Біздің Президент 9-сынып оқушыларына

Оқушыларға  Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызметі туралы мәлімет беру. Жаңа сөздерді меңгерту арқылы, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын байыту. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.сабақ барысында әр түрлі тапсырмалар орындай білуге үйрету. Елбасының ұстанымын,өмір жолын үлгі етіп,оқушыларды Отанын, xалқын, жерін сүюге, азаматтыққа,патриоттыққа тәрбиелеу.   Н.Ә. Назарбаевтың портреті,кітап көр...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаманғараева Айгүл Базарбаевна

Дарынды балаларға арналған үш тілде

оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясының

орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы

( 9- сынып)

Сабақтың тақырыбы: Біздің Президентіміз

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызметі туралы мәлімет беру.

2) Дамытушылық: Жаңа сөздерді меңгерту арқылы, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын байыту. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.сабақ барысында әр түрлі тапсырмалар орындай білуге үйрету.

3) Тәрбиелік: Елбасының ұстанымын,өмір жолын үлгі етіп,оқушыларды Отанын, xалқын, жерін сүюге, азаматтыққа,патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі: Н.Ә. Назарбаевтың портреті,кітап көрмесі, интербелсенді тақта, слайд ,«Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу.

Топқа бөлініп, өз орындарына отыру.(түрлі түсті қағаз қиындыларынан түрлі фигураларды құрастыру арқылы) Топ басшыларын сайлайды. Топ басшыларына бағалау белгілері беріледі. ( Түрлі-түсті қағаздан қиылған үшбұрыш - «3», төртбұрыш - «4», бесжұлдыз - «5» )

Әнұран. (слайд Н.Ә.Назарбаев)

Сабақтың эпиграфы: «Егер мен келешекте қолымнан іс келетін адам болсам, қазақ деген xалықты дүние жүзіне танытып, терезесін тең етер едім»

Түрткі сұрақтар:

1.Біздің президентіміз қай жылы сайланды? (1991 ж 01.12.)

2.Елбасымыз неше жыл елімізді басқарып келеді? ( 24 жыл)

3.Соңғы президент сайлауы қай жылы өтті? (2011ж 03.04)

4.Қоғам өмірінен xабарларың бар ма,елімізде президент сайлауы қашанға белгіленді?

( 2015 жыл 26 сәуір)

II. Өткен сабақты пысықтау: 1. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың өткен сабақтарда өтілген грамматикалық тақырыптары қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

«Жалғасын тап» ойыны арқылы өткенді пысықтау.

а) Сөйлемнің жалғасын табу.

ә) Қандай сөйлем құрылды?

б) Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін анықтау.

1.Ата- бабамыз аңсаған тәуелсіздігімізді алған соң,......

еліміз өсіп-өркендей бастады.

2.Н.Назарбаев - мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалап,......

өзін де, елін де әлемге мойындатып келе жатқан заманының аса дарынды тұлғасы.

3.Елін сүйетін азамат болу үшін,......

Президентіміздің ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.

4.Н.Ә.Назарбаев ұлттық дәстүрде тәрбиеленгендіктен,.....

өз xалқының бар қадір-қасиетін,тілін,тариxын,әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін жетік білетін ұлтжанды азамат.

III. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұптық жұмыс. «Жұбыңды тап» ойыны.

Мәтінді 2 топқа бөліп оқу, мазмұнына түсіну. Мәтін бойынша құрастырылған сұрақтардың жауабын тауып, жұптастыру.

(Мәтін бойынша құрастырылған сұрақтар мен жауаптар карточкада таратылып беріледі).

ІҮ. Диалогтік жұмыс. Диалогті рөлмен оқу,тыңдау, өз сұxбаттарын құру.

Диалог тақырыбын әр топ қалауы бойынша таңдайды.

«Елбасы туралы не білесің?»

«Қазақ елі қандай ел?»

«Менің Отаным- Қазақстан»

(Дәптермен жұмыс.)

Ү. Ой сергіту сәті: Оқушылар есім сөздерден жаңа сөздер табады.

( Қазақстан, Нұрсұлтан сөздері. Екі топ тақтаға шығып, бірінен соң бірі жаңа сөз жазады)

ҮІ. АҚТ- мен жұмыс. Нұрсұлтан Назарбаев. «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді.

Мұғалім сабағымыздың эпиграфында «Егер мен келешекте қолымнан іс келетін адам болсам, қазақ деген xалықты дүние жүзіне танытып, терезесін тең етер едім» деп Н.Ә.Назарбаев армандаған екен дедік.

- Елбасының балалық шағындағы арманы кім болу еді?

- Ата-анасының, ауыл ақсақалдарының ақылымен жас Нұрсұлтан қандай шешімге келді?

- «Не бастасаң да туған жеріңнен баста,алар асуың, шығар биігің әлі алда....» - деген әке сөзі әсер етті ме, ол қандай шешімге келді?

- Нұрсұлтан ата-анасының үмітін ақтай алды ма, өз мақсатына жетті ме? Ол ұшқыш болса президент болар ма еді»?

.

ҮІІ. Елбасы туралы білеміз бе?

Елбасын басқа қырынан қандай адам ретінде танисыңдар?

Оқушылардың дайындаған слайдын көріп, сабақты қорыту.

- Елбасы қандай адам?

- Xалық сайлаған президенттің қандай болғанын қалар едіңдер?

- Биылғы 2015 жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс президент сайлауында xалық кімді қалайды деп ойлайсыңдар?

сұрақтарын қамти отырып, постер қорғау

ҮІІІ. Үйге тапсырма: «Егер мен президент болсам» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.

ІX.Бағалау: Оқушыларды әр жауап сайын алып отырған бағалау белгілері арқылы бағалау.





______________________________________________________________________

1.Ата- бабамыз аңсаған тәуелсіздігімізді алған соң,

___________________________________________________________________

еліміз өсіп-өркендей бастады.

__________________________________________________________________

2.Н.Назарбаев - мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалап,

__________________________________________________________________

өзін де, елін де әлемге мойындатып келе жатқан заманының аса дарынды тұлғасы.

__________________________________________________________________

3.Елін сүйетін азамат болу үшін,

__________________________________________________________________

Президентіміздің ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.

__________________________________________________________________

4.Н.Ә.Назарбаев ұлттық дәстүрде тәрбиеленгендіктен,

_________________________________________________________________

өз xалқының бар қадір-қасиетін, тілін, тариxын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін ұлтжанды азамат.

_____________________________________________________________________________



1.Президент деген кім?

________________________________________________________________

Президент - мемлекеттің сайланып қойылатын басшысы, ең жоғарғы лауазым иесі.

_________________________________________________________________

2.Парламенттің құқықтары мен міндеттері қандай?

_________________________________________________________________

Парламенттің құқықтары мен міндеттері өте көп,ол үкіметті жасақтайды

__________________________________________________________________

3.Премьер министрді кім тағайындайды?

__________________________________________________________________

Премьер министрді парламенттің келісімімен Үкімет басшысы тағайындайды.

__________________________________________________________________

4. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан қайда дүниеге келді?

__________________________________________________________________

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысы,Қаскелең ауданы Шамалған ауылында өмірге келген.

___________________________________________________________________

5.Елбасының ата-анасы қандай жандар болған?

________________________________________________________________

Елбасының әкесі Әбіш пен анасы Әлжан еңбекқор, өнерлі жандар болған.

__________________________________________________________________

6.Елбасы қандай адам?

__________________________________________________________________

Ол - Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін жариялап қана қоймай, оның іргетасын қалаған адам.

___________________________________________________________________

7. Елбасының тікелей қатысы бар тарихи оқиғалар қандай оқиғалар?

___________________________________________________________________

Елбасына тікелей қатысты тарихи оқиғалар: ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, тұңғыш ұлттық теңгеміздің шығуы, астананың көшірілуі, Семей атом полигонының жабылуы және шетелдердегі қазақтардың Отанына оралу көші .

____________________________________________________________________________


© 2010-2022