• Преподавателю
  • Другое
  • Теміржолға техникалық қызмет көрсету және жөндеупәні, тақырыбыТеміржолдың ағымды күтімі

Теміржолға техникалық қызмет көрсету және жөндеупәні, тақырыбыТеміржолдың ағымды күтімі

    Ашық сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы:Теміржолдың ағымды күтімі   Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларды  теміржолдың ағымды күтімімен, жолдың  төменгі, үстінгі, стрелка бұрмасының  ағымды күтімімен  таныстыру.  2.Дамутышылық: оқушылардың ой-өрістерің, логикалық  ойлау  қабілетің, адамдық  қасиетің  көпке  деген  ізетін  дамыту.   3.Тәрбиелік: Еңбек   сүйгіштікке,  ұқыптылыққа,  әдептілікке,  іздемпаздыққа баулу. Оқушылардың  патриоттық  сезімін  ояту.Оқушылардың  бір-бірімен  қарым-қаты...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Өрлеу» педагогтардың біліктілігін арттыру институты

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі







Панарамалық ашық сабақ

Пән: Теміржолға техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Тақырыбы:Теміржолдың ағымды күтімі

Оқытушы:Нұрғалиева А.Т.

Курс: ІІІ

Топ: П-31

Оқу жылы: 2014г.

Ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Теміржолдың ағымды күтімі



Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларды теміржолдың ағымды күтімімен, жолдың төменгі, үстінгі, стрелка бұрмасының ағымды күтімімен таныстыру.

2.Дамутышылық: оқушылардың ой-өрістерің, логикалық ойлау қабілетің, адамдық қасиетің көпке деген ізетін дамыту.



3.Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдептілікке, іздемпаздыққа баулу. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынастарын нығайту.



Сабақтың түрі: аралас



Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар, проектор, бейнетаспа.



Оқыту әдістері: топпен жұмыс,сұрақ-жауап, әңгімелеу.



Пән аралық байланыс: Темір жол, теміржолға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, жасанды құрылыстар.



Сабақтың барысы:



1.Ұйымдастыру - Мотивациялық әңгімелесу.



2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.



3.Үй жұмысын тексеру.



4. Үй жұмысын ойын арқылы бекіту.



5.Психологиялық тренинг.



6.Жаңа тақырып түсіндіру.



7.Жаңа тақырыпты бекіту.



8.Қортындылау.




1.Мотивациялық әңгіме.

Бүгінгі сабақта теміржолдың ағымды күтімімен, жолдың төменгі, үстінгі, стрелка бұрмасының, шпалдардың ағымды күтімімен танысамыз. Және Ы. Алтынсариннің сөзінен бастаймын «Білімді болуға-оқу, бай болуға-кәсіп, күшті болуға-бірлік керек», сондықтан бүгінгі сабақта бірігіп білімізді толықтырып болашақта жақсы маман иесі болуға тиіспіз.



Теміржолға техникалық қызмет көрсету және жөндеупәні, тақырыбыТеміржолдың ағымды күтімі

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Теміржолға техникалық қызмет көрсету және жөндеупәні, тақырыбыТеміржолдың ағымды күтімі

3.Үй жұмысын тексеру.

Үй жұмысын тест сұрақтары мен карточкалар бойынша тексеріледі.

4. Үй жұмысын ойын арқылы бекіту. (Қалтадан номерленген смайликтерді оқушылар суырып алып сұраққа жауап беру керек.)

1.Жол дистанциясының қызметі.

2. Жолды жөндеу түрлерін атаныз.

3. Жолды күрделі жөндеу кезінде қандай жұмыстар атқарылады.

4.Жолды орташа жөндеу.

5. Синал дегеніміз не? Сигнал түрлерін атаныз.

5.Психологиялық тренинг.

(Оқушыларға бой сергету тренинг өткізіледі.)

6.Жаңа тақырып түсіндіру.

Магистральдық темір жол желісінің құрылыстары мен құрылғылары ақаусыз күйде ұсталуы тиіс.
Құрылыстар мен құрылғылар ақаулықтарының алдын алу және олардың ұзақ қызмет ету мерзімін қамтамасыз ету оларды күтіп ұстау үшін жауапты адамдардың жұмысында ең бастысы болып табылады.
Құрылыстар, құрылғылар, механизмдер мен жабдықтар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болуы тиіс. Құрылыстардың, құрылғылардың, негізгі механизмдер мен жабдықтардың аса маңызды техникалық және пайдалану сипаттамалары қамтылған техникалық паспорттары болуы тиіс.
Магистральдық теміржол желісін жөндеу және күтіп ұстау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.Магистральдық темір жол желісінің құрылыстары мен құрылғылары поездардың белгіленген жылдамдықтарымен өтуін қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) мынадай поездардың қозғалысы кезінде: жолаушылар - сағатына 140 км, рефрижераторлық - сағатына 140 км, жүк - сағатына 120 км.
2) жолаушылар поездарының жүрдек қозғалысы кезінде - сағатына 141 - 200 км.
3) жолаушылар поездарының жоғары жүрдек қозғалысы кезінде - сағатына 201 км және одан артық.
Жаңадан шығарылған және қайта жаңғыртылған құрылыстар мен құрылғылар олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейтін техникалық құжаттама бекітілген соң ғана қолданысқа енгізіледі. Құрылыстарды жақындату габариттері (бұдан әрі - С және Сп) магистральдық темір жол желісін, теміржолдық кірме жолдарды, олардағы құрылыстар мен құрылғыларды жобалаған, салған, қайта жаңғыртқан кезде, екінші жолдарды электрлендірген және салған кезде, сондай-ақ пайдаланымдағы барлық құрылыстар мен құрылғыларда уәкілетті органмен бекітілген Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сақталауы тиіс. С мен Сп габариттерінің талаптарына жауап бермейтін қолда бар құрылыстар мен құрылғыларды қайта орналастыруды жоспарлаған кезде, бірінші кезекте, жылжымалы құрам габариттерінің перспективалық жылжымалы құрамын (бұдан әрі - Тпр және Тц), сондай-ақ аймақтық габарит бойынша тиелген жүктерді өткізуді қамтамасыз етпейтін объектілер ескеріледі.
Кез келген жөндеу, құрылыс және басқа жұмыстарды жүргізген кезде құрылыстар мен құрылғылардың габариттерін бұзуға рұқсат етілмейді.
Қос жолды желілердің аралықтарындағы түзу учаскелердің жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық 4100 мм-ден кем болмауы тиіс.









Теміржолға техникалық қызмет көрсету және жөндеупәні, тақырыбыТеміржолдың ағымды күтімі

Шпалдарға рельстер бекітпе арқылы бекітіледі. Жылжымалы құрамнан рельстер динамикалық әсер қабылдап оларды шпалдарға беріді және шпалдардан балласт қабаты мен жер төсеміне тарайды.Шпалдар ағаш және темірбетон болып бөлінеді. Жолдың элементері дұрыс жұмыстеу үшін жол дистанциясының жұмысшылары жолды қарап, күтіп, жол дың денгецін қадағалап, ақауларды дер кезінде жою қажет.

Темірбетон шпалдар ағаш шпалдарынан пайдалану мерзімімен, ауыр салмағымен, тұрақты өлшемімен, ток өткізгіштігімен ерекшеленеді. Темірбетон шпалдардың қызмет мерзімі ағаш шпалдарға қарағанда ұзақ, бірақ темірбетон шпалдардың қаттылығы жие ақаулар пайда болуына себепті.Темірбетон шпалдарды тиеу және түсіру кезінде өте абай болуы керек: шпалдарды металл заттармен ұрып алмай, шпалдарды жинаған кезінде бір-бірімен соққыламай, лақтырмай түсіру керек.

Темірбетон шпалдардың жоғары қаттылығына байланысты жылжымалы құрамның балласт қабатына және жер төсеміне динамикалық әсері көбейеді. Сол себепті жол отырып және жол түзеу жұмыстары да көбейеді. Темірбетон шпалды жолды түзеу балласт қабатын ұрғылау және регулировочный прокладкілерді ауыстыру арқылы жүргізіледі. Шпалдар ауыстыру кезінде эпюра бойынша ауытқуы болмауға тиіс, өткені ауытқан жағдайда шпалұрғылау машинасының жұмысы ауырлайды.Шпалдардың бір-бірінен арақашықтығы бірдеу болады. Рельстердің тіңдерің ауытқуын болдырмау үшін жылына екі рет (күзде және көктемде) гайкілермен болттарды жаппай тарту жұмыстары жүргізіледі және электр тогын өткізуі төмендемеу үшін тозған резиналы прокладкілерді ауыстырып тұруы қажет.

Темірбетон шпалды жолдың жағдайын жылда күзде комиссия тексереді. Жолда төселген темірбетон шпалдарды ПУ-5 формалы кітапка еңгізеді. Жолда жатқан ақауы бар темірбетон шпалдарды ПУ-1 формалы кітапқа енгізеді. 1 қарашаға дейін жол шебері өзінің учаскісінде төселген шпалдардың тексеру бойынша тізімін жол дистанциясының басшысына ПО-6 формалы есеп тапсырады. Темірбетон шпалды ауыстыруға жол шебері тағайындайды.



7.Жаңа тақырыпты бекіту

Теміржолға техникалық қызмет көрсету және жөндеупәні, тақырыбыТеміржолдың ағымды күтімі

Теміржолға техникалық қызмет көрсету және жөндеупәні, тақырыбыТеміржолдың ағымды күтімі

Теміржолға техникалық қызмет көрсету және жөндеупәні, тақырыбыТеміржолдың ағымды күтімі

8.Қортындылау.

(Оқушыларды бағалау үй тапсырмасын беру.)

© 2010-2022