тапсырмаларды жұпта талқылап, түйіндерін жапырақшаларға жазып, түсіндіріп, ағашқа іледі. | Ағаш суреті, жапырақтар | |
Топтық жұмыс (оқушы рөлінде) | «Рөлдік ойын» әдісі. 1.конверттегі пікірді рөлге бөлініп талқылау.(топ мүшелеріне рөлдер алдын-ала дайындалып, конфертке салынған) 2.конвертте дыбыссыз мультфильм берілген соны рөлге бөліп дыбыстау қажет. (екі топқа бір тапсырма) | Топтар өздері таңдаған тапсырмалар бойынша жұмыстанады. 1,3 топ «Арман» тақырыбына байланысты берілген пікірді талқылайды. 2,4 топ мультфильмді «Арман» тақырыбына сай дыбыстап, рөлге енеді.
| Тапсырмалар салынған конверттер, ноутбук | |
Топтық жұмыс (мұғалім рөлінде)
| Төмендегі жұмыс түрлерін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері арқылы қалай ұйымдастыруға болар еді? Жеке жұмыс түрлері Жұптық жұмыс түрлері Топтық жұмыс түрлері Аудиториямен жұмыс түрлері
| Әр топ берілген тапсырманы дайын картиналарға (постерге) орындап, белгіленген жерге іледі. | Маркерлер, түрлі түсті бояулар, флипчарттар | |
«Галереяны шарлау» әдісі. Әдістің барысын, топтардың галереяны аралау бағыты мен уақытын түсіндіреді. | Әр топтан бір спикер өздерінің жұмыстарын 1 минут ішінде нақты әрі түсінікті етіп түсіндіреді. |
| ||
Аудиториямен жұмыс | «Аукцион» әдісі. Топтардың картиналары сатылымға аукционға қойылады. Сатып алу үшін сол картина туралы жақсы пікірлер айтылу қажет. Ең үздік пікір айтқан кісіге картина сатылады. | Картинаны не себепті алғысы келетінін, маңыздылығын айтып, пікірлерін білдіреді. | Түрлі түсті қағаздан жасалған таяқшалар | |
Кері байланыс | Смартфон арқылы сұрақтар береді. Барлығы толық жазып болған соң қорытынды шығарады. | Берілген сұрақтарға жауап жазып, өз пікірлерімен бөліседі. | Смартфон |