Баяндама

Мұғалім құзіреттіліктерімен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары.«Қазақстан -2030» стратегиясы күн өткен сайын айқын бедерленіп, өмір шындығына айналуда. Осы құнды құжатта көрсетілген саяси және экономикалық алғышарттар біртіндеп орындалуда. «Қазақстан -2030» стратегияларындағы негізгі бағыттардың бірі ретіндегі білімі мен білігі жағынан шет елдегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Бүгінг...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалім құзіреттіліктерімен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары.

«Қазақстан -2030» стратегиясы күн өткен сайын айқын бедерленіп, өмір шындығына айналуда. Осы құнды құжатта көрсетілген саяси және экономикалық алғышарттар біртіндеп орындалуда. «Қазақстан -2030» стратегияларындағы негізгі бағыттардың бірі ретіндегі білімі мен білігі жағынан шет елдегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Бүгінгі таңда өзіміз тәлім- тәрбие беріп отырған бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді маман ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттың тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Осы орайда жаңа білім беру стандартындағы білім компоненттерінің базалық, тұлғалық болып жетілуі тұлғаға бағытталған білім парадигмасындағы үлкен қадам.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу" деп, білім жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі -«Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment - РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды. Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment - РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.
РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады. РІSА бағдарламасының фокусында 2009 жылы оқу сауаттылығы болды.
2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші рет қатысты.
Нәтижелер мыналарды дәлелдейді:
1) қандай да бір күрделі оқу мәтіндерін дәл пайдаланып, олардың көмегімен күнделікті жағдайларда бағдар алуға әзір қазақстандық оқушылардың үлесі - оқу сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 5%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш - 28,6%);
2) нақты бір жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі тапсырмаларды дамыту мен кіріктіруге әзір қазақстандық оқушылардың үлесі - математикалық сауаттылықты зерттеуге қатысушылар санының 4,2%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш - 16% қатысушы);
3) жаратылыстану ғылымдарының рөлі туралы қорытынды жасауды талап ететін тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі жаратылыстану пәндерінен түсініктемелерді таңдауға және біріктіруге, осы түсініктерді өмірлік жағдаяттарға тікелей қолдануға дайын қазақстандық оқушылардың үлесі - жаратылыстану ғылыми сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 3,6%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш - 20,5%).

Оқушының ойлау, шығармашылық қабілеті арқылы өз ой-пікірін бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып дәлелдеуде, әр түрлі жағдаяттарда салыстыру, баға беруде біліктілігі жетіспей жатады. Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, жеке қабілеттерін көрсете білу, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызуы, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру, оқушы бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол көрсету, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту мәселенің өзектілігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім мен тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасау" делінген.
Шығармашылық дегеніміз - адамның белсенділігі мен дербестігінің және қиял-ойын іске асырудың жоғарғы формасы. Шығармашылық актіні сипаттаушы маңызды ой-тұжырымның бірізділігі негізінде логикалық жүйенің және интуициялық сезімнің, асқақ ойлаудың ерекше тәсілдерінің іске асуы болып табылады. Бұл туралы неміс мұғалімдерінің мұғалімі атанған А.Дистервег: "оқыту барысында оқушының, ізденімпаздығы мен шығармашылығын дамыту - оның ақыл-ой қабілетін қалыптастырудың аса маңызды құралдарының бірі", - деп көрсеткен болатын.
Адамның ақыл-ой өзгешеліктерін, оның жеке қасиеттерін көрсететін кез-келген адам бойынан табылатын логикалық бірізділік логикалық жүйеге негізделген шығармашылық шабыт қабілет деп аталады. Жалпы ақыл-ойдың тереңдігі, ауқымдылығы мен түпкіліктігі, оқу материалын түсініп-білуі мен есте сақтай алуы зейінділік пен бақылағыштығы, зеректік пен тапқырлығы, оптималды түрдегі ақыл-ой әрекетінде көрінетін оқушының өзіндік өзгешеліктері қабілеттік болып табылады.
Жас дарынды тәрбиелеуде және оны ғылыми ізденіске жетектеуде ұстазға үлкен жауапкершілік жүктеп, үздіксіз шығармашылық ізденіске бастайды. Жас дарынды шығармашылық жұмысқа тәрбиелеу, қабілетін ашу, санасында жылт еткен шоқты үрлеп, үлкен жалынға айналдыру - ұстаз міндеті. Оқытылатын пәндер бойынша дарындылық байқатқан оқушылардың шығармашылық икемділіктерін дамыту өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен педагогикалық-психологиялық ізденісті талап етеді.


© 2010-2022