Рухани-адамгершілік тәрбиенің тұлға дамуындағы маңызы

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Рухани-адамгершілік тәрбиенің тұлға дамуындағы маңызыӨтес орта мектебі

Баяндама








Тақырыбы:





























2014жыл


  • Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің әлеуметтік аспектілері
    Адамгершілік тәрбиесі - ізгілікке, инабаттылыққа баулудың жолы болып табылады. Жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, адамгершілік түсінікті, адамгершілік сезімді және адамгершілік мінез-құлықты, бірге тәрбиелеуден тұрады.
    Мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі
    Қоғам жағдайы да, сол қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың білім деңгейлері мен мәдениетіне тәуелді.
    П.М. Якобсон бойынша адамгершіліктің көріну сипаты:

  • - жеке тұлға қызығушылықтарының ерекшеліктерінде;

  • - адамның алдына қоятын мақсаттарының ерекшеліктерінде;

  • жеке тұлғаның бағдарында;

  • әлеуметтік және жеке өмірінің маңызды құбылыстарына қатынасында.

  • В.С. Барулин өзінің "әлеуметтік философия", - деп аталатын оқулығында руханилықты талдаудың бірнеше астарларына тоқталады:

  • - руханилық-адамның өзіндік санасының, өзіндік етенелесуінің формасы;

  • - руханилық - интериоризацияланудың, әлеуметтік тәжірибені игерудің формасы;

  • - руханилық - адам болмысының детерминациялық-императивті компоненті;

  • - руханилық адам шығармашылық қызметінің импульсі;

  • - руханилық-адам еркіндігінің негізі.

  • Мәдениетті азамат болу үшін ол тәрбиелі болуы керек, тәрбиелеу үшін оның мінез-құлқы мен ерекшелігін білу қажет. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде жеткіншек кезеңнің орны ерекше, оларда жаңадан дүниеге көзқарасы қалыптаса бастайды.

  • Қытай психологтарының айтуынша 6-7 сынып мезгілі ақыл дамуының ең бір шешуші мезгілі, абстрактілі логикалық ойы күшті дамып, әр нәрсеге тереңінен толғанады-деуі осы жаста олардың сана-сезімдері жетіліп, толықситын кезең.

  • Биология ғылымында мектеп жасындағы (10-14 жас шамасы) оқушыларда бұл кезеңде дене дамуындағы айқын жыныстық белгілер пайда болады. Өсу, жетілу қалпында сондай-ақ дене бітімінде жыныстық ерекшеліктердің қалыптасу кезеңі басталады. Дәрігерлер бұл негізді қолдай отырып, осы жастағы (10-14 жас шамасы) кезеңде, қыз балалар үшін-үдемелі жыныстық жетілу кезеңі, ал ер балалар үшін бастама кезең, яғни ұрықтың пайда болуымен ұштастырады, осы кезеңде қыздардың бойы 10 см - ге дейін өседі (11-12жас аралығында) ал ұлдардың бойы 13-14 жас шамасы немесе 15 жастан кейін өседі екен, салмақтары қыздардың жылына 4-8 кг болса, ұлдар 14-15 жастан кейін 7-8 кг салмақ жылына қосады. Сонымен қатар осы жаста ішкі секреция бездері өзгеріп, аяқ-қолдың өсуімен, салмақ қосуы әсерінен денеде елеулі өзгерістер болады. Адам ағзасының жылдам өсуі физиологиялық тұрғыда да ерешеленеді. Осы (10-14 жас шамасы) кезеңде олардың дене дамуы барлық жағынан өзгеріп, яғни дененің жетіліп, мүсіннің қалыптасу кезеңіне ұштасады. Ал, педагогтар зерттеулерінде осы жастағы (10-14 жас шамасы) балалардың ішкі дүниесінде, айналамен қарым-қатынасында өзгерістер болатынын түсіндіреді. Бұл жаста олар үйде, мектепте және ауылда түрлі еңбек процесіне қатыса отырып, күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңейеді. Міне, осылардың әсерінен бала өзін-өзі білімді, тәжірибелі, өз күшімен әрекет жасай алатын ересек адаммын деп есептейді . Адам дамуының бұл кезеңі есею шақ немесе ересектік жас аралық деп аталады.

  • Этнопедагогикалық ерекшеліктеріне тоқталсақ "жасөспірімдік кезең" кісіліктің келбетіне жетуге құлаш ұрған - саналы тұлға болуға талпыныс жасайтын уақыт.

  • Қазақ халқы адам жасын біріншіден үлкею, өмір сүруіндегі физиологиялық-психологиялық ерекшеліктерге байланысты, екіншіден, тұрмыстық - шаруашылық жағдайына қарай түрлі кезеңге бөлген. Бірінші кезеңде - адам даму процесінің психо-физиологиялық ерекшеліктеріне қарай бөлсе (ойын баласы, ер бала, қыз бала т.б.) екіншісі, жас кезеңдері ғылыми этнографиялық еңбектерінде берілген анықтама негізінде қазақстан халқының шаруашылық жағдайына, яғни төрт түлікке теңей отырып (10-15 жасты "қозы жасы", 15-25 жасты "қой жасы") атаған.

Ізгілік педагогикасының монифесі.
Баланың біртұтас болмысын философиялық тұрғыдан түсіну: бала - рухани және материялдық болмыстың толығуы, онда рухани болмыс жетекші болып саналады. «Тəрбие жұмысы жəне жастар саясатына» қатысты саласында: «Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, əлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жəне көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру» міндеті қойылды.




© 2010-2022