Сөзжасам тарауын қорытындылап пысықтау

Сабақтың тақырыбы: Сөзжасам тарауын пысықтау (сөзжасам, фонетика  тарауы бойынша)      Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың алған білімін жүйеге келтіру , сапалылығын тексеру. Дамытушылық: Ойлау дағдысын , тілін дамыту Тәрбиелік:Тіл лазалығын сақтауға баулу, ұлттық мұраны қастерлеуге тәрбиелеу Сабақтың типі: сайыс сабақ Әдісі: сұрақ – жауап , көрнекілік Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті Көрнекілігі: кеспе қағаз, интерактивті тақта, семантикалық карта; Технология:   Деңгейлеп саралап оқыт...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сөзжасам тарауын қорытындылап пысықтауСөзжасам тарауын қорытындылап пысықтауСөзжасам тарауын қорытындылап пысықтау

Сабақтың тақырыбы: Сөзжасам тарауын пысықтау

(сөзжасам, фонетика тарауы бойынша)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың алған білімін жүйеге келтіру , сапалылығын тексеру.

Дамытушылық: Ойлау дағдысын , тілін дамыту

Тәрбиелік:Тіл лазалығын сақтауға баулу, ұлттық мұраны қастерлеуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: сайыс сабақ

Әдісі: сұрақ - жауап , көрнекілік

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Көрнекілігі: кеспе қағаз, интерактивті тақта, семантикалық карта;

Технология: Деңгейлеп саралап оқыту, үш қадамды сұхбат, топтастыру стратегиясы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, сабаққа назарын бұру, үш топқа бөлу.

Кел , балалар, оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!- деп Ыбырай атамыз айтқандай ,

бүгінгі сабақта біз көңілге қаншалықты білім тоқығанымызды сарапқа саламыз.Олай болса:

Жүйріктен жүйрік озар шабысқанда,

Күштіден күшті озады алысқанда

Білімді шәкірттер де көзге түсер

Саралап білімдерін жарысқанда , - деп сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау. Білу жүйесі

1. Тақтада орындату.

А) Талдау синтаксистік талдау.

Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге үйретеді.

Ә) 97-жаттығу Тіркесті сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрау

Мәнерлеп сырғанау, мәңілік алау, салауатты өмір салты, саяси ахуал, ілеспе аударма

Б) күрделі сөздерге қатысты өлең шығару

2. Сұрақ-жауап

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз «Блум жүйесі» арқылы өтеді.

  • Білу

  • Түсіну

  • Қолдану

  • Талдау

  • Жинақтау

  • Бағалау

Сұрақ-жауап: Ой шақыру стартегиясы

«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы

Үш топ бірімен - бірі жұмыс жасайды, бір-біріне айналдыра сұрақ қояды.

  1. Біз осы кезге дейін тіл білімнің қандай салаларымен таныстық ?

  2. Сөзжасам нені зерттейді ?

  3. Фонетика нені зерттейді?

  4. Сөзжасам түрлерін ата

  5. Дауысты дыбыстардың түрлерін ата?

  6. Түбір дегеніміз не ? Мысал

  7. Қосымша деген не ? Оның неше түрі бар?

  8. Түбірлес сөздер деген не ? Мысал

  9. Қос сөздің неше түрі бар?

  10. Тіркесті сөздер деген не ? Мысал

  11. Қысқарған сөздердің жасалу жолдары ?

  12. Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары ?

  13. Қосарлама қос сөздердің жасалу жолдары ?

  14. Күрделі сөздер

Түсіну жүйесі ойын - сайыс тапсырмалары

І топ

Төменде берiлген қос сөздердi түрлері бойынша топтап жазыңыздар.

Жауын-шашын, орынды-орынсыз, әке-шеше, ет-мет, әп-әдемi, ағайын-туыс, сөйлей-сөйлей, апалы-сiңiлi, үлкен-кiшi, жарқ-жұрқ, жiгiт-мiгiт, ап- арық, абысын-ажын, биік-биік, алыс-жақын, әлеуметтiк-саяси, қора-қора

ІІ топ

Төмендегі сөздерге -лық, лік , дық дік, тық , тік, шы, шы, шыл, шіл, лас, лес, дас, дес, тас, тес, лы, лі, ды, ді, ты, ті, ғы, гі, қыш, кіш, ғыш, гіш, ғын, гін, қын, кін, ық, ік, м-жұрнақтарын жалғап, сөз жасаңдар.

Су, күз, тігін, бауыр, заман, ақыл, ашу, тас, сыз, біл, бөл, бас

ІІІ топ талдау

Қартқожаның есі-дерті оқуға кетті. Синтаксистік талдау

Қартқожа - фонетикалық талдау

Қолдану жүйесі

Толықтыруды қажет ететін тест.

1) А,ә,о,е,э............дауыстылар (ашық дауыстылар)

2)Қосымша.......болып бөлінеді (жұрнақ, жалғау)

3) Біріккен, қос сөздер, тіркесті, қысқарған сөздер.......жатады. (күрделі)

4) Ұ - дыбысы ..... (қысаң, еріндік, жуан)

5) Ығы-жығы .... жатады. (қос сөзге)

6) Дауыссыз дыбыстар .... болып бөлінеді. (қатаң, ұяң, үнді)

7) Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша ..... деп аталады. (жалғау)

Тапсырма

«Түбір» тобы

Атам менің әмәнда

Әдепті жан бол деген

Ата сөзі санамда

Жасы үлкенге жол

берем

Өлеңді мәнерлеп

оқып,сөз бөлшек -

терін табыңда

«Қосымша» тобы

Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлде -

нең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол

берем

Өлеңді мәнерлеп

оқып,сөз бөлшек -

терін тобыңдар

«Сөзжасам» тобы

"Әдепті" сөзіне

фонетикалық

талдау

жасаңдар

Сергіту сәті:

Қызықты мәліметтер:

  1. Жақсы қаламсаппен 50 мың сөзге дейін жазуға болады екен. )

Жыландар қоректенбей үш жыл ұйықтай алады.

Көртышқан бір түннің ішінде 100 метрлік жерді қаза алады.

Ұша алатын жалғыз сүт қоректі - жарқанат.

Түйеге қарағанда егеуқұйрық шөлге төзімдірек.

Кейбір қарлығаш ұшып жүріп ұйықтайды.

Тек екі жануар ғана мойын бұрмай-ақ артындағыны көре алады, олар - қоян мен тотықұс. екен. .

Адам күлгенде жүректің жұмысы жақсарады екен .

(Осы сөйлемдердің ішінен күрделі сөздерді табу.)


  1. Бір-бірімен сыбайлас

Бірі айтылады да, естіледі,

Екіншісі жазылады да көрінеді. (дыбыс,әріп)

Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе? А-яқ-та

Қай буында дыбыс көп болады? Ашықта ма, тұйықта ма, бітеуде ме? (бітеуде)

АТАУ

Барлығыңа үлгі болар, қарақтар,
Байсалды да, ақылды да Марат бар.


ІЛІК

Жеке басым ең алдымен Мараттың

Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым.

БАРЫС
Сенбейсің бе, күнделікті парақта:
Талай бестік қойылыпты Маратқа.

ТАБЫС
Батыл емес дей алмайсың Маратты,
Сол үйретті ауылдағы бар атты.

ЖАТЫС
Алғыссыз күн болған емес Маратта,
Жетеді онда ынта, жігер, талап та.

ШЫҒЫС
Қай өнер де табылады Мараттан,
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан.

КӨМЕКТЕС
Міне, сондай жақсы бала Маратпен
Дос бола алмай жүргендер де бар, әттең!
(Қ. Мырзалиев)


Талдау жүйесі

Бекіту кезеңі: Бүгінгі сабақты қалай меңгергенін бақылау үшін семантикалық картаны толтыру, тест тапсырмаларын орындау. (әр оқушыға жеке-жеке таратылады.)

Семантикалық картаны толтыру

Мысалдар

Тіркесті сөз

Сөз тіркесі

1

Алтын сақина

2

Жақсы көру

3

Азу тіс

5

Ойнап жүр

6

Ақ көйлек

7

Он бес

8

Түзу сызық

9

Тіл білімі

10

Қалың кітап

Тест тапсырмасы

1. Біріңғай қысаң дауысты дыбыстар тұратын сөзді табыңдар

А) жұлдыз

Ә) әліппе

Б) балапан

В) өгіз

2. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай бөлінеді:

А) ұяң, үнді, қатаң

Ә) қатаң, еріндік, езулік

Б) ашық, қысаң, ұяң

В) үнді, жуан, жіңішке

3. Біріңғай буынды сөзді табыңдар:

А) егеуқұйрық

Ә) торғай

Б) баспана

В) ара

4. Тасымалданбайтын сөзді көрсетіңдер:

А) төрт

Ә) ешкі

Б) сауысқан

В) гүлдер

5. Тұрақты сөз тіркесін анықтаңдар:

А) құлақ аспау

Ә) құлақ-дене мүшесі

Б) құлағы жаурады

В) өз құлағымен естіді.

Жинақтау жүйесі: Топтастыру стратегиясы арқылы оқушылардың сөзжасам бойынша білімдерін жинақтау

түбір


Күрделі сөздер

қосымша

сөзжасам


Дара сөздер


Сабақты қорытындылау:

"Кім тапқыр"ойыны

Суреттерді қара. Түбірге қосымшалар ол қосымшаның қай түрі екенін ажырат.

Сөзжасам тарауын қорытындылап пысықтауСөзжасам тарауын қорытындылап пысықтауСөзжасам тарауын қорытындылап пысықтауСөзжасам тарауын қорытындылап пысықтауСөзжасам тарауын қорытындылап пысықтауСөзжасам тарауын қорытындылап пысықтау

Не нәрсені де істеуге

Икемді тұрған баланы

Ілімді десе болмас па ?

Үйреткенді зердереп

Тоқып алған баланы

Білімді десе болмас па ? - деп сабағымызды аяқтаймыз.

Бағалау жүйесі

Оқушылардың білімдерін критериалды бағалау

Үйге тапсырма: 99-жаттығу , тест құрастырып келу




© 2010-2022