Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ М. Өтемісұлы «Қызғыш құс»

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

М.Өтемісұлы «Қызғыш құс»

Сілтеме

Қазақ әдебиеті, оқулық.

Жалпы мақсаты

Махамбеттің ақындық шеберлігін танып, өлеңнің мазмұнын меңгереді, тақырыбы мен идеясын түсінеді.

Күтілетін нәтиже

Өлеңнің негізгі идеясын түсіне отырып, оны құрылысына қарай талдай алады және мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады.

Тапсырмалар

1. Тақырыпты талдау

2. Тақырыпқа байланысты жеке, топпен жұмыстар

4. Рефлексия

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Уақыты

І. Ұйымдастыру

1. Оқушылармен амандасу

2. Шаттық шеңберін құру

3. Мозайка тәсілі арқылы топқа бөлінеді.

Барлығы шеңберін құрады.

2мин

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

М.Өтемісұлының «Соғыс» өлеңін жатқа айту.

Оқушылар өлеңді жатқа айтады

8мин

ІІІ. Жаңа сабақ

М.Өтемісұлы «Қызғыш құс»

1. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу;

* өлеңнің шығу тарихы туралы әңгімелеу; * өлеңнің идеясын түсіндіру; 2. Сөздік жұмысы

Көл қорыған - көлді мекендеген

Лашын құстың тепкіні - көлге жолатпау

Құсалықпен өту - уайым, қайғыға түсу, өкінішпен күн өткізу.

3. Мәнерлеп оқу

4. Тақтамен жұмыс. Өлеңді құрылысына талдау

Өлеңнің аты

Шумақ

Буын

Бунақ

Тармақ

Ұйқас түрі

Қызғыш құс










Әр топтан бір оқушы мәнерлеп оқиды.

10мин

ІV. Тақырыпқа байланысты жұмыстар

1- топ.

«Венн диаграммасы» Махамбет Исатай

2- топ

«Бес жолды өлең» тақырыпқа байланысты

3-топ

Махамбет өлеңдерінің тәрбиелік мәні?

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.

12мин

V. Сабақты бекіту

«Еркін жазу» - Махамбет батырға хат жазу

Өз ойларын жазады. Шығармашылық шеберлігі артады.

6мин

VІ. Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек

Оқушылар өз ойларын стикерге жазады.

3мин

VІІ. Бағалау

Топ басшылары бағалау парақшасына өз тобындағы оқушыларды бағалайды.

Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.

2мин

VІІІ. Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау. «Егер мен батыр болсам…» деген тақырыпта шағын ойтолғау жазу

Күнделіктеріне жазып алады.

2мин



© 2010-2022