Әлі талай жыр болып жазыларсың

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Әлі талай жыр болып жазыларсың...»

Ғасыр ақыны, мұзбалақ шыңның мұзбалағы атанған М. Мақатаевтың қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. 9 ақпан ұлы ақынның туылған күні. 45 жыл ғана өмір сүрген дарын иесінің көзі тірі болғанда, биыл 85 жасқа келген мерейтойын атап өтер едік.

М.Мақатаев - аз ғана өмір сүрсе де, артына мәңгілік өшпес мұра қалдырған тұлға.

Бүгін менің туған күнім.

Ой, бәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай -ақ қойғаны-ай - деп көзінің тірісінде өзі жырлап кеткен ақынның туған күні жыл сайын тойланады десек, артық айтқанымыз болмас.

Осы дәстүрге сай биыл да ақынның туылған күніне орай өткізілетін іс-шаралар Қ.Сәтбаев атындағы білім ұясында атаусыз қалмады.

Алматы қаласындағы Жазушылар үйінде өткен VIII Республикалық «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан және ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындауда балалар арасында ұйымдастырылған байқауға қатысқан мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарды иемденіп келді. Атап айтар болсақ, «Көркем сөз» номинациясы бойынша Чикина Ольга І дәрежелі дипломант, Ғабдыжапар Аянат ІІ дәрежелі дипломант (жетекшілері - Б. Сагадиева), Кравчук Виктория ІІІ дәрежелі лауреат (жетекшісі - Г.Макажанова), Сон Елена І дәрежелі дипломант (жетекшісі- А.Шадиярова), Кабдулдина Дәмелі ІІ дәрежелі дипомант (жетекшісі - Г.Макажанова) болды. Сондай -ақ 6 «А» сынып оқушысы Диханова Айгерім аудандық Мұқағали оқуларына қатысты.

Ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай мектептің мәжіліс залында Р.Қасымованың жетекшілігімен «Әлі талай жыр болып жазыларсың...» тақырыбымен әдеби-сазды кеш жоғарғы деңгейде өтті. Мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өлеңдеріне жазылған әндерін нақышына келтіре орындады. Кештің тартымды өтуіне мектеп оқушылары Даниярбек Жанерке, Семейғазы Дастан, Адбыхаметов Сағыныш, Амангелдиева Шолпан, Бауыржан Әдемі, Қадырова Гаухар, Ескендірова Әлия, Гайбуллаева Арай, Жарқынбек Назерке, Бақыт Аяулым, Жолдасбек Айсұлу, Тынысов Нұрдәулет, Қалдықараева Әлия, Аймахан Саёра және Қасымова Роза мен Кенжетаева Сәуле апайлардың еңбегі зор болды.

Сагадиева Бакытгул Лебековна

Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Әлі талай жыр болып жазыларсың...

© 2010-2022