Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалаларыҚарағанды қаласы

«74 ЖББОМ» КММ-сі

орыс сыныптарындағы

қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі Зарубаева Лилия Елеухановна

8 сынып. Қазақ тілі

І.Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары.

ІІ.Сабақтың мақсаты: Қазақстанның қалалары туралы мәлімет беру, берілген

мәтінді дұрыс оқуға, түсінуге дағдыландыру, модуль бо-

йынша алған білімдерін кеңейту. Өз ойларын еркін айта

білуге үйрету.

ІІІ. Сабақтың міндеттері: а) білімділік: оқушылардың лексикасын байыту, өз бе-

тімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Топтық

процеске байланысты пікір алмасу, ақпараттарды зерттеу

барысында проективтік ойлау, ортақ қорытынды шығару

қасиеттерін арттыру;

ә) дамытушылық: оқушылардың тапқырлық, ізденімпаз-

дық қасиеттерін қалыптастыру, ой - өрісін, сөздік қорын,

тіл байлығын дамыту.

б) тәрбиелік: өз Отанын, халқын, жерін сүюге, өз жерін

мақтаныш етуге тәрбиелеу; ұжымдық шығармашылыққа ,

ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

ІV.Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, зерттеу сабағы

V. Сабақтың типі: аралас сабақ

VІ.Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап , іздендіру, тестік әдіс, топтық жұмыс, сыни

тұрғысынган ойлау ( «Бес саусақ », «10 жауап», «Суретті

мәтіннен тауып оқы», «Әліппе желісімен» стратегиясы,

рефлексия стратегиясы), графикалық диктант

VІІ. Сабақтың формасы : топпен жұмыс , жалпысыныптық жұмыс

ҮІІІ. Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, флипчарт, бағалау парақ-

тары, үлестірмелі кеспелер, графикалық тақта

ІХ. Пәнаралық байланыс: тарих, география, информатика

Х. Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

1.

Күн шуағы:Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

Қайырлы күн,достар!

Бүгінгі күн, міне,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестіктер болсын!!!

2. - Бүгінгі өтетін тақырыбымызды ребус шешу арқылы анықтап алайық. Назары-мызды тақтаға аударамыз.

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалаларыЖауабы: Қазақстан қалалары.

ІІ.Жаңа сабақ

1.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, міндеттерімен ,барысымен таныстыру.

2. Басталуын ұйымдастыру:

3. Қазақстан картасымен жұмыс.

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары


  • Біздің тақырыбымыз «Қазақстан қалалары». Оларды қалай білесіңдер қазір тексереміз

  • Жерімізге бұлт төнбес үшін әр бұлтты ашып, сұрақтарға жауап береміз. Қай қала екенін анықтаймыз. Кім бірінші бастайды ?

Бұлттағы сұрақтар.

  1. Қазақстанның неше астанасы болған? Оларды атаңдар.

  2. Күрделі сөздердің неше түрі бар? Оларды атаңдар.

  3. Қазақстанның көне қалаларын атаңдар.

  4. "Астана" сөзінің синонимдері

- Аталған қалаларды мен жұлдыздармен белгіледім. Ерекше үш жұлдыз тұр. Ол қандай қалалар? (Алматы, Астана, Қарағанды)

- Неге бұл қалалар ерекше деп ойлайсындар ?

- Алматы - бұрынғы астанамыз.

- Қарағанды - біздің туған жеріміз.

- Астана - жаңа ел ордамыз.

4. Топпен жұмыс.

- Балалар, бүгінгі сбағымыз күндегі сабақтан ерекше болмақ. Себебі біз үш топқа бөлініп, зерттеу жұмысын жасаймыз.

-Үш топ: А тобы - Алматы қаласын зерттейді.

Б тобы - Астана қаласын зерттейді

М тобы -Қарағанды қаласын зерттейді.

- Топтың ішінде әр оқушының қызметі болады

А - 1 -жетоны бар оқушы - ЗЕРТТЕУ ТОПТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

КОНСУЛЬТАНТ қызметін атқарады

А - 2 - жетоны бар оқушы - ЛИНГВИСТ қызметін атқарады.

А - 3 - жетоны бар оқушы - ТАРИХШЫ қызметін атқарады

А - 4 - жетоны бар оқушы - ГЕОГРАФ қызметін атқарады

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

1. Географтардың зерттеу жұмысы

- географиялық орналысуы

- қаланың көлемі

- халықтың саны

- су ресурстары

- қала мәртебесін алған жылы

2. Тарихшылардың зерттеу жұмыстары

- қаланған жылы

- бұрынғы аттары

- мәдени орындары

- тарихи ескерткіштері

3. Лингвисттардың зерттеу жұмысы

- мәтіннің ішінен күрделі сөздерді тауып, түріне ажырату;

-тестік тапсырмаларды орындау;

- сөз құрамына талдау жасау ;

- морфологиялық талдау жасау.

4. Жетекшінің зерттеу жұмысы

- топтарды басқару;

- түсініксіз, таныс емес, бұрын кездеспеген сөздерді , сөз тізбектерді түсіндіру;

- топтардың оқу іскерліктерін ұйымдастыру;

- оқушылардың сөйлеу сапасына, сөздік құрамына, дыбыс ерекшеліктеріне басты назар аударып ,керекті жерлерін түзетіп , қайталатып, қажет сөзді табуға көмек-теседі.

- Сендердің жұмыстарыңды сендердің сынып жетекшілерің Аида Алмазовна кесте бойынша бағалайды.

  • Жұмысқа кірісейік!

5. -Жұмбақ шешу арқылы, қай қаланы зерттейтінімізді анықтайық.

Толассыз күні-түні шахталары

Тереңнен қазынасын ақтарады.

Көмірлі болғанмен осы қала,

Атымен өсімдіктің аталады.

(Қарағанды)

1. Географтардың жұмысы.

1. Географиялық орналасуы

2. Көлемі

3. Халықтың саны

4. Су ресурстары


2. Тарихшылардың жұмысы

1. Қаланған жылы

2. Бұрынғы аттары

3. Мәдени орындары

4. Тарихы ескерткіштері

5. Қала мәртебесін алған жылы

3. - Балалар, слайдта көріп тұрған қаламыздағы қандай кешен?

- «Арена» мұз айдыны. «Арена» мұз айдынына кіру үшін арнайы тапсырманы орындау керек. Олай болса, ендігі тапсырмамыз лингвистерімізге арналады.

Берілген сөздерден туынды сын есім жасаңдар.

Жаз, тап, үр, ұял, өнер, аш, қап, қала, бұлт, әдеп, тау.

6. - «Арена» мұз айдынына кірдік. Енді біз хоккей ойынын ойнаймыз. Ол үшін берілген сөздер қай күрделі сөзге жататынын анықтауымыз керек.

  1. Аппақ -қос сөз

  2. Бүгін -біріккен сөз

  3. ҚР -сөз тіркесі

  4. Қысқы олимпиада -сөз тіркесі

-Жарайсыңдар! Тапсырманы өте жақсы орындап шықтыңдар. Бұл жеңісімізді 7 ақпанда басталған қысқы олимпиадаға қатысушы қазақстандық спортшыларға ар-наймыз. Олар елімізге жеңіспен оралсын дейміз.

7. «Қарағанды» мәтінімен жұмыс.

Қарағанды қаласы

Қарағанды қаласы - бұл индустриалдық орталық, теміржол мен әуе жолының аса маңызды то-рабы, ғылымы мен мәдениеті дамыған қала, көптеген туристік-экскурсиялық желістердің қайна-ған ортасы. Қала 1934 жылы 10 ақпанда құрылған. Өзінің экономикалық, ғылыми және мәдени әлеуеті бойынша Қарағанды Қазақстанның жетекші орындарының бірін алады, қалада 113-тан аса ұлт өкілдерінен құралған 471,8 мың адам тұрады. Қала аумағы 497,8 шаршы метрді құрайды. Қа-рағандыда көмір өңдіретін ірі кәсіпорындар, машина жасау, металл өңдеу және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ көптеген көлік және байланыс кәсіпорындары істейді. Қала өз атын осы өңірде мол өсе-тін кішкене ағаштардың тұқымы қарағанға байланысты атаған (желтая акация). ХІХ ғасырда қала-ның орнында ешнәрсе болмаған. 1833 жылы көмірді алғаш рет малшы бала Аппақ Байжанов тап-қан. ХІХ ғасырдың аяғында көмірді алғаш рет орыс көпестері, содан кейін француздар және ағыл-шын кәсіпкерлері өндіре бастаған. Қаланың мәдени өмірі қызықты да көңілді. Қалада өнерді құр-меттейтіндер «Шалқыма» концерт залына барады, онда классикалық музыка концерттерімен ком-позиторлар, дирижерлер және музыканттар өнер көрсетеді. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қо-нақтары С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына, К.Станиславский атындағы драма теат-рына, Академиялық музыкалық комедия театрына және өзінің қорында 134-810 экспонаттары бар Қарағанды облыстық тарихи өлкетану мұражайына, Экологиялық мәдениетті дамыту мен сақтау-ға мамандандырылған Қарағанды экологиялық мұражайына бара алады. Қала аумағында 50-дей тарихи және мәдени ескерткіштер бар: Кеншілердің мәдениет сарайы, Н.Әбдіров атындағы Спорт сарайы, «Чайка» қонақ үйі, цирк ғимараты, «Шахтер» стадионы, Н.Әбдіров, Бұқар жырау, Ғ.Мұстафин, А.Байжанов ескерткіштері, «Шахтер Даңқы», «Мәңгі алау» әскери даңқы, Ауған-станда қайтыс болған жауынгер қарағандылықтар құрметіне арналған сәулет-мемориалдық ан-самблі және басқалар.

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

«Бес саусақ» стратегиясы.

8. «Қарағандыға 80 жыл!» . «Қарағанды білгірлері» сайысын өткіземіз.

  1. Қарағанды облысы солтүстікте қай облыстармен шектеседі?

  2. Қарағандыда 1938 жылы ашылған тұңғыш жоғары оқу орны қайсы?

  3. 2 миллион 565 мың тонна көмір қай жылы өндірілді?

  4. Қарағанды облысына жататын қаланы табыңдар.

  5. «Қарағанды» романын жазған кім?

  6. Қарағанды қаласында 1976 жылы орнатылған ескерткішті табыңдар.

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

9. «Сырсандық құпиясы».


Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары


Жауабы: Астана.

1. Географтардың жұмысы.

1. Географиялық орналасуы

2. Көлемі

3. Халықтың саны

4. Су ресурстары


2. Тарихшылардың жұмысы

1. Қаланған жылы

2. Бұрынғы аттары

3. Мәдени орындары

4. Тарихы ескерткіштері

5. Қала мәртебесін алған жылы

3. Лингвисттің жұмысы

Интербелсенді тақта арқылы берілген сөздердің қайсысы дара сөз, қайсысы күрделі сөз екенін анықтау.

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

10. Графикалық диктант.

Сөздер

Көптік жалғау

Жіктік жалғау

Тәуелдік жалғау

Септік жалғау

Қалам


Достыққа


Көшелер


Оқушымын


Дәптері


Құстар


Қонақсыз


11. «Астана» мәтінімен жұмыс.

Алматы - ең әдемі қалалардың бірі. Ол 1854 жылы бұрынғы «Алмалық» деген қазақ қыстағының орнына салынған Верный бекінісі. Ал 1867 жылдың сәуір айы-ның 11-нен бастап Верный қаласы деп аталады.

1921 жылдың 5 ақпанында Алматы қаласы деп аталды. 1929 жылдан 1998 жыл-ға дейін Қазақстан мемлекетінің астанасы болды.

Алматыда Республика сарайы, Достық үйі, Спорт сарайы, Оқушылар сарайы және көп қабатты үйлер бар. Қалада тарихи орындар, мұражайлар, көрікті ғимарат-тар, бақтар көп.

Қаланың батысы мен шығысынан Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері ағып жатады. Алатаудың етегінде Медеу мұз айдыны бар.

Республика алаңында Тәуелсіздік монументі орналасқан.

«Суретті мәтіннен тауып оқы» стратегиясы.Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалаларыУрок по казахскому языку на тему Қазақстан қалаларыУрок по казахскому языку на тему Қазақстан қалаларыУрок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

12. Сергіту сәті. «Әліппе желісімен» ойыны. Әріптер бойынша тақырыпқа сай сөздерді айту.

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары


13. «Сандар құпиясы». Сандар арқылы жасырынған сөзді табыңдар.

Жауабы: Астана

1. Географтардың жұмысы.

1. Географиялық орналасуы

2. Көлемі

3. Халықтың саны

4. Су ресурстары


2. Тарихшылардың жұмысы

1. Қаланған жылы

2. Бұрынғы аттары

3. Мәдени орындары

4. Тарихы ескерткіштері

5. Қала мәртебесін алған жылы

3. Лингвисттің жұмысы.

  1. Қай қатардағы сөздер бірге жазылады?

  2. Қай қатарда кіріккен сөздер берілген?

  3. Тиісті әріпті қойыңдар.

14. Мәтінмен жұмыс.

Қазақстанның астанасы

Астана - Қазақстанның астанасы және Ақмола облысының орталығы. Ол қоныс тепкен мекеннің негізі 1830 жылы қаланған. Киелі Са-рыарқаның төсінде орналасқан, бұл жерден көшпенділердің ежелгі өркениеті бастау алған.

1832-1961 жылдар аралығында Ақмола қаласы болып аталды да, ал КСРО-да тың және тыңайған жерлерді көтергенде, Целиноград қаласы болып өзгертілді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, астананы көшіру шешімі қабылданды. Сөйтіп Қазақстанда жаңа астана пайда болды. Қаланың аты жаңаша - Астана деп аталды.

Астанада тоқыма, жеңіл және баспа өнеркәсібі өте жақсы дамыған. Көптеген уни-верситеттер, институттар, колледждер бар.

Астана -Қазақстанның саяси өмірінің орталығы. Мұнда Президент, Парламент және Үкімет орналасқан.

Астана - алып құрылыстар қаласы. 21-ғасырда Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденген астаналардың біріне айналмақ.

«10 сұрақ» стратегиясы. Әр топ жетекшісі 10 сұрақ дайындайды, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. (тақырып бойынша)

-Астана Қазақстанның саяси орталығы ма? (-Иә)

-Астанада көптеген саябақтар бар. (-Жоқ)

15. «Мәтіннен тап». Берілген сөздердің синонимдерін мәтіннен тауып ай-тыңдар.

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

ІІІ. Сабақты бекіту

Тест сұрақтары арқылы жауап береміз.

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалаларыУрок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалаларыУрок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалаларыУрок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

ІV. Үйге тапсырма

«Менің қалам 80 жаста» тақырыбына презентация дайындаңдар.

V. Кері байланыс

Урок по казахскому языку на тему Қазақстан қалалары

Сабақ ұнаса, ағашты суарып, қаламызды көркейтеміз.

Сабақ ұнамаса, ағашты кесеміз.

VІ. Бағалау

І топтың жетекшісі: ІІІ топтың оқушыларын бағалайды.

ІІ топтың жетекшісі: І топтың оқушыларын бағалайды.

ІІІ топтың жетекшісі: ІІ топтың оқушыларын бағалайды.

Бағалау парағы:

Топ мүшелері

Картамен жұмыс

Зерттеу жұмысы

Хоккей

Мәтінмен жұмыс

«Білгірлер»

Тест

Жұмбақ

Синоним









© 2010-2022