Сын тұрғыдан ойлауға үйрету

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Павлодар қаласындағы

дарынды балаларға арналған

№8 лицей- мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Жакиенова Оркен Абылкасымовна

Сын тұрғыдан ойлауға үйрету туралы рефлекивтік есеп

Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. ( Нұсқаулық, 49-бет)

Топтық жұмыстың ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс істеу сыныптағы ынтымастық атмосферасын күшейтеді. Ынтымастық атмосферасын қалыптастыру болашақтағы жұмысымызды нәтижелі және сын тұрғысынан ойлауды талап етеді. Сыныптағы дұрыс қалыптасқан психологиялық ахуал оқушының жайлы білім алуының негізі. Райын мен Деки айту бойынша оқушылардың бойында «ішкі уәж» қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін - өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады.

Сабақта сәлемдесудің түрлеріне көңіл бөліп отырдым. Мысалы «Шаттық шеңбері», «Сәлем сөздің патшасы», «Он екі мүшесімен амандасу» сәлемдесу түрінде оқушылар бір - біріне жылы лебіздерін білдіріп, сабаққа, бүгінгі күнге сәттілік тіледі.

Топттық жұмыс оқушыларды қызықтырды. Өйткені бір -бірімен қарым -қатынас жасап, ойларын ортаға салып, флипчартқа түсіру оны қорғау жұмыстары сабақ барысында ыңтымақтастық атмосфера қалыптасып отырылады. Қазақ тілі сабағында диалогтік оқытуды топта жүргізудің маңызы зор. Топтағы диалог оқушылардың тілдік дағдыларының жетілуіне үлкен ықпалын тигізеді. Тақырыпты жұппен, топпен талқылау барысында оқушылардың сөздік қоры дамиды. «Қазақ тілін не үшің үйреніп жүрсің?» тақырыбын қорытындылау барысында, тақырып бойынша әр топқа постер жасауды ұсындым. Бұл жерде зерттеушілік әңгіме жүзеге асты. Постер жасау кезінде оқушылар сын тұрғысынан ойлап топта зерттеп, негізгі шешімге келе білді. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау, туралы ойлау» деп сипатталады. Психолог Дайана Халперн сыни тұрғыдан ойлауды күтілетін түпкі нәтижеге қол жеткізудің мүмкіндігін ұлғайтатын когнитивтік техникалар мен стратегияларды қолдану деп қарастырады.

Постерде тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, қорытындылап шықты. Оқушылар постер қорғау кезінде ерекше белсенділік көрсетті. Жалпы топтардың жұмысы ұйымдасқан түрде болды. Жұмыс кезінде оқушылардың өзара диалогтары жақсы болды. Постерді салу және қорғау кезінде топ басшыларының көшбасшылық қасиеттері ашыла түсіп, ұйымдастырушылық қабілеттері арта түсті.

Сыни тұрғыдан ойлауды зерттеген ғалымдар: Александер, Д. Дьюи, Д.Шон, Мерсер. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда Александер тәжірибеде зерттелген диалогтің 5 үлгісін анықтаған. Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатыны туралы айтқан. (Нұсқаулық 50-бет)

Мерсер сыныпта талқылаудағы дәлелдің 3 түрін анықтады: пікірталастық әңгіме; кумулятивтік әңгіме ; зерттеушілік әңгіме. Бұл әңгімелер сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады. ( Нұсқаулық 51-бет)

Әңгімелесудің үш түрі менің тәжірибемде байқалды. Мәселен, әңгіме-дебат кезінде «Тіл білу - өнер» тақырыбы бойынша оқушылар топта «Иә, дұрыс», «Жоқ, дұрыс емес» деген жауаптарын дәлелдеп отырса, зерттеушілік әңгімеде көшбасшының сұрағына топ мүшелері өз ойларын ортаға салды.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон(2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.(Нұсқаулық, 39 бет)

Сын тұрғысынан оқыту дегеніміз не? Сын тұрғысынан ойлау - ашық қоғам негізі. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады. Келесі сабақтарымда да сұрақ қоюдың үлгісін «бастама-жауап-кейінгі әрекет» нысаны бойынша құрастырдым. «Тіл үйрену жолдары» тақырыбы бойынша «Қазақ тілі сабағында тіл үйрену кезінде қандай жұмыстар жасайсыңдар еске түсіріңдер?» деген түрткі сұраққа оқушылар топ ішінде талқылап. Сынақтан өткізу сұрағына оқушылар анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге тырысты. Надя орташа оқитын оқушым алғашқы екі сабақта қатысқысы келмей отырды. Өз- өзіне сенімсіздік, қорқыныш, үрей мінезі байқалды. Өйткені Надя топпен жұмыс жасауға дағдыланбаған оқушы. Диалогқа бірден түсуге қиналатын. Келесі сабақта салған постері бойынша топпен ортаға шығып, өз пікірін қосты. Топтың ішінде диалогта араласып отырды. Өзіне деген сенімсіздігін жоя білді. Талдау барысында сөйлеу дағдысы, тіл байлығы артқаны байқалды.

Сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау ретінде «Көмектесе алатындар бар ма?» дегенде бірінші топта Надя өз ойын ортаға салды. Біз қазақ тілі сабағында жаңа сөздерді меңгереміз, сөйлем құрастырамыз. Надяның айтқан сөзімен топ мүшелері келесті, бірақ Нұрғиса сұрақтарға толық жауап берді. Төмен дәрежелі сұрақтардан, жоғары сұраққа көштім. Жоғары дәрежелі сұрақ қойдым. «Сөздерді не арқылы меңгересің?» Бұл сұраққа жақсы оқитын оқушы Альнура көп ойламастан жауап берді. Бұл сабақта тек қана Филипп үндемей отырды. Катя оған төмен дәрежелі сұрақ қойды. Қазақ тілі сабағында не істейсің? Филиппке бұл сұраққа жауап беру қиынға соқпады. Өйткені алдындағы жауаптарды мұқият тыңдағандықтан, дұрыс жауап берді. Оқушы жауабынан кейінгі әрекет - басқа оқушыларға толықтыруды өтіну, өзімнің тарапымнан оқушы жауабын құптау, мадақтау болды.

Ал сабақтың негізгі, бекіту кезеңдерінде сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларын қолдандым. Өткен тақырыпты еске түсіру және жаңа тақырыпқа көшу кезіндегі диалогтік оқытудың тиімді екенін байқадым. Оқушылар әр жауапқа сын тұрғысынан ойлап, жауаптарын толық жеткізуге тырысты.

«Тіл мәдениеті» тақырыбы бойынша түрткі болуға арналған сұрақтарды қолдану кезінде, «Тіл мәдениеті сөз тіркесіне байланысты қандай ассоциациялар туындайды?» деген сұрақ қойдым. Оқушылар тақырып бойынша топтастыру стратегиясы арқылы интербелсенді тақтада жазды.

Сабақтың қорытындылау негізінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша «Домино» әдісін ұсындым. Бұл тапсырма оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіруге тиімді болды.

Сынақтан өткізуге арналған сұрақтарды грамматикалық тақырып бойынша бердім. Сұраққа жауап толық болмаған жағдайда басқа оқушыларға қайта бағыттап толықтыруды өтініп отырдым. «Тіл мәдениеті» сабағында, «Тілді қадірлеу неден басталады?» деген сұраққа топ ішінде талқылап, төмен оқитын оқушым жауап бергенде, өзім таңқалдым. Топта жұмыс жасаудың және көшбасшының маңыздылығы екеніне көзім жетті.

Барнс сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. «Ана тілде сөйлеу» сабағымда, жаңа сабақты меңгеру кезеңінде оқушылар мәтінді топта оқып, талдап, ЖИГСО әдісі арқылы басқа топқа ауысып, басқа топта талдады. Мәтінмен жұмыс барысында СТО технологиясынан «Түртіп алу әдісі» бойынша өткіздім. Бұл тапсырманы әр оқушы жеке орындады. Тапсырманы мүлдем орындай алмаған бала болған жоқ. Тапсырманы бекіте түсу үшін, әр топтан бір балаға оқыттым.

Жаңа білімді игеру кезеңінде берілген тапсырмаларды Ақпараттық коммуникативтік технологияны қолданып құрастырдым. Интербелсенді тақтада «Қазақ тілін меңгеру үшін не істеу керек?» сұраққа меңгеру жолдарын анықтап, жауаптарын толықтырып отырды. Оқушылардың белсенділігі, қызығушылығы арта түсті.

Топта жұмыс жасауда алғашқыда оқушылар бір - бірін тыңдамай, сыныпта шу болатын. Барлығы да жазғандарын сабақтан соң топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыстарын талдау барысында жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды. Бір - бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді.
Оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады:
1. Оқушылар бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2.Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
3. Топтарының сұрақтарына жауап береді.
4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды.
5. Қорытынды шығарады.
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.

Оқушылар жұмыс жасау барысында бір - біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш - қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан - жақты дамытатынын байқадым.

Сабақтың бекіту кезеңінде сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Бес жол өлең», «Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?» стратегиясы бойынша тапсырма бердім.

Әр топ бір-бірімен ақылдасып, ізденіп жұмыс жасады. Әр топ өз жұмысын қорғап, түсіндіріп шықты. Венн диаграммасы арқылы «Әдебиет тілдің және тұрмыс тілдің» ұқсастығы, айырмашылығын сызба түрінде салыстырып берді. Әр топтан бір оқушы шығып венн диаграммасын қорғады. Топ басшылары өз топтарында сөйлемей отырған балаларды шығаруға тырысты. Филипп деген оқушы алдыңғы сабақта белсенділік танытпаса, бүгінгі сабаққа қызығушылығы артып, барлық тапсырмаларды орындауға қатысып отырды, өз тобының венн диаграммасын қорғады. Осы жердегі өте ұтымды болғаны оқушыларды қолпаштау мадақтау арқылы белсенділігің арттыру және өз ойларын еркін айтуға жағдай туғызу. Өздіктерінен ізденіс барысында топ ішінде талдау жасауда өзімнің бақылауымнан балалардың жоғары деңгейлі сұрақтардың логикалық ойлауларын дамытуда маңыздылығын көрдім. Сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындыладық. Соңында әр оқушы сабақты стикерге өз ойын жазу арқылы қорытындылады. Сынан ойлау - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, жүйелеп білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Басты мақсаты оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Сабақты жақсы оқитың Катя сабақ барысында әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындауға қатысып отырып, шығармашылық тапсырмада "Тіл әрі бай, әрі көркем" тақырыбында эссе жазды. Өз ойын жүйелі, қызықты жеткізе білді. Тілдің маңыздылығын, қажеттілігін дәлелдеп шықты. Шығармашылық тапсырманы орындау ерекшелігімен Катя көзге түсе білді. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.

Қорыта айтқанда, сабақ барысынды жеті модульді пайдалану нәтижесінде оқушының өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп алуы, өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы, оқуға деген қызығушылығының артуы, мақсатта өз бетімен ұмтылуы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шығармашылықпен айналысуға талпынысы, сұрақ қойып, сұраққтарға жауап бере алуы, жүйелеуге дағдылануы қамтамасыз етіледі. Ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту екендігіне көзіміз жетті. Өйткені, белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады.

Кедергілер: Оқушының қызығушылығын тудыра алмау, оқушыларды сыни ойлауға бағыттай алмау.

Шешу жолдары:Оқушының ерекшеліктерін анықтау(бақылау, сауалнама, әріптестермен пікірлесу). Оқушыларды топта жұмыс істеуге қызықтыру. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызу.

Нәтижесі: Пәнге деген қызығушылығы артты. Топ ішінде ұйымшылдықпен жұмыс істеді. Оқушылар өз ойын еркін жеткізе алды.

Келесі қадамдар:

Ұсынылған материалды өңдеуге үйрету, әріптестерімен, тренерлермен алған нәтиже бойынша кеңесу, сыни ойлау бойынша ресурстарды ұтымды қолдану.


© 2010-2022