Разработка урока Менің әуес ісім

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-сынып «Менің әуес ісім-сурет салу»

Сабақтың мақсаты: оқушылардың өз әуес ісі туралы әңгімелей білуіне, еріндік дауысты дыбыстарды ажыратуға , зат есім мен сын есімдердің морфологиялық белгілерін анықтай алуға ықпал ету;тіл дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру; эстетикалық тәрбие беру,ұжымда жұмыс істей білу, достық қарым-қатынасқа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: талқылауға арналған жаттығу түрлері («Кемпірқосақ», «ТВшоу»),топтық жұмыстар,сұрақ-жауап, диалог құру, критериалды бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: стикерлер, үлестірмелі материал

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері,орыс тілі

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың ауасы, оқушылардың сабаққа оқу құралдарының дайын болуына назар аудару.

3.Сабақтың мақсатын анықтау.

А) Мұғалімнің сөзі:Оқушылар,біз өзіміздің әуес істеріміз туралы әңгімелесуді жалғастырамыз.Бүгінгі тақырыбымыз бойынша әңгіме не туралы болады деп ойлайсыңдар?(оқушылардың жауабы) Олай болса, алдымызға қандай мақсат ,міндеттер қоямыз?(оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтап алу)

2.Үй тапсырмасын тексеру

3-тапсырмадан өз таңдауы бойынша сұраққа жауап беру

А)Төмендегі киімдердің қайсысын тігер едің? Киім тігуге қажетті құралды атау.

Ә)Зергерлік бұйымның қайсысын жасар едің? Ол үшін қандай құрал керек?

4.Жаңа сабақ

1.Сыныпты 1,2,3 сандары арқылы топтарға бөлу. «Кемпірқосақ тобы» әдісі арқылы «Менің сүйікті ісім-сурет салу» мәтінін оқып түсіну үшін бастапқы топта жұмыс істейміз.Оқушылар мәтінді оқып,аударады, сұрақтарға жауап береді. Таныс емес сөздерді («қылқалам», «кәсіби», «сомдау», «көбінесе») өздігінен меңгеріп, сөйлеу кезінде қолданады.(Мәтінмен жұмыс А,В,С критерийлері бойынша бағаланды. А-мәтінді оқу,аудару,В-сұрақтарға жауап беру, негізгі ойды табу, С- мазмұнын айту. Әр критерийдің жоғары ұпайы-6 балл.)

5.Сабақты бекіту

1.Сыныпты түрлі түстер арқылы топтарға бөлу.

Тапсырмалар:

1-топ-мәтіннен еріндік дауысты дыбыстары бар сөздерді теріп жазу, 1 сөзге фонетикалық талдау жасау.;2-топ-мәтіннен 3 зат есімді жазып, морфологиялық талдау жасайды; 3-топ-сын есімдерді тауып жазып, олардың жасалу жолын түсіндіреді.(Грамматикалық тапсырманың дискрипторлары : 0-2 балл- грамматикалық тапсырманы орындауда 3 - 4қате орын алды;

3-4 балл - тапсырма дұрыс орындалды, алайда 1-2 дәлсіздік болды;

5-6 балл- тапсырма толық қатесіз орындалды )

Оқушылар алдымен өзін -өзі бағалайды, содан кейін өзара бағалайды.

2.Оқушылар бастапқы топта не талқылағандары туралы айту үшін қайта оралады. Өз топтарында мәтіннің мазмұнын талқылап, негізгі ойды айтады.Мәтіннің мазмұнын әңгімелейді.

6.Сабақты қорытындылау

1. «ТВ шоу» жаттығуы . Мұғалім оқушылармен түрлі кейіпкерлермен сөйлескендей тақырыпты талқылайды.Сынып оқушылары сұрақ қояды, талқылауға қатысады, сыныптастары бағалайды.

Талқылауға арналған жаттығуларды бағалау:

барлығы сұрақтарға жауап беруге қатысты -3 б.;

сұрақ жауап беруде 1-2 қатыспаған оқушы болды-2 б.;

сұрақ төңірегінде кейбір ойланбаған оқушылар болды -1 б.

7.Рефлексия

Оқушылар сабаққа байланысты ойларын сұрақтарға ауызша жауап беру арқылы білдіреді.

Бағалау парағы (1-топ, 2-топ, 3-топтың сабақ кезеңдерінде жинаған ұпай саны бойынша қорытынды баға шығару)

Сабақ кезеңдері

Грамматикалық тапсырма

«Кемпірқосақ тобы»(мәтінмен жұмыс)

«ТВ шоу»

жаттығуы

Ұпай саны

Қорытынды баға

Жаңа сабақ


Сабақты бекіту

1-топ

2-топ

3-топ

1-т.

2-т.

3-т.

1-

2-

3-

Сабақты қорытындылау

1-т.

2-т.

3-т.

1-

2-

3-

«2»-0-13балл

«3»14-19балл

«4»- 24-20балл

«5»25-27

1.Сабақтың саған ұнаған сәттері:

2.Сабақтан алған әсерің :

3.Сабақтың саған ұнамаған сәттері :

4.Нені өзгертер едің?

8.Үй ге тапсырма:146-бет,4-тапсырма өз әуес істері туралы әңгімелеп келу.



© 2010-2022