• Преподавателю
  • Другое
  • «Инклюзивті білім беру жүйесі-мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың негізгі факторы» баяндама

«Инклюзивті білім беру жүйесі-мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың негізгі факторы» баяндама

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Инклюзивті білім беру жүйесі- мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың негізгі факторы» баяндама

Бисен Жаникешев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі











Тақырыбы: Инклюзивті білім беру жүйесі- мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың негізгі факторы

(Аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті)





Орындаған: Кулбаева Г.С.















Бисен, 2014 ж.

Инклюзивті білім беру жүйесі - мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың факторы

Қазіргі таңда елімізде инклюзивті білім беру жүйесі біртіндеп қоғамымызға еніп келеді. Елбасымыздың Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемелкеттік бағдарламасында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту 2015 жылдарға және 2020 жылдарға қарай бірегей міндеттерді шешу бағытында негізгі мәселерді атап көрсеткен болатын. Аталған мәселер жыл кезегін күтпей-ақ біртіндеп шешіліп келеді. Соның бірі Бисен Жаникешев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі. Аталған мектепте 2009-2010 оқу жылдарынан бастап мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған арнайы сынып ашылды. Сол жылдардан бері бала бойындағы қандай да бір бұзылыстарына қарамастан қалыпты балалармен бірге бір мектепке біріктіріп оқытып келеді. Бала санының көбеюіне байланысты 2010-2011 оқу жылында көмекші мектеп бағдарламасымен оқитын оқушыларға арналған тағы бір сынып ашылған болатын, бірақ 9 сыныпты бітіріп кәсіптік білім алуға бірнеше оқушы жолданғандықтан ол сынып қайтадан бұрынғы ТДО сыныбына біріктіріліп, қазіргі таңда жалпы және көмекші мектеп бағдарламасы бойынша білім алатын оқушылар оқытылуда. Биылғы оқу жылында аталған сыныпты 5 оқушы оқып, 1 оқушы өз сыныбына, 1 тоқушы 9 сыныпты оқуына байланысты өз сыныптарына оқуларын жалғастырмақ. Ал алдымыздағы оқу жылында керсінше 4 оқушының ата-анасы аталған сыныпқа балаларын оқытуға ниет білдіріп отыр. Міне Б.Жәникешев мектебі ауданымыздағы инклюзивті білім беруді алғаш қолға алған мектептердің бірі болып саналады. Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мақсатында мектебімізде мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог, және психолог жұмыс жасайды.

Дефектологтың басты міндеттері:

1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру және білім беру арқылы қоғамға бейімдеу

2. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілдерін дамыту, есептеу операцияларын дамыту.

3.Әртүрлі деңгейдегі психо-физиологиялық бұзылыстары бар балалардың кемістіктерін түзету және алдын-алу.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім

беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп Инклюзивті білім беру - ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі. Инклюзивті оқыту біріктірілген ( оқушы қалыпты балалар сыныбында -тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі.Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді. Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалалр оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат. Сондай-ақ шет елдік ғалымдардың зерттеу жұмыстарына сүйенсек арнайы мектепте оқыған бала мен жалпы білім беретін мектепте оқыған баланың даму ерекшелігі әртүрлі болатыны, яғни қалыпты баламен бірге қарым-қатынас жасаған мүмкіндігі шектеулі бала қоғамда өз орынын таба білетін тұлға ретінде қалыптасады деген мәліметтер де жоқ емес. Бұл зерттеудің қорытындысы инклюзивті білім беру жүйесі мүмкіндігі шектеулі баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудың бірден бір негізі факторладың бірі деп санаймын. Келешекте 12 жылдық білім беру жүйесіне енген кезде біз, яғни дефктолог мамандар мынадай жоспарды қолға алуымыз қажет деп есептеймін. Сонда ғана инклюзивті білім беру жүйесі қоғамда өз жемісін береді деп сенемін.

« Инклюзивті білім беру жүйесі- мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың негізгі факторы» баяндама

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж

  2. А. А. Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы, 2008 ж

  3. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы

  4. Дефектологиялық сөздік .



© 2010-2022