Тұрмыс-салт жырлары қазақ халқының ауыз әдебиеті 9-сынып

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Ж.Бекетованың қысқа мерзімді жоспары

Күні:06.09.2014жыл

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы:

Тұрмыс-салт жырлары.

Жалпы мақсаты:

Оқушылар әдебиет теориясынан жанр туралы ұғымдарды қалыптастырады.Сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық ойлауын дамытады.

Сілтеме:

Қазақ әдебиеті 9-сынып.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.Оқушылардың ойлауын дамыту нысандары мен әдістері.Топтық жұмыс.

Оқу нәтижесі:

Тұрмыс-салт жырларының жанрлық ерекшелігін біледі, топтастырады.Топпен жұмыс істеуге қалыптасады.

Негізгі идеялары:

Әдебиет теориясы.Жанр.Тұрмыс-салт жырларының түрлері.

Қолданылатын материалдар:

АКТ,постер,фломастер,әдеп-ғұрыптар туралы суреттер.

Оқыту формасы,технологиясы,әдістері:

Топпен жұмыс,жеке жұмыс,жұппен жұмыс,АВС тобы,Блум таксономиясы,дарынды және талантты оқушылармен жұмыс.Зерттеушілік әңгіме

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық дайындық(2 мин)

Оқушыларды орындарынан тұрғызу. «Сен үшін керемет күн» бір-біріне жақсы тілек айтады.

Гүлдің түстері арқылы топқа бөлемін

Орындарынан тұрады. «Сен үшін керемет күн» оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтып сабақты жағымды психологиялық көңіл күймен бастайды.

Гүлдің түстеріне байланысты төрт топқа бөлінеді.

1.Білу(5 мин)

Үй тапсырмасын сұрау

«Малдың баласын сүюі» өлеңін жатқа сұрау.

Төрт түліктің пайдасы.

Эссе жазу.

Төрт түлік туралы слайд көрсету.

Өлеңді әр оқушы жатқа айтады.

4 оқушы өз эссесін оқиды.

Оқушылар слайд көреді, төрт түлік туралы ойларын айтады.

2.Түсіну.( 10 мин)

Тұрмыс-салт жырларының жанрлық ерекшелігі.

Мақсат қоюға шақыру және міндеттерді белгілету.

«Бесік жырын»тыңдатамын.

«Бесік жырының кереметі неде?»(Топтастыру сызбасын орындату)

Оқушылар мақсат қояды,міндеттерді белгілейді.(АВС оқушыларының мүмкіндіктерін ескеру)

Оқушылар тыңдайды

Ұжымдық жұмыс Бесік жырының кереметі туралы сызба жасайды.

3.Қолдану.(8 мин)

Шағын көрініс көрсету.

Шілдехана.

Сүйінші сұрау.

Селт еткізер.

Тоқымқағар.

Оқушылар рольдерге бөлініп көріністі көрсетеді. (Топтық жұмыс)

Сергіту сәтін ұйымдастыру

Оқушылар билейді

4.Талдау( 5 мин)

Тақырып бойынша сұрақтар қою.

-Қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген тұрмыс-салт жырлары сендердің өмірлерінде қалай көрініс табуда?

-Ескіріп, тек кітаптан оқитын тұрмыс-салт жырлары неліктен сендердің өмірлерінде кездеспейді?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, ойларын дәлелдейді.

5.Жинақтау ( 3 мин)

( 3 мин)

«Мен қазақпын» ойынын ойнату.

Қазақ халқының тұрмыс-салтынының басқа халықтардан ерекшелігі туралы ойын.

«Мен қазақпын» эссе жазады.

Оқушылар тек қазақ халқына тән ерекшеліктерге тоқталып, пікірлерін дәлелдейді.

Бірнеше оқушы эсселерін оқиды.

4 мин

Жаңылтпаштар сайысы.

Жұмбақтар сайысы.

Мақал-мәтел сайысы.

Оқушылар өздері білетін жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдерін айтып сайысқа түседі.

6.Бағалау.( 2 мин)

«Бір сурет, 5 сөз» арқылы бағалау

Оқушылар өзін-өзі 1 сурет, 5 сөз арқылы бағалайды.

7.Үйге тапсырма беру( 1мин)

Наурыз жырын жаттау. Наурыз тақырыбына әңгіме жазу.

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

8.Рефлексия ( 1 мин)

Стикерге сабақтан не үйренгенін жазу

Оқушылар өз ойларын жазады.

Оқушы үні. АВС тобының оқушыларын бағалауы.



© 2010-2022