Открытый урок на тему Асфендияров Санжар Жапарұлы

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Асфендияров Санжар Жапарұлы

Грамматикалық тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Асфендияров С.Ж. туралы алған білімдерін жинақтау, топтау, қорыту.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: ғалым еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, мақтан етуге, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, білімге, өнерге, ізденімпаздыққа, өздік шығармашылыққа баулу, оқушылардың қызығушылықтарын, туған өлкесіне сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, ойландыру, баяндау, іздендіру, сұрақ-жауап, «Джигсо» тәсілі

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулықтар, стикерлер, бағалау критериялар, карточкалар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

А). Оқушылармен сәлемдесу, дайындықты тексеру, сабаққа бейімдеу.

Ә).Психологиялық дайындық жасау. «Жетістік ағаш» әдісі.

Мұғалімнің сөзі:

- Балалар, мынау жалғыз тұрған ағашқа қараңдаршы. Сендерде әр түсті қағаздар бар. Біздің ағаш әдемі болу үшін, қағаздарынды ағашқа жабыстырындар. Жасыл түсті қағазды алған оқушыларды бүгінгі сабақта табыс күтеді, қызыл түсті қағазды алған оқушылар қарым - қатынас тілейсіңдер, ал сары түсті қағаз - белсенділіктерінді көрсетесіңдер, табаңды боласыңдар.

Мынау ағаштың әдемілігі сендердің тырысумен байланысты.

Б).Оқушыларды үш топқа бөлу.(Жасыл- 1 топ, Қызыл- 2 топ, Сары- 3 топ)

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасы өткен материалды пысықтау мақсатында тексеріледі. Дайындықтары сабақ барысында байқалады.

-Балалар өткен сабақта біз Қаныш Сәтпаевтың өмірімен таныстық. Үй тапсырмасы сұрақ құрастыру. Әр бір оқушы өз тақырыбына сұрақтар дайындауға тиісті. Сол сұрақтарды сендер бір бірден алып, жауап бересіндер.

1-топ Қаныш Сәтпаев өмір жолдары

2-топ Сәтпаевтың қызметі.

3-топ Қаныш Сәтпаевтың еңбектері.

III.Жаңа тақырып.

Сабақтың тақырыбын түсіндіру, сабақтың мақсатын оқушылармен анықтау.

-Балалар, біз техника ғылымы саласындағы белгілі тұлғалармен танысуға жалғастырамыз.

Бүгінгі сабақта біз академик - ғалым Орынбек Жәутіковпен танысамыз. Біздің мақсатымыз : ғалым, профессор, академик Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы туралы алған білімдерін жинақтау, топтау, қорыту. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Санжар Асфендияров (1889-1938 жж.)

Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым-тарихшы.

Ташкенттегі реалдық училищені, Петербургтағы әскери-дәрігерлік академияны 1917 жылы бітіріп шығады. Санжар онда әскери-теңіз министрлігінің стипендиясына оқиды. Бұл оған онан әрі қарай әскери қызметтің ауыртпалығын басынан кешуіне міндеттеді. әуелі ол Термезде болды, онан кейін майданға Түркістан полкінің әскери дәрігері ретінде қызмет етті. Лодзья түбінде ол герман тұтқынына түсті, 1916 жылдың басында тұтқынға түскен әскери азаматтарды алмастырудың нәтижесінде Швеция арқылы оралды, Ақпан революциясынан кейін Асфендиярұлы Термездегі және Бұхарадағы Кеңестердің жұмысына қатысады. Ташкент облыстық, ал онан кейін жұмысшылар мен жауынгерлердің округтік Кеңесіне сайланады. Ташкентте ол мұсылман жұмысшы депутаттары алғашқы Кеңесінің ұйымына мүше болады. Каспий жағалауы майданындағы соғысқа қатысқан.

1919 жылы Асфендияров - денсаулық сақтау халық комиссары, 1920 жылы Түркістан АКСР көгеріс су шаруашылығының халық комиссары болып тағайындалады.

Кітаппен жұмыс Мәтінді оқу Аудару Мазмұның айтып беру

Жаңа сөздерді мәтіннен теріп, жазу.

Кітаппен жұмыс: Мәтінді үш бөлікке бөлу. Әр бір топ өз бөлігін оқып аударады. Содан кейін әр бір топтан бір оқушы басқа топқа барып мәтін бойынша әңгімелеседі, талдау жасайды, жаңа сөздерді жазып алады . ( «Джигсо» тәсілі).Содан кейін өз тобына қайта келіп, мәтін бойынша пікір алысады. Екінші оқушы мәтіннің бір бөлігін ауызша айтып береді, үшінші оқушы жаңа сөздерді оқып алады.

Шығармашылық жұмыс (дифференциалдық тапсырма - кестені толтыру.)

Шығармашылық жұмыс.

Дифференциалдық тапсырма

Кестені толтыру

Мәтіннең бірыңғай мүшелерді табу. Интерактивтік тақтада жазылған сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді табу. Қандай сөз табынан жасалғанын анықтау.

Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның әдістемесіне арналған. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. Ол 200- ден астам ғылыми еңбектердің, ғылыми-танымдық кітаптардың, әдістемелік жұмыстардың, көптеген оқулықтардың авторы.

Бағалау.

Бағалау парағы

Аты-жөңі

Үй тапсырмасы

Пікірлерін айту, сұрақтарға дұрыс жауап беру

Мәтінмен жұмыс

Дифференциалдық тапсырма

Грамматикалық тапсырма

Топта жұмыс

Қорытындысы

Сабақта баға

Ең жоғары балл

3 б.

3 б.

4 б.

3 б.

4 б.

3 б.

20 б.












18 б -20 б баға «5», 17 б - 14 б баға «4», 9 б - 11 б баға «3»

Рефлексия жасау.

-Балалар, біздің «Жетістік ағаш» сабақ бойы сендердің істеген жұмыстарына, жауаптарына байқап тұрды. Қалай ойлайсыңдар , өз міндетімізге жеттік пе?

Ал егер бүгінгі сабақты түсіндім десен қызыл алманы ағашқа ілесің, түсіңген жоқпын десен жасыл алманы ілесің.

Үйге тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беру (62-63 бет)









© 2010-2022