• Преподавателю
  • Другое
  • ИБРАЕВА БАЯН ЗАКИЕВНА Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

ИБРАЕВА БАЯН ЗАКИЕВНА Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ИБРАЕВА БАЯН ЗАКИЕВНА

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі





(Күй.Қоңыр дауыспен оқылған Мұқағали өлеңі.)

1 - жүрг: Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?

2 - жүрг: Сені іздеумен мәңгілік өтер едім

1 -жүрг: Отқа түсіп, өртенсем не етер едің?

2 - жүрг: Күл боп ұшып соңыңнан кетер едім

1 - жүрг: Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

2 - жүрг: Жел боп қуып ақыры жетер едім.

1 - жүрг: Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

2 - жүрг: Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін

1 - жүрг: Бұл ақиық ақынның қарымды қаламынан туған махаббат диологі: Нәзік сезімді, үкілі үмітті, асқақ арманды дәл Мұқағалиша ешкім жырламаған болар.

2 - жүрг: Тойлай - тойлай қазағын тойыңызды,

Самғап ұштық қанат қып ойыңызды.

Куәсі осы мәңгілік өлмесіне

Көтеріп жүр ел - жұртың төбесіне

Жыр тұлпары - Мұқағали!

1 - жүрг: Бүгінгі кешіміз ҮІ айдардан тұрады

І бөліміміз "Менің пірім Мұқағали". Бұл бөлімде үміткерлер ақын шығармашылығынан бір өлеңді жатқа оқиды.

ІІ бөлім "Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап". Бұл бөлімде сайыскерлер өздерінің ақынға арнаған төл туындыларын оқиды.

ІІІ бөлім "Жыр эстафетасы". Жеребе бойынша түскен 2 поэманың бірін жатқа оқу міндеттеледі.

ІҮ бөлім "Өлең сөздің патшасы" деп аталады. Бұл бөлімде қатысушылар берілген ұйқасты қолдана отырып тұжырымды бір шумақ өлең шығарулары тиіс.

Ү бөлім "Мұқағали мұрасын кім көп біледі". Бұл бөлімде белгіленген уақыт ішінде берілген тест сұрақтарына жауап беру керек.

ҮІ бөлім "Өлеңмен өрілген ой"деп аталады. Бұл бөлімде сайысқа қатысушылар берілген шумақ ақынның қай өлеңінен алынғанын анықтап, мақмұнын көркем сөз кестелерімен ашуы тиіс.

2 - жүрг: Бүгінгі кешті бастамас бұрын Мұқағали атамыздың өшпес мұрасы өлең - жырларының алдында 1 мин. Үнсіздікті жариялаймыз.

1 - жүрг: иә, бүгінгі таңда Мұқағали атамыз тірі болғанда біз ақынмен талай мәрте туған күн кештерін тойлаған болар едік. Мұқағали мәңгілік ақын! Оның үні, оның жыры халқы барда ешқашан жоғалмайтын мәңгілік жыр! Ендеше, қазақ өлеңінің кең маңдайындағы қыран қанатты хас таланты Мұқағали Мақатаевтың мол мұрасына арналған «Өлмейтін өлеңмен өрнектелген ғұмыр» атты жыр мүшәйрасына қош келдіңіздер, ағайын!

2 - Жүрг: Құдіретті жырдың құдайы болған Мұқағали атамыз қасіреті мен қайғысын қақ жарып алдымызға барын төгіп салған жан. Мұқағали киелі жырдың шапағаты, әділдіктің салтанаты! Оның өшпес жалынды, сөнбес алау мұрасы мәңгілікке жүрегімізде. Ақыннын қара өлеңінің дара жолындағы жырлары жандарыңызға шуақ болып шашылсын!

1 - жүрг: Олай болса бүгінгі сайысқа қатысушы үміткерлерді қарсы алыңыздар

2 - жүрг: Енді осы өрендерімізге сәттілік тілей отырып сөз кезегін қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Саймағанбетова Бақыткелді апайға береміз.

1 - жүрг: Аудандық мәслихат хатшысы Ермағанбетов Ақансері ағайға береміз.

2 - жүрг: Аудандық ішкі саясат бөлімінен келген қонағымыз Жармедетова Балзираға береміз

1 - жүрг:Батар күн, келер түн

Атар таң шығар күн

Бәріне, бәріне бәріне құмармын

Осы мен осылай мәңгіге тұрармын

Осы мен сірә да өлмейтін шығармын

Осы мен өлмейтін шығармын

Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын - деген ақын өзінін келешегін болжап кеткен көріпкел ақын. Ақық жырдың алдаспаны өзінің лағыл жырлары өзі кетсе де өмір сахнасын осылай жаңғыртып тұрарын сезсе керекті.

2 - жүрг: Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиіс. Поэзия - ғылым зерттеу керек. адам сезімін жан - жақты қастерлейтін болса, ол тек поэзия . Басқа ешқандай ғылымның қолынан келмейтін шаруа бұл.

1 - жүрг: Міне ақыннын поэзия тұрғысындағы байламы. Поэзия - талап талғамы терең, нәзік те қатал әлем болса зерек зерделі Мұқағали ақын өзінің барлық үміт - сенімін, жан тынысын поэзия болмысымен біте қайнастыра білді.

2 - жүрг: Поэзия менімен егіз бе едің,

Сен мені сезесің бе неге іздедім.

Алаурытқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

1 - жүрг: Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі өрендеріміздің өнерлеріне баға берер әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтелік:

2 - жүрг: Сейтпанова Айзада - аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі

1 - жүрг: Саймағанбетова Бақыткелді - қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері

2 - жүрг: Құлынтаева Қалқа - С.Оразалин атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

1 - жүрг: Қолғанатова Ырзагүл - Қарабұтақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

2 - жүрг: Биханова Ақжарқын - Қарашатау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

1 - жүрг: Шайхина Алтын - Т.Жүргенов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

1 - жүрг: Жалғасы бар жырымның жалғасы бар,

Жырларым жылдарыммен жалғасындар.

Сел - жырым ақтарылса арнасынан,

Селкілдеп тау мен тасың зорға шыдар.

Жалғасы бар жырымның жалғасы бар.

2 - жүрг: Білемін керемет бір күн келеді,

Жайнайды, жасыл бағым гүлденеді.

Көремін керемет бір күн келеді,

Болашағым сенімен бірге өсемін, -

деген ақын өз жырларына сенді, болашақпен бірге өмір сүретінін білді. Ендеше, кезекті "Менің пірім - Мұқағали" атты І бөлімімізге береміз.( Ақынның бір өлеңін жатқа оқу керек)

1 - жүрг: Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы

2 - жүрг:Алып ақын өзінің 1974 жылғы 21 қыркүйек күні күнделігіне "Ей, безгелдектер! Сендер емессіндер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әр қайсысымызды солар өз орнымызға қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де. Мен өзім жайында мынаны айтам: мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан кейінгі ұрпақтардың туысымын да..." - деп жазған екен. Қалай дөп басып айтқан. Олай болса, келесі кезекті "Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап" атты ІІ бөлімімізге береміз. (Бұл бөлімде байқауға қатысушылар өз төл туындыларын оқиды)

1 - жүрг: Ән көңілдің ажары, Бақыттың базары. Олай болса, көңілдеріңізді әсем әнмен көмкере түсейік, алдарыңызда "Сәби болғым келеді" әнімен Ибраева Айна апайға береміз

1 - жүрг: Мұқағали өз қарым - қуатын білген ақын. "Аққулар ұйықтағанда " поэмасы жарық көргенде достарына: "аққуларымды ұшырдым, енді өле берсем де болады", - деп айтады екен. Демек, поэманы жазғандарының ішінде ең шоқтығы биік шығарма деп бағаланғаны ғой.

2- жүрг: батыр атам сен менің жүрегімде,

Асыр салып әруағын жүр өмірде.

Әруғынды жырыммен бір нақыштау,

Арманым да, ойым да, тілегім де -

деп жырлаған ақын сол арманын, сол тілегін, сол ойын орындады деуге негіз бар. Себебі, "Райымбек, Райымбек" поэмасы тарихқа қомақты үлес қосқан орны орасан туынды болды. Олай болса келесі кезекті ІІІ бөлім "Жыр эстафетасына" береміз ( Бұл бөлімде "Райымбек, Райымбек", "Аққулар ұйықтағанда" екі поэманың жеребе бойынша таңдауға түскенін жатқа оқу)

2 - жүрг: Аққу көлдің көркі болса, ару қыздар жержің, елдің көркі. Олай болса, алдарыңызда сол мың бұралған арулар "Аққулар" биімен.

1 - жүрг: Өзгелерден мен бөлек жаратылғам,

Жаратылғам аққудың қанатынан.

Абай, Мағжан, Мұқанның бітпей қалған,

Ертегісін айтуға бола туғам

2 - жүрг: Өлең деген тумайды жайшылыққа,

Өлең деген туады қайшылықта, -

деп ақын айтқандай келесі кезекті ІҮ бөліміміз "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" атты бөлімімізге береміз (берілген ұйқасты пайдалана отырып тұжырымды, түйінді бір шумақ өлең шығарады)

1 - жүрг: Арулар қай кезде де ән мен жырдың арқауы. Оған дәлел дәл қазіргі шырқалатын ән болмақ. Алдарыңызда Мұқағали ақынның "Арулар" әнімен Сәрсенбек Арайлым

1 - жүрг: Мұқағали жаңарған тау мен даланың олардың жаны жарқын адамдары мен таңғажайып табиғатының үлкен жүректі жаршысы. Оның күркіреп келген көктемін, жадыраған жазын, күрең күзін, ақи көз ақпанын ешкімнің мезгіл - маусымымен шатастырмайтынымыз анық.

2 - жүрг: Ал, дәл осылай жырлап кеткен ақын жайында білмеу бізге, бүгінгі ұрпаққа үлкен сын. Олай болса, кезекті Ү бөлім "Мұқағали мұрасын кім көп біледі" береміз. ( сұрақ - жауап.)

1 - жүрг: Қай кезде де қазақ ән мен жырдан жаңылған емес. Алдарыңызда Санабаева Фариза "Сүгірдің" термесімен.

1 - жүрг: Мұқағали жыры - күшті жыр. Сондықтан ла ол - ер ақын, ерен ақын, ерекше ақын. Ер ақын дейтініміз - ол шындықты бүкпесіз бетке айтады, ерен ақын деуіміз - сөзі шырайлы, тілі қарапайым, тың өлеңдер жазды. Ерекше ақын дейтініміз - ол ер және ерен ақын болғандықтан да ерекше.

2 - жүрг: Ойлы жас! Өлең менің сырласымдай,

Сырлассам да құмарым жүр басылмай.

Айтып өткен ақында арман бар ма,

Жүрегінің түбіне кір жасырмай, -

деп, ақын өзі айтқандай ол артына көптеген отты жырлар мен мұңды өлеңдер қалдырды. Бізге мирас болған сол өлшеусіз қазынаны сіңіріп, игеру бізге міндет. Олай болса, кезекті ҮІ "Өлеңмен өрілген ой" бөліміне береміз. (Берілген Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша оның тақырыптық мазмұнын ашады)

1 - жүрг: Ақын елімен бірге. Оның жасын жырларын жас та, жасамыс та жастанып жүріп оқиды. Алдарыңызда 3- класс оқушысы Сәлімова Аружан "Фариза" өлеңімен

1 - жүрг: Ақын жырлары әрбір жүрекке жылу құяды, сезімге от береді. Адамды қанаттандырып, ғажайып өмірге бастайды.

2 - жүрг: Ендеше, Мұқағалимен мақтанайық, ағайын! Ол - мақтануға тұрарлық ақын!

1 - жүрг: Тау биіктігімен, теңіз тереңдігімен көрікті десек, Мұқағали жанға жайлы жырларымен көрікті.

2 - жүрг: Мұқағали мұрасы - біздің ғана емес, болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.

1 - жүрг: Ендеше, алып ақынның асыл жырларын жанымызға шуақ қылып шашқан бүгінгі өрендеріміздің өнерлерін бағалау үшін сөз кезегін әділ - қазылар алқасына береміз.

2 - жүрг: Күн сүйіп кере қарыс маңдайынан,

Лағыл жырлар төгілген таңдайынан.

Барында бағаламай білдік кейін,

Қазақтың айрылғанын қандай ұлдан

1 - жүрг: Қарасаз,қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім - дей келе біз бүгінгі кешімізді аяқтаймыз, көгімізден күн үзілмесін, ағайын!

2 - жүрг: Өмірлеріңіз өлеңмен өріле берсін!









Северный орта мектебі









М. Мақатаев оқулары.



Тақырыбы:

«Өлмейтін өлеңмен өрнектелген ғұмыр» атты жыр мүшәйрасы.








Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Ибраева Б.З







Тереңсай селосы



© 2010-2022