Открытый урок по казахскому языку на тему Менің туыстарым (9 класс)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Менің туыстарым


Сабақтың тақырыбы: Менің туыстарым
Мақсаты: 1. Оқушыларға «Менің туыстарым» тақырыбында түсінік беру.
2. Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту.
3. Оқушыларды мейірімділікке, әдептілікке, үлкенді құрметтеуге, сыйлауға, тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: сөздік, сұрақ - жауап, іздендіру,
Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберін құрастыру.

Амансың ба,алтын күн?

Амансың ба,жер ана?

Амансың ба,көк аспан?

Аман болсаң, қуанам!

Балалар,біз қазақ тілінің апталығына арналған ашық сабағымызды бастаймыз.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырамын.

Отбасы адамның өсіп- өнер , қаз тұрып, қағар ұясы,алтын бесігі.Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады..., оның біріншісі -дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі- дүниеге келген сәбиді тәрбиелеп өсіру.

Қызығушылығын ояту.

Сендер отбасы сөзін естігенде көз алдарыңа кім елестейді?

Оқушылар өз ойларын айтып шығады.

Ал енді отбасы сөзіне қандай сөз тіркесін жасар едіңдер?

Мысалы: Жақсы отбасы.Өнегелі отбасы.

Осы аталған сөз тіркестерімен сөйлем құрастырып жазыңдар.

Дәптерде жұмыс жүргізу.

3.Отбасы дегеніміз не деген сұрақ қойылады?

Отбасы-туысқан адамдар бірге өмір сүретін орта.

Отбасында адамдар бір-бірін қалай сыйлайды?

Отбасы мүшелерінің суретін көрсетіп әр оқушы өз отбасы туралы әңгімелеп береді.

4.Кесте бойынша тақтада туыстық атауларды жазу.

5.Мақал-мәтелдерді дұрыс жазу.

Тақтада жұмыс.

Сергіту сәті.

Қызықты минуттар.Таңертең оятқанда аналарың сендерге қандай жылы сөздермен оятады?

7.Мәтінмен жұмыс.Мәтінді мәнерлеп оқыту.Бес жол өлңмен жұмыс жүргізу.

8.Сабақтың қорытындысы: бейне таспа көрсету.Отбасы тақырыбына арналған.

Көріністен кейінгі сұрақтар.Сендер ата-аналарыңды ешқашан ұмытпайтын шығарсыңдар деп ойлаймын.

Үй тапсырмасы: Мәтінді мәнерлеп оқып,жаттығу.

10.Оқушылардың білімін бағалау.

© 2010-2022