5 сынып Спорт түрлері

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сынып Спорт түрлері5 сынып Спорт түрлері5 сынып Спорт түрлері5 сынып Спорт түрлері5 сынып Спорт түрлері5 сынып Спорт түрлері5 сынып Спорт түрлері5 сынып Спорт түрлері5 сынып Спорт түрлері5 сынып Спорт түрлері5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Спорт түрлері

Мақсаты:

білімділік: мәтінмен жұмыс барысында оқушылардың сөйлеу

дағдыларын қалыптастыру, тілдесімге жетелеу, сөйлесім,

айтылым әрекеттерін жандандыру, тапсырмалар орындау

барысында білімдерін толықтыру.

тәрбиелік: оқушыларды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын

ұстануға тәрбиелеу.

дамытушылық: сөздерді орынды пайдалана білу, қисынды ойлау,

байланыстырып сөйлеу, сауатты және жазу дағдыларын

дамыту.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: ой шақыру, топтастыру,сұрақ-жауап,әңгімелеу, түсіндіру.

Көрнекілігі: спорт тақырыбына арналған суреттер

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, орыс тілі

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

2.Үй тапсырмасын сұрау

Көрнекілікпен жұмыс

Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық!

-Сонымен, жұмбақтарымыз не туралы болды?

-Балалар, ендеше бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? (спорт туралы)

-Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар.Бүгінгі сабағымыз спорт жайлы болмақ.

Күнді белгілеу, сынып жұмысы, саб.тақырыбын жаздыру,сабақтың мақсатын айту.

-Балалар, қандай спорт түрлерін білесіңдер?

спортТоптастыру

Толықтыру: балалар, ал енді тақтадағы мына спорт түрлеріне назар аударыңдар.

Слайдтағы бір сөзді аудара отырып, жаңа сөздермен жұмыс жүргізуді бастау:

Мәтін мен сөздік жазылған парақты тарату.

СӨЗДІК ЖҰМЫСЫ: а)жаңа сөздерді оқу, мағынасын түсіндіру.

ә) 3-4 оқушушыға оқыту;

б) жаңа сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлемдер құрғызу.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:1.мәтінді мұғалім оқиды.

2.оқушыларға 2 мин мәтінді оқуға беру.

3.мәтін бойынша сұрақтар қою, 2-3 сөйлемді аудару.

4.грамматикалық тақырыпты түсіндіре отырып, мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойғызу, етістікке талдау жасату.

Грамматикалық тақырып: етістік

Орыс тілімен салыстырмалы түрде ережемен түсіндіру:

Құрамына қарай: 1.дара; 2.күрделі

Спорт алғаш рет Грекияда пайда болған. Біздің елімізде спортың барлық түрі дамыған. Тәуелсіз Қазақстан 1994 жылы Дүниежүзілік Олимпиада Комитетінің мүшесі болды. Спортшыларымыз спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылды. Түрлі жарыстарда өте жақсы көрсеткіштерге жетіп келеді. Боксшы Серік Қонақбаевтың шеберлігін дүние жүзі мойындады. Жақсылық Үшкемпіров -еркін күрестен олимпиада чемпионы. Дәулет Тұрлыханов - әлемнің екі дүркін чемпионы,балуан. Бекзат Саттарханов -Сидней олимпиадасының чемпионы.Олар- біздің мақтаныштарымыз.

Спортпен шұғылдану керек. Спорт денсаулыққа өте пайдалы.

Грамматикалық тақырып: етістік

Орыс тілімен салыстырмалы түрде ережемен түсіндіру:

Құрамына қарай: 1.дара; 2.күрделі

2-тапсырма. Сөздерді мағыналарымен жұптастыру,бағдар сызықпен көрсету

1.футбол а)мұзда сырғанау; қақпаға шайба салу.

2. баскетбол ә)мимен ойлану; қарсыласына мат қою.

3. бокс б) мәреге жүзіп жету.

4.шаңғы тебу в) қақпаға гол соғу.

5.шахмат г) допты қолмен ойнап, торға доп салу.

6. хоккей д) былғары қолғаппен ұру; қарсыласына нокаут беру.

7.жүзу е) шаңғы тебу; мәреге сырғанап жету

(1-2 сөйлемге сұрақ қою,қорыту).

СЕРГІТУ СӘТІ: Қолды серме Спорт салты

1, 2, 3 Ерінбейміз!

Кеуде кер де 7, 8

Дем ала түс Шынығамыз,

4, 5, 6 Жетілеміз

Керілеміз Тынығамыз!

3-тапсырма.Көп нүктенің орнына көмектес септік жалғауларын қойып жаздыру, етістіктермен тіркестіріп, сөз тіркестерін құрғызу.

1.доп...

2.досым...

3.шахмат...

4.шаңғы...

5.топ...

6.спорт...

7.футбол....

8қол....

9.жаттығу ....

10. коньки...


Жауап үлгілері: доппен ойнаймын, досыммен барамын; шахматпен шұғылданамын, шаңғымен сырғанаймын, топпен жүгіреміз; спортпен шұғылданамын,қолмен ұрамын.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Үйге тапсырма беру: «Маған ұнайтын спорт» шағын әңгіме


© 2010-2022