Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского класса

Сабақтың тақырыбы:Синоним Мақсаты: 1. Синоним сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып, анықтамасын оқушылар өздері ойланып шығарып алуға бағыт беру,синоним сөздерді белгілеріне қарай топтастыру және қандай сөз таптарынан болатынын байқату, синоним сөздердің кейбірі кез-келген сөздермен үйлесе, тіркесе бермейтінін меңгерту;2.Бір-бірінің пікірімен санасып, сабақты ынтамен ұғынып алуға жағдай туғызу; 3. Ұсынған әңгімені оқып, кейіпкерлердің ісін талдау жасай отырып бағалау,өздерінің алға қойған мақсатына еңбек ете отырып жете алатынынын ұғындыру.Сабақтың барысы:І.Үй тапсырмасын тексеруа)Үйге бер-н 68-69 –жаттығуларды тексеруә)Омоним сөздер туралы еске түсіруІІ.Жаңа сабақОй қозғау сатысыСабақтың эпиграфы Синоним сөздер тілдің байлығын көрсетеді. Бүгінгі өткелі отырған сабағымыз тілдің байлығын көрсетеді.Синоним сөздерді сөйлегенде, әңгіме айтқанда көп пайдаланамыз.Оны мына мысалдарға қарап анықтайық.Слайдта берілген сөздерді бірнеше топқа бөліп жазайық. Олар мына сөздер:келбет, кескін, сабырлы, байсалды, дидар, түс, рең, мүсін, сәлемдесу, амандасу, есендесу, көрісу, сұлу, өңі.Оқушыларға жалпы сұрақӘр топтағы сөздерді бір-бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстырыңдар. Қандай ой түйдіңдер?АжаржүздесусабырлыөңКөрікамандасу,байсалдыреңКелбетсәлемдесуұстамдытүсДидаресендесусалмақтымүсінкөрісуОқушылар жауабы:Мағыналары бір-біріне жақын немесе бірдей, бірақ жазылуы, айтылуы әр түрлі сөздер синонимдер деп аталады. Әр топтағы сөздерге сұрақ қойғызамын.Не?Не істеді?Қандай?Не?АжаржүздесусабырлыөңКөрікамандасу,байсалдыреңКелбетсәлемдесуұстамдытүсДидаресендесусалмақтымүсінкөрісуОқушыларға жалпы сұрақ.Синонимдік сөздер тобы қандай сөз табының құрамынан болады?Оқушылар жауабы: Зат есімнен болған синонимдерЕтістіктен болған синонимдерсын есімнен болған синонимдерОқушыларғазат есмнен болған синонимдер тобымен сөз тіркесін құрау тапсырылады.ажарыдидарытүсіАдамныңреңімалдыңкөркітүріөңіоқушыларғ жалпы сұрақ:ажар, дидар, көрік, рең, өң сөздері малдың деген сөзбен неге тіркеске түспейді? Бұдан қандай қорытынды шығарамыз?Оқушылар жауабы:Синоним сөздер кез-келген сөзбен тіркеске түсе бермейді. Ажар, көрік, дидар т.б тек адамға қатысты сөздермен тіркеседі.Сабақтың тақырыбы: Синоним тақырыбын қайталау Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың синонимтақырыбынан алған білімдерін нығайту, теориялық білімдерін тәжірибемен қалыптастыру; 2. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау, қабілеттерін аттыру, шығармашылыққы баулу, өз ойын тиянақтыжеткізуге дамыту; 3.Өз ұлтының тілін рухани байлығын құрметтеуге, тапқырлыққа баулу.Сабақ түрі: қайталау сабағыҚолданылатын әдіс-тәсілдер: «Топтастыру»,» Топтық жұмыс»,жұптық жұмыс, өздік жұмысСабақ көрнекілігі: суреттер ,сөзжұмбақ, үлестірмелі қағаз, слайд суретСабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі2 минIIҮй тапсырмасын тексеру10 минIIIЖаңа сабақ20 минIY Қорытынды10 минYБағалау 1 минYI Үй тапсырмасы 2 мин. Жаңа сабақ:Жаңа сабағымызды бастамас бұрын топтыңатымен танысып, аламыз.Оқушыларды топқа бөлу;топқа ат қою және топ аттарын ұранмен қорғайды; ұранның өлең жолдарында синоним сөздер болу керек.Сабақ тақырыбын оқушыларға тапсырма беру арқылы шығарамын.Жерлес, елдес, ауылдас-Бәрі соның бауырлас.Сызды, дымқыл, ылғалдыЖерде етігім байқалды.Ілесіп, еріп ағағаСеруендедім далада. (М. Әлімбай)Интербелсенді тақтада жазылған осы өлең жолдарындағы жерлес, елдес, бауырлас, сызды, дымқыл, ылғалдысөздердің бір-біріне мәндес айтылғандығын және қай сөз табынан екендігін салыстыру.Міне,осыдан қандай ой түйдіңдер? деп оқушыларға сұрақ қоямын.Оқушылар « Бір-біріне мәндес айтылған сөздер, сондықтан синонимдер»деп жауап береді.Жерлес, елдес, ауылдас-Бәрі соның бауырлас.Сызды, дымқыл, ылғалдыЖерде етігім байқалды.Ілесіп, еріп ағағаСеруендедім далада. (М. Әлімбай)Тапсырмадан не білдік? Не үйрендік? Нені есімізге сақтау керек? Оқушылар, қалай ойлайсыңдар?Бүгін қандай тақырыпты қайталап өтпекпіз?Біз бүгін не істейміз? Алдымызға қандай мақсат қоямыз?Оқушылардың синоним сөздерді ажырата білу, білім-біліктілігін тексеру мақсатында « Кім шапшаң?» ойынын жүргіземін.Үлестірме қағаздарға жазылған синоним сөздердің реттік қатарын сызбаменкөрсетеді.Ойын соңында үлестірме қағазды жинап алып синоним сөздерді дұрыскөрсеткентопты мадақтаймын. Әрі қарай білімізді кеңейту мақсатында тапсырмалар орындаймыз.2.Оқулықпен жұмыс.85- жаттығудысынып болып талдаймыз. 3. Интербелсендітақтада жазылған сөйлемдердегі қатар қолданылған синоним сөздерді тауып, жазыңдар.1-слайд1-топ.Балташ жолдасқа опашыл, уәдешілболатын. Жылатушы көп болса, уатушы, жұбатушы да мол болған ел сорлы бола ма? Ибалы, инабатты, ізетті жандар қазақта баршылық. ( М.Әуезов)2-топ.Ақсақал абдырады, састы, қысылды, жан терге түсті.Гүлнаш апай ақтарылмады, шешіліп сыр жармады.Ел- жұрт, халқы мен ата-анасын көрді. (М. Әуезов)3- топ.Ата дұшпан сен едің, ата жауың мен едім.(Махамбет.)Майлыбайдың уысындағы күміске өзді-өзі таласып,қырылысып, төбелесіп, өліп қала жаздады. (Ж. Аймауытов). Көл тартылар, дария сарқылар, бірақ Күнікейдің күнін сарқылмас. (Г. Мүсірепов).Осы тапсырмадан не білдік? Не үйрендік? Нені есімізге сақтау керек?4.Жұптық жұмыс.Үстел үстіне кескін қағазға жазылғанмақал-мәтелдерді әр топтың оқушылары алады.Мақал- мәтелдердіңжалғасыноқушылар бір-біріненіздеп тауып алыпжазып, қай сөз табынан екенін айтады.1. Білу арзан- ...2. Ат- адамның қуаты, ...3. Палуанға оң ...4. Ақыл азбайды, ...1.Халықайтса, ...2.Еңбек түбі- ... 3. Зейнетің қатты болса, ... 4.Жалғыз жүріп жол тапқанша,...1.Өнерлі өрге ...2.Күшіңе сенбе, ...3.Денсаулық- ...4. Өнерлі бала ...5. Өздік жұмысы1-топ.Қарамен жазылған сөздерді мәндес сөздермен ауыстырып жаз.Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.Әдептіліктің белгісі- иіліп сәлем бергені,жақындықтың белгісі-көп кешікпей келгені. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.2-топ.Берілген сөздердің ішінен мәндес сөздерді тауып, сөйлемқұрастырып жазыңыздар.Бала, тарсыл, дәулет, батыл, нәресте, арман, уәде, өжет,, байлық, қиял,ант.3-топ.Қарамен жазылған сөз тіркестерінің қандай мағынабілдіретінін жазыңыз.Біздің арамызда ас ішіп, аяқ босатарлар болмауы керек.Болаттың ағасы бармағынан бал тамған адам екен. Мал төлдегеліаузымыз аққа тиді. Спортшылар орта жолда тоқтап, жүрек жалғады. Сәнімнің атасы сөйлегенде сөздің майын тамызды. Қайсардың тамаққа тәбеті тартпады.Қорытындылау:Жоба жасап, бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз.Жоба картасы тақтада сызылады. Оқушылардың мақсаты синоним туралы білімдерінжоба картасына түсіреді. Әр топтан оқушылар тақтаға шығып,жазып отырады. Ойымызды қорытындылап шығамыз.Бүгінгі сабағымыздан не білдік? не үйрендік?нені есімізге сақтау керек.Бағалау. Топ басшыларына сөз беріп, бағалау парағын жинақтау.( «Кім шапшаң?»ойыны.Синоним сөздерді қосып шығыңдар.)1-топ Бала дағды Өрнек нәресте Әдепті мол Бай инабатты. Әдеп кедей бай Әшекей 2-топ Үлкен перзент Таңғы есті Ақылды мұғалім Ұстаз кішкене Бала зор үлкен таңертенгі 3-топ Халық жолдас Адам ауқат Дос қадірсіз Тамақ жан қадірлі ел Карточкаларда берілген тапсырма үлгілері№1Синоним сөздер дегеніміз не?Мысал келтіріндер.№2Ас, тамақ, дәм, ауқат, деген синонимдер қай сөз табына жатады.№3Әдемілеу- деген сөздің мағынысын таратып, ажыратыңыз.Өлең жолдарынан синоним болатын сөдерді тауып,синонимдік қатарын жазыңдар.Қөңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,Алдамаған кім қалды тірі жанды,Алыс-жақын қазақ бәрін көрдім,Жалғыз жарым болмасаанда- санда.(А. Құнанбаев).Жақсы менен жаманныңАрасы жер мен көктейМырза менен сараңдыӨштестіріп қарсаң,Ылди мен зәулім асқардай(Базар жырау).Сабақтың тақырыбы:Үндестік заңыМақсаты:1.Үндестік заңы туралы, буын, дыбыс үндестігі жайлы түсінікті меңгерту, буын үндестігі бойынша қосымша жалғану заңдылықтарын меңгерту; үндестік заңының қазақ тілінің ең басты сипаты екенін меңгерту.2. Фонетикаданалған білімдерін одан әрі дамыту, орфографиялық, орфоэпиялық сауаттылығын жетілдіру, үндестік заңы негізінде ана тілі туралы лингвистикалық дүниетанымын кеңейту.3. Дұрыс сөйлеу, тіл мәдениетін қалыптастыру, дұрыс сөйлеудің мәнін сезіндіру, берілген жаттығулар бойынша табиғатты сүюге баулу, табиғат құбылыстыран дұрыс түсінуге үйрету, қауіпсіздік негіздерін қамтамасыз ету, еңбекке баулу.Сабақтың түрі:Аралас сабақСабақта қолданылатын әдістер: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап тәсілі, іздендіруәдісі, ойын түрлеріСабақтың көрнекілігі:үндестік заңына, буын үндестігіне арналған кесте слайдтар,Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі:Үй тапсырмасын тексеруІІ. Жаңа сабақЖаңа тақырыпты меңгерту үшін оқушыларға ауызша сұрақтар қойылады: «Үндестік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?(үйлесімділік, жарасымдылық)«Табиғаттанемен не үйлеседі?»(табиғат пен тіршілік үйлеседі, адамдардың ойлауы мен сөйлеуі, бір-бірімен тіл табыса білуі үйлеседі т.б).Мына түбір мен қосымша бір-бірімен үйлесе ме?Бала-ге, шеше-лар, бала – ға, намыс-ті, өрік-тар т.бЕнді, оқушылардың назарын сызбаға аудару: Үндестік заңы Сөз бен сөз аралығында Ақ ешкіҚыран құсТез келуАрзан қолАлысқа кету Сөз ішіндеСөз бен қосымша әкебаланемерекерегеоқушы Қаз-дарМектеп-теСабақ-қаЖаз-даҚыс-та аралығында Демек, қазақ тілінің тіл дыбыстары сөз ішінде, сөз бен қосымшаның аралығында, сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады.Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дадыбыстары жуан не жіңішке болып келеді.Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңғы дыбысыынң сипатына қарай бейімделіп жалғанады.Сөз ішіндегі, сөзбен қосымшаның сөз бен сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап өзара үндесіп айтылуын, сөздің бастан аяқ біркелкі әуезбен айтылуын (не жуан, не жіңішке)үндестік заңы дейміз. Үндестік заңы екі түрлі болады. Сөздің соңғы буынының жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі дейміз.Дыбыс үндестігі бойынша көбінесе дауысссыздар бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылады. Буын үндесітігі мынадай жағдайда араласып келеді немесе буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:а)басқа тілден енген сөздерде (кітап, зағип, қызмет, мұғалім т.б)ә) біріккен сөздер мен қос сөздер:(асты-үсті, Екібастұз, Жетісу, ата-ене, күнбағыс, бірқазан, итмұрын т.б)Балалар, жаңа сабақты түсінген болсақ, тағы да біраз мысалдар келтіріп көрейікші. Қанеки, кім сөйлейді? Оқушылардың мысалдары тыңдалады. Оқулықпен жұмыс314- жаттығу1.Мәтін оқылады.2.Негізгі мәселені айтқызамын.а) Жапониядағы жер сілкінісі;ә) Жер сілкінісі кезіндегі әлемдік тәжірибеден хабардар ету.(Өзім толықтырып,Ғ. Мүсіреповтың «Жапон баллладасы» әңгімесіндегі арқаның, көздің, тастың әңгімесінен қысқаша хабардар етемін.) Деңгейлік тапсырмалар.Міндетті деңгей:Үш оқушымәтіндегі бес сөзді үш бағанға ( жуан, жіңішке,аралас сөздер)теріп жазады. Жуан сөздер Жіңішке сөздер Аралас сөздер Жапонияда, сондықтан, тұрғызады, ондай, адамды Жер жиі сілкінеді, жеңіл, бөлме-бөлмені Материалдардан, қауіпті, қызметін. Мүмкіндік деңгей:Мәтіндегі кейбір сөздерге қосымша жалғатамын немесе сөйлем құратамын. Тақтай- ша-лар-ымыз-дың, қабырға-лар-ымыз-да-ғы, жеңіл-де-т-іл-ген-мен т.бШығармашылық деңгей:Жас ұрпақтың саулығы – қоғамның байлығы.Таза болса табиғат, аман болар адамзат.Осы тақырып төңірегінде шағын мәтін құру, мақал-мәтелдер айтқызу. Құраған мәтіндерінің құрамында буын үндестігіне бағынбайтын сөздер болса тапқызу.Мәселен: Апат айтып келмейді. Су тасқыны, өрт,жер сілкінісі, т.б апаттартабиғатты да, адамдарды да құртады.«Сақтықта қорлық жоқ», «Қауіп қайда болса, қатер сонан», «Сақтықты сұңқардан үйрен» деген халық мақалдары адамдарды сақтыққа үйретеді. Демек,әрбір адам баласы төтенше жағдайлардан сақтанудың жолдарын білу керек.Сергіту сәтіСыныптағы оқушылардың барлығының аты-жөнін, тегін айтқызамын. Соның ішінде кімнің аты-жөні, тегі буын үндестігіне сай қолданыладыекен. Қанеки,барлығымыз біле жүрейік? Қай есім, кімнің есімібуын үндестігіне бағынғысы келмейді екен? Қиден Бақытбек Олжатайұлы, Мәшкен Бәтима Амантайқызы, Қабылхамитов Рамазан Жанболсынұлы,Зәйкенов Қабдолла Айтбайұлы,Серік Алтынай т.бСонымен,балалар, мына есімдердің астын не үшін сызып қойдық? (Өйткені олар буын үндестігіне бағынбайды. Ал қалған есімдер буын үндестігінесәйкес жазылған).315 жаттығу .Бұл жаттығу бойынша негізгі мәселе анықталады. Автордың негізгі идеясына байланысты мәтінге ат қойылады.Мәтін тақырыбын «Еңбектің пайдасы», «Ұлы бағбан» немесе «Барбарис» деп қоюға болады.Мәтін оқылады; Мәтіннен кірме сөздерді тауып, қосымшалардың жалғану ерекшелігін біледі;Ұлы бағбанның маңдай терімен төккен еңбегінің қадірін түсінеді.Сөздер бір-бірімен үйлесіп, үндесіп келетінінін дәлелдейді.Кірмесөздер:Мичуриннің, Барбаристің, эксперимент, сортын. Сабақа оқушылармен бірге қорытылады, сабаққа қатысқан оқушылар тегіс бағаланады.Үйге:316- жаттығу. Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазыңдар. Буын үндестігі сақталды ма,көз жеткізіңдер. Сабақтың тақырыбы:С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік»Сабақтың мақсаты: 1.С.Сейфуллиннің ақындық өнерін, туындысын тереңірек меңгерту. Көркем бейнелерді (киік, Бетпақдала, ақынның көтерген проблемасы) анықтау. 2. сұлулықты көре білуге, бағалай білуге тәрбиелеу, жек көру, сүйіспеншілік, жауыздық, аяныш сезімін тану;3. бақылағанды пайымдау, еске түсіру қабілетін дамыту. Сабақтың типі: жаңа материалды меңгертуСабақтың түрі: араласӘдіс-тәсілдер: Қ.П.Жүсіпов әдістемесіЖабдықтар: оқулық, карта, магнитофонҰйымдастыру формасы: дербес оқыту, жаппай оқытуПәнаралық байланыс: музыка, география, қазақ тіліМотивация: Б.Сейдуалиеваның орындауындағы «Жез киік» әнін тыңдату.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа дайындығын қадағалау. Балалардың назарын сабаққа аударту.ІІ. С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңіБала – табиғаттың бір бөлшегі. Табиғат сыртқы күштің өз қойнауына араласуын көтермейді. Бала да өзінің жан дүниесіне үлкендердің араласуын ұнатпайды. Абайдың: «Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқалады» дегенін естен шығармау тиіс.Әнін жазған Ж.Сейілов пен сөзін жазған К.Салықовтың «Жез киік» әнін Б.Сейдуалиеваның орындауында жартылай тыңдатып, картаға оқушылардың назарын аудартамын (музыка пәнімен байланыстыру).Мұғалімнің кіріспе сөзі.Бептақдала – ҚР-ның орталық бөлігіндегі үлкен аймақты алып жатқан үстіртті шөл дала. Батыста Сарысу өзенінің төменгі ағысы мен Шығыста Балқаш көлінің аралығында жатыр. Жер көлемі 75 мың км2 шамасында, қыс айларында 140С-қа дейін жетсе, жаз айларында 240С-қа дейін барады. (География пәнімен байланыстыру)Оқулықпен жұмыс, жаппай оқыту.- Ал, ақынның көркем тілімен осы Бетпақдала қалай берілген екен? (қазақ тілі пәнімен байланыстыру). Оқулықтағы өлеңді оқып, Бетпақдала көрінісін табайық.Бетпақдала көрінісін тауып дәптерлеріне жазады (жазбаша орындалатын жұмыс).(Бетпақ – шөл, ойлы-қырлы жер, онда қысы-жазы ел болмайды. Бетпақдалада киік мекен етеді. Ел жайлау, өзен, көл болмайды. Бұтасы қу баялыш, қара жусан)Дербес оқытуТөменде берілген сұрақтарға жазбаша жауап берулері керек.Сұрақтар:1)Киік әдемілігін танытатын сөздер мен сөз тіркестерін көшіріп жазып, оның төбесіне «1» цифрын қойып белгілеңдер.(«Таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара,Қап-қара екі көзі мөлдіреген» - «мөлдіреген» сөзінің киік көзінің реңін, күнәсіздігін ашып, өз алдындағы «қап-қара» сөзін де ажарландыра түскенін сараптайды);2)Киіктің әдемі әрекетін (қозғалысы, іс-әрекеті) білдіретін сөздерді көрсет. («Әдемі екі танау желбіреген», «Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды»)3)Киіктің бір кезде көп болғаны? («Әр ойдан топ-топ болып жусап өрген»).4)Табиғат қиындығын, онда өмір сүру ауыртпалығын, қиналысын байқататын тармақ қайсысы? («Сандалып қаңғырақтап басын иіп», «Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп», «Қиналып ентігеді, шыбын жаны», «Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып»);5)Киікті көп атуды байқататын жол? («Мергендер дамыл алмай киікті атқан», «Ауылды қан сасытып топырлатқан»);6)Қанның көп ағуы? («Тамады қара жерге аққан қаны», «Боялып ақ денесі қызыл қанға» - «ақ» денесінің «қызыл» қанға боялуы – «қызыл гүл» болса, ол әдемілік символында жұмсалса да, осы тұстағы «қызыл» «қан» сөзімен тіркесіп, аянышты биіктетуге ықпал етіп тұрғанын айтамын)7)Лирикалық қаһарманның (мұнда лирикалық қаһарманның кім екенін сұраймын), сол арқылы ақынның киік қиналысын, өліміне аяныш білдіретін тіркестерді тап. («Бөкеңді атып мерген өлтіргенде», «Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?», «Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім», «Өзге аңға жануарды тең көрмедім», «Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау», «Дәл көздеп жүрегіне атқан мерген» - ақынның киікті аяу сезімі айнасы екені ашылады)«Жез киік» әні әрі қарай толық тыңдалады.География (орналасуы), музыка, қазақ тілі (Жезқазған жерінде «бөкен» деп аталуы) пәндеріне тән ұғымдарды оқушыларға айтқызу.ІІІ. Қорытындылау-«Тіл жоқ құр жүректе айтар сөзі» деген тармақтан не байқадыңдар? (Бөкен айта алмай бара жатқан өксік пен өкініш, ертең шығарма болып, жыр болып жүректерімізде сақталуы)-Өзіміздің төрт түлік малымызға қалай қараймыз?-Бүгінгі сабақтан қандай тәрбиелік мән алдыңдар?-Сендердің жүректеріңе қандай сезім ұялады?ІҮ. Бағалау. Дербес орындаған жұмыстарын ескеріп, тиісті бағамен бағалаймын.Қосымша оқуға: С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы» поэмасыҮ. Үйге: 1) өлеңді құрылысына қарай талдау;2) «Мен де табиғаттың бөлшегімін» атты ойтолғау жазу (киік атынан).Сабақтың тақырыбы: СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ «АҚСАҚ КИІК» ӨЛЕҢІСабақтың мақсаты: 1. а) ақынның өмірі, шығармашылығы жайлы мағлұматтарын тереңдету, «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу; ә) өлеңді пайымдап, мәнерлеп оқу, өлең мазмұнын менгере отырып, автор шеберлігін тануына көмектесу, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету; 2. а) ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау; ә) өздігінен зерттеу, талдау жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу; 3. Отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу Сабақтың түрi: кіріктірілген; Сабақтың әдіс-тәсілі: сөз, тест сұрақтары, СТО Пәнаралық байланыс: тарих, дүниетану, математика. Көрнекілігі: С.Сейфуллин суреті, шығармалары, Қазақстан картасы, электронды күй дискісі, интербелсенді тақта, СТО перфокартасы. Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.а) Оқушылардың сәлемдесуі, түгелдеу. ә) Оқушы зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару. Өнер алды-қызыл тіл``Анаңдай оны құрметте!Қапсымай,талмай үйрен,біл,Асылын сөздің өрнекте.Ана тіл-асыл қазына,Байлығың-білсең ол сенің.Жеткізер өмір жазына,Сонымен өсер өркенің, -дей отырып сөз өнерін, асылын,тіл тазалығын сезінетін әдебиет сабағын бастаймыз.II Үй тапсырмасын тексеру.Қане, балалар, өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық?Бүгінгі сабақта үй тапсырмасы бойынша С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы тыңнан жинаған мәліметтеріңді ортаға саласыңдар.III Жаңа сабаққа кіріспе. Мақсатымен таныстыру. -Балалар, біз бүгін үш бәйтерегіміздің бірі С.Сейфуллин өмірімен, "Ақсақ киік "өлеңімен танысамыз. Өлеңмен таныспас бұрын ақын туралы нені білуіміз керек? Соған тоқталамыз. Ақын өмірі туралы тарихшы мұғалімдерің айтып шығады. Тарих пәнімен байланыс. Мәліметтер: -С.Сейфуллин туған жылы,жері;- Ақынның өмір жолы, репрессия құрбаны болуы;- тарихи кезең Бетпақдала арқылы Верныйға жетіп, кеңес үкіметін құруға ат салысуы;- ақын шығармасының кейіпкері ақ бөкендер мекендейтін Сарыарқа мен Бетпақдала дала зоналарының шектесетін аймағын картадан көрсету. Әдебиет пәні бойынша: -тарих бойынша біраз мағлұмат алсақ,енді әдеби тұрғыдан өлеңнің көркемдігіне назар аударып, талдау жасайық. 1.Құрманғазы Сағырбаевтың "Ақсақ киік” күйі баяу орындалып, мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды. 2.Өлең ішіндегі түсініксіз сөздерді атап, экраннан жазылған сөздерді көрсету. -сегіз көштік-ұзындық өлшемі.; -таңы-жануардың сұлу мүсіні; -қос-шатыр, күрке; -Бетеге- шөп атауы; -Киік –аталық жануар. -Бөкен-аналық жануар. 3. Өлеңде көркемдегіш тәсілдің бір түрі теңеу кездеседі. Мына жолдарға назар аударайық: Қап-қара екі көзі мөлдіреген, Әдемі екі танау желбіреген. Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды, Жел түрткен жусаннан да селдіреген. 4.Өлең құрлысына назар аударайық Ар-қа-ның Бет-пақ де-ген да-ла-сы бар,11 а Бет-пақ - шөл, ой-лы-қыр-лы па-на-сы бар 11 а Сол шөл-де ел жоқ , күн жоқ өс-іп- өн-ген 11 б Жән-дік-тің ки-ік де-ген ба-ла-сы бар 11 а Бұл өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы деп аталады. - Балалар, енді осы өлеңде басты кейіпкер киік деген жануар емес пе? Осы киік деп аталатын жануар туралы толық мәліметті бастауыш сынып мұғалімі дүниетану пәнімен байланыстырып береді. Дүниетану бойынша: - киік жануарын биологиялық тұрғыдан таныту;- жануардың табиғи ерекшелігі; - Физиологиялық дамуы, жамылғысы; - мекен ететін ортасы туралы;- "Киік”сөзінің этимологиясы;- тірек схемасы бойынша жұмыс; - экологиялық жүйедегі орны туралы. Ал, енді осы киіктердің бүгінгі күнде өмір сүру деңгейі қандай? Оның сандық көрсеткіші туралы не білеміз? Осы сұрақ төңірегінде математика пәнінің мұғалімі түсінік береді. Математика бойынша: -кеңес дәуіріндегі жануарлар туралы;-киіктің дене тұрқы, салмағы, жылдамдығы туралы түсінік беру;-Қазақстандағы киіктер санының өзгеруі туралы гистограмма; -ойлау шапшаңдығын дамытуға арналған логикалық есептер шығару;. -міне, балалар, біз сендермен ақ бөкендердің өмірі туралы жалпы мағлұматты алып отырмыз, енді оқулықтарыңнан "Ақсақ киік” өлеңін ашып мәнерлеп оқимыз. 1.Кітаппен жұмыс. Мәнерлеп оқыту. 2.Дәптермен жұмыс.Сөздік жазу. ІV. Сабақты бекіту. ”Біз – табиғатты қандай қамқорлық пен зиян келтіреміз?” тақырыбынапікірталас. V Сабақты қорытындылау.1.Топтастыру. 2.Сәйкестендіру перфокартасымен жұмыс. 3.Балалар, осы өлеңі арқылы ақын бізге нені айтқысы келді?Біз нені түсіндік? Сөз соңында айтарымыз, ақынның айтайын деген ойы табиғатты қорғау, жан-жануарларды аялау екен. Осыған байланысты қазақ халқының әнші-күйшілерінің шығармасы да жетерлік. Құрманғазының ”Ақсақ киік” күйі, Жақсыкелді Сейіловтің "Жез киік” әні, С.Сейфуллиннің сөзі мен қоса әні де айтылатын "Ақсақ киік”әнінің барлығында жазықсыз жануарға деген аяныш сезімі айқын байқалады. Бүгінде жаңа әннің қатарын "Ақбөкен”өлеңімен толықтырған. VI Үйге тапсырма. 1.”Ақсақ киік''өлеңін мәнерлеп оқу, үзінді жаттау.2. Оқиға желісіне байланысты сурет салу. VIІ Бағалау. Оқушыларды мадақтау, білімдерін бағалау. Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»(2-сабақ) Сабақтың мақсаты: 1)Білімдерін жинақтау, Ақан мен Құлагердің, өнер мен таланттың құдіреттілігіне көз жеткізу;2)оқушы бойында ізденімпаздық, байқампаздық қасиеттерін қалыптастыру,тапқырлыққа, ой еркінділігіне баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту;3)еліне, тарихына, тілге деген патриоттық сезімін ояту, ұлттық дәстүрдіқадірлеуге тәрбиелеуСабақтың түрі: бекіту сабағыСабақтың типі: дәстүрлі емесСабақтың әдіс-тәсілдері: сөз әдісі, ойландыру, топтастыру, негізін бөліп алуҰйымдастыру формасы:жаппай оқыту, жұппен оқыту, топпен оқытуПәнаралық байланыс: тарих, музыка, математика (бағалау барысында)Сабақтың жабдығы:тақта, бор, оқулық, интерактивті тақта және ондағытапсырма., бағалау үшін берілетін геометр. Фигурал.Сабақтың барысы:І.Оқушыларды ұйымдастыру -сәлемдесу, түгендей;- сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау;- оқушылардың назарын сабаққа аударту;- оқушыларды екі топқа бөлемін.ІІ. Бекіту Балалар, бүгінгі сабаққа қандай мақсат қояр едіңдер?-Ол мақсатқа қалай жетеміз деп ойлайсыңдар? (1 мин.)Екі топқа да бірдей тапсырмалар беріледі.Оқушылардың «Ақырғы бәйге» шығармасын қаншалықты меңгергенін тексеру үшін интерактивті тақтада көрсетілген семантикалық картаны толтыру арқылы тексеремін (дербес оқыту).(4 мин.)Үлгірімі төмен оқушыны тақтаға шығарып, қалғандарын орындарында орындату. Жауап берген соң, интерактивті тақтадағы келесі бетте көрсетілген жауаптарымен салыстыру. Топ құрамындағы оқушылар дәптерлерін алмастырып, бір-бірлерін тексереді және бағалайды.1.Семантикалық карта № Мәтіннен үзінді Ақан Күреңбай Батыраш 1 Жұрт жым болып, жалт қарасты. Үстінде жеңі салақтаған кең шидем шапан, басына елтірі бөрік киген. + 2 Біраздан соң, сен шал, жаман керді Көкшенің басында ұшқан бүркітке теңестіресің + 3 Байқа, Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, ыққа түсе көрме, жел жағында отырғайсың. + 4 Шіркіннің тұрқын қарашы, тұрқын, он екі таспадан өрген ұзын бишіктей. + 5 Атқа шабудың әдісін білесің ғой. Дегенмен, мына бәйгенің сұрқы бөлек. + 2-тапсырмаТоптастыруАқан – сегіз қырлы, бір сырлы. (5 мин.) Ықтимал жауаптар:тарихи бейнеайтыскертрагедиялық кейіпкер сазгерАҚАН бейнесіақын құсбегіатбегісал, сері, т.б.(- Бұл мағлұматтарды қайдан алдыңдар? (ғалымдарша дәйекті, көркем, бейнелі сөздерді қолдана отырып дәлелдеңдер)3-тапсырма(5 мин.)Шашылған өлең атауларының Ақанға тиесілі шығармаларды дөңгелек ішіне орналастыр. (Дөңгелектің ішіне Ақанға қатысты өлеңдер ғана кіреді, жатпайтындары – кірмейді)«Сегіз аяқ» Ақан сері «Інжу-маржан»«Балқадиша»* «Көзімнің қарасы»«Саржайлау»«Сырымбет»*«Құлагер» *«Үш тоты» *Сергіту сәті(2 мин.)Ақанның «Балқадиша» әнін айтқызу. Ұл балалар ортаға шығып, «Балқадиша» әнін орындайды, ал қыздар болса, әуеннің ырғағымен орындарында бидейді.4-тапсырма (6 мин.)- Қандай салт-дәстүрді байқадыңдар? (ас беру, ойын түрлері, ат баптау, т.б.)1-топқа: - Ас не үшін берілді? (шығарма төңірегінде сұрау)- Қай кезде ас беріледі? Өз ойларыңды қосып сызба арқылыдәлелдеңдер.2-топқа: - Бұл шығармада қандай ойын түрлері кездеседі және өздерің тағықандай түрлері білесіңдер? Сызбаға түсіріңдер. Ас беру Ойын түрлеріС.Жүнісовтың «Ақан сері» шығармасы мен І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын оқып, ұнаған үзінділерін инсценировкалау үйге тапсырма ретінде берілген болатын. Сол қойылымды қойғызу. (8 мин.)Мұнда автор, Ақан, Батыраш, жұрт және Күреңбай болып өз рөлдерін атқарады.Автор: Асқа келген жұрттың аузына Ақан мен оның Құлагері қатар ілікті. Түні бойы әр киіз үйдің астында, болашақ ұлы бәйгені шуылдасып сөз қылғандар қазақ даласында соңғы жылдары алдына ат салмай жүрген Көкшенің дүлдүлін көргенше асыққан. Жұрт: - Әне, Құлагер келе жатыр.Жұрт: - Кәне, кәне, қайсы?Жұрт: -Мына бір әдемі жабулы ма?Жұрт: - Күреңбай сыншы да жетті ғой.(Күреңбай аттың о жақ, бұ жағына шығып қарап жүреді).Күреңбай: - Алдынан аң құтылмас, бойына шаң жұқтырмас нағыз жануар екен. Мен көрген сәйгүліктер ішінде мұнымен үзеңгі қағыстырар бұл өлкеде жануар туған жоқ.Батыраш: - Оны қайдан білесің, сен де тани береді екенсің?!(Ашуға булығып шығып кетеді).Күреңбай (өзімен-өзі сөйлесіп): - Терісі қандай жұқа, көзел етіктің былғарысындай мап-майда, ет пен терінің арасында жылтыраған бір май жоқ. Қанша шапса басы айналмайды, тынысы тарылмайтын талыс танау. Екі бұтының арасынан екі адам жүрелеп өткендей, жібектей күлтеленген майда жал, жеңіл құйрық.(Күреңбай қолтық тұсындағы қабырғасын сипайды)- Қанаты бар екен.Жұрты: - Не дейсің, қанаты?Жұрты: - Ол қай жерде?Күреңбай: - Қолтығында ма?Жұрт: - Кәне, кәне, санайықшы.(Тұрғандар атқа ұмтылады)Күреңбай: - Әрі тұрыңдар, бәйгеге шабар атқа қол тигізбес болар. Еті қанталап кетеді. Қолдың уыты тиеді.(Көпті кейін шегіндіреді)Автор: - Осы кезде ентелеп Батыраш келеді.Батыраш (ентігіп): - Қарауылдан қаңғырып жалғыз келген Ақан қайда, қайда деймін?! «Батыраштың көк атын бөктерем» деп аузыңа келгенді оттапсың, көп ділмарсымай тұратын жеріңді айт.Ақан: - Тұрар жерімді айтарымдай мен сенімен белдесуге, қандасуға келгем жоқ. Өшің Құлагерде екен, жарылып кетсең де шыным: Көк атың Құлагерімнің шаңына да ілесе алмайды.Батыраш: - Егер Құлагер осы бәйгеде алдымен келсе, мына басымды қыл мойнымнан кесіп берейін.Ақан (мырс етіп күліп): - Құлагердің алып келе жатқан бәйгесі неше тайтұяқ алтын, неше жүз ділдә, үйір-үйір жылқы. Ал сен оның бәйгесін неге арзандатасың.Батыраш (тістеніп, ашумен айқайлап): - Егер менің атым алдымен келсе, қаңғырған Қарауылдың атының қасына торсық етіп байлап қоя беремін. Егер алдымен келсе, Құлагер аты да, Ақан аты да мәңгі өшеді! Өшетін болады!Автор: - О, ғажап! Жат адам қатарласа шауып, қолын шылбырға соза берген. Созылған қол адамның қолы емес, айбалта құсап кетті Құлагерге. Жарқ еткен айбалта аспанға көтеріле бергендей болып еді, құлақ шекесінен бірдеме сарт етті. Басы шың етіп, көзінің алды жарқ етіп, есі ауып, қалай омақасы түскенін білмей қалды.Ақтық рет ышқынып, басын көтеріп алған Құлагер сары аттан домалай түсіп, тізерлеп отыра кеткен Ақанның құшағына жағын төседі.«Айдалада жалғыз қалдырмай жеттің бе, үлгердің бе? Менің қазам енді жеткен шығар, ризамын саған, бақыл бол!» деп кісінеген Құлагердің ашық қалған көзінде мөлтілдеген жас төгілмей тұнып тұр.Ақан: (Жоқтау жырын оқиды)Автор (интерактивті тақтадан оқиды): - Құлагер, құлыныңнан керім едің,сұрағанда нағашым беріп еді, - деп Ақан баяу ыңылдап жоқтау айтқан шерменде бір үнмен ескен желдей гуілдеп, зарлап отыр. – Шынымен өлгенің бе, Құлагерім, салбырап саптыаяқтай төменгі ернің...Қайғылы серіге ешкім басу айтқан жоқ. Ара-арасында аһ ұрып, үһлеп, теңселе түсіп ұзақ зарлағанда, жұрт көзінен жас тамшылап, үнсіз тыңдай берді...5-тапсырма (8 мин.)Шығармашылық тапсырма (оқушылардың қалауы бойынша орындалады)1.«Құлагерді жоқтау» тақырыбына өлең шығару.2.Қатыгездік, көре алмаушылық сияқты жағымсыз қылықтарды басшылыққа ала отырып, сабақтың ойтүйінін шығару.3.«Тұсында сері болсын, пері болсын,Ұнайды өмірімен Ақан маған» (деп Ілияс жырлағандай Ақан сұлулыққа, жаны пәк жан есебінде Құлагермен қатар есте қалады) деген тақырыпқа ойтолғау жазу (Ақан бойындағы асыл қасиеттері жайлы, несімен ұнайтындығы жайында жазуға болады).ІІІ. Сабақты қорытындылау-Балалар, сабақтың басында қойған мақсаттарыңа, сол мақсаттарыңа жеттіңдер ме?-Қандай салт-дәстүр баяндалады?-Бұл шығарма сендерге несімен ұнады?-Қандай тәрбиелік мән алдыңдар?-Шығарма неге «Ақырғы бәйге» деп аталды?-Сендер қандай ат қояр едіңдер? Мақсатқа жетудегі оқушылардың көзқарасын ортаға салу. -Ендеше, балалар, пікір бәйгесін ұйымдастырайықшы. Ілиястың поэмасында «Кір көңіл сарайының батпағы» деп ақын Батыраштың іші тар, ақылсыз, арам пиғылды жан екенін өте бейнелі жеткізе білді. Жұлдыздай ағып келе жатқан жүйрікті жолда тосып тұрып, айбалтамен шауып өлтірген Батыраш – нағыз қанпезер жауыз адам. Батыраш – Ақандайсұңғыла өнер иесініңсерілігіне, сезіміне, жүйріктігіне, ерекше туған талантқақол көтерген. Бірақ Батырашты жағымсыз кейіпкер деуге бола ма? Батыраш тұлпар баптаған сыншы, атбегі. Құлагердің Көктұйғыннан асып түсетінін білді, сондықтан жауыздық жасады. Бірақ Құлагерді өлтірген соң, өзі де қатты өкінді, қиналды, өзі істеген ісін түсіне алмады. Өз қатісін түсінді, бірақ кеш еді. Құлагер – Батыраштың қолы жетпеген арманы. «Осы аста сағы сынып бағы тайса, Ол өзін дап-дайын тұр өлдім дейге» деген жолдардан оның намысшыл, ер қанатына деген сүйіспеншілік оты маздайды. Ол өлсе де, намысты қолдан бермеуді мақсат тұтты.(Екі топ арасындағы пікірді білу)ІҮ. Үйге тапсырма:Күрделі: 1) Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі ат сипатын Құлагермен салыстыр (венн диаграммаға түсіру)2) Батыраш пен Ақанға мінездесе беру.Үлгерімі төмен оқушылар үшін: 1) Құлагерге сипаттама бер (оқулық бойынша); 2) Жылқының суретін салып, ат әбзелдерін жазу. 3) Жылқыға байланысты мақал-мәтелдердідәптерлеріне жазып, жаттап алуҮ. БағалауОқушылардың әрбір істеген жұмыстарын бағалап, геометриялық фигуралармен бағалап отыру, сабақ соңында жинаған ұпай сандарын қосып, интерактивті тақтада көрсетілген бағалау жүйесімен салыстыртамын.Оқушылардың қойған бағаларын ескеріп, өзім қорытынды баға қоямын. Бағалау жүйесі (оқушылар өз жауаптарын интерактивті тақтадағы жүйемен салыстырады) Бағалар Семантикалықкарта бойынша Топтастыру Шышылғанөлең атауларын анықтау Сызбағатүсіру Шығармашылық жұмыс Қорытынды «5» 5 5 5 5 5 25 5 5 5 5 4 24 «4» 5 5 4 4 4 22 4 4 4 4 4 20 «3» 4 4 4 3 3 18
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Синоним

Мақсаты: 1. Синоним сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып, анықтамасын оқушылар өздері ойланып шығарып алуға бағыт беру, синоним сөздерді белгілеріне қарай топтастыру және қандай сөз таптарынан болатынын байқату, синоним сөздердің кейбірі кез-келген сөздермен үйлесе, тіркесе бермейтінін меңгерту;

2. Бір-бірінің пікірімен санасып, сабақты ынтамен ұғынып алуға жағдай туғызу; 3. Ұсынған әңгімені оқып, кейіпкерлердің ісін талдау жасай отырып бағалау, өздерінің алға қойған мақсатына еңбек ете отырып жете алатынынын ұғындыру.

Сабақтың барысы:

І. Үй тапсырмасын тексеру

а) Үйге бер-н 68-69 -жаттығуларды тексеру ә) Омоним сөздер туралы еске түсіру

ІІ. Жаңа сабақ

Ой қозғау сатысы

Сабақтың эпиграфы Синоним сөздер тілдің байлығын көрсетеді.

Бүгінгі өткелі отырған сабағымыз тілдің байлығын көрсетеді. Синоним сөздерді сөйлегенде, әңгіме айтқанда көп пайдаланамыз. Оны мына мысалдарға қарап анықтайық. Слайдта берілген сөздерді бірнеше топқа бөліп жазайық. Олар мына сөздер: келбет, кескін, сабырлы, байсалды, дидар, түс, рең, мүсін, сәлемдесу, амандасу, есендесу, көрісу, сұлу, өңі.

Оқушыларға жалпы сұрақ

Әр топтағы сөздерді бір-бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстырыңдар. Қандай ой түйдіңдер?

Ажар жүздесу сабырлы өң

Көрік амандасу, байсалды рең

Келбет сәлемдесу ұстамды түс

Дидар есендесу салмақты мүсін

көрісу

Оқушылар жауабы:

Мағыналары бір-біріне жақын немесе бірдей, бірақ жазылуы, айтылуы әр түрлі сөздер синонимдер деп аталады.

Әр топтағы сөздерге сұрақ қойғызамын.

Не? Не істеді? Қандай? Не?

Ажар жүздесу сабырлы өң

Көрік амандасу, байсалды рең

Келбет сәлемдесу ұстамды түс

Дидар есендесу салмақты мүсін

көрісу

Оқушыларға жалпы сұрақ.

Синонимдік сөздер тобы қандай сөз табының құрамынан болады?

Оқушылар жауабы:

  1. Зат есімнен болған синонимдер

  2. Етістіктен болған синонимдер

  3. сын есімнен болған синонимдер

Оқушыларға зат есмнен болған синонимдер тобымен сөз тіркесін құрау тапсырылады.

Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского класса ажары

Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского класса дидары түсі

АСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классадамның Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского класса Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского класса реңі малдың

көркі түрі

өңі

оқушыларғ жалпы сұрақ:

ажар, дидар, көрік, рең, өң сөздері малдың деген сөзбен неге тіркеске түспейді? Бұдан қандай қорытынды шығарамыз?

Оқушылар жауабы:

Синоним сөздер кез-келген сөзбен тіркеске түсе бермейді. Ажар, көрік, дидар т.б тек адамға қатысты сөздермен тіркеседі.

Сабақтың тақырыбы: Синоним тақырыбын қайталау

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың синоним тақырыбынан алған білімдерін нығайту, теориялық білімдерін тәжірибемен қалыптастыру;

2. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау, қабілеттерін аттыру, шығармашылыққы баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дамыту;

3. Өз ұлтының тілін рухани байлығын құрметтеуге, тапқырлыққа баулу.

Сабақ түрі: қайталау сабағы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Топтастыру»,» Топтық жұмыс»,

жұптық жұмыс, өздік жұмыс

Сабақ көрнекілігі: суреттер ,сөзжұмбақ, үлестірмелі қағаз, слайд сурет

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

II Үй тапсырмасын тексеру 10 мин

III Жаңа сабақ 20 мин

IY Қорытынды 10 мин

Y Бағалау 1 мин

YI Үй тапсырмасы 2 мин.

Жаңа сабақ: Жаңа сабағымызды бастамас бұрын топтың атымен танысып, аламыз.

Оқушыларды топқа бөлу; топқа ат қою және топ аттарын ұранмен қорғайды; ұранның өлең жолдарында синоним сөздер болу керек.

Сабақ тақырыбын оқушыларға тапсырма беру арқылы шығарамын.


Жерлес, елдес, ауылдас-

Бәрі соның бауырлас.

Сызды, дымқыл, ылғалды

Жерде етігім байқалды.

Ілесіп, еріп ағаға

Серуендедім далада. (М. Әлімбай)

Интербелсенді тақтада жазылған осы өлең жолдарындағы жерлес, елдес, бауырлас, сызды, дымқыл, ылғалды сөздердің бір-біріне мәндес айтылғандығын және қай сөз табынан екендігін салыстыру.

Міне, осыдан қандай ой түйдіңдер? деп оқушыларға сұрақ қоямын.

Оқушылар « Бір-біріне мәндес айтылған сөздер, сондықтан синонимдер» деп жауап береді.

Жерлес, елдес, ауылдас-

Бәрі соның бауырлас.

Сызды, дымқыл, ылғалды

Жерде етігім байқалды.

Ілесіп, еріп ағаға

Серуендедім далада. (М. Әлімбай)

Тапсырмадан не білдік? Не үйрендік? Нені есімізге сақтау керек?

Оқушылар, қалай ойлайсыңдар? Бүгін қандай тақырыпты қайталап өтпекпіз? Біз бүгін не істейміз? Алдымызға қандай мақсат қоямыз? Оқушылардың синоним сөздерді ажырата білу, білім-біліктілігін тексеру мақсатында « Кім шапшаң?» ойынын жүргіземін. Үлестірме қағаздарға жазылған синоним сөздердің реттік қатарын сызбамен көрсетеді. Ойын соңында үлестірме қағазды жинап алып синоним сөздерді дұрыс көрсеткен топты мадақтаймын. Әрі қарай білімізді кеңейту мақсатында тапсырмалар орындаймыз.

2. Оқулықпен жұмыс. 85- жаттығуды сынып болып талдаймыз.

3. Интербелсенді тақтада жазылған сөйлемдердегі қатар қолданылған синоним сөздерді тауып, жазыңдар.

1-слайд

1-топ. Балташ жолдасқа опашыл, уәдешіл болатын. Жылатушы көп болса, уатушы, жұбатушы да мол болған ел сорлы бола ма? Ибалы, инабатты, ізетті жандар қазақта баршылық. ( М.Әуезов)

2-топ. Ақсақал абдырады, састы, қысылды, жан терге түсті. Гүлнаш апай ақтарылмады, шешіліп сыр жармады. Ел- жұрт, халқы мен ата-анасын көрді. (М. Әуезов)

3- топ. Ата дұшпан сен едің, ата жауың мен едім.(Махамбет.)

Майлыбайдың уысындағы күміске өзді-өзі таласып, қырылысып, төбелесіп, өліп қала жаздады. (Ж. Аймауытов).

Көл тартылар, дария сарқылар, бірақ Күнікейдің күнін сарқылмас. (Г. Мүсірепов).

Осы тапсырмадан не білдік? Не үйрендік? Нені есімізге сақтау керек?

4. Жұптық жұмыс. Үстел үстіне кескін қағазға жазылған мақал-мәтелдерді әр топтың оқушылары алады. Мақал- мәтелдердің жалғасын оқушылар бір-бірінен іздеп тауып алып жазып, қай сөз табынан екенін айтады.

1. Білу арзан- ...

2. Ат- адамның қуаты, ...

3. Палуанға оң ...

4. Ақыл азбайды, ...

  1. Халық айтса, ...

  2. Еңбек түбі- ...

  3. Зейнетің қатты болса, ...

  4. Жалғыз жүріп жол тапқанша, ...

1. Өнерлі өрге ...

2. Күшіңе сенбе, ...

3. Денсаулық- ...

4. Өнерлі бала ...

5. Өздік жұмысы

1-топ. Қарамен жазылған сөздерді мәндес сөздермен ауыстырып жаз.

Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме. Әдептіліктің белгісі- иіліп сәлем бергені, жақындықтың белгісі-көп кешікпей келгені. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

2-топ. Берілген сөздердің ішінен мәндес сөздерді тауып, сөйлем құрастырып жазыңыздар. Бала, тарсыл, дәулет, батыл, нәресте, арман, уәде, өжет,, байлық, қиял, ант.

3-топ. Қарамен жазылған сөз тіркестерінің қандай мағына білдіретінін жазыңыз. Біздің арамызда ас ішіп, аяқ босатарлар болмауы керек. Болаттың ағасы бармағынан бал тамған адам екен. Мал төлдегелі аузымыз аққа тиді. Спортшылар орта жолда тоқтап, жүрек жалғады. Сәнімнің атасы сөйлегенде сөздің майын тамызды. Қайсардың тамаққа тәбеті тартпады.

Қорытындылау: Жоба жасап, бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз. Жоба картасы тақтада сызылады. Оқушылардың мақсаты синоним туралы білімдерін жоба картасына түсіреді. Әр топтан оқушылар тақтаға шығып, жазып отырады. Ойымызды қорытындылап шығамыз.

Бүгінгі сабағымыздан не білдік? не үйрендік?

нені есімізге сақтау керек.

Бағалау. Топ басшыларына сөз беріп, бағалау парағын жинақтау.

( «Кім шапшаң?» ойыны. Синоним сөздерді қосып шығыңдар.) 1-топ

Бала

дағды

Өрнек

нәресте

Әдепті

мол

Бай

инабатты.

Әдеп

кедей

бай

Әшекей

2-топ

Үлкен

перзент

Таңғы

есті

Ақылды

мұғалім

Ұстаз

кішкене

Бала

зор

үлкен

таңертенгі

3-топ

Халық

жолдас

Адам

ауқат

Дос

қадірсіз

Тамақ

жан

қадірлі

ел

Карточкаларда берілген тапсырма үлгілері

№1

Синоним сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріндер.

№2

Ас, тамақ, дәм, ауқат, деген синонимдер қай сөз табына жатады.

№3

Әдемілеу- деген сөздің мағынысын таратып, ажыратыңыз.

Өлең жолдарынан синоним болатын сөдерді тауып, синонимдік қатарын жазыңдар.

Қөңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,

Алдамаған кім қалды тірі жанды,

Алыс-жақын қазақ бәрін көрдім,

Жалғыз жарым болмаса анда- санда.

(А. Құнанбаев).

Жақсы менен жаманның

Арасы жер мен көктей

Мырза менен сараңды

Өштестіріп қарсаң,

Ылди мен зәулім асқардай

(Базар жырау).

Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы

Мақсаты: 1.Үндестік заңы туралы, буын, дыбыс үндестігі жайлы түсінікті меңгерту, буын үндестігі бойынша қосымша жалғану заңдылықтарын меңгерту; үндестік заңының қазақ тілінің ең басты сипаты екенін меңгерту.

2. Фонетикадан алған білімдерін одан әрі дамыту, орфографиялық, орфоэпиялық сауаттылығын жетілдіру, үндестік заңы негізінде ана тілі туралы лингвистикалық дүниетанымын кеңейту.

3. Дұрыс сөйлеу, тіл мәдениетін қалыптастыру, дұрыс сөйлеудің мәнін сезіндіру, берілген жаттығулар бойынша табиғатты сүюге баулу, табиғат құбылыстыран дұрыс түсінуге үйрету, қауіпсіздік негіздерін қамтамасыз ету, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап тәсілі, іздендіруәдісі, ойын түрлері

Сабақтың көрнекілігі: үндестік заңына, буын үндестігіне арналған кесте слайдтар,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Үй тапсырмасын тексеру

ІІ. Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпты меңгерту үшін оқушыларға ауызша сұрақтар қойылады:

  1. «Үндестік» деген сөзді қалай түсінесіңдер? (үйлесімділік, жарасымдылық)

  2. «Табиғатта немен не үйлеседі?» (табиғат пен тіршілік үйлеседі, адамдардың ойлауы мен сөйлеуі, бір-бірімен тіл табыса білуі үйлеседі т.б).

  3. Мына түбір мен қосымша бір-бірімен үйлесе ме? Бала-ге, шеше-лар, бала - ға, намыс-ті, өрік-тар т.б

Енді, оқушылардың назарын сызбаға аудару:

Үндестік заңыСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСөз бен сөз

Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классааралығында

Ақ ешкі

Қыран құс

Тез келу

Арзан қол

Алысқа кетуСөз ішінде Сөз бен қосымша

әке

бала

немере

кереге

оқушы

Қаз-дар

Мектеп-те

Сабақ-қа

Жаз-да

Қыс-тааралығында


Демек, қазақ тілінің тіл дыбыстары сөз ішінде, сөз бен қосымшаның аралығында, сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады.

Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның да дыбыстары жуан не жіңішке болып келеді.

Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңғы дыбысыынң сипатына қарай бейімделіп жалғанады.

Сөз ішіндегі, сөз бен қосымшаның сөз бен сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап өзара үндесіп айтылуын, сөздің бастан аяқ біркелкі әуезбен айтылуын (не жуан, не жіңішке) үндестік заңы дейміз.

Үндестік заңы екі түрлі болады.

Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского класса

Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского класса


Сөздің соңғы буынының жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі дейміз.

Дыбыс үндестігі бойынша көбінесе дауысссыздар бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылады.

Буын үндесітігі мынадай жағдайда араласып келеді немесе буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:

а) басқа тілден енген сөздерде (кітап, зағип, қызмет, мұғалім т.б)

ә) біріккен сөздер мен қос сөздер: (асты-үсті, Екібастұз, Жетісу, ата-ене, күнбағыс, бірқазан, итмұрын т.б)

Балалар, жаңа сабақты түсінген болсақ, тағы да біраз мысалдар келтіріп көрейікші. Қанеки, кім сөйлейді? Оқушылардың мысалдары тыңдалады.

Оқулықпен жұмыс

314- жаттығу

1. Мәтін оқылады. 2. Негізгі мәселені айтқызамын. а) Жапониядағы жер сілкінісі;

ә) Жер сілкінісі кезіндегі әлемдік тәжірибеден хабардар ету. (Өзім толықтырып, Ғ. Мүсіреповтың «Жапон баллладасы» әңгімесіндегі арқаның, көздің, тастың әңгімесінен қысқаша хабардар етемін.)

Деңгейлік тапсырмалар. Міндетті деңгей: Үш оқушы мәтіндегі бес сөзді үш бағанға ( жуан, жіңішке,аралас сөздер) теріп жазады.

Жуан сөздер

Жіңішке сөздер

Аралас сөздер

Жапонияда, сондықтан, тұрғызады, ондай, адамды

Жер жиі сілкінеді, жеңіл, бөлме-бөлмені

Материалдардан, қауіпті, қызметін.

Мүмкіндік деңгей: Мәтіндегі кейбір сөздерге қосымша жалғатамын немесе сөйлем құратамын. Тақтай- ша-лар-ымыз-дың, қабырға-лар-ымыз-да-ғы, жеңіл-де-т-іл-ген-мен т.б

Шығармашылық деңгей: Жас ұрпақтың саулығы - қоғамның байлығы.

Таза болса табиғат, аман болар адамзат.

Осы тақырып төңірегінде шағын мәтін құру, мақал-мәтелдер айтқызу. Құраған мәтіндерінің құрамында буын үндестігіне бағынбайтын сөздер болса тапқызу. Мәселен:

Апат айтып келмейді. Су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, т.б апаттар табиғатты да, адамдарды да құртады. «Сақтықта қорлық жоқ», «Қауіп қайда болса, қатер сонан», «Сақтықты сұңқардан үйрен» деген халық мақалдары адамдарды сақтыққа үйретеді. Демек, әрбір адам баласы төтенше жағдайлардан сақтанудың жолдарын білу керек.

Сергіту сәті Сыныптағы оқушылардың барлығының аты-жөнін, тегін айтқызамын. Соның ішінде кімнің аты-жөні, тегі буын үндестігіне сай қолданылады екен. Қанеки, барлығымыз біле жүрейік? Қай есім, кімнің есімі буын үндестігіне бағынғысы келмейді екен?

Қиден Бақытбек Олжатайұлы, Мәшкен Бәтима Амантайқызы, Қабылхамитов Рамазан Жанболсынұлы, Зәйкенов Қабдолла Айтбайұлы, Серік Алтынай т.б

Сонымен, балалар, мына есімдердің астын не үшін сызып қойдық? (Өйткені олар буын үндестігіне бағынбайды. Ал қалған есімдер буын үндестігіне сәйкес жазылған).

315 жаттығу . Бұл жаттығу бойынша негізгі мәселе анықталады. Автордың негізгі идеясына байланысты мәтінге ат қойылады.

Мәтін тақырыбын «Еңбектің пайдасы», «Ұлы бағбан» немесе «Барбарис» деп қоюға болады. Мәтін оқылады; Мәтіннен кірме сөздерді тауып, қосымшалардың жалғану ерекшелігін біледі; Ұлы бағбанның маңдай терімен төккен еңбегінің қадірін түсінеді. Сөздер бір-бірімен үйлесіп, үндесіп келетінінін дәлелдейді.

Кірме сөздер: Мичуриннің, Барбаристің, эксперимент, сортын.

Сабақа оқушылармен бірге қорытылады, сабаққа қатысқан оқушылар тегіс бағаланады.

Үйге: 316- жаттығу. Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазыңдар. Буын үндестігі сақталды ма, көз жеткізіңдер.


Қазақ әдебиеті, 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік»

Сабақтың мақсаты: 1.С.Сейфуллиннің ақындық өнерін, туындысын тереңірек меңгерту. Көркем бейнелерді (киік, Бетпақдала, ақынның көтерген проблемасы) анықтау.

2. сұлулықты көре білуге, бағалай білуге тәрбиелеу, жек көру, сүйіспеншілік, жауыздық, аяныш сезімін тану;

3. бақылағанды пайымдау, еске түсіру қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: аралас

Әдіс-тәсілдер: Қ.П.Жүсіпов әдістемесі

Жабдықтар: оқулық, карта, магнитофон

Ұйымдастыру формасы: дербес оқыту, жаппай оқыту

Пәнаралық байланыс: музыка, география, қазақ тілі

Мотивация: Б.Сейдуалиеваның орындауындағы «Жез киік» әнін тыңдату.

Сабақтың барысы:

І

Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского класса. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа дайындығын қадағалау. Балалардың назарын сабаққа аударту.

ІІ. С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңі

Бала - табиғаттың бір бөлшегі. Табиғат сыртқы күштің өз қойнауына араласуын көтермейді. Бала да өзінің жан дүниесіне үлкендердің араласуын ұнатпайды. Абайдың: «Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқалады» дегенін естен шығармау тиіс.

Әнін жазған Ж.Сейілов пен сөзін жазған К.Салықовтың «Жез киік» әнін Б.Сейдуалиеваның орындауында жартылай тыңдатып, картаға оқушылардың назарын аудартамын (музыка пәнімен байланыстыру).

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Бептақдала - ҚР-ның орталық бөлігіндегі үлкен аймақты алып жатқан үстіртті шөл дала. Батыста Сарысу өзенінің төменгі ағысы мен Шығыста Балқаш көлінің аралығында жатыр. Жер көлемі 75 мың км2 шамасында, қыс айларында 140С-қа дейін жетсе, жаз айларында 240С-қа дейін барады. (География пәнімен байланыстыру)

Оқулықпен жұмыс, жаппай оқыту.

- Ал, ақынның көркем тілімен осы Бетпақдала қалай берілген екен? (қазақ тілі пәнімен байланыстыру). Оқулықтағы өлеңді оқып, Бетпақдала көрінісін табайық.

Бетпақдала көрінісін тауып дәптерлеріне жазады (жазбаша орындалатын жұмыс).

(Бетпақ - шөл, ойлы-қырлы жер, онда қысы-жазы ел болмайды. Бетпақдалада киік мекен етеді. Ел жайлау, өзен, көл болмайды. Бұтасы қу баялыш, қара жусан)

Дербес оқыту

Төменде берілген сұрақтарға жазбаша жауап берулері керек.

Сұрақтар:

  1. Киік әдемілігін танытатын сөздер мен сөз тіркестерін көшіріп жазып, оның төбесіне «1» цифрын қойып белгілеңдер.

(«Таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара,

Қап-қара екі көзі мөлдіреген» - «мөлдіреген» сөзінің киік көзінің реңін, күнәсіздігін ашып, өз алдындағы «қап-қара» сөзін де ажарландыра түскенін сараптайды);

  1. Киіктің әдемі әрекетін (қозғалысы, іс-әрекеті) білдіретін сөздерді көрсет. («Әдемі екі танау желбіреген», «Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды»)

  2. Киіктің бір кезде көп болғаны? («Әр ойдан топ-топ болып жусап өрген»).

  3. Табиғат қиындығын, онда өмір сүру ауыртпалығын, қиналысын байқататын тармақ қайсысы? («Сандалып қаңғырақтап басын иіп», «Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп», «Қиналып ентігеді, шыбын жаны», «Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып»);

  4. Киікті көп атуды байқататын жол? («Мергендер дамыл алмай киікті атқан», «Ауылды қан сасытып топырлатқан»);

  5. Қанның көп ағуы? («Тамады қара жерге аққан қаны», «Боялып ақ денесі қызыл қанға» - «ақ» денесінің «қызыл» қанға боялуы - «қызыл гүл» болса, ол әдемілік символында жұмсалса да, осы тұстағы «қызыл» «қан» сөзімен тіркесіп, аянышты биіктетуге ықпал етіп тұрғанын айтамын)

  6. Лирикалық қаһарманның (мұнда лирикалық қаһарманның кім екенін сұраймын), сол арқылы ақынның киік қиналысын, өліміне аяныш білдіретін тіркестерді тап. («Бөкеңді атып мерген өлтіргенде», «Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?», «Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім», «Өзге аңға жануарды тең көрмедім», «Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау», «Дәл көздеп жүрегіне атқан мерген» - ақынның киікті аяу сезімі айнасы екені ашылады)

«Жез киік» әні әрі қарай толық тыңдалады.

География (орналасуы), музыка, қазақ тілі (Жезқазған жерінде «бөкен» деп аталуы) пәндеріне тән ұғымдарды оқушыларға айтқызу.

ІІІ. Қорытындылау

  • «Тіл жоқ құр жүректе айтар сөзі» деген тармақтан не байқадыңдар? (Бөкен айта алмай бара жатқан өксік пен өкініш, ертең шығарма болып, жыр болып жүректерімізде сақталуы)

  • Өзіміздің төрт түлік малымызға қалай қараймыз?

  • Бүгінгі сабақтан қандай тәрбиелік мән алдыңдар?

  • Сендердің жүректеріңе қандай сезім ұялады?

ІҮ. Бағалау. Дербес орындаған жұмыстарын ескеріп, тиісті бағамен бағалаймын.

Қосымша оқуға: С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы» поэмасы

Ү. Үйге: 1) өлеңді құрылысына қарай талдау;

2) «Мен де табиғаттың бөлшегімін» атты ойтолғау жазу (киік атынан).



Сабақтың тақырыбы: СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ «АҚСАҚ КИІК» ӨЛЕҢІ

Сабақтың мақсаты: 1. а) ақынның өмірі, шығармашылығы жайлы мағлұматтарын тереңдету, «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу; ә) өлеңді пайымдап, мәнерлеп оқу, өлең мазмұнын менгере отырып, автор шеберлігін тануына көмектесу, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;

2

Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского класса. а) ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау; ә) өздігінен зерттеу, талдау жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу;

3. Отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрi: кіріктірілген;

Сабақтың әдіс-тәсілі: сөз, тест сұрақтары, СТО

Пәнаралық байланыс: тарих, дүниетану, математика.

Көрнекілігі: С.Сейфуллин суреті, шығармалары, Қазақстан картасы, электронды күй дискісі, интербелсенді тақта, СТО перфокартасы.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың сәлемдесуі, түгелдеу.

ә) Оқушы зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару.

Өнер алды-қызыл тіл``

Анаңдай оны құрметте!

Қапсымай,талмай үйрен,біл,

Асылын сөздің өрнекте.

Ана тіл-асыл қазына,

Байлығың-білсең ол сенің.

Жеткізер өмір жазына,

Сонымен өсер өркенің, -дей отырып сөз өнерін, асылын,тіл тазалығын сезінетін әдебиет сабағын бастаймыз.

II Үй тапсырмасын тексеру.

Қане, балалар, өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық?

Бүгінгі сабақта үй тапсырмасы бойынша С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы тыңнан жинаған мәліметтеріңді ортаға саласыңдар.

III Жаңа сабаққа кіріспе.

Мақсатымен таныстыру. -Балалар, біз бүгін үш бәйтерегіміздің бірі С.Сейфуллин өмірімен, "Ақсақ киік "өлеңімен танысамыз. Өлеңмен таныспас бұрын ақын туралы нені білуіміз керек? Соған тоқталамыз. Ақын өмірі туралы тарихшы мұғалімдерің айтып шығады.

Тарих пәнімен байланыс. Мәліметтер:

-С.Сейфуллин туған жылы,жері;

- Ақынның өмір жолы, репрессия құрбаны болуы;

- тарихи кезең Бетпақдала арқылы Верныйға жетіп, кеңес үкіметін құруға ат салысуы;

- ақын шығармасының кейіпкері ақ бөкендер мекендейтін Сарыарқа мен Бетпақдала дала зоналарының шектесетін аймағын картадан көрсету.

Әдебиет пәні бойынша:

-тарих бойынша біраз мағлұмат алсақ,енді әдеби тұрғыдан өлеңнің көркемдігіне назар аударып, талдау жасайық.

1.Құрманғазы Сағырбаевтың "Ақсақ киік" күйі баяу орындалып, мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.

2.Өлең ішіндегі түсініксіз сөздерді атап, экраннан жазылған сөздерді көрсету.

-сегіз көштік-ұзындық өлшемі.;

-таңы-жануардың сұлу мүсіні;

-қос-шатыр, күрке;

-Бетеге- шөп атауы;

-Киік -аталық жануар.

-Бөкен-аналық жануар.

3. Өлеңде көркемдегіш тәсілдің бір түрі теңеу кездеседі. Мына жолдарға назар аударайық:

Қап-қара екі көзі мөлдіреген,

Әдемі екі танау желбіреген.

Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,

Жел түрткен жусаннан да селдіреген.

4.Өлең құрлысына назар аударайық

Ар-қа-ның Бет-пақ де-ген да-ла-сы бар,11 а

Бет-пақ - шөл, ой-лы-қыр-лы па-на-сы бар 11 а

Сол шөл-де ел жоқ , күн жоқ өс-іп- өн-ген 11 б

Жән-дік-тің ки-ік де-ген ба-ла-сы бар 11 а

Бұл өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы деп аталады.

- Балалар, енді осы өлеңде басты кейіпкер киік деген жануар емес пе? Осы киік деп аталатын жануар туралы толық мәліметті бастауыш сынып мұғалімі дүниетану пәнімен байланыстырып береді.

Дүниетану бойынша:

- киік жануарын биологиялық тұрғыдан таныту;

- жануардың табиғи ерекшелігі;

- Физиологиялық дамуы, жамылғысы;

- мекен ететін ортасы туралы;

- "Киік"сөзінің этимологиясы;

- тірек схемасы бойынша жұмыс;

- экологиялық жүйедегі орны туралы.

Ал, енді осы киіктердің бүгінгі күнде өмір сүру деңгейі қандай? Оның сандық көрсеткіші туралы не білеміз? Осы сұрақ төңірегінде математика пәнінің мұғалімі түсінік береді.

Математика бойынша:

-кеңес дәуіріндегі жануарлар туралы;

-киіктің дене тұрқы, салмағы, жылдамдығы туралы түсінік беру;

-Қазақстандағы киіктер санының өзгеруі туралы гистограмма;

-ойлау шапшаңдығын дамытуға арналған логикалық есептер шығару;

. -міне, балалар, біз сендермен ақ бөкендердің өмірі туралы жалпы мағлұматты алып отырмыз, енді оқулықтарыңнан "Ақсақ киік" өлеңін ашып мәнерлеп оқимыз.

1.Кітаппен жұмыс. Мәнерлеп оқыту.

2.Дәптермен жұмыс.Сөздік жазу.

ІV. Сабақты бекіту. "Біз - табиғатты қандай қамқорлық пен зиян келтіреміз?" тақырыбына пікірталас.

V Сабақты қорытындылау.

1.Топтастыру.

2.Сәйкестендіру перфокартасымен жұмыс.

3.Балалар, осы өлеңі арқылы ақын бізге нені айтқысы келді?Біз нені түсіндік?

Сөз соңында айтарымыз, ақынның айтайын деген ойы табиғатты қорғау, жан-жануарларды аялау екен. Осыған байланысты қазақ халқының әнші-күйшілерінің шығармасы да жетерлік. Құрманғазының "Ақсақ киік" күйі, Жақсыкелді Сейіловтің "Жез киік" әні, С.Сейфуллиннің сөзі мен қоса әні де айтылатын "Ақсақ киік"әнінің барлығында жазықсыз жануарға деген аяныш сезімі айқын байқалады. Бүгінде жаңа әннің қатарын "Ақбөкен"өлеңімен толықтырған.

VI Үйге тапсырма.

1."Ақсақ киік''өлеңін мәнерлеп оқу, үзінді жаттау.

2. Оқиға желісіне байланысты сурет салу.

VIІ Бағалау. Оқушыларды мадақтау, білімдерін бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге» (2-сабақ)

Сабақтың мақсаты:

1) Білімдерін жинақтау, Ақан мен Құлагердің, өнер мен таланттың құдіреттілігіне көз жеткізу;

2) оқушы бойында ізденімпаздық, байқампаздық қасиеттерін қалыптастыру,

тапқырлыққа, ой еркінділігіне баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3) еліне, тарихына, тілге деген патриоттық сезімін ояту, ұлттық дәстүрді

қадірлеуге тәрбиелеу

С

Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың типі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөз әдісі, ойландыру, топтастыру, негізін бөліп алу

Ұйымдастыру формасы: жаппай оқыту, жұппен оқыту, топпен оқыту

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, математика (бағалау барысында)

Сабақтың жабдығы: тақта, бор, оқулық, интерактивті тақта және ондағы тапсырма., бағалау үшін берілетін геометр. Фигурал.

Сабақтың барысы:

І. Оқушыларды ұйымдастыру

-сәлемдесу, түгендей;

- сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау;

- оқушылардың назарын сабаққа аударту;

- оқушыларды екі топқа бөлемін.

ІІ. Бекіту

Балалар, бүгінгі сабаққа қандай мақсат қояр едіңдер?

  • Ол мақсатқа қалай жетеміз деп ойлайсыңдар? (1 мин.)

Екі топқа да бірдей тапсырмалар беріледі.

Оқушылардың «Ақырғы бәйге» шығармасын қаншалықты меңгергенін

тексеру үшін интерактивті тақтада көрсетілген семантикалық картаны толтыру арқылы тексеремін (дербес оқыту). (4 мин.)

Үлгірімі төмен оқушыны тақтаға шығарып, қалғандарын орындарында орындату. Жауап берген соң, интерактивті тақтадағы келесі бетте көрсетілген жауаптарымен салыстыру. Топ құрамындағы оқушылар дәптерлерін алмастырып, бір-бірлерін тексереді және бағалайды.

1.Семантикалық карта

Мәтіннен үзінді

Ақан

Күреңбай

Батыраш

1

Жұрт жым болып, жалт қарасты. Үстінде жеңі салақтаған кең шидем шапан, басына елтірі бөрік киген.

+

2

Біраздан соң, сен шал, жаман керді Көкшенің басында ұшқан бүркітке теңестіресің

+

3

Байқа, Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, ыққа түсе көрме, жел жағында отырғайсың.

+

4

Шіркіннің тұрқын қарашы, тұрқын, он екі таспадан өрген ұзын бишіктей.

+

5

Атқа шабудың әдісін білесің ғой. Дегенмен, мына бәйгенің сұрқы бөлек.

+


2

Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского класса

Ақан сері-тапсырма Топтастыру

Ақан - сегіз қырлы, бір сырлы. (5 мин.)


Ықтимал жауаптар:


Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классатарихи бейне айтыскер трагедиялық кейіпкер

Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского класса

Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского класса сазгер АҚАН бейнесі ақын

Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского класса

құсбегі атбегі сал, сері, т.б.

(- Бұл мағлұматтарды қайдан алдыңдар? (ғалымдарша дәйекті, көркем, бейнелі сөздерді қолдана отырып дәлелдеңдер)

3-тапсырма (5 мин.)

Шашылған өлең атауларының Ақанға тиесілі шығармаларды дөңгелек ішіне орналастыр. (Дөңгелектің ішіне Ақанға қатысты өлеңдер ғана кіреді, жатпайтындары - кірмейді)

«Сегіз аяқ»

Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского класса

Ақан сері«Інжу-маржан» «Балқадиша»*

«Көзімнің қарасы» «Саржайлау»

«Сырымбет»* «Құлагер» *

«Үш тоты» *

Сергіту сәті (2 мин.)

Ақанның «Балқадиша» әнін айтқызу.

Ұл балалар ортаға шығып, «Балқадиша» әнін орындайды, ал қыздар болса, әуеннің ырғағымен орындарында бидейді.

4-тапсырма (6 мин.)

- Қандай салт-дәстүрді байқадыңдар? (ас беру, ойын түрлері, ат баптау, т.б.)

1-топқа: - Ас не үшін берілді? (шығарма төңірегінде сұрау)

- Қай кезде ас беріледі? Өз ойларыңды қосып сызба арқылы

дәлелдеңдер.

2-топқа: - Бұл шығармада қандай ойын түрлері кездеседі және өздерің тағы

қандай түрлері білесіңдер? Сызбаға түсіріңдер.

Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского класса

Серии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаСерии уроков по казахскому языку и литературе для 5 казахского классаАс беру Ойын түрлері

С.Жүнісовтың «Ақан сері» шығармасы мен І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын оқып, ұнаған үзінділерін инсценировкалау үйге тапсырма ретінде берілген болатын. Сол қойылымды қойғызу. (8 мин.)

Мұнда автор, Ақан, Батыраш, жұрт және Күреңбай болып өз рөлдерін атқарады.

Автор: Асқа келген жұрттың аузына Ақан мен оның Құлагері қатар ілікті. Түні бойы әр киіз үйдің астында, болашақ ұлы бәйгені шуылдасып сөз қылғандар қазақ даласында соңғы жылдары алдына ат салмай жүрген Көкшенің дүлдүлін көргенше асыққан.

Жұрт: - Әне, Құлагер келе жатыр.

Жұрт: - Кәне, кәне, қайсы?

Жұрт: -Мына бір әдемі жабулы ма?

Жұрт: - Күреңбай сыншы да жетті ғой.

(Күреңбай аттың о жақ, бұ жағына шығып қарап жүреді).

Күреңбай: - Алдынан аң құтылмас, бойына шаң жұқтырмас нағыз жануар екен. Мен көрген сәйгүліктер ішінде мұнымен үзеңгі қағыстырар бұл өлкеде жануар туған жоқ.

Батыраш: - Оны қайдан білесің, сен де тани береді екенсің?!

(Ашуға булығып шығып кетеді).

Күреңбай (өзімен-өзі сөйлесіп): - Терісі қандай жұқа, көзел етіктің былғарысындай мап-майда, ет пен терінің арасында жылтыраған бір май жоқ. Қанша шапса басы айналмайды, тынысы тарылмайтын талыс танау. Екі бұтының арасынан екі адам жүрелеп өткендей, жібектей күлтеленген майда жал, жеңіл құйрық.

(Күреңбай қолтық тұсындағы қабырғасын сипайды)

- Қанаты бар екен.

Жұрты: - Не дейсің, қанаты?

Жұрты: - Ол қай жерде?

Күреңбай: - Қолтығында ма?

Жұрт: - Кәне, кәне, санайықшы.

(Тұрғандар атқа ұмтылады)

Күреңбай: - Әрі тұрыңдар, бәйгеге шабар атқа қол тигізбес болар. Еті қанталап кетеді. Қолдың уыты тиеді.

(Көпті кейін шегіндіреді)

Автор: - Осы кезде ентелеп Батыраш келеді.

Батыраш (ентігіп): - Қарауылдан қаңғырып жалғыз келген Ақан қайда, қайда деймін?! «Батыраштың көк атын бөктерем» деп аузыңа келгенді оттапсың, көп ділмарсымай тұратын жеріңді айт.

Ақан: - Тұрар жерімді айтарымдай мен сенімен белдесуге, қандасуға келгем жоқ. Өшің Құлагерде екен, жарылып кетсең де шыным: Көк атың Құлагерімнің шаңына да ілесе алмайды.

Батыраш: - Егер Құлагер осы бәйгеде алдымен келсе, мына басымды қыл мойнымнан кесіп берейін.

Ақан (мырс етіп күліп): - Құлагердің алып келе жатқан бәйгесі неше тайтұяқ алтын, неше жүз ділдә, үйір-үйір жылқы. Ал сен оның бәйгесін неге арзандатасың.

Батыраш (тістеніп, ашумен айқайлап): - Егер менің атым алдымен келсе, қаңғырған Қарауылдың атының қасына торсық етіп байлап қоя беремін. Егер алдымен келсе, Құлагер аты да, Ақан аты да мәңгі өшеді! Өшетін болады!

Автор: - О, ғажап! Жат адам қатарласа шауып, қолын шылбырға соза берген. Созылған қол адамның қолы емес, айбалта құсап кетті Құлагерге. Жарқ еткен айбалта аспанға көтеріле бергендей болып еді, құлақ шекесінен бірдеме сарт етті. Басы шың етіп, көзінің алды жарқ етіп, есі ауып, қалай омақасы түскенін білмей қалды.

Ақтық рет ышқынып, басын көтеріп алған Құлагер сары аттан домалай түсіп, тізерлеп отыра кеткен Ақанның құшағына жағын төседі.

«Айдалада жалғыз қалдырмай жеттің бе, үлгердің бе? Менің қазам енді жеткен шығар, ризамын саған, бақыл бол!» деп кісінеген Құлагердің ашық қалған көзінде мөлтілдеген жас төгілмей тұнып тұр.

Ақан: (Жоқтау жырын оқиды)

Автор (интерактивті тақтадан оқиды): - Құлагер, құлыныңнан керім едің, сұрағанда нағашым беріп еді, - деп Ақан баяу ыңылдап жоқтау айтқан шерменде бір үнмен ескен желдей гуілдеп, зарлап отыр. - Шынымен өлгенің бе, Құлагерім, салбырап саптыаяқтай төменгі ернің...

Қайғылы серіге ешкім басу айтқан жоқ. Ара-арасында аһ ұрып, үһлеп, теңселе түсіп ұзақ зарлағанда, жұрт көзінен жас тамшылап, үнсіз тыңдай берді...

5-тапсырма (8 мин.)

Шығармашылық тапсырма (оқушылардың қалауы бойынша орындалады)


  1. «Құлагерді жоқтау» тақырыбына өлең шығару.

  2. Қатыгездік, көре алмаушылық сияқты жағымсыз қылықтарды басшылыққа ала отырып, сабақтың ойтүйінін шығару.

  3. «Тұсында сері болсын, пері болсын,

Ұнайды өмірімен Ақан маған» (деп Ілияс жырлағандай Ақан сұлулыққа, жаны пәк жан есебінде Құлагермен қатар есте қалады) деген тақырыпқа ойтолғау жазу (Ақан бойындағы асыл қасиеттері жайлы, несімен ұнайтындығы жайында жазуға болады).

ІІІ. Сабақты қорытындылау

  • Балалар, сабақтың басында қойған мақсаттарыңа, сол мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

  • Қандай салт-дәстүр баяндалады?

  • Бұл шығарма сендерге несімен ұнады?

  • Қандай тәрбиелік мән алдыңдар?

  • Шығарма неге «Ақырғы бәйге» деп аталды?

  • Сендер қандай ат қояр едіңдер?

Мақсатқа жетудегі оқушылардың көзқарасын ортаға салу.

  • Ендеше, балалар, пікір бәйгесін ұйымдастырайықшы. Ілиястың

поэмасында «Кір көңіл сарайының батпағы» деп ақын Батыраштың іші тар, ақылсыз, арам пиғылды жан екенін өте бейнелі жеткізе білді. Жұлдыздай ағып келе жатқан жүйрікті жолда тосып тұрып, айбалтамен шауып өлтірген Батыраш - нағыз қанпезер жауыз адам. Батыраш - Ақандай сұңғыла өнер иесінің серілігіне, сезіміне, жүйріктігіне, ерекше туған талантқа қол көтерген. Бірақ Батырашты жағымсыз кейіпкер деуге бола ма? Батыраш тұлпар баптаған сыншы, атбегі. Құлагердің Көктұйғыннан асып түсетінін білді, сондықтан жауыздық жасады. Бірақ Құлагерді өлтірген соң, өзі де қатты өкінді, қиналды, өзі істеген ісін түсіне алмады. Өз қатісін түсінді, бірақ кеш еді. Құлагер - Батыраштың қолы жетпеген арманы. «Осы аста сағы сынып бағы тайса, Ол өзін дап-дайын тұр өлдім дейге» деген жолдардан оның намысшыл, ер қанатына деген сүйіспеншілік оты маздайды. Ол өлсе де, намысты қолдан бермеуді мақсат тұтты.

(Екі топ арасындағы пікірді білу)

ІҮ. Үйге тапсырма:

Күрделі: 1) Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі ат сипатын Құлагермен салыстыр (венн диаграммаға түсіру)

2) Батыраш пен Ақанға мінездесе беру.

Үлгерімі төмен оқушылар үшін: 1) Құлагерге сипаттама бер (оқулық бойынша);

2) Жылқының суретін салып, ат әбзелдерін жазу. 3) Жылқыға байланысты мақал-мәтелдерді дәптерлеріне жазып, жаттап алу

Ү. Бағалау

Оқушылардың әрбір істеген жұмыстарын бағалап, геометриялық фигуралармен бағалап отыру, сабақ соңында жинаған ұпай сандарын қосып, интерактивті тақтада көрсетілген бағалау жүйесімен салыстыртамын.

Оқушылардың қойған бағаларын ескеріп, өзім қорытынды баға қоямын.

Бағалау жүйесі

(оқушылар өз жауаптарын интерактивті тақтадағы жүйемен салыстырады)

Бағалар

Семантикалық

карта бойынша

Топтастыру

Шышылған

өлең атауларын анықтау

Сызбаға

түсіру

Шығармашылық жұмыс

Қорытынды

«5»

5

5

5

5

5

25

5

5

5

5

4

24

«4»

5

5

4

4

4

22

4

4

4

4

4

20

«3»

4

4

4

3

3

18


© 2010-2022