Коучинг сабағым жайында рефлексивті есеп

Мен мектептегі іс-тәжірибе кезінде әріптестеріммен кеңесіп, олардың кәсіби білімін жетілдіру және өзімнің курс кезіндегі тәжірибеммен бөлісу мақсатында коучингтер өткіздім. Әріптестеріммен коучинг өткізуде өз пікірлерімен бөліскен болатынмын. Олардың қандай тақырыптарды қалайтынын да сұрастырдым. 1-ші сабағыма «Оқытуды басқару және көшбасшылық» тақырыбын таңдадым. Сабақтың мақсаты мұғалімдердің басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсі...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мукушева Гульмира Серикпековна Мұғалім портфолиосы В 1.1 есебі

21 топ ІІ деңгей

Алматы қаласы 21.11.2014 ж



Коучинг сабағым жайында рефлексивті есеп

1-бөлім. Тақырыпты негіздеу

Мен мектептегі іс-тәжірибе кезінде әріптестеріммен кеңесіп, олардың кәсіби білімін жетілдіру және өзімнің курс кезіндегі тәжірибеммен бөлісу мақсатында коучингтер өткіздім. Әріптестеріммен коучинг өткізуде өз пікірлерімен бөліскен болатынмын. Олардың қандай тақырыптарды қалайтынын да сұрастырдым. 1-ші сабағыма «Оқытуды басқару және көшбасшылық» тақырыбын таңдадым. Сабақтың мақсаты мұғалімдердің басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту. Менің әріптестерімнің пікірінше бұл тақырып әркімнің өз бойындағы көшбасшылық қабілетін жетілдіруге ықпал етеді. Мұғалім- мектептің жүрегі, оқушылардың екінші анасы, білім нәрімен сусындататын көшбасшы емес пе?!

Менің мектебім Қарағанды облысы Осакаровка кенті «№1 жалпы орта білім беру мектебі» КММ. Мектепте орыс-қазақ сыныптары оқиды, онда 800 бала білім алады. 84 мұғалім өз шәкірттеріне білім беруде.

Өз іс-тәжірибеммен бөлісуде, коучинг сабақтарын өткізуде мектеп әкімшілігі, әріптестерім қолдап, сабағыма шын ықыласпен, қызығушылықпен қатысты. Сабаққа жоғары, бірінші, екінші санатты мұғалімдер және жас мамандар қатысты. Бұл мұғалімдер өз ісіне шын жүректерімен берілген, сабақтарында инновациялық технологияларды қолданып жүрген, озық тәжірибелі ұстаздар. Бірнеше мәрте ашық сабақтар өткізген, іс-тәжірибелерімен бөліскен. Сондықтан да осы мұғалімдермен жұмыс жасауда жетістікке жетуіме сенімді болдым.

2-бөлім. Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау.

1-ші коучинг сабағымның тақырыбы «Оқытуды басқару және көшбасшылық». Сабақтың мақсаты: басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту. Оқыту нәтижесі: топтастыра отырып басқару және көшбасшылық туралы түсінік қалыптасады, көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып, қажет жағдайда тиімді пайдалана алуға

үйренеді. Негізгі идеялары: әр адам өз бойындағы көшбасшылық қабілетін жетілдіреді. Мұғалімдер өз мектептерінде оқушылар мен мұғалімдердің оқуын іске асыратын көшбасшы болып табылады. Сабақтың көрнекіліктері: мұғалімге арналған нұсқаулық, суреттер, ғаламтор материалдары, күлегештер,презентация.

Сабақтағы алғашқы қадамды топқа бөлуден бастадым. Топқа бөліп оқыту оқу ісін ұйымдастырудағы тиімді тәсілдердің бірі. 1-топ Қазақ билері, 2-топ Ел басшылары, 3-топ Педагогтер деп алынды. Қазақ билері- Әйтеке би, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би. Ел басшылары- Н.Ә.Назарбаев, В.В.Путин, Б.Обама, И.Каримов. Педагогтар- А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Макаренко, Аманошвили.Мұғалімдер осы аталған тұлғалардың фотосуреттерін таңдап алып, қай үш топтың атына сәйкес келеді, сол топқа барып отырды. Сабақтың тақырыбын айтпастан, кіріспе тапсырмада осы тұлғалардың барлығына ортақ қандай қасиет бар деп ойлайсыздар? деген ой тастадым. Мұғалімдер өз пікірлерін айтып, сабақтың тақырыбын ашты. Содан кейін әріптестеріме сабақтың мақсатымен, оқыту нәтижесімен, негізгі идеяларымен таныстырдым және «Іс әркеттегі бөлінген көшбасшылық» мәселесін Макбеттің зерттегені туралы (2004 жыл) да мағлұмат бере кеттім.

Сабақ барысындағы 1-тапсырмада сұрақтар қойып, мұғалімдерге осы сұрақтардың жауабын постер қорғау арқылы беруін өтіндім. Сұрақтар реті мынадай болды:

1-топқа Көшбасшы деген кім?, 2-топқа Көшбасшы мұғалімнің бойында қандай қасиет болады?, 3-топқа Көшбасшы болу үшін... деген сұрақтар берілді. Постер жасау уақыты белгіленіп отырды.

1- топ өз жауабында Көшбасшы деген- ұйымдастыру қабілеті жоғары, қайратты, білімді, тапқыр, ойы ұшқыр, талапшыл, іскер, дипломат деген ойларын айтып, постерді қорғады.

2-топ Көшбасшы мұғалім мақсаты айқын, білімді, ұстанымды, оптимист, позитивті, коммуникативті, оратор, психолог, шапшаң ойлайтын, сараптама жасай алатын, үнемі ізденістегі адам деп жауап берді.

3-топ Көшбасшы болу үшін білімді, ақылды, жігерлі, сауатты, өз ойын еркін жеткізе алатын шешен, ұйымдастырушы, байсалды, тәрбиелі, әр саладан түсінігі мол, көңілді, қоршаған ортасына бейімді, беделді болу қажет деді. Мұғалімдердің жауабынан кейін интербелсенді тақта арқылы олардың

жауаптарын толықтырдым. Коучинг сабағым жайында рефлексивті есеп

Коучинг сабағым жайында рефлексивті есеп









Постер жасау және қорғау уақыты

Көшбасшы - жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін ауыртпашылығына төзе білетін тұлға.
Көшбасшы ең алдымен оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдалану, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады.

Көшбасшыға тән қасиеттер: Көшбасшы жауапкершілікті өзіне алатын, қиын кезде тығырықтан шығу жолын таба білетін, өз пікірі, ұстанымы бар беделді адам. Көшбасшыға білімді, адал, сенімді, адамгершілігі мол қасиеттер тән.

Көшбасшы болу үшін - жауапкершілігі мол, білімді, мақсатқа ұмтылатын, жұмысқа қабілетті, қолынан іс келетін, ынтымақтастықта әрекет ететін үстаз болу керек.Коучинг сабағым жайында рефлексивті есеп

9 нүктені төрт сызық арқылы қаламның ұшын көтермей қосып шығу тапсырмасын

орындауы



2-тапсырма «Ойлан, тап!». Мұнда 9 нүктені төрт сызық арқылы қаламның ұшын көтермей қосып шығу. Оған 5 минут берілді. Мұғалімдер бұл тапсырманы орындауда қиналып,тапсырманы Коучинг сабағым жайында рефлексивті есеп

Әріптестерімнің «Құмырсқа» бейнежазбасын тамашалауыорындай алмады. 3 -тапсырма. «Құмырсқа» бейнефильмі көрсетілді. Бейнефильмде жәндіктің еңбекқорлығы, басқарушылық қабілеті көрсетілді. Мұғалімдер кішентай жәндіктен адамдардың алатын ғибраты көп екенін айтып, өз ойларымен бөлісті. Бұған 3 минут уақыт кетті.

Ұстаздар қауымы тренинг сергіту сәтінде «Көңілді күн» әнінің бейнежазбасын көріп, тамашалап, бойларын жазып,көңіл күйлері көтерілді .

4-тапсырмаға 7 минут уақыт берілді. Көшбасшылықты ақылдың алты қалпағына салу жүктелді. (Эдвард де Боно "6 ойлау қалпағы")



Әріптестерімнің берілген тапсырманы орындауда ойлану үстінде және қорғауыКоучинг сабағым жайында рефлексивті есепКоучинг сабағым жайында рефлексивті есеп

Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру

Қызыл (от) - ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

Қара (тұман) - негативті ойлау, мысалы: "бұл орындалмайды, себебі...."

Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»

Жасыл (дала) - жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Көк (аспан) - жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.

5-тапсырманы орындау үшін рөлдік ойын ұсындым.

Теңізде тыныштық болған кезде әркім де штурвалды ұстап тұра алады.Сіздің көшбасшылық қасиетіңіз теңіз толқып, онда бірқатар өзгерістер болған жағдайда байқалғалы тұр.Мұндай сәтте адамдар да толқып,бағыттарын жоғалта бастайды,күйзеліс туындайды,стресс шалады. ТАПСЫРМА: көшбасшы ретінде , яғни айналадағының барлығының болашағына күдік туған сәтте Сіз олардың көңіліне қайтіп үміт отын ұялатар едіңіз?

1-ші және 2-ші топқа рольдік ойын көрсету тапсырылды.Ал үшінші топқа бағалаушы болу тапсырылды. Бұл топ ең алдымен бағалау критерийін құрып алды.Сол бойынша әріптестерін бағалады. Менің әріптестерім өздерінің шығармашылық қабілеттерін, талантарын көрсетіп бұл тапсырманы да сәтті орындап шықты.

Сабақты қорытындылау рефлексияны «екі жұлдыз, бір тілек» деп алып, әріптестерім коучинг сабақ туралы өз ойларын, тілектерін білдірді. Онда ұстаздар қауымы сабақтың көңілді, тартымды, қызықты өткенін, сабаққа қатысқандарына қуанышты екенін жазып, рахмет айтып, сәттілік тілегендерін арнайы таратылған қағаздарға жазды.

Сабақтың сәтті өткен тұстары деп мынаны айтар едім:

  • Мұғалімдер жаңа тәжірибені асқан қызығушылықпен қарсы алды;

  • Олар әрбір тапсырманы жауапкершілікпен, байыппен орындады;

  • Сабақ барысында белсенділік танытты.

Сәтсіз өткен тұстары:

  • Менің коуч ретінде іс-тәжірибемнің аз екені,себебі әріптестеріммен коучинг сабақты алғаш өткізуім.

  • Сабақ уақытын жоспарлағаннан артығырақ болғаны.Себебі, кейбір тапсырмаларды әріптестерімнің берілген уақыттан ұзақ орындауы.

3- бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау.

Коучинг сабағымның нәтижесінде мұғалім-әріптестерім өздері үшін маңызды ақпарат, шығармашылық серпін алып, кәсіби біліктілігін арттырды. Олар мұғалім үшін көшбасшылықтың маңызын ұғынды. Яғни, мұғалім өзінің оқыту және оқу үдерістерін түсінуін нақтылауға мән беруін, оны әріптестерімен талқылауы, балаларды да оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау керегін меңгерді. Сергіту сәті де өте сәтті өтті. Ұстаздар қауымы көңілдерін бір көтеріп алды. Әр тапсырманы орындағаннан кейін «твикс» конфетімен мадақтап отырдым.

Бұл оқытудың дәлелдемесі ретінде фотосуреттер, слайдтарды және шығармашылық ұжымның көрнекілік құралдарын ұсынамын.

Алдағы уақытта оқытуда мұғалімдердің шығармашылық деңгейінің одан әрі кеңейуін, әріптестерді кәсіби дамыту үшін мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін түсінуді мақсат етіп аламын. Осы мақсатқа жету үшін еңбек етемін.






© 2010-2022