Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік

« Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік шараның сценарийі Өтетін орны: АКТ залы Өтетін уақыты: 03.10.15 жыл Сахна мерекеге сай безендіріледі. Мерекелік шара мектеп жастарының хорымен ашылады. Хор: « Ұстазым, менің ұстазым» Сахнаға жүргізушілер шығады. Жүргізуші: Г...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік

« Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік шараның сценарийі

Өтетін орны: АКТ залы

Өтетін уақыты: 03.10.15 жыл

Сахна мерекеге сай безендіріледі. Мерекелік шара мектеп жастарының хорымен ашылады.

Хор: « Ұстазым, менің ұстазым»

Сахнаға жүргізушілер шығады.

Жүргізуші: Гүлнәз

Біз көшбасшы жастармыз

Елді алға бастармыз

Ұстаздарды құрметтеп

Сенімдерді ақтармыз!

Г: Ұстаздар күні,

Н: Шаттыққа бізді бөлейтін.

Г: Шәкірттер үні,

Н: Құттықтауларға кенейтін.

Г: Мереке гүлін, мереке жырын сыйлаймыз,

Ұстаздар, Сізге еңбегін елі елейтін.

Н: Армысыздар, құрметті қонақтар, ардақты да аяулы ұстаздар!

Бүгін барша адамзат қауымы үшін ең қымбатты күн. Өйткені алғаш білім әлеміне қадам басқанда бізді күлімдеп қарсы алып, жүрегінің мейір нұрын төгіп, зердемізге білім гүлін еккен ол - ұстаздар. Өзінің бар уақытың аямай, шәкірттерінің бақытын аялай білген ұстаздар - мәңгілікке аласармайтын Ұлы тұлға. Төл мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты ұстаздар!

Г: Тауқыметтің жеңе білген талайын

Көңілдердің көркейткендей сарайын

Ұстаз ана, ұстаз әке, ұстаз деген ғұлама

Ұстаздарға бас иейік тағы да.

Н:Ұстазға керек үлкен жүректілік

Ала алмас беделді ешкім тілеп тұрып

Шын бедел - ел таңдауы халық сыйы

Оны ешкім бере алмайды үйлестіріп -дей келе, ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтау үшін сөз мектеп диреторы Сейлханов Берік Дүйсенғалиұлы мен Кәсіподақ ұйымының төрайымы Аязбаева Қарлығаш Қарабалақызына беріледі.

Алғыс хаттар табыс етіледі.

Г: Білім сеуіп зейіннің тереңіне,

Қуанатын білімді өреніне,

Алғыс пенен құрметтеп басын иіп,

Қол соғады бар әлем мұғалімге.

Қол соғайық, кәнекей мұғалімге!

Мерекелік ән - шашуымыз сіздерге арналады ұстаздар.

Ән: Ақерке « Ұстазым менің »

Г: Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген:"Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз"

Н: Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам - Мұғалім.

Г: Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төріне ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

Әзіл қалжың отауы.

Н: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!

Ән: Нұртілек « Әке - Ана»

Г: Ұстаздық ету - уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау - деген екен ғұлама ағаларымыз.

Н: Дұрыс айтасың, Гүлнәз!
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.

Г: Екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз.

Олай болса қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған құттықтау сөздеріне кезек берелік. Экранға назар аударамыз.

Видеоролик: Құттықтау


Н: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !

Г: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзің бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

Н: Мерекемізді одан әрі жалғастырамыз. Құрметті ұстаздар, қазір сіздерге арналған бір ойынымыз бар. Ол үшін ортаға Айнагүл мен Зәурені шақырайық.

Ойын ойнатылады.

Г: Ұстаз болу - ұлағатты ұлы іс,

Қызығы мол, қиындығын ұғыңыз,

Болашағы бір өзіңнің қолыңда,

Алдарыңда, қарап отыр балғын жүз.

Н: Биік сенің ұстаздық қасиетің

Мінезің жоқ қиынға бас иетін

Өмірге тәрбиелеп құлшындырған

Жүректе әр кез айтқан өсиетің

Ортада мектеп жастарының бүгінгі Ұстаздар күніне арнап шығарған мерекелік флешмобын қабыл алыңыздар.

Флешмоб: Жастар

Г: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Н: Шығармашылық табыстарыңыз шалқып, абыройларыңыз асқақтай берсін! Көріскенше күн нұрлы болсын!












Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік

© 2010-2022