1 уровень отчет В

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Еспанов Нурлан Ергешович Мұғалім портфолиосы В есебі

7 топ

ПШО І - деңгей

Шымкент қаласы

Менің мектебімнің бастапқы жағдайы қандай?


Мен қызмет ететін №59 жалпы орта мектеп Шымкент қаласының солтүстік - шығысында «Ақжайық» ықшам ауданында орналасқан.Біздің мектеп - тарихы мол , үйретер тәжірибесі мен тәлімі бар мектептердің бірі.Мектептің іргетасы 1980\2004 жылдары қаланған.Мектеп 370 балаға ыңғайластырылып соғылған , алайда қазіргі кезеңде мектепте 1348 оқушы оқып жатыр.Бастауыш сыныптарымыз үш ауысымда оқып жатыр.Мектепте жалпы 59 сынып бар.Биылғы оқу жылында мектебімізде 126 мұғалім қызмет етеді.126 мұғалімнің 122 - сі жоғары білімді , яғни 97% 4 мұғалім орта арнаулы білімді.Жоғары санатты 18 мұғалім 15% , І санатты 29 мұғалім 23% , ІІ санатты 36 мұғалім 29 % , санатсыз 43 мұғалім 35 % ХХІ ғасыр - тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасыры екені әрбірімізге мәлім.Ертеңгі келер күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп , адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән.Қай елде болсын өсіп - өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы - оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына , даму бағытына тікелей байланысты екенін қазіргі кезеңде уақыт айқындап беріп отыр.Осы қағидаттардың ақиқаттығын жүрек қалауымен түсінген әрі осы ақиқатты ұстанған мұғалімдер біздің мектепте көпшілік құрамында.

Мектеп мұғалімдерінің сабақта қолданатын әдіс тәсілдерді кеңінен қолданатынын және мектеп әкімшілігі тарапынан болатын талдау жұмыстарын ескере отырып мен мектепті «Мектепте білімді қолдану және тарату әдістері» ұяшықтарының «Ұжымдық , бірақ шектеулі білім» ұяшығына жатқыздым.Себебі мектепте ұжымдық рух басым.Мектеп мұғалімдері бір - біріне жалпы білім беру ісінде ғана емес , күнделікті өмірде де көмек беріп отырады.Мұғалімдер бір - бірімен жақсы пікірлеседі , идеяларымен бөліседі.Бір - бірінің сабағына кіріп , үйренері болатын болса , ешқандай қымсынушылық пен тәкаппарлық танытпай, басқа біреуден , яғни жанындағы әріптестерінен,үйренуден қорықпайды.Бір бірлестік мұғалімі сабағында тиімді әдіс - тәсіл қолданып , ол өз жемісін беріп жатса , ол мұғалім бұл жеңісін басқалардан ешқандай қызғанбай ортаға салады.Мектеп мұғалімдері бір - бірінен білім алады.Бірақ ұяшықта айтылған түсінік жалпыға танылмаған өзгерістерге қарсы тұрады дегенге мен мектебімді қоса алмаймын.Себебі мектеп мұғалімдері және әсіресе мектеп директорының Алматы қаласына Педагогикалық шеберлік орталығына мектеп директорларына арналған деңгейлік курсқа барып келгеннен кейінгі мектепте өзгерістер мен жаңалықтарға , жас жеткіншектерге білім беруде әлемде танымал болған әдістер мен түрлі тәсілдерді мектептегі білім беру үрдісіне ықпалдастыру жүмыстарын аса үлкен ынтамен енгізу жұмыстарын жүргізуі осы сөзіме айғақ десем болады.Жалпы алатын болсақ , мектебіміздің әкімшілігі негізін өте тәжірибелі ұстаздар құрайды.Олар білім беру ісіндегі жаңалықтар мен жағымды үдерістерді мектеп ұжымына таратушы, үйретуші ұстаздар.Сонымен бірге мектебіміз сырттан немесе ұжым мүшелері тарапынан көрсетілетін оғаш қылықтар мен әумесерлікке төзімділікпен қарайды деп айта алмаймын.Ұстаз жұмысы жалпылама айтқанда тентектік пен еркелікті көтеретін жұмыс емес.Алайда мектебіміздің кейбір мұғалімдер бойында жоғарыда айтылған кереғар мінездер мен басқалардан оқшаулану байқалады.Атап айтқанда жаңа тәсілдер мен қолайлы әдістерді қолдану түгіл түсінуден бас тартқан мұғалімдер бар болып шықты.

Мен біздің мектеп оқушыларын жіктей отырып олардың көпшілігін «Игі қабылдайтын оқушы» ұяшығына жатқыздым.Себебі мектеп оқушылары тарапынан оқу үдерісі барысында жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері баршылық.Атап айтар болсақ мектебіміздің жеткен жетістіктері мынандай:Республикалық «Ақбота» атты интелектуалдық марафонында 3 оқушы І орынды , 1 оқушы ІІ орынды иемденді.Оңтүстік Қазақстан облыстық Менделев олимпиадасында 1 оқушы ІІІ орынды иемденсе, Шымкент қаласы «Жас ғалым - жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған «Самұрық» математикалық зияткерлік сайысында 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды.Назарбаев зияткерлік мектебінде ұйымдастырылған «Оңтүстігім - жерұйығым , құт мекенім» атты танымдық-зияткерлік байқауына қатысып 2 оқушымыз ерекше білім көрсеткені үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.Мектептегі дарынды оқушыларды мектепішілік қиындықтарға қарамастан пән олимпиадасына жоспарлы түрде дайындық жұмыстар жүргізілуі жүйелі түрде жолға қойылған.Мектепішілік олимпиадасында жеңіске жеткен оқушылар қатарынан қалалық олимпиадаға жіберілген оқушылар қатарынан 1 оқушы жүлделі 3 орынға ие болды. Мектеп оқушылары тарапынан сабақтан себепсіз қалу деген өте сирек кездеседі.Оқушылар арасында түрлі сайыстар мен байқаулар өтіледі.Мектеп оқушылары тарапынан жаңалық пен жаңа үрдістерге ұмтылыс байқалады.Оқушылар тарапынан құрылған өзін өзі басқару ұйымының жұмысы да жақсы жолға қойылған.Мектеп мұғалімдеріне сенімсіздікпен қарайтын оқушылар жоқтың қасы.Оқушылар , жалпы алғанда, мектепке , мұғалімдерге үлкен сенім білдіреді.Алайда оқушылар арасында алға басуға ынтасы болмай , өзінің болашағы туралы ойламайтын оқушылар да кездеседі.Мектепте жалпыға ортақ ретінде қабылданған ережелерге күмәнмен қарап , бұл ережелер менің бостандығымды шектеу үшін арналған деп қабылдайтын оқушылар да жоқ емес.Оқушылар тарапынан ,әсіресе атап айтатын болсам 11сынып оқушыларында келешегін анықтау мен нақты жоспарлауға ұмтылыс аса байқалмайды.Сонымен бірге оқыту үдерісінде кездесетін проблемалар мен кедергілерді анықтауда мұғаліммен бірге іс әрекетке бармай, мұғалімнің сол кедергіні анықтап беріп , жол көрсетуімен шектеледі.Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге дайын болғанымен, жауапкершілік алудан қашқақтайды.Оқу үдерісінде басқа оқушыларға көмек беру аса қатты байқалмайды.Жалпы алғанда оқушылар мектепке сенім білдіріп , мұғалімдер тарапынан талап еткенді орындаумен шектеледі.Жоғарыда айтқан 11-сынып оқушылары туралы айтқаныма дәлел ретінде ұсынарым.Оқушылардан: Мектеп бітіргелі отырсыңдар , болашақ өмірлеріңді қалай болады деп армандайсыңдар? Алға қойған жоспарларың , мақсаттарың қандай?, - деп сұрағанымда, алған жауаптарым қанағаттанарлықсыз болды.Себебі оқушылар жауаптарынан мен нақты қойылған мақсаттарды көре алмадым.Оқушылар негізінен болашақ өмірлерін жоспарлағанда ата -аналармен кеңесумен , сол адамдардың ұсыныстарымен немесе қойған талаптары аясында болашақтарын жоспарлайтыны анықталды. Менің ойымша , мектеп оқушыларын «Ықпал ететін оқушылар» қатарына қосу үшін біршама еңбек ету керек екені айқын.Әрине , бұл жағдайды талдап , не істеу керек деген пікірді бастағанда , ойға бірінші болып материалдық қиыншылықтар келеді.Бұл біршама дұрыс та шығар, бірақ материалдық жағдайды себеп етіп , қол қусырып отырған да мұғалімге жараспайтын тірлік.Менің ойымша, мектепте оқушылар арасында өткізілетін түрлі жарыстар мен байқаулар барысын , жүргізілуін түбегейлі өзгерту керек.Әрине, бұл жерде сіздер бұған келіспей , істің негізін оқыту үдерісінен, яғни сабақтан бастау керек дерсіздер.Бұған келісемін- ау.Себебі, оқушымен жүргізілетін жұмыс диалог сабақ барысында жүргізіледі.Бұл үдеріс орындалып та жатыр.Алайда мен өзімнің педагогикалық практикамды зерделей отырып анықтағаным , оқушылар сабақта алған білімдерін көбінесе жаттанды түрде қабылдап қана шектеледі.Алған білімдерін болашақ өмірде қолдану туралы ойлар және көзқарастар қалыптаспаған.Сондықтан мектеп оқушылары бойында зияткерлікті , жан жақтылықты қалыптастыруда тек жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып сабақ өтумен шектелу жеткіліксіз.Менің ойымша ,менің ойыммен сіздер де келісерсіздер, оқушының мектептегі өмірі , мектепте қалыптасатын көзқарастары мен тәртібі сонымен бірге қосымша іс шаралар мектепте өткізіліп тұратын түрлі тәрбие сағаттары мен байқаулар , жарыстар оқушы тұлғасының дұрыс қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.Қазіргі кезеңде мұғалім өзіне сеніп тапсырған сыныптағы оқушылармен тәрбиелеу жұмысын қалай жүргізеді?Ол оқушының әлеуметке ортақ ережелер мен нұсқаулардан шығып кетпеуін ғана шектеп , оқушыны ананы істеуге болмайды, бұны жасауға болмайды деген шектеулермен тұсаулап қояды.Менің ұсынарым, мектепте сабақ барысында біз қазір қолданып жүрген топпен оқуды тәрбиелеу үдерісіне кеңінен қолдануымыз керек.Сабақта біз қолданып жүрген тиімді әдіс-тәсілдерді оқушы тұлғасын тәрбиелеуде неге қолданбасқа?Сабақ материалдарын игеруде бізге тиімділігін дәлелдеп берген тәсілдерді біз оқушыларды өмірге құштарлықты үйретуге , өз отанын сүюге , игерген білімдерін елінің игілігіне арнауды үйретсек жаман болмас деп ойлаймын.Ұлы ойшыл Әл - Фараби айтқандай, «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» , бұл жоғарыда айтқан сөздерімді растап отырғандай.Әрине, қазіргі күрделі кезеңде еліміз бүкіл әлемдік аренада соңғы орындарды иемденіп қалмасы үшін жастарымызды білімді тұлға ретінде алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп оқытуымыз міндетті.Сонымен бірге оқушыларымызды бағалауда біз тек оқытумен ғана шектеліп қалмай, тәрбие жағын да ұмытпауымыз керек деп ойлаймын.Мектеп мұғалімдерін жаңа әдістермен қаруландыру және оқушыларымызды да оқыту мен оқу , тәрбиелеу үдерісінде мұғалімдермен тең әрекеттесуді үйретсек,біз мектебіміздің оқушыларын сөзсіз «Ықпал ететін оқушыға» айналдыра аламыз.

Осы ойларымды зерттеу мақсатында мен өз әріптестерім мен оқушылардан және ата аналардан сауалнама алдым.Сауалнама алуда менің көздеген мақсатым оқушылар мен мұғалімдерден мектебіміздегі оқу үдерісі туралы пікірлерін білу болды.Осы мақсатта мен мектепте 20 мұғалімнен сауалнама алдым.Сауалнама сұрақтары оқу мен оқытудағы жеті модуль негізінде құралған 18 сұрақтан тұрады.Мектептегі оқу мен оқыту үдерісінде мұғалімдер жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеуде жүргізіп жатқан жұмыстарының тиімділігін анықтау үшін құралған болатын.Сауалнама нәтижесін саралауда маған ойтүрткі болған сұрақтардың бірнешеуіне тоқтала кеткенді жөн санадым.Мысалы №2 сұрақ «Сіз сабақ беретін сыныпта әлеуметтік байланыс орнатасыз ба?» Деген сұраққа мұғалімдердің 45% сирек деп жауап берсе, 30% кейде деп жауап берді.Бұдан көретініміз, мұғалімдер сабақ беру барысында сыныпта тек білім берумен шектеліп қана қалатыны көрінді.Сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің тек 15% және 10% ғана сабақ беру үдерісінде сыныпта әлеуметтік байланыс орнатудың маңыздылығын түсінетіні және қолданатыны байқалды.№3 сұрақ «Сіз сабақ беретін сыныпта оқушылардың өз бетімен білім алуын ұйымдастырып , қолдайсыз ба?» деген сұраққа сауалнама алуға қатысқан мұғалімдердің 70% сирек деп жауап берсе,15% кейде деп жауап берді.Мұғалімдердің тек 15% ғана бұндай жағдайды сыныптағы оқу үдерісінде қолдайтыны анықталды.Әрине, сауалнама алу барысында мені ойландырған басқа да сұрақтар болды.Алайда мені аса қатты ойға қалдырған осы екі сұрақ нәтижесі болды.№3 сұрақ нәтижесіне үңілетін болсақ, мектеп мұғалімдері оқушыларға тағы да тек білім берумен ғана шектеліп , олардың өз ойлары мен тұжырымдары туралы ойланбағанын көруге болады.Сыныпта жағымды оқу ортасын құру үшін бірінші кезекте сынып оқушылары арасында әлеуметтік байланыс орнатудың үлкен маңызы бар екенін біздің мектеп мұғалімдері аса қатты маңызды деп есептемеген болуы керек.Бұл мектебіміздің бірнеше мұғалімі деңгейлік оқу курстарына барып келген соң мектепішілік көлемде өткізілген семинарларда бұл туралы айтылғанына қарамастан орын алып отырған жағдай.Сонымен бірге оқушылар бойында өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастырмасақ , онда оқушы тек мұғалім нұсқауымен шектеліп қалмай ма деген ой мазалады мені.

Осы мазалаған ойлар жетегінде мен оқушылардың да пікірін білу мақсатында олардан да сауалнама алдым.Себебі Джин Раддок оқушы үніне құлақ асу арқылы оқушылар мен топтарға жалпы білім мен тәрбиелеу үдерісін қалай жақсартуға болатынын атап өткенін ескеріп мен осындай ойға келдім.Сауалнама паралель оқитын 7-сынып оқитын 20 оқушыдан алынды.Сауалнама 18 сұрақтан тұрады.Сауалнама алу барысында негізгі мақсат мектепте жүріп жатқан оқу үдерісіне оқушылардың көзқарасы мен пікірін білу болатын.Бұл сауалнама нәтижесі бойынша да мені мазалаған сұрақтардың бірнешеуін атап кеткім келіп отыр.Мысалы №8 сұрақ «Мұғалімнің сабақ түсіндіруіне қанағаттанбай тақырыпты ашуда басқа жол іздейсіз бе?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқан оқушылардың 50% сирек деп жауап берсе, 30% кейде деп жауап берді.Бұл жауаптан байқайтынымыз , оқушылар мұғалім сабақ барысында берген білімімен қанағаттанып , өздігінен іздену , зерттеу жұмыстары дұрыс жолға қойылмағанын көруге болады.Қазіргі технологиялардың қарқынды даму заманында оқушыларға болашақ өмірінде аса қажет болатын дағдының бірі бұл өздігінен білім алу мен бойында зерттеушілік қабілетінің болуы деп ойлаймын.Өйткені жылдам өзгеріп отырған әлемде артта қалып кетпей , әлемде болып жатқан өзгерістерге қарай өз-өзін реттеу дағдысы осы қабілеттердің болуына негізделген.Сонымен бірге №3 cұрақ мәтіні мынандай болатын «Сіз оқитын сыныпта мұғалім тарапынан өз бетіңнен білім алу қолдау таба ма?» Бұл сұрақ нәттижесі де үлкен ойға қалдыратындай болып шықты.Себебі бұл сұрақ нәтижесі бойынша сауалнама алуға қатысқан оқушылардың 40% сирек деп жауап берсе, 35% кейде деп жауап берді.Бұл жерде де байқайтынымыз мұғалімдер мен оқушылар арасында байланыс орнатылмай , мұғалімдер тек білімді жаттанды түрде беруші, ал оқушылар сол білімді тек жаттанды түрде қабылдаушы болып отырғаны көрінеді.Әрине, мен бұл жерде мектеп оқушылары мұғалімдердің олқылықтарынан білімсіз болып қалды деп айтайын деп отырғам жоқ.Білімді де білікті ұстаздар мектепте, әрине, жетерлік.Бірақ білімді жаттанды түрде қабылдау -бұл үлкен қателік.Себебі жаттанды түрде қабылданған білімді оқушы болашақ өмірінде қолайлы етіп пайдалануға қауқарсыз.Дәл осы жерде біздің мектепте орын алған бір жайтты мысалға келтіруіме болады.Өткен оқу жылында мектебіміздің Е есімді оқушысы мектепті бітірген болатын.Осы бала оқу барысында өте жақсы нәтиже көрсеткен болатын.Алайда Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында ол шектеулі орта баллдан аса алмай қалды.Бұл орын алған жағдай туралы себебін өзінен сұрағанымда, оқушы емтихан барысында қатты сасып , абдырып қалғанын айтты.Міне, осы жағдайдың өзі оқушылардың қанша жерден білімді бола тұра алған білімдерін өмірде қолдана аламайтынына дәлел.

Жоғарыдағы айтылған ойлар мен пікірлерді дәйектеу мақсатында мен мектеп ата аналарынан да сауалнама алдым.Сауалнама алу барысына 15 ата ана қатысты.Сауалнама ата-аналардың мектептегі оқу мен оқыту үдерісіне көзқарасы мен пікірлерін анықтайтын 10 cұрақтан тұрады.Бұл жерде талдау барысында мені ойға қалдырған сұрақтар мен нәтижелер мынандай.Мысалға «Сізге балаңыз оқитын мектепте орнаған әлеуметтік орта ұнай ма?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқан ата аналардың 27% кейде деп жауап берді.Бұл дегеніңіз мектеп пен ата аналар арасындағы байланыс тым әлсіз екенін көрсетіп отыр. Дәл осы жерде мен қазіргі кезеңде тек біздің ғана емес жалпы алғанда мектептерде орын алып отырған ата аналар мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты талдап кеткенді жөн санап отырмын.Қазіргі кезеңде мектеп пен ата-ана арасындағы оқу үдерісіне жағымды әсер ететін қарым- қатынас мүлдем жоқ десе де болады.Себебі ата- аналар бойында мектепке оқуға жіберген перзентінің біліміне тек мұғалім жауапты деген көзқарас қалыптасқан.Ал мұғалімдер бойында бұл пікірге қарама-қайшы пікір ретінде оқушының білім алу үдерісіне ата ананың көзқарастары мен ұстанымдары мұғалімнен кем әсер етпейді деген пікір қалыптасқан.Бұл жерде мен екі жақтың бірін жақтаушы ретінде болып жатқан жоқпын.Екі жақтың айғақ , пікірлері ойға қонымды.Ата аналар қазіргі кезеңде мұғалімдердің арасында беделі төмен , білімі саяз тұлғалар көбейіп кеткенін тілге тиек етсе,мұғалімдер ата аналар тарапынан балаларын бақылаусыз қалдырған ата аналарды сөз етеді.Менің ойымша осы келеңсіздіктерді жою үшін ата аналарды мектептегі білім беру мен тәрбиелеу жұмыстарына және кәсіби қоғамдастық жұмысына көптеп тарту керек деп ойлаймын.

Осы ойлар желегінде мен мектеп директорынан кәсіби сұхбат алған болатынмын.Сұхбат барысында мен ол кісінің деңгейлік оқу бағдарламасы туралы жағымды пікірлерін , ойларын естідім. Сонымен бірге мектептегі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарына деңгейлік бағдарламаның берері мол екенін айтты.

Осы жоғарыда айтылған ойлар мен пікірлерді саралай келе мен мектептегі іс - әрекетті зерттеу жұмысымның барысында мектепті дамыту жоспарының тақырыбын «7 сынып оқушыларына Қалай оқу керектігін үйрету маңызы» деп алдым.Алты апта іс - әрекеттегі зерттеу уақытында өзіме қолжетімді мақсат етіп 7 сынып оқушыларының білім алу үдерісінде жақын арадағы даму аймағын құру арқылы зерттеушілік , танымдық қабілеттерін дамытуды қойдым.Бұл орайда менің күтетін нәтижелерім оқушылардың 11% өздігінен білім алуға талпыныс орнайды,зерттеушілік дағдылары қалыптасады.Оқушылар алған білімдерін талдап , қолдана алады.Тәлімгерлік пен коучинг барысынан күтетін нәтиже Тәлім алушы1 және тәлім алушы2 бойында үйрету қабілеттері мен оқушылар бойында зерттеушілік пен өздігінен білім алу дағдыларын тиімді әдіс- тәсілдер арқылы қалыптастыруды үйренеді.




Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. І (ілгері деңгей) 2014 жыл.





1 сұрақ. Сiз окыту тәжiрибеңiзде окушылардың калай ойлайтынына ,оқитынына бағалау жүргiзесiз бе?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

1

4

3

12

сирек:5%

кейде:20%

жиі:15%

әрқашан:60%



2 сұрақ. Сiз сабақ беретiн сыныпта әлеуметтiк байланыс орнатасыз ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

9

6

3

2

сирек:45%

кейде:30%

жиі:15%

әрқашан:10%



3 сұрақ. Сiз сабақ беретiн сыныпта окушылардын өз бетiмен бiлiм алуын ұйымдастырып , қолдайсыз ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

14

3

3

0

сирек:70%

кейде:15%

жиі:15%

әрқашан:0%




4 сұрақ. Сiз сабақ барысында жана тақырыпты түсiндiруде бiрнеше тәсiл қолданасыз ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

0

0

10

10

сирек:0

кейде:0

жиі:50%

әрқашан:50%



5 сұрақ. Сiз сабақ барысында пiкiрсайысқа жол бересiз бе?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

1

5

10

4

сирек:5%

кейде:25%

жиі:50%

әрқашан:20%



6 сұрақ. Сiздiң сабақта оқушылардың өз ойларын ашық айтуға дағдылануды қолданасыз ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

1

2

9

8

сирек:5%

кейде:10%

жиі:45%

әрқашан:40%



7 сұрақ. Сiз сабақты қорытындылау барысын оқушылар мен бiрлесiп жасайсыз ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

0

3

3

14

сирек:0%

кейде:15%

жиі:15%

әрқашан:70%



8 сұрақ. Сiз сабақта тақырыптағы мәселенiң айқындығы туралы оқушылармен ой бөлicесiз бе?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

0

4

10

6

сирек:0%

кейде:20%

жиі:50%

әрқашан:30%



9 сұрақ. Сiз сабақ соңында өтiлген тақырыпқа сараптауды оқушылармен бiрге жүргiзесiз бе?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

0

2

8

10

сирек:0%

кейде:10%

жиі:40%

әрқашан:50%



10 сұрақ. Сiз сыныптағы оқушылар арасында Зияткерлiк тапсырма берудi қолданасыз ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

0

8

9

3

сирек:0%

кейде:40%

жиі:45%

әрқашан:15%



11 сұрақ. Сiз сыныпта оқушыларды оқудағы жетiстiгiне қарай жiктей отырып тапсырма бересiзбе?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

0

1

12

7

сирек:0%

кейде:5%

жиі:60%

әрқашан:35%










12 сұрақ Сiз ерекше қабiлетi бар оқушыларды үлгерiмi төмен оқушылармен топтастырасыз ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

0

3

13

4

сирек:0%

кейде:15%

жиі:65%

әрқашан:20%



13 сұрақ. Сiз оқушыларды бағалағанда бұған дейінгі алған білімдерімен ұштастыра білгенін үйретесіз бе?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

0

2

12

6

сирек:0%

кейде:10%

жиі:60%

әрқашан:30%



14 сұрақ. Сіз оқушыларды бағалауды сабақта игермегені үшін жаза ретінде қолданасыз ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

11

7

2

0

сирек:55%

кейде:35%

жиі:10%

әрқашан:0%



15 сұрақ. Оқушыны бағалау барысында сіз оқушыны білім алуға ынталандырасыз ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

1

2

9

8

сирек:5%

кейде:10%

жиі:45%

әрқашан:40%



16 сұрақ. Сіз сыныпта сабақ түсіндіруде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тақырыпты саралайсыз ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

1

2

8

9

сирек:5%

кейде:10%

жиі:40%

әрқашан:45%



17 сұрақ. Оқушыларды ынталандыру мақсатында оқушыларды топтау жұмысын жүргізесіз бе?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

0

8

9

3

сирек:0%

кейде:40%

жиі:45%

әрқашан:15%



18 сұрақ. Сіз сабақты қорытындылағанда тақырып пен қазіргі кезеңдегі технологияны пайдалана отырып зерттеу жұмысын жүргізесіз бе ?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

0

7

12

1

сирек:0%

кейде:35%

жиі:60%

әрқашан:5%




























1 сұрақ. Сіз оқитын сыныпта білім алу үшін тиімді әлеуметтік орта қалыптасқан ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

1

0

6

13

сирек:5%

кейде:0%

жиі:30%

әрқашан:65%



2 сұрақ. Сіз оқитын сыныпта мұғалім тарапынан өз бетіңнен білім алу қолдау таба ма?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

8

7

1

4

сирек:40%

кейде:35%

жиі:5%

әрқашан:20%



3 сұрақ Сіз күрделі тапсырманы орындауда мұғалім көмегіне жүгінесің бе?.

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

2

12

3

3

сирек:10%

кейде:60%

жиі:15%

әрқашан:15%





4 сұрақ. Мұғалімнің сабақ түсіндіру тәсіліне қанағаттанасың ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

1

1

4

14

сирек:5%

кейде:5%

жиі:20%

әрқашан:70%






5 сұрақ. Сабақ барысында пікірсайысқа қатысасыңба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

1

3

4

12

сирек:5%

кейде:15%

жиі:20%

әрқашан:60%



6 сұрақ. Сабақта өз пікіріңді ашық айтасың ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

1

3

8

8

сирек:5%

кейде:15%

жиі:40%

әрқашан:40%



7 сұрақ. Сабақта берілген тапсырманың шешімін тапқанда бірнеше тәсіл қолданасыз ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

4

4

8

4

сирек:20%

кейде:20%

жиі:40%

әрқашан:20%



8 сұрақ. Мұғалімнің сабақ түсіндіруіне қанағаттанбай тақырып түсінуде басқа жол іздейсізбе?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

10

6

3

1

сирек:50%

кейде:30%

жиі:15%

әрқашан:5%










9 сұрақ. Сабақтан кейін өтілген тақырыпты жолдастарыңмен талқылайсызба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

1

4

9

6

сирек:5%

кейде:20%

жиі:45%

әрқашан:30%



10 сұрақ. Сіз сабақ кезінде берілген тапсырманы өз бетіңізше орындайсыз ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

1

2

5

12

сирек:5%

кейде:10%

жиі:25%

әрқашан:60%



11 сұрақ. Түсінбеген сұрақтарыңызбен сыныптастарыңызбен ой бөлісесіз бе?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

2

1

7

10

сирек:10%

кейде:5%

жиі:35%

әрқашан:50%







12 сұрақ. Сізге зияткерлік тапсырма орындау ұнай ма?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

3

2

4

11

сирек:15%

кейде:10%

жиі:20%

әрқашан:55%








13 сұрақ. Сіз оқу барысында өз өзіңізді бағалайсызба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

2

4

4

10

сирек:10%

кейде:20%

жиі:20%

әрқашан:50%



14 сұрақ. Сабақ барысында мұғалімнің қойған бағасы сізді қанағаттандырып , ынталандырады ма?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

1

4

7

8

сирек:5%

кейде:20%

жиі:35%

әрқашан:40%



15 сұрақ. Тоқсандық бағаңа ағымдағы бағаң әсер ете ме?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

2

1

5

12

сирек:10%

кейде:5%

жиі:25%

әрқашан:60%



16 сұрақ. Сізге сыныпта орындайтын топтық жұмыс ұнай ма?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

0

1

4

15

сирек:0%

кейде:5%

жиі:20%

әрқашан:75%












17 сұрақ. Сабақта сыныптастарыңызбен сырласасызба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

4

5

5

6

сирек:20%

кейде:25%

жиі:25%

әрқашан:30%



18 сұрақ. Сізге сыныпта АКТ көмегімен зерттеу жұмысын жүргізу ұнай ма?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

6

3

3

8

сирек:30%

кейде:15%

жиі:15%

әрқашан:40%



















1 сұрақ. Сізге балаңыз оқитын мектепте орнаған әлеуметтік орта ұнай ма?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

0

4

5

6

сирек:0%

кейде:27%

жиі:34%

әрқашан:40%



2 сұрақ. Сіз балаңыздың күнделікті сабақ игеруін қадағалайсызба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

2

2

3

8

сирек:13%

кейде:13%

жиі:20%

әрқашан:54%



3 сұрақ. Сіздің балаңыз өз ойын ашық білдіре ме?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

2

2

5

6

сирек:13%

кейде:13%

жиі:34%

әрқашан:40%




4 сұрақ. Сіз мұғалімнің балаңызға қойған бағасын әділ деп санайсыз ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

2

2

3

8

сирек:13%

кейде:13%

жиі:20%

әрқашан:54%



5 сұрақ. Сіз балаңыздың алған жақсы немесе төмен бағасына қарай марапаттап немесе жазалайсыз ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

2

2

7

4

сирек:13%

кейде:13%

жиі:47%

әрқашан:27%



6 сұрақ. Сіз балаңызға зияткерлік тапсырма орындатасызба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

3

5

1

6

сирек:20%

кейде:34%

жиі:6%

әрқашан:40%



7 сұрақ. Сіздің балаңыз алдағы мақсаты туралы сізбен ой бөлісе ме?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

0

1

4

10

сирек:0%

кейде:6%

жиі:26%

әрқашан:66%











8 сұрақ. Сіздің балаңызға берілген тапсырма жасына , зиятына сай деп ойлайсыз ба?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

8

1

3

3

сирек:55%

кейде:5%

жиі:20%

әрқашан:20%



9 сұрақ. Сіздің балаңыз қандай да болмасын қиындыққа тап болғанда сізден көмек сұрай ма?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

0

3

2

10

сирек:0%

кейде:20%

жиі:14%

әрқашан:66%





10 сұрақ. Сіздің балаңызға сабақ орындағанда АКТ қолдану ұнай ма?

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

3

1

3

8

сирек:20%

кейде:6%

жиі:20%

әрқашан:54%











© 2010-2022