Сабақтың тақырыбы: Жаңа достар

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 5

Cабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»

Сабақтың мақсаты: білімділік-оқушыларды шығарма мазмұнымен таныстыру;

дамытушылық- оқушылардың ойлау және өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік- осы шығарма арқылы оқушыларды достық деп аталатын құдіретті ұғымның мәнін түсініп,қасиетін тани білуге баулу.

Түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, СТО стратегиялары.

Көрнекілігі: Ғ.Мүсірепов портреті,тірек-сызбалар,слайд

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды түгендеу; ә) сабаққа назарларын аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

С.Мұқановтың «Лашын» әңгімесі мен қазақтың құсбегілік өнері өздері ізденген қосымша мәліметтерін сұрау.

1.С.Мұқанов өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.

2. Саятшылық дегеніміз не?

3. Лашын қандай құс?

4. Дабылды қалай пайдаланады?

5.Қаз бен дуадақтың лашынға қарсы қылатын әректтері қандай?

6. Ахмет құс аулауға неге шілде айынан кейін шығады?

7. Лашын құсты қалай аулайды екен?

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беріледі.

2. Шығарма мазмұнын меңгеру мақсатында оқушылар төмендегі кестені толтырады.

Р/с

Кейіпкерлер

Портреттері

1

Қайрош

2

Шеген

3

Бораш

Шығармадағы жазушы қолданған мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді теріп жазып,төмендегі кестені толтыр.

Р/с

Мақал-мәтел мен нақыл сөз

Оқиғаға қатысы

1

Өлімнен ұят күшті

Шапаны тақтайға ілініп қалғандағы Қайроштың сезімін жеткізу үшін қолданылған.

2



  • Әңгіменің композициялық құрылымы

1.Оқиғаның басталуы- Қайроштың қалаға қашууы.

2. Оқиғаның байланысы - Қайроштың Шегенмен, Борашпен танысуы, достасуы
3. Оқиғаның дамуы - Тамақ табу үшін базар халқына өнер көрсетуі
4. Оқиғаның шиеленісуі - Милиционердің балаларды қууы.
5. Оқиғаның шарықтау шегі - Қайрошты балалар үйіне тапсыруы.
6. Оқиғаның аяқталуы - Қайырғалидың балалар үйінде қалуы, оқуға ниет білдіруі



  • Мәтінмен жұмыс.

  1. Портрет дегеніміз не?

  2. Мәтіннен Шегеннің, Бораштың портретін тап.

  3. Пейзаж туралы түсінік

  4. Мәтіннен пейзажды табу.

ІҮ. Сабақты бекіту

«Екі жақты күнделік»

р/с

Мәтіннен үзінді

Алған әсерім


Ү. Үйге тапсырма: «Мен достықты қалай түсінемін» тақырыбына шығарма жазу.

ҮІ. Оқушыларды бағалау.



© 2010-2022