Жақсы ұстаз-ұлт мақтанышы Әбжапбарова

Раздел Другое
Класс 12 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жақсы ұстаз-ұлт мақтанышы

Жеті жұрттың тілін біл

Жеті түрлі білім біл - деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Қазіргі техниканың қарыштап дамыған заманында заманыңа лайық білім біліп, ғылымның әр саласын меңгеру де тілге байланысты.Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай отырып, Елбасымыз мақсат тұтқан Үш тұғырлы тіл саясаты қазіргі таңда мықтап қолға алынуда. Осындай игі істердің басы да, бастамасы болып жүретін бірден бір жандар ол -ұстаздар қауымы.

Менің осы мақалама арқау етіп, айтқалы отырған кейіпкерім де, мектебімізде ерен еңбектерімен көзге түсіп жүрген талантты ұстаз -Макира Аманкелдіқызы.

Ағылшын тілі пәнінінің мұғалімі Макира Құланбаева еліміздегі үш тұғырлы тіл саясатының дамуына үлес қосып жатқан білікті ұстаз. Болашаққа қадам басқалы тұрған шәкірттерге ағылшын тілінен дәріс беріп,өзге тілдің қыр сырын меңгеруге өз үлесін қосуда. Ол кісінің тәрбиелеген шәкірттері ғылыми жобалар мен түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындар иеленіп жүр.

Осындай ерен еңбегі үшін Құланбаева Макира «Тіл және әдебиет сабақтарында оқушылардың кең ауқымды дағдыларын дамыту мәселелерін дамытудағы шығармашылық ізденісі үшін» «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Алғыс хатымен» және ғылым мен білім саласының дамуына елеулі үлес қосып,педагогикалық қызметте жеткен табыстары үшін Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының «Әл-Фараби» төсбелгісімен марапатталды.

Құланбаева Макира- қазіргі таңда заман талабына сай шығармашылық ізденіспен, әдістемелік шеберлікпен еңбек етіп жүрген ұстаз. Өзінің еңбекқорлығы, ізденгіштігі мен кішіпейілдігінің арқасында шәкірттерінің жүрегінен жол таба білетін мұғалім.

№34 Ә.Бердаулетов атындағы орта

мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Г.Әбжапбарова

© 2010-2022