Урок по казахскому языку на тему Мемлекеттік тіл -менің тілім

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты:

білімдік: ана тілінің құдіреттілігін ұғындыру, тіл өнерін бойларына сіңіру, шығармашылық ізденіске баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

дамытушылық: оқушылардың есте сақтау, ойлау, сөйлем талдау, шығармашылық ізденіс, танымдық қабілеттерін, тіл байлықтарын,сөйлеу шеберліктерін арттыру, сөздің қорын, ой - өрісін дамыту

тәрбиелік: ана тілімізді тілді қадірлей білуге, патриоттық сезімге баулу

Барысы:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар. «Мемлекеттік тіл - менің тілім» сабағына қош келдіңіздер!

Ұлы Қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта,сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім.

Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет.Осындай мақсатпен 8 сынып арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты сайыс ұйымдастырылып отыр.

Ешбір іс-шара қазыларсыз өтпеген.Қазылар алқасымен таныстыру.

1.___________________________________________________________

2.___________________________________________________________

3.___________________________________________________________

Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар. Ендігі кезекте сіздерді сайыстың шартымен, кезеңдерімен таныстырып өтейік.

Сабақ 9 кезеңнен тұрады. Әр кезең бойыншаоқушылар жауап берулеріне байланысты 1-5 ұпаймен бағаланады.

1-кезең. Таныстыру, тренинг

2-кезең-бәйге «Тілім - менің баға жетпес байлығым (сұрақтарға жауап беру)

3-кезең- зеректік. «Туған тілім - сатылмайтын байлығым

4-кезең-шапшандық «Ана тілім,туған тілім, бал тілім».

5-кезең-тапқырлық «Ана тілі - сарқылмайтын ырысым»

6-кезең-талдау «Ана тілім - мақтанышым, шаттығым»

7-кезең. «Тілім менің - тіршілігімнің айғағы»

8-кезең- ой толғау. «Мемлекеттік тілді игеру - әр азаматтың ізгілікті борышы»

9-кезең. Эссе «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде».

Сайыскерлерді екі топқа бөлдік: 1 - топ « Абай ауылы »

2-топ «Ыбырай ауылы». Екі топқа да сәт сапар тілейміз!

1-кезең. Таныстыру.

Қазір бізде танысу бөлімі. Әр топ өзін таныстырып өтеді;

Командалар ұраны және ақындардың өміріне қысқаша тоқталып айтып өтеді. Абай ауылының ұраны-Абай өлеңі, Ыбырай ауылының ұраны - Ыбырай өлеңі. (әділ-қазылар алқасына оқушының тіл мәдениетіне ,мәнерлеп оқуына, сахнада тұрып өзін ұстауына көңіл бөлу)

«Абай ауылы» тобының ұраны Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол.

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік , мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпанын білсеңіз.

Талап еңбек , терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой- бес асыл іс көнсеңіз....

«Ыбырай ауылы» тобының ұраны

«Өзен»

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертінді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рақат тауып басылады.

Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да

Шуылдап желмен бірге бас ұрады...

2-кезең. Бәйге (сұрақтарға жауап беру)

Бұл бөлімде сайыскерлер 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап беруі тиіс.Әрбір дұрыс жауап - 1 ұпай.

Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды?

Елтаңбаның авторы кім?

Қазақша жыл басы қай айдан басталады?

Тудың авторы кім?

Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

Қазақтың бас ақыны кім?

Тіл туралы Заң қашан қабылданды?

Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?

Сөздің дұрыс жазылуын қалай атайды?

Қазақ тіл білімі қандай саладан тұрады?

Қазақ тіліндегі әріптердің реті бойынша орналасу жиындығы?

Қосымша нешеге бөлінеді?

3-кезең. Туған тілім-сатылмайтын байлығым

(мақал - мәтел, тұрақты тіркестердің бір сөзі түсіріліп оқылады. Сол сөзді тауып, оны 3 тілге аудару)

1.Құлақтан кірген суық ...........

Жүрекке барып мұз болар. (сөз)

2.Таза мінсіз асыл ...........

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады. (тас)

3.Бас кеспек болса да, ..... кеспек жоқ. (тіл)

4.Сөз анасы -құлақ, .... анасы - бұлақ. (су)

5.Ілім - бұлақ, .... - шырақ. (білім)

6.Жігіт бір сырлы, ... қырлы болсын. (сегіз)

7.Тіл тас жарады, тас жармаса ..... жарады. (бас)

8.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ... біл. (ілім)

9.Қаһарлы сөз .... бұзар. (қамал)

10.Айтылған сөз атылған ..... тең. (оқпен)

11.Ине көзінен сынады, ...... сөзінен сынады. (шешен)

12. ..... сөз - жарым ырыс. (Жақсы)

4-кезең. Ана тілім, туған тілім,бал тілім

«Шапшаңдық» ( берілген сөзден 10-15 сөз құрастыру

І топ- Қазақстандық

ІІ топ- балмұздақ

5-кезең. Ана тілі-сарқылмайтын ырысым

«Тапқырлық» ( Жаңылдырсаң да жаңылмаймын)

-Отқа түсіп күймеуге бола ма?

Тауық түс көре ме?

-Сүйектен, еттен өтетін не?

-Қар жана ма?

-Түкіріктен көл құрала ма?

Кімнің тілі ортақ?

-Ұрлықтың түбі бар ма?

5-кезең. Ана тілім - мақтанышым, шаттығым

Талдау. ( шашыраңқы сөзден сөйлем құрау.)

І топ- мақтанышы, мемлекеттік, рәміздері, еліміздің

ІІ топ- тарихы, халқының, бай, қазақ

І топ- еліміздің (құрамына талдау )

ІІ топ- халқының (фонетикалық талдау)

6 кезең. Тілім менің - тірлігімнің айғағы

Оқушыларға тапсырмасы бар парақтар тарату

Ой қорыту

Мемлекеттік тілді игеру - әр азаматтың ізгілікті борышы.

Себебі не?

Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.

Ү йге тапсырма: "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде"







ҚР Білім және ғылым министрлігі


Тілдер күніне арналған ашық сабақ

«Мемлекеттік тіл - менің тілім»

Урок по казахскому языку на тему Мемлекеттік тіл -менің тілім

8 сынып

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Баймуханова Гүлсім Қырғызқызы

Надежка орта мектебі 2015 жыл

Сабақтың жалпы талдауы

1. 8сынып, сыныпта 8 оқушы

5 оқушы қазақ тілін жақсы меңгереді, ал үшеуіне қазақ тілі қиындау.

2.Сабақ мақсаты:

білімдік: ана тілінің құдіреттілігін ұғындыру, тіл өнерін бойларына сіңіру, шығармашылық ізденіске баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

дамытушылық: оқушылардың есте сақтау, ойлау, сөйлем талдау, шығармашылық ізденіс, танымдық қабілеттерін, тіл байлықтарын,сөйлеу шеберліктерін арттыру, сөздің қорын, ой - өрісін дамыту

тәрбиелік: ана тілімізді тілді қадірлей білуге, патриоттық сезімге баулу

Сабақ мақсатына жетті, себебі оқушылар тапсырмаларды толық орындады.

Сабақ барысында

3. Мазмұны

Тақырыбы толық ашылды.

Жас ерекшелігіне сай келеді. Оқушыға түсінікті.

Сабақтың ғылыми, дамытушылық, тәрбиелік маңыздылығы бар. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл болғандықтан, сабақ өмірмен тығыз байланысты.

4.Сабақты ұйымдастыру жолдары: мұғалім мен оқушылар сабаққа дайындалған. Уақытты негізі үнемді пайдаланды. Сабақ 3 кезеңде оқушылар біраз кедеріп қалды да, басқа кезеңдерінде көбі белсенді жұмыс атқарды.

Мұғалімнің сөзі,мимикасы, жесттері оқушыларға түсінікті болды. Әр түрлі көрнекілік, техникалық көрнекі құралдары қолданылды.

5.Сабақта оқушылармен жеке, жұптық, топтық, дарынды балалармен жұмыстар жүргізілді.

6.Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруда: жас ерекшеліктерін сәйкес тапсырмалар болды.

7. Сабақта балалардың білім алудағы көңіл - күйі: қыздар мен Дәуреннің көңіл - күйі сабақтың әр кезеңінде ұлдарға қарағанда өте жақсы, өйткені олар барлық тапсырмаларды қызыға орындап отырды.

8. Сабақтың жалпы нәтижелері:

Сабақтың жоспары орындалды. Сабақ мақсатына жетті. Сабақтың жалпы барысы, оның нәтижелері тиімді және саплы.

Жұмысты ары қарай жетілдіру, нәтижені бекіту және жіберілген қателерді жою бойынша ұсыныстар айтылды.


© 2010-2022