Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Келешегіміз кемел – болашағымыз баянды болсын десек, ұрпақ тәрбиесімен оның алатын білімінің сапасын бүгіннен бастап ойланғанымыз жөн.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім» (Жолдау 2010 жылы) деп атап көрсетті. Мемлекетіміздің ұйымдастырған педагогтердің біліктілігін арттыру курсы халықаралық стандартқа сай білім берудің үлкен қадамы емес па?! Ен...
Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі ММ



БАЯНДАМА

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Отарбаева Камшат Жүмекенқызы



2014 жыл

Келешегіміз кемел - болашағымыз баянды болсын десек, ұрпақ тәрбиесімен оның алатын білімінің сапасын бүгіннен бастап ойланғанымыз жөн.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім» (Жолдау 2010 жылы) деп атап көрсетті. Мемлекетіміздің ұйымдастырған педагогтердің біліктілігін арттыру курсы халықаралық стандартқа сай білім берудің үлкен қадамы емес па?! Ендеше осындай үлкен жаңашылдықтын қатысушысы болғаныма маған неге қуанбасқа!

Қазіргі білім беру жүйесіне заманауи технологиялар енгізілуде, мысалы сол технологиялардың бірі де, бірегейі, Кембридж университетінің құрған жеті модульден тұратын оқу әдіс - тәсілдерін атап айтуға болады. Құрылған бағдарламаның негізгі идеясына сүйенетін болсақ; Осы Бағдарламаның негізігі міндеті - қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. (мұғалімдерге арналған нұсқаулық 12 - бет). Яғни, осы курстың мақсаты мұғалімдердің тәжірибелерін жетілдіру мен сабақ беру әдіс - тәсіл базасын молайту боп саналады. Осы бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады.Яғни, мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми (зерттеу) материалдарымен танысатын болады.Мұндай жұмыс мұғалімдерді Бағдарламаға кіргізілген білім беру мен білім алудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру (таңдау, зерттеу,танысу т.б.) барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 12 - бет)

Модульдер:

  1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

  3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

  4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

  6. Оқушылардың жас ерекшіліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

  7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олардың оқыту барысында аралас түрде ұсынылатынына бірінші айда тренер өткізген сабақтардан кейін ғана көзім жетті. Бірінші айдан кейін бізді өзіміз қызмет жасап жүрген мектептерге тәжірибеден өтуге жіберді. Әрине , мектепте сабақ өткізу үшін мектеп басшыларымен, сабақ өткізуді қалаған сынып оқушыларымен, сынып жетекшісімен, мектептегі әріптестеріммен түрлі бағытта кеңесіп, түсініктеме жұмыстарын жүргізуге тура келді. Осындай жұмыстың нәтижесінде барып 6-сыныпқа қазақ тілінен сабақ өткізуді ұйғардым. Ол үшін күнтізбелік жоспарға сәйкес «Еліктеу сөздер», «Бейнелеуіш сөздер» , «Одағай сөздер» «Одағай сөздердің түрлері» атты тақырыптарды таңдап алдым. Өзіміз оқып келген жеті модульден қажетінше кіргізе отырып , сабақтарды жоспарлап шықтым.

Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсінуді (Vygotsky ,1978 , Wood 1998) осы бағдарламада айтылған «Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлық көзқарасымен тығыз байланысты Білімді көтеру мақсатында келген оқу барысында көп нәрсені көңілге тоқып, ойға түйіп білімді жетілдіруге деген қызығушылығымыз қойға шапған аш қасқырдай артқан үстіне арта түсті. Әсіресе осы үшінші деңгейлік оқыту курсында мен үлкен байлыққа қол жеткізіп , коп нәрсеге көз жеткіздім. Мысалға әр оқушыға сыни тұрғыда ойлау, өзін-өзі реттеуге, өз-білімін және қасындағы баланың білімін бағалауға ықпал жасап, оқушы пікірімен санаса отырып, оған қолдау көрсету маған ерекше ұнады. Сабақтарды өткізу барысында жасаған әрбір сабақ жоспарын көп ізденіп , түрлі әдіс-тәсілдерді еңгізіп құрғанымнын нәтижесінде біраз нәрсені аңғардым десем де болады.. Бұл тәсілдер: тестік тапсырмалар, «Маған-саған» сұрақ-жауаптар (диалог), кеспе қағаздар бойынша ереже айту (сауалнама) , тірек сызбалары арқылы «Ереже шығару», «Жасырын сөздерді таба отырып образға кіру, сонымен қатар сергіту сәтіндегі «Ойлан да сал!» суретті кестелерді толтыру, логикалық тапсырмалар берілді, «Кітапханада», «Ауыл дүкенінде» тақырыбына дайындаған өзіндік (диалог) жұмыс түрлері сияқты күрделі тапсырмаларды құрастырған мақсатым - мен оқушылардың топпен , жұппен және жеке диалог түрлерінде бір - бірімен талдау, ойлау, талқылау, пікірталасуын , шығармашылығын дамыту болатын. Мен осы сабақ түрлерін өткізгенде оқушыларға білім алуда және ізденуде көп көмегін беретінін түсіндім. Оқушынын дарындылығын және көшбасшылық қасиетінің байқалғанын көрдім. Біріншіден сабақта топпен немесе жұппен жұмыс жүргізген тиімді екенін ұқтым. Себебі бұл сынып оқушылары өте ұйымшыл емес, бастары біріге қоймайтын сынып болатын.Ал екінші сабақтан кейін бір топ болсын, бір жұп болсын әрқайсысы өз топтарының немесе жұптарының жеңілмеуіне, қалыс қалмауы үшін атсалысуы керек екенін түсініп үлгірді. Бұрын жақсы оқитын оқушы сөйлеп, орташа оқитын оқушылар үндемей , жауап беруге ұмтылмайтын, тіпті жауап беру керек екені туралы ойланбайтын да еді. Сабақ барысындағы бәсекелестік , жарысып түрлі жұмыстарды орындаудың нәтижесінде оқушылар өзара бір-біріне көмектесетін болды. Тіпті қол көтермейтін оқушылар осы практикалық сабақтар өте бастаған кезден бастап қолдарын көтеріп , азда болса өз пікірін айтуға ынталана бастады. Мұғалімнің сөзінен гөрі өз жолдасының түсіндіргені оларға түсініктірек болды деп деп ойлаймын. . Білім алушылар диалог арқылы тақырып бойынша түсініктерін жеткізеді, әр адамның өз идеясы болатынын түсінеді, өз пікірлерін дәлелді түрде жеткізу дағдыларын қалыптастырады, мұғалімге білім алушының пән бойынша білім деңгейін анықтауға көмектеседі. Өз тәжірибемдегі болған кемшіліктерді жою мақсатында, сабақ сайын диалогтік оқыту әдісін мұғалім-оқушы жағдайында ғана емес, сонымен қатар оқушы-оқушы қатынасында өткіздім. Практика соңында білім алушылар арасында нәтижелі диалог пайда болды. Білім алушылар білім тексеретін сұрақтармен қатар, сыни тұрғыдан ойлануды қажет ететін сұрақтарды да пайдалана бастады.

Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модулі білім алушылар мен мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының дамуын қарастырады. Білім алушы ақпарат пен идеяларды синтездеу, олардың шынайлығы мен маңыздылығын талқылау, таңдау жасау және өзгелердің идеяларына күмәнмен қарай алуы керек. Менің практикамда білім алушылар арасындағы сыни тұрғыдан ойлау үрдісі, әсіресе, кіші топта ұйымдастырылған жұмыс барысында айқын байқалды. Практикамның қорытындысы бойынша талдау жасаған кезде, сыни тұрғыдан ойлау модулін сабақ барысында қолдану, білім алушылардың ойлау дағдысын дамытқанын байқадым. Сондықтан сыни тұрғыдан ойлауды барлық сабақта қолдану қажет деген тұжырымдамаға келдім, ал қиналған білім алушыларымның сөздік қорын байыту мақсатында, тарихи ұғымдар мен терминдерді көбірек беруді көздедім. Білім алушыларымның өз ойын жеткізу дағдысын қалыптастыруда, бағалау критерийлеріне өлшем ретінде, толық, жүйелі жауапты талап етудің де ықпалы тиді.

Алғашқы сабақта сабақтың мақсатын түсіндіргеннен кейін топ атын таңдап , ережесін құру керек болғанда өздері қолдау көрсетіп, топтарының аттарын өздері қойды. Әсіресе логикалық тапсырмаларды орындағанда тұйық деген оқушыларым аса қызығушылық танытты. Себебі осыған дейінгі уақытта мен мұндай жұмыс түрін топпен орындатып көрмеген екенмін. Топпен жұмыс жасаудың тиімділігін мен бірінші сабақта -ақ аңғардым. Оқушылар «Біріміз бәріміз үшін» деген ұранмен жұмыла жұмыс жасады. Жаңа сабақтың таұырыбын жарияламай тұрып оны оқушылардың өздері анықтайтындай жағдаяттарды ұйымдастырдым. Мысалы: Бейнелеуіш сөздер тақырыбын өткенде қоңыр аюдың суретін көрсетіп, бұл не? Осы суретте көрсетілген аң туралы не білеміз? деген сұрақтар қойдым. Осы кезде оқушылар ол қоңыр аю, ол қорбаң-қорбаң жүреді десе, біреулері маймаң-маймаң етіп жүреді деген сияқты сөздер айтты. Осы жерден қорбаң- қорбаң, маймаң-маймаң деген сөздерден нені бақылдық? деген сұрақ туындаттым. Оқушылар аюдың жүріп келе жатқанын көреміз деді. Міне осы жерден бастап мен жаңа сабақ, оның тақырыбы туралы түсіндірдім. Ары қарай оқушылар түрлі мысалдар келтіріп жалғастырып ікетті.

Сыни тұрғыдан ойлау оқушының нені білетіні және осы білім туралы ойланып өзгерістер енгізуі. Осы мүмкіндікті қолдану үшін өзінің түсінігін және білімін танымдық деңгейге жеткізуі керек және менің оқушыларым жеткізе де білді. Әрине ол үшін кейбір қиындықтардан өту керек болды. Сынып оқушылары ішінде алғаш топқа бөлгенде анаумен отырмаймын, мынаумен отырамын деген сияқты келіспеушіліктер болды. Ал сабақтың өтілу шартын, мақсатын түсіндіргенде алғашқы ойларын тез өзгертті. Топтың намысы үшін атсалысу керек екендерін ұқты.

Тағы бір көзден тыс кетірмей әрқашан қадағалап отыратын жағдай жиынтық және формативтік бағалау. Негізінде курсқа дейін бағалау дегенді мен баға қоюмен бірлестіріп ойлайтынмын (5, 4, 3, 2). Осы курста мен бағалау мен бағаның екі түрлі нәрсе екенін түсіндім, бұрын оқушыларды демеу үшін қолданған сөздерімнің (жарайсың, тамаша) бағалау екеніне таң қалдым. Сонымен қатар "бағалау" латын тіліне қарасақ "бірге отыру" деген сөзден шыққаны қатты ұнады. Әрине адамды бағалау үшін жанында отырып оның қандай екенін, неге шамасы жететініне/ жетпейтініне көз жеткізу керек. Сабақта көбіне Қ.Бітібаеваның «Өзін-өзі бағалау» әдісімен топ басшыларына топ мүшелерін бағалатып отырдым. Олар барынша әділ болуға тырысты барып . Соңында өзім қорытынды шығарып отырдым.

АКТ-ны қолдану модулі көп жаңалықтар әкелген жоқ, ол туралы түсініктерім де өзгермеді. Қазргі кезде АКТ-ны бірсыпыра көмекші ретінде мұғалімдер оқытудың бір бұрышына қойып қою тенденциясы пайда болды. Бірақ мен қызмет жасайтын мектепте интербелсенді тақтаның дұрыс орнатылмауына байланысты бір ғана сабақ өткізуге тура келді. АКТ арине сабаққа көптеген көмегін тигізеді, бірақ оны тек қосалқы құрал ретінде қолдану керек сияқты. Меніңше оқушыларды дайын тақтадағы дайын жұмыспен емес, өздерінің шығармашылығынан туындаған жұмыстар қызықтырады деп ойладым. Сондықтан топпен , жұппен жұмыста көбіне белгілі тақырыптар беріп, флипчарттарға суреттер салғызып, өздеріне қорғатып отырдым. Тақырыпқа сәйкес түрлі бейнеклипттер көрсетіп отырдым. Бейнеклиптерді қарап болғаннан соң оқушылар көргендерін талқылап, тақырып туралы жалпы мәлімет алады. Бұл әрекетімнің бірнеше мақсаты бар еді. АҚТ-ны қолдана отырып оқушыларды сабаққа ынталандыру және сабақтың мақсаттарын анықтауға алғашқы дайындық жасау . Сабақтың мақсатын анықтау жоғарыда айтылғандай балалардың болжамын, мақсат қоюын, өзіндік оқуын дамытады. Қысқаша айтқандай "қалай оқу керектігін үйрету" модуліне байланысты болды.

Сыныпта 13 оқушы болғандықтан мен сыныпты 1- топты жеті , ал 2- топты алты оқушыдан бөлдім. Сосын барып топтың ішін жұпқа бөлдім. Осы кезде бір оқушыға жұп жетпей қалды, жалғыз қалған оқушыға өзім жұптасып жұмыс жасауға тура келді. Бөлгенде әрбір жұпта 1 жақсы оқитын оқушы 1 нашар оқитын болғанын қадағаладым. Неліктен олай істедім дегенге келіп тоқталсақ «Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасаудан тұрады» (Мектептегі тәжірбие кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. «НЗМ» 2012 жыл. 11 бет.). Осыны аша келсек мұғалімнің негізгі мақсаты сабақта оқушылар бір-бірімен емен еркін ұстап, өздерін қолайлы сезінуі керек. Ол үшін оқушы өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына сенімді болуы керек еді. Білмеген жағдайда жаұсы оқитын оқушының өз жұбына көмектесетініне күмәнім болмады. Осылай сыныптағы барлық оқушылар бүкіл оқушылармен жұптық және топтық жұмыс атқарды. Оқушылар ішінен өзінідік ойлау қабілеті жоғары бір оқушыны эксперт етіп тағайындап, қадағалап отыру тапсырмасы берілді. Жұптық жұмыс барысында оқушыларды бақылап арасында көшбасшылық етіп, қалғандарын артынан ертіп отырған екі оқушыны бақыладым.

Тапсырма барысында оқушылар;

-Жұппен және топпен жұмыс істеуді игере отырып ара-қатынастарын жақындатты.

-Табыстау әдісін қолдана отырып, өзі ғана емес өзгені де оқытуды үйренді.

-Сұрақ қою арқылы басқалардың ойларын білдім, оларды өз білімімен салыстырды.

Сабақты бекіту кезеңінде "иә немесе жоқ әдісі" және жұптық жауап беру әдісін қолдандым, олар көп уақыт алмайды. Оқушылардың қарапайым сұрақтар қойып үйренуіне әкеледі. Тек оқушы жауап беріп қателескен кезде оның неге олай ойлағанын білу арқылы итермелеп отыру қажет. Мұнда оқушылар көбінде оңай болғандықтан санға байланысты сұрақтар қойды

Жұптық сұрақтарға жауап берудің негізгі мақсаттары диалогтық әдісті дамыта отырып сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін сабақ барысында қолдана отырдым. Жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мақтап ынталандырдым. Сабақтың соңында эксперт оқушыларға баға берді. Баға алған оқушымен жұптас отырған оқушы, бағамен келісе ме жоқ па, осы туралы айтты. Қандай жағдайда болса да неге екенін түсіндіріп өз ойын дәлелдеді. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін көтеруге, беталды айтпауға, әр сөздеріне дәлел беруге үйретеді. Оқушылар бұрында осы әдісті қолданып жүрген соң аса қиын болған жоқ, Олармен жұмыс істеу керек, өз ойларын әрқашан дәлелдеу керек екенін, нақты болып әр сөзіңді логика арқылы жауаппен байланыстыруды ұмытпаған жөн.

Осылай төрт сабақ барысында жеті модульдің барлығын қолданып практикама енгіздім. Кейбір модульдарды бұрыннан қолдандым (АКТ), ал кейбіреулерін тек курста ғана естіп, сабақтарымда бірінші рет қолдандым (Қалай оқу керектігін үйрету). Бірақ бірінші рет қолдандым дегенмен жүйе ретінде, бұрын осы модульдардың кейбір элементтерін әрине сабақтарда қолдандық. Жоғарғыдағыны түйіндей келе, есепті жаза отырып, ойларымды бір жүйеге келтіргенде қорытынды жасау оңайлады. "Миға шабуыл әдісі" тым қарапайым, сыни тұрғыдан ойлауды толық қажет етпейді, болашақта басқа әдістерді қолдану керек. Басқа сабақтарымда әдістерді қолданып көрдім, қолайлы әдіс-тәсілдер жеткілікті. Солардың ішінде өз мақсаттарыма сәйкестірді теріп, керектерін өзгертіп алу керек болды. Сыни тұрғыдан ойлауды диалогпен тығыз байланыстырып қазақ тілі мен әдебиеті , тарих пәндеріне қолдану, оқушылардың логикалық тұрғыдан ойлауын дамыту деген мұқтаждықтар туындап отыр.

Сабағыма енгізетін өзгерістер оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып не үшін оқу керектігін түсіндіру болады. Ынталары аз оқушыларды ынталандыру жолдарын іздестіру керек, жеті модуль идеяларын қолдана отырып , осы сабақта мен оқушыларды үйрете отырып өзім де үйрендім, оқыдым. Балалармен бірге білім, ойлау денгейімді дамыттым. Рефлексия кезінде түсінгенім оқушылар оқуы туралы аздап болсада ойлана бастады, ал мен өзімнің педагогикалық жұмысымды реттеу мәселелері туралы ойландым. Қызықты және мен үшін күрделі модульдардың бір бағалау. Мен сабақ барысында оқушыларды өз-өздеріне бағалатып отырдым. Оқушылар бағалаудың бұл түріне машықтанып алды десем де болады. Олар бір-бірін әділ бағалауға тырысты. Менің бір кемшілігім бағалаудың басқа түрлерін қолданбай тек жаттанды бағалау түрін ғана пайдаланыппын. Ал қазіргі таңда өз сабақтарымда бағалау критерийлерін жасап , оқушыларды осы бағалау түріне қалыптастырып алдым.

Жоғарыда көрсетілген барлық модульдерді орынды шеберлікпен қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болатынын және жоғары дидактикалық жетістіктер-ді байқауға болатынын сабақтар барысында анықтадым. Технологиялық жүйелілікті сақтай отырып, қазіргі сабақтарға қойылатын талаптарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт-бағдар бере алады.






Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қисымова Ә.Қ Жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында біртұтас педагогикалық процесті технологияландыру-бүгінгі күннің өзекті мәселесі // Педагогика мәселелері.-№1,2.2006

2.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012

3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» журналы. №1. 2011

4.Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. Алматы.2007

5.Қасымова Г.Бағдарлы оқытудың педагогикалық-психологиялық аспектілері//Мұғалім.№1.2009

6.Тағаева Т. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі жеке тұлғаны әлеуметтендіру.

Білім кілті.№3.2008


© 2010-2022