Парыз азаматтық арқауы про Самопознание

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Өтес орта мектебі Мерзiм: 18.11.2014 № 11

Тақырып: Парыз - азаматтық арқауы.

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Жауапкершілік, өз міндетін білу, борыш мәнін ұғыну, жан тыныштығы.

Мұғалiм: Ахбайқызы Гүлзат Сынып: 11 Оқушылар саны: 21

Сабақ мақсаты:

«Парыз» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,
өзінің азаматтық міндеті мен парызынадал атқаруға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Азаматқа тән мінез,оның нар көтермес алып ісі өмірлік парызы туралы білім беру;
    - Оқушының эмоциясына ықпал ету сезімін оятып дамыту, ой - толғамын жетілдіру.
    - азаматтық, оның парызы туралы ұғымдарын н,ақтылай келе, азаматтық биік саналылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi:
Нұрға бөлену



  1. Үй тапсырмасын тексеру

    «Назар аудар» айдарындағы М.Қозыбаевтың мәтінін оқып келу, мазмұнын ашу.

Сабақ барысын талдау:


«Менің әлемім» баяу әуені


  1. Дәйексөз.

Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Халық мақалы.

Мұғалім қысқаша мағұлмат береді.
- Дұрыс әрекет қасиеттерінің бірі. (Әдет, қанағат, ынтымақтастық,тәртіп, парыз бен ризашылық, дұрыс ой, дұрыс сөз)


Мағынасын ашып өз пікірлерін тыңдау. 5 - 6 бала ерікті түрде

  1. Әңгiмелеу

Мұғалім сыйы

Парыз азаматтық арқауы про Самопознание

«Кемпір» Парсы ертегісмін әңгімелеу.

Әр адамның өз отбасы, өзі өмір сүретін қоғамы мен елі алдындағы парызы мен міндеттерінің барын еске түсіреді.


Мүсінші емес бағбанбыз.
Бұлдау - парыз емес.
Баланы өсіру, қанаттыға қақтырмай бағып - қағу парызымыз.
Себебі бала мен құс мені өмірге әкелші деп айтпаған.
«Ешкімге берме, көрсетпе, өскенде саған да бермейді»
Бала тойын ортақтасу, қуанышты бөлісу.
(Әкесінің жоқтығы білінбейді екен)
Ой - сөз - іс - әрекетіміз - тәндік - және физикалық деңгейдегі әрекетіміз.
«От парызы - жану, онсыз ол жәй ғана көмір»

«Қант парызы - тәттілігін беру»

Бол
Істе
Сөйле

Біздің ең басты билігімізді жүргізе алатын қызметкеріміз сияқты. Ашсақ алақанымызда тұрған зат іспетті.



түсініктерін айтқызуға болады, бала өз ойымен бөлісе алады.

Балалар өздерінің естеріне түскен оқиғалары мен бөлісуге болады.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Топқа бөліп алу.
(Түрлі пішіндермен немесе т.б жарқын түсті суреттермен топқа бөліну)

Үш топқа бөліп, адам бейнесі салынған постер ұсыну.
1 - топ: Адам өміріндегі парыз түрлері.
2 - топ: Парызды орындауда керек ақыл - кеңестер мен ішкі дауыс үні.
3 - топ: Парызы орындалған кездегі адам бойындағы пайда болатын асыл қасиеттер.
Мақал келтіруге де болады.


(балалар жауабы)

Мұғалім қорытындысы.


3 постер, түрлі бояулар, қылқаламдар, гуш немесе субояу

  1. Топпен ән айту.

Парыз азаматтық арқауы про Самопознание

«Өміріңе немқұрайлы қарама»
әні: Сәкен Дәрібаев
сөзі : Серік Сейітман
Сәкен Дәрібаев орындайды.

Тыңда досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Шақша басың айналса да бақыттан

Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала.
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де досым қанша шаттыққа
Өміріңе немқұрайлы қарама,

Бақ құсыңды қонған кезде бағала.
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең дағы,бауырым,
Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тұсау салып бастатқызбай көш дара,
Етсе дағы дұшпан күлкі,дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын,
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Айдын көлге айналса да көз жасың.

Тұрып еркін дауыстарын шығарып, босаңсып, бір - біріне сенімді қарап, қолдарымен қимылдар жасауға болады.

  1. Үй тапсырмасы.

«Парыз термині сіз үшін...» Отбасы мүшелерінен сұхбат алу. Мүмкіндік болса видео таспа түрінде.

Отбасымен ақылдасуды, ой бөлісуді үйренеді. Ата - ана тарапынан баласының сабақ барысынан хабардар болады.

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Парыз азаматтық арқауы про Самопознание

Сабақ несімен қызықты болды? Бір ауыз сөз
Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыса білдіңіздер, рахмет!
Күндеріңіз нұрлы болсын!

Балалар ойланып ой түю.



© 2010-2022