Дидактические игры для 1 класса

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дидактикалық ойындар.
Ойын: Қандай сан қалып қойды?
Ойынның шарты: Балалар көздерін жұмады, сол уақытта бір санды тығып қоямыз. Балалар сынайды, қандай сан қалып қойғанын айтады.


Ойын: «Көрші санды ата»
Ойынның шарты: Балаларға мына сандар қойылады(2,1,3,4,5,7,8,5,11,14,18,16,19,20), Балалар сандардың көршісін табу және атау керек, ретімен қойып береді.


Ойын: «Аз ба, көп пе»
Ойынның шарты: Алма ағаштары суреттері тақтада ілулі. Оң жақ, сол жақ, астында, үстінде деген ұғымдарды қолдана балалар бұтақтағы алмаларды санайды. Аз ба, көп пе салыстырады.


Ойын: «Топтастыру»
Ойынның шарты: Балаларға геометриялық пішіндер үлестіріледі. Пішіндердің тақтадағы берілген пішіндермен салыстырып, топтастыру қажет.
Ойын: «Кетті, кетті орамал»
Ойынның шарты: Тәрбиеші: «Кетті, кетті орамал» шеңберді айнала ойынды бастайын, бір баланың қасында келіп орамал тастайын» деп бір балаға орамалды береді. Тәрбиеші сұрағы: Сенің саның неше? Осы саннан бастап тура сана. Ойын әрі қарай жалғаса береді. Дәл осылай сандарды кері санаймыз.
Ойын: «Көршіңді тап»
Ойынның шарты: Ойынды бала арқылы бастайды «ірімшік, ірімшік сен тұр, сен шық!» «Сен шық» деген бала ортаға шығады, көршілерін шақырады. Ойын әрі қарай басқа санамақпен жалғасады: «Бірім - екім, тығыл, бекім. Сен тұр, сен шық».
Ойын: «Көңіл күйді көрсет»
Ойынның шарты: Ағашқа балалар дөңгелектерді іле отырып, көңіл күйлерін білдіреді.
Жақсы көңіл-күй - қызыл түс.
Орташа көңіл-күй - көк түс.

«Ойнайық та ойлайық»
(Естиярлар тобы)
Сабақтың мақсаты: Балаларды реттік және есептік санауға үйретуді жалғастыру, заттарды ұзындығы бойынша салыстыра білуге, заттардың бір - бірінен айырмашылығын таба білуге, екі түрлі заттың ішіндегі бірдей заттарды салыстыруға үйрету, көру қабілетін дамыту. Берілген тапсырманың орындалуын түсініп, өз бетімен орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
-Балалар қараңдаршы бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық.
-Сәламатсыздар ма!
-Балалар кім айтады бір жылда неше жыл мезгілі бар?
-4 жыл мезгілі бар.
-Дұрыс айтасыңдар, олай болса мен қазір сендерге жұмбақ өлең айтамын, сендер қай мезгіл екенін табыңдар?
Күн ұзарып,
Қар еріп,
Су сайларға толады. (көктем)

Күндер ысып,
Шөп пісіп,
Ел пішенін орады. (жаз)

Жауып жаңбыр,
Жер сабыр,
Шөп, жапырақ солады. (күз)

Суда мұз бар,
Жерде қар бар,
Боран борап соғады. (қыс)

-Балалар қазір қай мезгіл? Қане кім айтады?
-Қыс мезгілі.
-Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
1-бала: Қар жауады.
2-бала: Адамдар жылы киінеді.
3-бала: Балалар шанамен ойнайды.
4-бала: Қармен ойнайды.
5-бала: Аққала жасаймыз.
6-бала: Суық жел соғады.
7-бала: Күн жарқырайды, бірақ жылытпайды.
8-бала: Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
9-бала: Су бетіне мұз қатады.
10-бала: Ағаштар жапырақсыз болады.
11-бала: Жаңа жыл мерекесі болады.
12-бала: Аяз ата келеді.
Осы кезде есік қағылып топқа аю кіреді.
-Саламатсыз ба балалар! Саламатсыз ба қонақтар!
-Балалар бұл не?
-Аю.
-Аю қайда тұрады?
-Орманда.
-Аю сен осы кезде орманда ұйықтап жатпайтын ба едің?
-Иә, мен үлкен тапсырмамен келдім. Аяз ата сендерге сәлемдеме беріп жіберді. Міне алағойыңыз. (хат береді)
-Рахмет саған аю.
-Сау болыңдар балалар мен енді орманыма барайын.
-Аяз ата хатта не жазганын білгілерің келе ме? Олай болса хатты ашып көрейік. Хатта былай деп жазыпты: «Саламатсыңдар ма, балалар! Мен сендерге тапсырмалар жібердім. Егерде тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, сиқырлы сандық ашылып, ішіндегі сыйлықтарға ие боласыңдар. Сәлеммен Аяз ата.»
-Балалар қараңдаршы қандай әдемі шырша. Шыршаға нелер ілінген табыңдаршы?
Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек. (аққыраулар)
-Қане біреуін алып көрелік. Бұл аққырау менің құлағыма былай деп сыбырлайды. Аққырау тақтаға өзінің достарын шақырады.(тақтаға қызыл, көк, сары және ақ түсті аққырау ілінеді)
-Балалар санайықшы мында неше аққырау бар?
-Бір, екі, үш, төрт - барлығы төрт аққырау.
-Көк түсті аққырау нешінші орында тұр? (бірінші)
-Сары түсті аққырау нешінші орында тұр? (үшінші)
-Төртінші орындағы аққыраудың түсі қандай? (ақ)
-Екінші орындағы аққыраудың түсі қандай? (қызыл)
-Балалар мына аққырау шыршаның пішіндерге жасырынған кішкентай достарын іздеп тап дейді. Қане алдымызға карточкаларымызды алып қарайық. Шыршалар шеңбер мен тіктөртбұрыштың ішіне жасырынған екен.
-Балалар шеңбер тіктөртбұрыштың қай жағында орналаскан? (сол жағында)
-Ал тіктөртбұрыш шеңбердің қай жағында орналасқан? (оң жағында)
-Енді екі пішіннің ішіндегі шыршаларды санап шығайық.
-Қайсы пішінде көп. Әлде екі пішіндегі шыршалар тең бе? (екі пішіндегі шыршалар бірдей 4-ке тең)
-Балалар енді алдымызға келесі карточкамызды алып қарайық. Мұнда Аяз ата балабақшадағы ертеңгілікке және ормандағы аңдардың ертеңгілігіне баруы керек. Қай жол қысқа, қай жол ұзын. Ол бұрын қайда жетеді? (Аяз ата балабақшаға тез жетеді, себебі ол жол қысқа, ал орманға баратын жол ұзын)
-Балалар енді сендерге мынадай тапсырма көк түспен қысқа жолды, жасыл түспен ұзақ жолды сырлаймыз.
-Жарайсыңдар балалар тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.
-Балалар мына аққырау сендерді сергіту жаттығуын жасауға шақырып тұр.
Боран соғар сол жақтан,
Боран соғар оң жақтан,
Қар лақтырып ойнасақ
Су болады қолғаптар.
-Ал келесі аққырау сендерге жұмбақ жасырады:
Бойымызға шақ қана,
Көзі көмір қап-қара.
Мұрны сәбіз сап-сары,
Тұрғыздық біз (Аққала)
-Аққалалар біздерге қонаққа келеміз деп, асығып шелектерін жоғалтып алыпты. Олардың әрқайсысының шелектерін табуға көмектесейік. Балалар көлеміне сәйкес шелектер мен аққалаларды сызықпен қосады.
-Ал енді бәріміз тақтаға қарайық. Мұнда екі Аққала берілген. Осы екі Аққаланың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
-Айырмашылықтарын кім айтады?
-Шелектері екі түрлі түсті, бірінің қолы сопақ, бірінің қолы домалақ, бірінде сыпыртқы, екіншісінде күрек бар, бірінде түймелер бар, екіншісінде жоқ. (Балалар жауабы)
-Жарайсыңдар балалар.
-Енді сандықшаны қалай ашамыз? Бізде кілт жоқ. Мен сендерге геометриялық пішіндерден кілт жасауды ұсынамын.
-Балалар геометриялық пішіндерден кілт құрастырады.
-Кілт қандай геометриялық пішіндерден құралған?
-Дөңгелектен, төртбұрыштан, шаршыдан және үшбұрыштан құралған.
-Ой балалар шыршада да дәл осындай кілт бар екен, келіңдер сандықты ашып қарайық. Балалар мұнда Аяз атаның сендерді Жаңа жыл мерекесіне шақырыған хаты бар екен. Онда бұлай деп жазылған екен: «Құрметті балалар, сендерді жаңа жыл мерекесіне шақырамын.»
Сабақты қорытындылау.


2


© 2010-2022