Сабақтың тақырыбы Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы Мағжан Жұмабаев « Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы Мағжан Жұмабаев « Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы Мағжан Жұмабаев « Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы Мағжан Жұмабаев « Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы Мағжан Жұмабаев « Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы Мағжан Жұмабаев « Батыр Баян» поэмасыСабақтың тақырыбы Мағжан Жұмабаев « Батыр Баян» поэмасыБатыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:К.А.Хаирмухамбетов

Сабақтың тақырыбы : Мағжан Жұмабаев

« Батыр Баян» поэмасы



Сабақтың мақсаты : білімділік - Мағжан Жұмабаев шығармаларын оқыта

отырып, поэмасының тақырыбы мен идеясын

ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;



дамытушылық - оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау

қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске

жол ашу;

тәрбиелік - ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа, елін,

жерін, туған отбасын сүюге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту



Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, шығармашылық іздену



Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар т.б



Пәнаралық байланыс : тарих



Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.

Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

«Батыр Баян»-көркемдігі,кейіпкер бейнесінің ашылуы, оқиғалардың суреттелуі жағынан, қай-қай жағынан алғанда да Мағжан поэзиясының ғана емес, қазақ поэзиясындағы классик шығарма.

Махаббат пен қызғаныш билеген Баян батырдың бауыры Ноян мен қалмақ қызын өлтіруі, оған бүкіл дүние, табиғаттың қоса егілуі психологиялық егіздеумен беріліп, биік талғам мен тұтастық жымдаса өрілген.



Кітаппен жұмыс: кітаптан поэманы мәнерлеп оқиды.



Дәптермен жұмыс: Поэмаға сюжеттік-композициялық жоспар жасай

отырып,оқиғаның байланысын,дамуын, шиеленісін тауып жазады.

Топтастыру стратегиясы:



Махаббат бауырмалдық









өкініш қызғаныш













сұлулық нәзіктік



Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын.

Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

1. Поэмада туған елге,туған жерге деген махаббат, азаматтық намыс мәселелері қалай көтерілген?

2. Жоңғарлардың қазақ даласына жасаған шабуылдары қай ғасырда болды?

3. Егер Ноянды өлтірмегенде Баянның өкініші қандай болар еді?



Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын оқып келу.

ББҮ-стратегиясы арқылы бағалау

Білем

Білгім келеді

Үйрендім


















© 2010-2022