Қазақ тілі пәнінен Құрмалас сөйлем тақырыбына арналған сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі пәнінен Құрмалас сөйлем тақырыбына арналған сабақ жоспарыМұғалімі:

Джабасова Эльнара Болатовна

9 класс

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы:

Граматикалық тақырыбы : Құрмалас сөйлем

Лексикалық тақырыбы: Шығыстанушы ғалым

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға жаңа ұғымды, құрмалас сөйлемді ұғындыру, білім мен білік дағдыны қалыптастыру, алған білімдерін тапсырмалар арқылы пысықтау, тексеру, бағалау.

Тәрбиелік: талдауға берілген мәтіндер арқылы оқушыларды адал дос бола білуге, жақсы қасиеттерге , білімге құштарлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:Н.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясын пайдалана отырып, жүйелі талдау, ой қорытындысын жасау қабілетін дамыту, сөйлеу тілін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, тіл байлығын дамытуға көңіл бөлу

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі-тәсілі

сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, семантикалық карта, топтастыру, шығармашылық жұмыс,венн диаграмасы, топтастыру стратегиясы,сатылай кешенді талдау



Көрнекіліктер:

слайд, кеспе қағаздар, интерактивті тақта, бағалау парағы.



Ұйымдастыру кезеңі

І Сәлемдесу

ІІ Шаттық шеңберін құру

ІІІ топқа бөлу

Көпір тапсырмалары

Өткен тақырыптарды қайталау

Жаңа сөздерді қайталау

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?Оларды ата

  2. Жай сөйлем құрылысына қарай қалай бөлінеді?

Сөйлем түрлеріне қарай 2 топқа бөлемін

Теориясы «Білу»

(кім? не? қашан? қайда? не істеді?)

Кез-келген күрделі ой құрмалас сөйлем арқылы жетеді. Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем деп атаймыз.

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің негізгі белгілері:

- құрмаластағы жай сөйлемдерде айтылатын ойдың дербестігі сақталады.

- әрбір жай сөйлемде бастауыш пен баяндауышы болады.

- құрмаластағы әрбір жай сөйлемнің дауыс ырғағына сай жігі айқын болады. Мысалы:

  1. Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба (Абай)

  2. Білім-арзан, білу- қымбат.

  3. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

  4. Асан сабаққа үлкен дайындықпен келсе де, баға алған жоқ

Құрмалас сөйлем құрамына қарай салалас, сабақтас, аралас болып бөлінеді.

Теориясы «Түсіну»

(неге? себебі? неліктен? не үшін?)

Жай сөйлем

Ортақ қасиеттер

Құрмалас сөйлем

  1. Бір ойды білдіреді

  2. Бір баяндауышы болады

  3. түрлері


  1. Сөйлем

  2. Тиянақты ойды білдіреді

  3. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер қатысады

  4. Белгілі-бір интонация арқылы айтылады

  1. Бірнеше ойды білдіреді

  2. Екі немесе бірнеше баяндауышы болады

  3. Түрлері

Теориясы «Талдау»

(салыстыр айырмашылығы неде?)





Әр топ берілген құрмалас сөйлемге сатылай кешенді талдау жасайды

Сөйлем

  1. Құрылысына қарай қандай сөйлем

  2. Бірінші жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрін анықтау

  3. Құрылысына қарай түрін анықтау. Жақты,жақсыз

  4. Жалаң, жайылма

  5. Толымды, толымсыз

  6. Баяндауышын табу,қай сөз табынан жасалғандығын анықтау

  7. Бастауышын табу,қай сөз табынан жасалғандығын анықтау

  8. Тұрлаусыз мүшелерін табу,қай сөз табынан жасалғандығын анықтау

  9. Дәл осылай құрмалас сөйлемнің екінші жай сөйлеміне талдау жасау

Теориясы «Жинақтау»

(қорытынды шығар, анықтама бер)

-ал енді балалар оқулықтарыңызды ашыңыздар, бүгінгі лексикалық тақырыбымыз шығыстанушы ғалым- В.В.Бартольд туралы болмақ.

Слайд арқылы суреттер мен мәліметтер беру.

Берілген мәтінді оқып түсіну

Оқулықпен жұмыс.

1 тапсырма.Сөздердің мағынасын анықтау

Шығыстану,көрнекті,мәдениет,зерттеу, жариялану.

2 тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып жазу

3 деңгейлік тапсырмаларды орындау.

1 деңгей

  1. Мәтін бойынша он сұрақтан дайындау

  2. Құрмалас сөйлемдерді теріп жазу

2 деңгей

  1. Мәтіннен сөз тіркестерін құрап жазу

  2. Жаңа сөздермен сөйлем құрастыру

3 деңгей

  1. Жаңа сөздерді оқу, қайталау

  2. Берілген мәтінді жауып оқушылардан сұрақ-жауап арқылы мазмұнын сұрау

Практикасы «Қолдану» (өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар болу керек)

Әр топқа семантикалық карты сызылған кеспе қағаздарын таратып, оны ауызша тексеру

Практикасы Бағалау

(сен қалай ойлайсын? Не істер едін)



Сонымен ,балалар, құрмалас сөйлем туралы не білдік?

Топтастыру стратегиясын толтыру



Құрмалас сөйлем



Үйге тапсырмасын беру

4 тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып, құрмалас сөйлемдерді аяқтау

Жаңа сөздерді жаттау.

Бағалау



Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға екі жұлдыз бір тілек айтылып, стикерге жазылады. Топтағы белсенді оқушыларға жетон беріледі. Алған жетон түсіне қарай баға қойылады.

Рефлексия

Кері байланыс үшін арнайы қағаз тарату. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазады.



© 2010-2022