Викторина по казахскому языку «Туған тілім-мақтанышым менің»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Викторина «Туған тілім- мақтанышым менің»

Мақсаты:

1. Білімділік : жатқа өлең оқуын, жаңылтпаш айтуын жаттықтыру, ауызша сөйлеуге, түсіне білуге үйрету.

2.Оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Барысы:

Мұғалім:- Құрметті балалар ! Біздің сайысқа қош келдіңіздер!Ана тіліміздің құрметіне арналған викторина «Менің туған тілім- менің мақтанышым »атты сайысымызды бастаймыз.

Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,-

Өз тіліңді құрметте!

(Қ.Мырзалиев)

-Сіздердің алдарыңызда сайысқа қатысатын «Ұлан», «Болашақ» топтарының мүшелері.

1. «Кел, танысайық» ойыны

Топ жетекшілері бір-бірімен танысып, өз тобындағы ойыншылар туралы әңгімелейді.

2.«Мені танисың ба?» ойыны.Әр бетінде суреттері бар алты қырлы текше тасталады.Ойыншыға қарсы қай сурет түссе, сол суреттегіні айтуы керек.

3. «Буынды жалғастыр» ойыны. Мұғалім сөздің бірінші буынын айтады, келесі буынын қарсыласы жалғастырады.Кім дұрыс, әрі тез сөз құрай алса, сол, жеңіске жетеді.

Мысалы:Ойыншықтар: қо-ян, қон-жық.

4. «Қос тіл- қос қанатың» аударма ойыны.

Екі ойыншы шығып, бірі орыс тілінде сөз айтады, екіншісі аудармасын айтады.Әр ойыншының аударма сөзі оннан кем болмауы керек.

5. Сайыс кезегі жұмбақ шешуге беріледі. «Жұмбақ шешу - ермегіміз жалықпас» ойыны.Әр топ өздерінің дайындап келген жұмбақтарын жасырады, қарсыласы шешу керек .

1.Қонса аяғы көп, ұшса аяғы жоқ. (ұшақ)

2.Таңмен көзін ашады, әлемге нұры шашады. (күн)

3. Аяғы жоқ жүрмейді, үй күзетед,үрмейді (құлып)

4.Тілі жоқ, ақыл-кеңес береді.(кітап)

6. «Мықты болсаң жаңылдырып көр» жаңылтпаш сайыс ойыны

1.Бір қыз кесте тікті,

Кестесін түсте тікті,

Кеште тікті.

2.Ұшқыш жақсы ма?

Үш құс жақсы ма?

Ұшқыш та жақсы

Үш құс та жақсы.

7. «Ана тілі - айбыным» атты сайыста топ жетекшілері тақпақ айту қажет.

«Ананың тілі- қуатым менің» әні орындалады.

Содан кейін әділқазылар алқасы жеңімпаз топты айқындайды.








Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Петропавл қаласының білім бөлімі»КММ

«№5 орта мектеп»КММ



Викторина:

«Туған тілім- мақтанышым менің»



Қазақ тілі мұғалімі:

Уәйісова А.С.





Петропавл қаласы

© 2010-2022