Қызықты ойындар

Балаларға асықтар, сақиналармен таныстыру, түрлерін, түстерін ажыратуды үйрету.Ойынға қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Ұқыптылққа ұйымшылдыққа, жылдамдылыққа тәрбиелеу. Ұлттық ойындардын түрлерімен таныстырып, білімдерін кеңейту. Қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру. Достыққа, бауырмалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызықты ойындар


Мақсаты: Асықтар, сақиналармен таныстыру, түрлерін, түстерін ажыратуды үйрету. Ойынға қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Ұқыптылққа ұйымшылдыққа, жылдамдылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: түрлі- түсті асықтар, сақиналар, қобдишаалар. қоржындар, бейнетаспа.

Тәрбиеші балаларға бүгін «Ақылды балақай» клубына саяхатқа баратынын хабарлайды.

Әже: Амансыңдар ма балапандарым?

Балалар: Сәлеметсіз бе әже?

Әже: «Ақылды балақай» клубына қош келдіңіздер. Мен сендердің Жаңыл әжелерін боламын.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге көптеген қонақтар келіпті, кане келген қонақтармен амандасайық.

  • Қош келдіңіздер.

  • Сәлеметсіз бе?

  • Әже балалар сәлем сөздің анасы дегендей амандасудың түрлерін жақсы біледі екенсіңдер. Келіңдер, отырыңдар, төрлетіңде.!

  • Әже мен немеремді ұйықтатып жатыр едім . Сендер «Әлд-әлди» әнін білесіңдер ме?

Тәрбиеші: Ендеше балалар әжемен бірге ән айтайық.

Әже : Міне, балалар менің немерем де ұйыктап қалды. Енді қараңдаршы алдарында дорба жатыр ішінде не бар екен көоргілерің келеме?

  • Балалар қараңдаршы мына асықтарды сендер ойнасын деп түрлі- түске бояп қойдым.

  • Мынау асықтар қандай?

  • Балалар асықтарды қайдан аламыз білесіңдерме?

  • Мына асық қандай асық?

  • Қандай малдың асықтары?

Әже:Асықпен ойнаған бала мерген болады. Жылдамдыққа үйренеді. Үлкен -кішіні ажырата алады. Саусақ бұлшықеттерін дамиды.

Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыз Әже біздің ұлдар асықпен ойнағанды жақсы көреді. Қанеки, ұлдар асықтарды иіріп әжеге көретейікші.

Әже: Ұлдар сендердің қолдарын епті екен. Балалар ұлдар тәрбиеші апаймен асық ойнасын мен қыздармен ойнайын. Қыздарды үстел жанына шақырады.

Тәрбиеші ұлдармен «Кімде көп асық» « Кім мерген» ойынын ойнатады.

Әже: Қыздар қараңдаршы мына үстелдің үстінде не тұр. Онда не бар екен корейік.

- Мынау не ?

Қыздар білесіңдерме бұл әшекейлерді бір сөзбен бұйымдар деп атайды. Бәріміз теледидарға назар аудаурайық ( Слайд арқылы көрсетп ангімелеу)

  • Балалар мына кісіні танисындарма?

  • Қолына не тағып алыпты?

  • Мына әнші кім?

  • Шашына не тағып алыпты?

-Мына кісі кім?

Құлағына не тағып алыпты?

Әже: Қыздар сендер әшекей бұйымдарды біледі екенсіңдер ,енді қыздар «Кімде көп сақина» ойынын ойнайық. Қыздар қолымызға қобдишаларды алып сақиналарды әдемі саусақтарымызға киіп көрейік. ( Ақырын дауыспен айтып отырады)

Тәрбиеші: Ұлдар сендер асықтарды мергенлідікпен атып ойнадыңдар. Енді осы асықтарды түстері бойынша дорбаға жинайық. Қане , оздеріне ұнаған дорбаларды алып сол түс бойынша асықтарды дорбаға салайық.

  • Тәрбиеші: Алияр сен қандай түсті асықтарды жинадың?

  • Бекарыс сен қандай түсті асық жинадың?

  • Рүстем мен Роллан қандай асық жинапты?

Әже: Кане, қыздар енді ұлдардың жанына барайық бәріміз жарты шеңбер құрайық.

Тәрбиеші: Қыздар сендер әжемен не ойнадыңдар?

  • Басқа қандай бұйымдарды көрдіңдер?

Әже : Ұлдар сендерге «Ақылды балақай» клубы ұнады ма?

-Немен ойнадыңдар?

Тәрбиеші: Балалар әженің « Ақылды балақай» клубынан көп нарсе үйрендік енді әжеге арнап « Ақ әжем» әнін айтып берейік

Әже: Балалар сендер ақылды, өнерлі екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым. Сендер алғыр да, ақылды екенсіндер . « Ормал тон болмайды, жол болады» деген бар менің қонақтарға деген силығым бар.Енді қонақтарға таратып берейік.

Әже: Балапандарым «Ақылды балақай» клубына келіп тұрыңдар. Сау болыңдар.



© 2010-2022