Урок казахского языка Дәмді тамақ

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сынып Күні ...............

Сабақтың тақырыбы:Дәмді тамақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : «Дәмді тамақ » мәтінімен танысу. Жаңа сөздерді меңгерту, өз тілдерінде қолдану

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; қазақ тілінде әңгімелесуге, ауызекі сөйлеуге үйрету;

Тәрбиелік: Асты қадірлеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ -жауап, талдау, сөйлесу, тыңдалым

Сабақтың көрнекілігі: жаңа сөздер

Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер!

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта мен кезекшімін. Қазір қазақ тілі сабағы. Сыныпта оқушылар түгел.

-Бүгін нешесі?-Қазір қандай жыл мезгілі?-Бүгін ауа-райы қандай?

Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру /тыңдалым, ой қорыту/

Жаңа сөздермен танысу

1) Мәтінді талдау

Тізбектей оқыту. Мұғалім көмегімен орыс тіліне аудару

ІІІ. Жаттығу

* 2 тапсырма Сұрақтарға жауап беру

*Сын есім бойынша жұмыс жасату Дәмді дәмсіз(құрамына тоқталу, сын есімнің түрлері туралы айтып өту)

*Сөз тіркестерін құру

*Сөйлем құру

ІҮ. Бекіту Сұрақ- жауап

* Септік жалғауларын қайталау 3 тапсырма

* Сызба құру

V. Сабақ қорытындысы
Бүгін сабақта біз не білдік? Не үйрендік?

VI. Оқушыларды бағалау. Бүгінгі сабақ сендердің ойларыңнан шықты деп ойлаймын .Сабақ қорытындысы бойынша мына оқушыларға баға қоямын.

ҮІІ. Үй тапсырмасы: 1. Мазмұндау 2. 4 тапсырма қате нұсқасын табу


© 2010-2022