Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә. Тәжібаев. «Толағай»

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиет. 5 «Б»сыныбы.

Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай» (2 сағ).

Сабақтың мақсаты:1) білімділік-әдеби ертегілер мен халық ертегілерінің ара жігін айыра білуге,ертегідегі кейіпкерлерді жете танытуға, суреттеуге, сипаттауға үйрету.

ә) тәрбиелік-оқушыларды өз елін, Отанын сүйе білетін патриот бола білу рухында тәрбиелеу.

б) дамытушылық-оқушылардың өз пікірін еркін айта білулеріне ықпал жасай отырып тілдерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, шығармашылық, пікір-сайыс сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қойылым, әңгіме, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту элементтерін, аймақтық компонент үрдісін пайдалану.

Көрнекілік: суретті плакат, кластер, экран, интерактивті тақта, суреттер, кітаптар, түрлі - түсті жетондар, карта т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық сәт.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.«Толағай» ертегісі.

  1. «Толағай» ертегісі ертегілердің қай түріне жатады?

  2. Неге біз оны әдеби ертегі деп айтамыз?

  3. Халық ертегілерінің әдеби ертегіден айырмашылығы неде?

  4. «Толағай» ертегісінен біз нені үйрендік?

Сабақты жалғастыру: (Сынып 3 топқа бөлінеді.)

  1. «Асыл тас». 2) «Бәйтерек». 3) «Қанатты тұлпар».

ІІІ. Ой толғау.

«Толағай» туралы не білеміз? (әр топ өз пікірін айтады).

ІҮ. Кластер қорғау.

Ал, қазір, балалар, келесі тапсырма әрбір топ өздері даярлап келген кластерлерін қорғайды. (тақтаға кластерлер ілініп, әрбір топтан 2-3 оқушы шығып қорғайды).

Ү. Топтастыру

Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»

Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»

Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»

Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»

Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»

Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»

Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай»

ҮІ. Оқулықпен жұмыс

Оқулықта осы қасиеттер қалай берілген?

(Тауып мәнерлеп оқу).

ҮІІ. Кубизм стратегиясы.

1. Суреттеу: Балғын бөбек Толағайды ақын қалай суреттеген?

2. Салыстырыңдар: 7 жасар Толағай баланы өз жасындағы балалармен салыстырып көріңдер. Толағай осы уақытта не істей алды?

3. Зерттеу: Егер Толағай қазіргі таңда өмір сүрсе ше? Олай болу мүмкін бе?

4. Есте сақтау қабілетін тексеру: Жырдан жатқа үзінді оқып бер.

5. Қолданыңдар: Жырда кездесетін фразеологиялық тіркестердің мағынасын ашу.

6. Пікірлесу: Толағай бүгінгі өмірде кездесе ме?

ҮІІІ. Үйге берілген тапсырма бойынша шағын көрініс көрсету.

1топ. «Айсұлу мен Толағай диалогы».

2 топ. «Саржан мен Толағайдың аңға шығуы».

3 топ. «Тау көтерген Толағай».

ІХ. Фразеологиялық тіркестердің мағыналарын ашу.

1. қос бетінің қаны тамып-ажарлы,келбетті,дені сау.

2. атқан оғы тасты уатты-өте күшті.

3. көзін ілу-ұйықтау,мызғып алу,қалғу.

4. сұсы басты-сескену,қорқу,жүрегі шайлығу.

5. қабырғасын күйрету-сындыру.

6. еткен еңбек желге ұшты-зая, бос кету.

7. тауда тандыр бар-нәр,су, ылғал,жаңбыр бар.

Х. Синонимдік қатарларын тап. (дәптермен жұмыс).

1. алып-ер, батыр, азамат, күшті, нән.

2. күңірену-зарлау, жылау, жоқтау.

3. талған дене-шаршау, қалжырау, қажу.

4. ажарланды-сұлулану, әдемілену, жаңару, көркею.

ХІ. Ситуациялық сұрақтар (әрбір топқа бөлек).

1. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме?

2. Алда-жалда жұрт күйзелсе сен не істер едің?

3. Егер сенің қолыңда мол қаражат болып,ал халық құрғақшылыққа ұшыраса,оларға қандай көмек көрсеткен болар едің?

ХІІ. Жалпы сыныпқа сұрақ.

Туған жер,Отан,туған ел туралы қандай мақал-мәтел білеміз?

(5-6 оқушы мақал-мәтелдер айтады).

2-бөлім. Бесқарағай -туған өлкем. (слайд).

Міне, балалар, біз сендермен Толағай батыр жайында көп жағдайларға қанық болдық. Өз елін, халқын шексіз сүйген Толағай ел басына қиыншылық туғанда өзінің қолынан келгенше көмегін жасап, қыршын жасын қиып опат болыпты. Өйткені ол халқының, елінің қатты күйзеліске ұшырағанын көре отырып, қол қусырып бос отырмаған. Толағай өз елін шексіз сүйген нағыз патриот. Біздің де өзіміз туып, өскен, өмір сүріп жатқан Отанымыз, халқымыз бар.

( Қазақстан және Бесқарағай ауданының картасы экраннан көрінеді).

Біздің Отанымыз-Қазақстан. Қазақстан Республикасы өз алдында тәуелсіз, дамыған ірі мемлекет. Міне біз, балалар, биыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын зор табыстармен, келелі істермен атап өткелі отырмыз.

Сонымен, біздің кіші Отанымыз-Бесқарағай.

(Бесқарағай туралы қысқаша мәлімет беру).

Сабақты бекіту: (бес жолдық өлең шумағы)

1.Толағай (1 зат есім)

2.Батыр,алып.(2 сын есім)

3.Алысады,көтереді,әкеледі.(3 етістік)

4.Толағай тау көтеріп әкелді.(мағыналы сөйлем)

5.Ер(синоним)

Сабақты қорытындылау .

Сабақты өзімнің « Бесқарағай-туған өлкем»атты өлеңіммен аяқтағым келеді.

Жырымды арнап, тек өзің деп толғандым,

Желкілдеген жасыл желек орманым.

Сөз жетпейтін жәннат бақсың мен үшін,

Бесқарағай - туған жерім, қорғаным.

Тоқтата алмас өмір - уақыт ағынын,

Мұнарланып тұнып тұрар сағымың.

Сенде жүрсем еш уайым көрместен,

Сезінемін бұл өмірдің жарығын.

Төңкерілген төбемдегі күміс күн,

Ол да менің маңдайдағы ырысым.

Халқың-жайсаң, жерің-жұмақ, елің-шат,

Сен деп соғар жүрегім мен тынысым.

Кең даламның самалы да ерекше,

Басқа жайды армандауға керек пе?

Жәннат өлкем, жайсаң өлкем, құлпырған,

Бесқарағай- қадір қонған берекем.

Баға қою.

Үйге тапсырма: «Толағайдай болсам ғой». (эссе жазу).



© 2010-2022